Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 16:47, дипломная работа
Пайда нормасының төмендеуі, банкаралық несиелер және мерзімдік валюталық нарықта операциялары сияқты табыстың дәстүрлі көздерінің жоғалуы өздерімен тартылған қаражаттың құрылымын оңтайландыру және олар бойынша пайыздық шығындарды қысқартуда коммерциялық банктер депозиттік саясаттың қалыптасуын бірінші нөмірге шығарды. Банктік дағдарыс және одан кейінгі Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы коммерциялық банктердің депозиттік саясатының рөлін көтерудің, сонымен қатар жетілдірудің қажеттілігін растады.
Кіріспе 3
1 Коммерциялық банктегі депозиттік саясаттың қалыптасуының теориялық негіздері
1.1 Депозит - коммерциялық банкте ресурстар базасын құрудағы негізгі көзі 5
1.2 Банктегі депозиттік операциялардың экономикалық мәні және
сыныпталуы 9
1.3 Банктің депозиттік емес ресурстары 20
1.4 Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуының негіздері 27
2 «АТФБанк» АҚ-ның депозиттік саясаты мен қаржылық көрсеткіштерін талдау
2.1 «АТФБанк» АҚ-ның Қазақстанның депозиттік нарығында алатын орны 39
2.2 «АТФБанк» АҚ-ның қызметіне жалпы сипаттама 41
2.3 «АТФБанк» АҚ-ның негізгі қаржылық көрсеткіштерін талдау 44
3 Депозиттік операциялардың ерекшеліктері мен депозиттік саясатты жетілдіру жолдары
3.1 Шетел тәжірибесінде коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының ерекшеліктері 50
3.2 Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының халықаралық тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мүмкіндігі 56
3.3 «АТФБанк» АҚ-ның депозиттік саясатын жетілдіру жолдары 60
Қорытынды 64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 67
Қосымшалар 69
Коммерциялық банктерде депозиттердің әртүрлі критерийлері бойынша жіктелуі реті 1,2 суреттерде көрсетілген.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
- талап етілетін депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
Сондай-ақ, оларды төмендегідей
белгілеріне байланысты
- мерзімдеріне қарай;
- салым иелерінің категорияларына қарай;
- қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
- пайыз төлеу тәсіліне қарай;
- банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай;
- басқа.
Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай түрлерге бөлінеді:
Талап етілетін депозиттер – бұл белгісіз уақытта салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті алдын ала ескертусіз кез келген уақытта салымшылармен алынуы немесе шотқа аударылуы мүмкін. Салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктік тәжірибеде талап етілетін депозиттерге мыналар жатады:
Талап етілетін депозиттік шоттардың артықшылығы - олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етілетін депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады. Осындай шот ашып клиент банкке өзінің төлем операцияларын техникалық жүргізуге сенім білдіреді.
Ал, кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың төмендегідей өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
Банктерде күнделікті төлем операцияларын жүргізу біраз шығындарды талап етеді, алайда ЭЕМ-ді, компьютерлік техникаларды қолданумен ол біршама азайды, әйтседе ол банктердің шығындарының маңызды факторы болып табылады. Талап етілетін шоттарда иеленуші клиенттер өз шоттарындағы ақшалай қаражаттарды ағымдағы есеп айырысулар үшін толық пайдаланбайды, ал бұл банк шығындарын көп дәрежеде компенсациялайды.
Банктің коммерциялық мақсаттары үшін банкімен пайдаланылатын тұрақты қалдық қалады, сондай-ақ ол пайда табу мақсатымен қарызға берілуі мүмкін. Ол банктің көптеген клиенттері өздерінің ағымдағы шоттарынан қаражаттарын үнемі алып және оны бірнеше күннен кейін немесе аптадан кейін қайтадан толтырып отыруы нәтижесінде қалыптасады. Бірақ, көптеген клиенттер өз міндеттемелерін төлеу үшін салымның бүкіл сомасын алмайды. Осы қаражаттар қалдықтары мен талап етілетін шоттар есебінен банктер 60, 90, 120 күнге вексельге немесе нақты несие бере алады [8].
Қазақстандық көптеген коммерциялық банктерде талап етілетін депозиттердің үлесі тартылған қаражаттар құрылымында өте жоғары болып келеді. Бұл өте арзан ресурс болғанымен банктерде оларды ұзақ мерзімге орналастыруға байланысты қиындықтар туындайды.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Мерзімді депозит – бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.
Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айып-пұл төлеуге міндетті.
Бұл салымның ерекшелігі
- талап еткенге дейінгі
Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.
Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
- меншікті-мерзімді депозиттер;
- алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.
Меншікті-мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:
- 30 күнге дейінгі;
- 30-90 күнге дейінгі;
- 90-180 күнге дейінгі;
- 180 күннен 360 күнге дейінгі;
- 360 күннен жоғары.
Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті бойынша міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді, әдетте, алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді [9, 15 б.].
Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады: есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды; шоттағы қаражат баяу айналады; тұрақты пайыз төленеді; пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Ұлттық банкі тарапынан реттеліп отырады; ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі; бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.
Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны рәсімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі жақты тіркеу енгізу қажет және т.б. Компьютердің көмегімен жасалған жеке бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдарымен басқа салымдарды ауыстыруға мүмкіншілігі бар.
Мерзімді депозиттер және жинақ
салымдары депозиттік ресурстардың
біршама тұрақты бөлігін білдір
Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.
Жинақ салымдарының төмендегідей ерекшеліктері болады:
Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай төмендегідей түрлерге бөлінеді:
Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.
Қосымша жарна қосатын салымдар – бұл шоттағы қаражатқа алдын ала келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталынған соманы белгілі бір күнде (жаңа жылдық салым, бойжеткен кезде және т.с.с) толық төленеді.
Ағымдық жинақ салымдар негізінен жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.
Мерзімді депозиттер мен жинақ
салымдарының бір түріне депозиттік
және жинақ сертификаттарын
Депозиттік сертификат – заңды тұлғаның банкке салған қаражатын куәландыратын және оған салым мерзімінің өтуіне қарай банктен немесе оның филиалдарынан салған салым сомасы мен сыйақы мөлшерлемесін алуға құқық беретін бағалы қағаз.
Жинақ сертификаты - жеке тұлғаның банкке салған қаражатын куәландыратын және оған салым мерзімінің өтуіне қарай банктен немесе оның филиалдарынан салған салым сомасы мен сыйақы мөлшерлемесін алуға құқық беретін бағалы қағаз.
Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:
Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал, мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.
Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар:
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.
Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді.
Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды. Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға ғана беріледі.
Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын төлеуге ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады, бірақ төменгі мөлшерде пайыз төлейді.
Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге түсуін сипаттайды.
Осындай жағдайда, коммерциялық банктердің активтік операцияларын қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде жүргізе отырып, депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі [11, 23 б.].
Депозиттік операцияларды
Депозиттік ұйымдардағы
Информация о работе «АТФБанк» АҚ-ның депозиттік саясаты мен қаржылық көрсеткіштерін талдау