«АТФБанк» АҚ-ның депозиттік саясаты мен қаржылық көрсеткіштерін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 16:47, дипломная работа

Описание работы

Пайда нормасының төмендеуі, банкаралық несиелер және мерзімдік валюталық нарықта операциялары сияқты табыстың дәстүрлі көздерінің жоғалуы өздерімен тартылған қаражаттың құрылымын оңтайландыру және олар бойынша пайыздық шығындарды қысқартуда коммерциялық банктер депозиттік саясаттың қалыптасуын бірінші нөмірге шығарды. Банктік дағдарыс және одан кейінгі Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы коммерциялық банктердің депозиттік саясатының рөлін көтерудің, сонымен қатар жетілдірудің қажеттілігін растады.

Содержание

Кіріспе 3

1 Коммерциялық банктегі депозиттік саясаттың қалыптасуының теориялық негіздері
1.1 Депозит - коммерциялық банкте ресурстар базасын құрудағы негізгі көзі 5
1.2 Банктегі депозиттік операциялардың экономикалық мәні және
сыныпталуы 9
1.3 Банктің депозиттік емес ресурстары 20
1.4 Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуының негіздері 27

2 «АТФБанк» АҚ-ның депозиттік саясаты мен қаржылық көрсеткіштерін талдау
2.1 «АТФБанк» АҚ-ның Қазақстанның депозиттік нарығында алатын орны 39
2.2 «АТФБанк» АҚ-ның қызметіне жалпы сипаттама 41
2.3 «АТФБанк» АҚ-ның негізгі қаржылық көрсеткіштерін талдау 44

3 Депозиттік операциялардың ерекшеліктері мен депозиттік саясатты жетілдіру жолдары
3.1 Шетел тәжірибесінде коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының ерекшеліктері 50
3.2 Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының халықаралық тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мүмкіндігі 56
3.3 «АТФБанк» АҚ-ның депозиттік саясатын жетілдіру жолдары 60

Қорытынды 64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 67
Қосымшалар 69

Работа содержит 1 файл

Депозитт│к саясат 402гр Мирзалиева Н.doc

— 781.50 Кб (Скачать)

- банктің активі мен пассивін басқаруға байланысты шешімдерге сәйкес және өтімділік саясатына қарай банктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді депозиттерінің өзара шекті қатынасын қолдау;

- барлық салым иелеріне қатысты өлшемді және икемді саясат ұстану.

Депозиттік саясаттың ұғымын екі  тұрғыдан қарауға болады. Кең мағынада бұл салым иелерінің және өзге де кредиторлардың ақшалай қаражаттарын  тартумен, сондай-ақ қаражат көздерін анықтаумен байланысты банктің қызметін сипаттайды. Ал, тар мағынада бұл банктің өтімді қаражаттарға деген қажетін қанағаттандыру мақсатында тартылған қаражаттарды іздестіру шараларын білдіреді.

Депозиттік саясат банктің стратегиясына  сәйкес жасалуы тиіс. Соныдықтан банк өзінің депозиттік саясатын жасау барысында өзінің әлуетті клиенттерін, яғни жеке салымшыларды немесе салымшылар ретінде заңды тұлғаларды дұрыс таңдай білуі қажет [19, 47 б.]. 

Банктік ортадағы күшті бәсекелестік жағдайында банктер агрессивтік  депозиттік саясат жүргізуді таңдайды. Сонымен қатар, клиенттерді тартуда банктердің тиімді пайыз саясатын қолданғаны дұрыс. Ол үшін банк депозиттік саясат шегінде өзінің тактикасын жасауы қажет.

Депозиттік операцияларды жүргізуде  банктер мынадай принциптерді басшылыққа алады:

- депозиттік базаны қалыптастыру барысында заңдық және нормативтік талаптардың орындалуын сақтау;

- депозиттік операциялар банктің пайда табуына ықпал етуге тиіс;

- тартылған депозиттік ресурстар банктің өтімділігін қамтамасыз етуге тиіс;

- депозиттік ресурстардың субъектілер, түрлері және мерзімдері бойынша дифференциалдануын қадағалауы қажет.

Банктің депозиттік саясаты депозиттік операцияларға байланысты туындайтын тәуекелдерді басқаруға аса мән береді.

Депозиттік саясатттың міндеті: банк балансының өтімділігін сақтау; ең төменгі шығынды ресурстар тарту; барынша ұзақ мерзімге қажетті мөлшерде депозит тартуды қамтамасыз ету; алдағы уақыттарда банкте тұрақты ресурстардың шоғырлануын қамтамасыз ету.

Депозиттік саясат туралы ереженің құрылымы мынадай баптарды қамтуға тиіс:

- жалпы ереже;

- депозиттік саясаттың мақсаты мен міндеттері;

- банктің құрылымдық бөлімшелерінің өзара әрекеті;

- банк ресурсының құрылымы;

- ақшалай қаражатты тарту мерзімі және депозиттік келісім-шартты бекіту тәртібі;

- депозиттік келісім-шартты жасауға және банкте шот ашуға қажетті құжаттардың тізімі;

- депозиттік және жинақ сертификаттарын сатумен байланысты операцияларды рәсімдеу тәртібі және оған қажетті құжаттар;

- банктік және банктік емес ұйымдардың қаражаттарын тарту және рәсімдеу тәртібі;

- ҚР Ұлттық банкінің белгілеген міндетті резерв нормалары негізінде резервтік шотқа қаражат аудару тәртібі;

- құжаттарды сақтау тәртібі.

Клиенттердің құрамына және банктің қызметінің бағытына байланысты депозиттік саясатттың өзге де бөлімдері болуы мүмкін.

Депозиттік саясаттың қалыптасуы мен іске асырылуына ықпал ететін факторларды екі тұрғыдан бөліп  қарауға болады. Бірінші, клиенттің тұрғысынан: жинақтау шартына байланысты анықталатын экономикалық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің әр түрлілігі, жағрафиялық жағдайы, ұлттық дәстүрлер, әлеуметтік топтың ерекшеліктері, соның ішінде жасы, олардың рухани, саяси, әлеуметтік мүдделері, отбасы жағдайы, білім деңгейі, мамандығы, табысының деңгейі, зейнетақымен қамсыздануы, салымдарды сақтандыру жүйесінің дамуы және т.б. жатады. Ал банктің тұрғысынан алсақ, ондай факторларға мыналар жатады: бәсекелестік деңгейі, банктік қызмет түрлерінің даму қарқыны, “бәрі клиенттер үшін” деген саясат, банктік қызметтердің сапасы, тәуекелдің диверсификациялану, банк қызметкерлерінің біліктілік деңгейі, қаражатты тарту технологиясының жағдайы, банктік операциялардың қазіргі техникалармен қамтамасыз етілуі және т.б. [10, 11 б.].

Депозиттік нарықтың қазіргі жағдайына  жасалған талдаудан салым иелері үшін мыналардың маңыздылығын айта кету қажет:

Біріншісі – бұл банктің сенімділігі. Көптеген салымшылардың пікіріне сүйенсек, еліміздегі ең тұрақты банктерге Халық Жинақ банкі АҚ,  ТұранӘлем банкі АҚ, Қазкоммерцбанк АҚ  жатады. Себебі аталған банктердің банктік қызмет көрсету тәжірибесі жеткілікті немесе сапасы жоғары деңгейде бағаланады.

Екіншісі – бұл депозиттер бойынша  белгіленетін пайыз мөлшерлемелерінің деңгейі. Бұл жерде қаншалықты банк тұрақты болса, соғұрлым олардың депозиттер бойынша пайызы төмен. Ал кейбір танымал емес банктеріміз керісінше барынша жоғары пайыз мөлшерлемесін белгілеп, депозиттік нарықтан клиенттерді  тартуға тырысады.

Үшінші, банктің құрылымдық бөлімшелерінің көп болуы және қызмет көрсету сапасы. Әрине неғұрлым филиалы көп болса соғұрлым депозиттік нарықтағы клиенттерді көбірек тартуға мүмкіндік туады. Ол үшін қызмет көрсету сапасы жоғары болуы тиіс.

Депозиттік нарыққа жасалған талдау депозиттік саясаттың ортақ ықшамдылық критерийлерінің болуын талап етеді. Қазақстандық банктердің депозиттік саясатының ортақ ықшамдылық критерилеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • банктің тұрақтылығын, сенімділігін және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында депозиттік, несиелік және өзге операциялар арасында өзара байланыстың болуы. Атап айтсақ, активтер мен пассивтерді сомаларына, мерзімдеріне, өтімділігіне, тәуекел дәрежесіне және табыстылығына қарай келістіру қажеттігі, яғни депозиттік саясатты жүргізу барысында ықшамды депозиттік қоржынның қалыптасуына мән беру;
  • тәуекелді төмендету мақсатында банктің депозиттік ресурстарын диверсификациялау;
  • клиенттердің тобына қарай депозиттік қызмет көрсету (байларға, кедейлерге, халықтың жалпы бөлігіне арналған банк өнімдерін сату);
  • банктің өнімдері мен көрсетілетін қызметтері бәсекелес банктердікінен ерекшеленіп тұруға тиіс (сапасына, бағасына және т.б. қарай).

Міне осындай талаптар ескерілген жағдайда отандық банктеріміз депозиттік саясатты іске асыру тиімділігі артады және ықшамды депозиттік портфелді басқаруға қол жеткізе алады.

Жалпы банктердегі депозиттік саясатты жүзге асыру мынадай принциптерге негізделеді:

  1. Салымдарды кепілдендіру.

Қазақстандық жеке тұлғалардың  салымдарды сақтандыру қорына мүше болу арқылы банктер салымдардың сақталуы мен қайтарылуына кепіл беруге тиіс.

  1. Міндеттемені орындау.

 Банктік салым туралы  келісімшартқа сай және клиенттердің  алғашқы талабы бойынша клиенттер алдындағы міндеттемелерді толық және уақытылы орындау.

  1. Ашықтылық.

Банктің қаржылық жағдайы  туралы клиенттердің барлығына ақпараттың ашық немесе қол жетімді болуы (заңмен тиым салынбағаннан басқалары).

  1. Бәсекелестік.

Банк өзінің депозиттік өнімдерінің депозиттік нарықтағы  бәсекелестік қабілетін арттыру  үшін мынадай шешімдер қабылдау қажет:

  • бұрын шығарған және жаңадан шығаратын депозиттік өнімдерінің сапасын арттыру мақсатында банк үнемі ішкі және сыртқы депозиттік нарықтарға маркетингтік зерттеулер жүргізу қажет және депозиттер бойынша жәй, күрделі және прогрессивтік сыйақы есептеу әдістерін пайдалану;
  • депозиттер бойынша ұтыс жариялау, салым иелеріне сыйлық беру, бонус жүйесі сияқты маркетингтік ынталандыру әдістерін қолдану қажет;
  • клиенттерге өте жоғары мәдени және сапалы қызмет көрсету.
  1. Құпиялылық.

Клиенттермен қарым-қатынас орнату барысында алынған кез келген ақпаратты, соның ішінде: клиенттердің мәліметтері, олардың қызметі, қаржылық мүдделері қатаң құпия болуға тиіс [5, 119 б.].

Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының нарықтың секторлары бойынша өзіндік ерекшелігі болуға тиіс.

Жеке тұлғалар салымдары  бойынша:

Банктердің тұрақты  ресурсын құрайтын жеке тұлғалардың, соның  ішінде жеке кәсіпкерлердің салымдарын тарту арқылы депозиттік базаны нығайту.

Табысы жоғары клиенттер  сегментіне байланысты тұрақты клиенттерді тарту:

- VІP санатындағы ірі клиенттерді тарту;

- Орташа табысты клиенттерді тарту.

Заңды тұлғалар депозиттері  бойынша:

Корпорация мен ұйымдардың ұзақмерзімді салымдарын банкке тарту  арқылы банктегі олардың шоттарының қатарын өсіру және банктің ол депозиттік нарықтағы ұстанымын одан ары нығайту.

Банкаралық депозиттер нарығы бойынша.

Банктер банкаралық депозиттер нарығын өздерінің қысқа мерзімді өтімділігін реттеу құралы ретінде  тиімді пайдалануы қажет.

Банк жүйесінде аса  жоғары бәсекелестік шарттарында коммерциялық банктер халықтың жинақтарын тарту бойынша белсеңді әрекетті жүргізуде. Әрекетті тиімді әрі ойдағыдай жүргізу үшін банктер бәсекелестік шарттарындағы даму жолдарын дайындау керек.

Кез келген жағдайға бейімделу, банк құралдарын тиімді басқару және нарықтық ағымдарды айқын көру – бұл қазіргі уақытқа сай экономиканың даму шарттарындағы коммерциялық банктерге талаптарының кейбіреулері болып табылады. Тұрақты банк жүйесін құру республика халқының сенімділігін арттыруға және халықаралық қаржылық нарықтарға аса қарқынды интеграциялануға мүмкіндік береді [20, 291 б.].

Депозиттік нарықтың даму мәселелерін  анықтау мақсатында SWOT-талдау жүзеге асырылды. SWOT-талдау - бұл депозиттік операцияларды жүргізуде әлсіз  және күшті жақтар, мүмкіндіктер мен  қауіптерді талдау.

Коммерциялық банктерде ішкі және сыртқы орта бар, онда өзгерістер болады. Ішкі орта (немесе микродеңгей) өзіне  қаржылық менеджмент, кадр менеджменті  және банктік маркетингті қосады. Сыртқы орта (немесе макродеңгей) тікелей  әсер ету және жанама әсер етудің сыртқы орталарынан тұрады. Тікелей әсер етудің сыртқы ортасына салымшылар: жеке және заңды тұлғалар, бәсекелестер кіреді. Жанама әсер етудің сыртқы ортасы келесі факторлардан тұрады: экономикалық, демографиялық, әлеуметтік, географиялық.

Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының мәнін зерттей отырып, келесідей сұрақтарды қозғау қажет: депозиттік саясаттың субъекттері мен объекттері, оның құрылу принциптері, сонымен қатар қалыптасу кезеңдері.

Коммерциялық банктің  депозиттік саясатының субъектілерінің құрамына банктің клиенттері, коммерциялық банктер және мемлекеттік мекемелер кіреді. Депозиттік саясаттың объектілеріне банктің тартылған қаражаттары және банктің қосымша қызметтері (кешендік қызмет көрсету) кіреді. Банктің депозиттік саясатының субъектілері мен объектілерінің классификациясы 3-суретте көрсетілген.

Коммерциялық банктің  депозиттік саясатының қалыптасу негізінде  принциптердің жалпы және айрықшалықты түрлері жатыр,  бұл 4-суретте көрсетілген.

Депозиттік саясаттың  жалпы принциптеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің макроэкономикалық деңгейде жүргізетін мемлекеттік ақша-несиелік саясаты үшін де, және әрбір нақты коммерциялық банк деңгейінде жүргізілетін саясат үшін бірыңғай принциптер жатады. Оларға ғылыми негізділікке, оңтайлылыққа және тиімділікке кешендік тәсілдеме принциптерін, сонымен қатар банктің депозиттік саясаттың барлық элементтерінің бірлігін жатқызуға болады. Кешендік тәсілдеме банктің депозиттік саясатының теориялық негіздері мен басым бағыттарын әзірлеуде, сондай-ақ банк дамуының кезеңі үшін ең тиімді және оңтайлы тәсілдер мен оны жүзеге асырудың әдістерін анықтауда көрінеді.



 








 

 

Cурет 3 – Коммерциялық банктің депозиттік саясатының субъектілері мен объектілерінің құрамы

Банк жүйесінде аса жоғары бәсекелестік шарттарында коммерциялық банктер халықтың жинақтарын тарту бойынша белсеңді әрекетті жүргізуде. Әрекетті тиімді әрі ойдағыдай жүргізу үшін банктер бәсекелестік шарттарындағы даму жолдарын дайындау керек.

Депозиттік саясаттың  айрықшалықты принциптеріне банк шығындарының оңтайлы деңгейін, депозиттік операцияларды жүргізудің қауіпсіздігін, сенімділігін қамтамасыз етудің принциптері жатады, өйткені уақытша бос ақша қаражаттарды кейін оларды орналастыру мақсатында шоғырландыра отырып, банк өзінің қызметін жүзеге асыратын нарықты ескереді.

Анықталған принциптерді ұстану банкке депозиттік үрдісті ұйымдастыруда стратегиялық және тактикалық бағыттарын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Информация о работе «АТФБанк» АҚ-ның депозиттік саясаты мен қаржылық көрсеткіштерін талдау