«АТФБанк» АҚ-ның депозиттік саясаты мен қаржылық көрсеткіштерін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 16:47, дипломная работа

Описание работы

Пайда нормасының төмендеуі, банкаралық несиелер және мерзімдік валюталық нарықта операциялары сияқты табыстың дәстүрлі көздерінің жоғалуы өздерімен тартылған қаражаттың құрылымын оңтайландыру және олар бойынша пайыздық шығындарды қысқартуда коммерциялық банктер депозиттік саясаттың қалыптасуын бірінші нөмірге шығарды. Банктік дағдарыс және одан кейінгі Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы коммерциялық банктердің депозиттік саясатының рөлін көтерудің, сонымен қатар жетілдірудің қажеттілігін растады.

Содержание

Кіріспе 3

1 Коммерциялық банктегі депозиттік саясаттың қалыптасуының теориялық негіздері
1.1 Депозит - коммерциялық банкте ресурстар базасын құрудағы негізгі көзі 5
1.2 Банктегі депозиттік операциялардың экономикалық мәні және
сыныпталуы 9
1.3 Банктің депозиттік емес ресурстары 20
1.4 Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуының негіздері 27

2 «АТФБанк» АҚ-ның депозиттік саясаты мен қаржылық көрсеткіштерін талдау
2.1 «АТФБанк» АҚ-ның Қазақстанның депозиттік нарығында алатын орны 39
2.2 «АТФБанк» АҚ-ның қызметіне жалпы сипаттама 41
2.3 «АТФБанк» АҚ-ның негізгі қаржылық көрсеткіштерін талдау 44

3 Депозиттік операциялардың ерекшеліктері мен депозиттік саясатты жетілдіру жолдары
3.1 Шетел тәжірибесінде коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының ерекшеліктері 50
3.2 Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының халықаралық тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мүмкіндігі 56
3.3 «АТФБанк» АҚ-ның депозиттік саясатын жетілдіру жолдары 60

Қорытынды 64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 67
Қосымшалар 69

Работа содержит 1 файл

Депозитт│к саясат 402гр Мирзалиева Н.doc

— 781.50 Кб (Скачать)

Сонымен, депозит тек  қана салымшы үшін ғана емес, және банк үшін тиімді. Көптеген депозиттер банкке несие капиталды құруға ықпалын тигізеді, банк кейін бұл несие капиталын тиімді шарттарда шаруашылықтың кез келген аясына орналастырады. Депозиттер бойынша пайыздармен және қарызгерлер төлейтін пайыздар арасындағы айырма – банк атқарған бос ақша қаражатты тарту және несие капиталын орналастыру жұмыстары үшін сыйақы болып табылады [2, 95 б.].

Банк үшін пассивті операциялар  маңызды орын алады. Пассивтіге пассивті шоттағы ақша қаражаттардың ұлғаюына әсер ететін банк операциялары жатады. Осылардың көмегімен банктер ақша нарығында несие ресурстарын таба алады.

Коммерциялық банктердің 4 түрлі пассивті операциялары бар:

  1. бағалы қағаздардың алғашқы эмиссиясы;
  2. қор құруға немесе ұлғайтуға банк табысынан аударым;
    1. басқада заңды тұлғалардан алынған несиелер мен борыштар;
    1. депозиттік операциялар.

Пассивті операциялар  айналымда бола отырып банкке ақша қаражаттар тартуға мүмкіншілік  тудырады. Жаңа ресурстар банк жүйесінде  активті операциялар нәтижесінде  құрылады. Алғашқы екі пассивті операциялар (1,2) түрімен бірінші ірі несиелік ресурстар тобының меншікті ресурстары құрылады. Келесі екі пассивті операциялар (3,4) түрі екінші ірі ресурстар тобын қарыздық немесе тартылған несиелік ресурстарды құрайды. Банктің меншікті ресурстары банк капиталы мен оған теңестірілген баптарын көрсетеді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен көлемі түрлі басқа қызметтермен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдардан ерекшеленетін айрықша өзгешелікке ие. Банктер меншікті капиталы арқылы қаражаттарының жалпы қажеттілігінің 10%-дайын жабады. Жалпы мемлекет банктердің меншікті ресурстары мен тартылған ресурстарының арасындағы қатынастың шекті мөлшерін белгілейді. Қазақстанда банк ресурстарының арақатынасы белгіленген. Яғни коммерциялық банктердің тартылған қаражаты меншікті капиталынан аспауы керек.

Банктің меншікті капиталының  мәні оның тұрақтылығын ұстау болып  табылады. Банкті құру кезіндегі банк онсыз қызметін бастай алмайтын алғашқы  шығындарын (жер, ғимарат, жабдықтар, жалақы) дәл осы меншікті қаражаты жабады. Меншікті ресурстар арқылы банктер өздеріне қажетті қор құрады. Нәтижесінде, меншікті капитал ұзақ мерзімді активтерге салынатын салымның негізгі көзі болып табылады.

Банктің төртінші пассивті операциялар тобы банктік тәжірибеде негізгі болып табылатын – депозиттік операциялар. Бұл коммерциялық банк қызметіне еркін нарықтағы несиелік ресурстарды сатып алуына делдал ретінде қатысады.

Депозит экономикалық категория  ретінде жинақ ақшаның құрамдас бөлігі болып табылады. Бірақ, егер жинақ ақша табыстары бөлу және қайта бөлумен тығыз байланысты болса, депозит қайта бөлу қатынастары аясын қамтиды.

Депозиттер деп - депозиттік операциялардың субъектілері жеке және заңды тұлғалардың депозиттік шотқа  белгілі-бір мерзімге немесе талап  еткенге дейін салған ақша қаражаттарының сомасын айтамыз [3, 42 б.].

Егер Қазақстан Республикасының  нарықтық экономикасының дамуы жағдайындағы депозиттік нарықтың даму ерекшелігін  ескеретін болсақ, онда депозит анықтамасы келесідей болып түсіндірілуі керек:

Депозит дегеніміз коммерциялық банктерге белгілі-бір мерзімге және мерзімсіз, қайтарылу шартыменен, пайызы төленуі тиіс болып, сақтандырыла отырып салынған кәсіпорындардың ақша қаражаттары.

Банктердің ақшалай  қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Депозиттік операциялар  банктік ресурстардың бос ақша нарығында ресурстарды иемденуде инвесторлармен құралдарды пайдаланушылар арасындағы делдал ретіндегі банк әрекетін көрсетеді. Депозиттерді тарту арқылы банк клиенттерге, басқа банктерге несие беру мүмкіндігін арттырады, ал бұл табыс алуға негіз жасайды. Депозиттік операциялар бұл – салымға ақша қаражаттарын тарту (пассивті депозиттер) немесе қолда бар құралдарды басқа банктер немесе несие-қаржылық институттарда орналастыру бойынша (активті депозит) операциялар. Депозиттік операциялар негізінде банктің несиелік ресурстарының басым бөлігі құралады. Депозиттік операциялар заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшаларын жұмылдыру бойынша маңызды дәстүрлі банк операцияларының біріне жатады.

 Депозиттік операциялардың  негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі құралады.

 Депозиттердің   келесідей қызметтерін атап айтуға  болады:

    1)  Коммерциялық  қызмет – жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражаттарын депозитке белгілі бір мүдде төлеу шартымен тарта отырып оны осы қаражаттар қажет болып отырған тұлғаларға өзінің белгілі үстеме ақысын қолдана отырып сатады. Банктің осы қатынасы оның коммерциялық банк деген атына негіз болады.

    2) Ынталандыру  қызметі – депозиттік салымдардың  әр түрлі шартпен құрылуы, салымдардың  белгілі бір шарттағы салым  түріне ақша қаражаттарын сала  отырып табыс алуға деген қызығушылығын  тудырады. Ол табыс ақша қаражаты, несие алу мүмкіндігі және белгілі бір сыйлық есебінде алу түрінде болады.

    3) Қорлану қызметі  -  депозитке тартылатын қаражаттар  ақша түрінде болғандықтан, ол  банктің белгілі бір қорларын  құруға негіз болады. Олар –  банктің өсімділігін жоғары деңгейде  ұстап тұруға негізделген қорлар. Бұл қорларды коммерциялық банк реттеуші органдардың талап етуімен және өз қызметін тиімді атқару үшін өз еркімен құрады.

    4) Банк ресурстарын  құру қызметі – депозиттік  салымдар тарихи қалыптасуы бойынша   олар банктік ресурстарды құрудың   негізгі көзі болып табылады. Өйткені бұл ресурстар банк үшін арзан және әр уақытта бар болып тұратын қаражаттар. Депозиттік қаражаттар банктің пассивтерінің 70-80 % құрайтын ресурс болғандықтан олар активтік операцияларды жүргізуге қажетті банк ресурстарының негізін құрайды [4, 22 б.].

Коммерциялық банктердің несиелік ресурстары дегеніміз –  бұл оның жарғылық капиталы мен басқа  да пассивті операциялары нәтижесінде  құралған және уақытша  бос тұрған ақшалай қаражаттарының жиынтығы.

 Банктің несиелік  ресурстары – бұл меншікті капиталдың және тартылған қаражаттардың ақшалай түрдегі активті-несиелік операцияларға бағытталатын бір бөлігі. Несиелік ресурстар несиеге берілген уақытында олар банкке ресурс болудан қалады және олар қор емес (клиент қайтарымдылығы – тәуекелді операция), ол орналастырылған несиелік ресурстарға айналады.

 

 

1.2 Банктегі депозиттік операциялардың экономикалық мәні және сыныпталуы 

 

 

Қазақстан Республикасындағы банктер  және банктік қызмет туралы Қазақстан  Республикасының заңына сәйкес, депозит  – бұл белгілі бір уақыт өткен соң немесе алдын – ала келісім бойынша депозитордың алғашқы талабымен қайтарылатын немесе үшінші бір тұлғаға толық не жартылай берілетін, бір тұлғаның (депозитордың) басқа тұлғаға – банкке (оның ішінде Ұлттық Банкке) қайтарылу шартымен уақытша пайдалануға беретін ақшасы делінген.

Осы анықтамаға сәйкес депозиттік операциялар  активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын Орталық банкте және өзге корреспондент-банктердегі шоттарда  орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни  жалпы активтердің өте аз бөлігін алады. Активтік депозиттер банктің өтімді қаражаттарына жатады.

Отандық тәжірибеде  активтік депозиттер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктегі банктердің депозиттері мен өзге коммерциялық банктерде, соның ішінде шетелдік немесе отандық банктерде орналастырған ұлттық және шетел валютасындағы шоттардағы қаражаттарын сипаттайды [5, 118 б.].

Банктік тәжірибеде активті депозиттерді банкаралық депозит деп атайды. Банкаралық депозит негізінен банкаралық несиенің қалыптасуына себеп болады.

Пассивті депозиттік операциялар - бұл  клиенттердің уақытша бос  ақша қаражаттарын белгілі уақытқа  және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі.

Пассивтік операциялар – бұл нәтижесінде пассивтік шоттағы немесе активті-пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды.

Бұл анықтамалар бірін бірі толықтырады  десе болады, себебі біріншісі пассивтік  оперцияның толық түсінігін бере алмайды.

Депозиттік операциялар коммерциялық банк үшін оның ресурсын қалыптастырудың ең негізгі көзі болып табылады. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар жергілікті билік органдары, қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен орналастырады. Бұл бірнеше себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, банктер салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез-келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден, бұл салымдар табыс әкеледі.

Депозиттік операцияларды ұйымдастыру  барысында коммерциялық банктер  баланс өтімділігін сақтай отырып, мынандай талаптарды ескеруі тиіс:

- депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;

- депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс;

- депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;

- салым иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.

Депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында коммерциялық банктер  ақша қаражаттарын мерзімді депозиттерге тартуға, депозиттік операциялар түрлерін кеңейте түсіп, депозиторлар санын өсіру үшін көптеген қосымша қызметтер көрсетіп, жеңілдіктер беруі тиіс.

Сонымен, депозиттік операциялар - бұл заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын белгілі бір мерзімдегі немесе талап етілетін салымдарға тартуға байланысты банктің операциялары болып табылады.

Банктерге орналастырылған уақытша бос ақша қаражаттары салымшы үшін екі рөл атқарады, яғни бір жағынан ақша ретінде, ал екінші жағынан салымшыға табыс әкелетін капитал рөлін атқарады [5, 144 б.].

Депозиттік операциялар  мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:

- банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;

- депозиттік операциялар әрекет етуі керек;

- банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операциялармен қарыз аударылуы қажет; депозиттік операциялар мен қарыздарды беру бойынша байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;

- депозиттерді тартуға әрекет  ететін банктік қызметтерді  дамытуға шаралар қолдану.

Банктермен тартылатын депозиттердің көлемі негізінен негізгі төрт факторға тәуелді болып келеді:

  1. Халықтың ақшалай табыстарының көлемі;
  2. Олардың банктік жүйеге деген сенімінің деңгейі;
  3. Салымдар бойынша нақты пайыз мөлшерлемесі;
  4. Елдегі банктік жүйенің даму деңгейі және ондағы қаржылық өнімдердің дамуы.

Банктік депозит – салымшыны  банкке алдын ала келісілген сыйақы қосылып қайтарылуы шарты негізінде  берілген ақша қаражаттары.

Ақша қаражаттарын сақтандыру шоттарына  аудару ерікті сипатта жүзеге асады. Әрбір салымшы ақша қаражатын орналастыру кезінде көп деген шарттарды ескере отырып банкті өз қалауынша таңдайды. Банк менеджері депозит мерзіміне, мөлшеріне, оған есептелетін пайыз және тағы да басқа шарттармен салымшыларын таныстырып, толық және ақысыз кеңес беру.

Шот ашу үшін салымшы банкпен банктік салым туралы келісім шартқа отырады. Талап еткенге дейінгі және мерзімді жинақтаушы салымдар бойынша шот ашу кезінде салымшыға депозиттік сертификат немесе жинақтау кітапшасын береді.

Депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында коммерциялық банктер ақша қаражаттарын мерзімді депозиттерге тартуға, депозиттік опреациялар түрлерін кеңейте түсіп, депозиторлар санын өсіру үшін көптеген қосымша қызметтер көрсетіп, жеңілдіктер беруі тиіс [6, 4 б.].

Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды. Банктік депозиттер бірнеше критерийлер бойынша жіктеледі: ақшаны алу нысаны бойынша (сурет 1), салымшылар категориясы бойынша (сурет 2), мақсаттық арналуы және табыстылық дәрежесі бойынша.

Информация о работе «АТФБанк» АҚ-ның депозиттік саясаты мен қаржылық көрсеткіштерін талдау