«АТФБанк» АҚ-ның депозиттік саясаты мен қаржылық көрсеткіштерін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 16:47, дипломная работа

Описание работы

Пайда нормасының төмендеуі, банкаралық несиелер және мерзімдік валюталық нарықта операциялары сияқты табыстың дәстүрлі көздерінің жоғалуы өздерімен тартылған қаражаттың құрылымын оңтайландыру және олар бойынша пайыздық шығындарды қысқартуда коммерциялық банктер депозиттік саясаттың қалыптасуын бірінші нөмірге шығарды. Банктік дағдарыс және одан кейінгі Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы коммерциялық банктердің депозиттік саясатының рөлін көтерудің, сонымен қатар жетілдірудің қажеттілігін растады.

Содержание

Кіріспе 3

1 Коммерциялық банктегі депозиттік саясаттың қалыптасуының теориялық негіздері
1.1 Депозит - коммерциялық банкте ресурстар базасын құрудағы негізгі көзі 5
1.2 Банктегі депозиттік операциялардың экономикалық мәні және
сыныпталуы 9
1.3 Банктің депозиттік емес ресурстары 20
1.4 Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуының негіздері 27

2 «АТФБанк» АҚ-ның депозиттік саясаты мен қаржылық көрсеткіштерін талдау
2.1 «АТФБанк» АҚ-ның Қазақстанның депозиттік нарығында алатын орны 39
2.2 «АТФБанк» АҚ-ның қызметіне жалпы сипаттама 41
2.3 «АТФБанк» АҚ-ның негізгі қаржылық көрсеткіштерін талдау 44

3 Депозиттік операциялардың ерекшеліктері мен депозиттік саясатты жетілдіру жолдары
3.1 Шетел тәжірибесінде коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының ерекшеліктері 50
3.2 Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының халықаралық тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мүмкіндігі 56
3.3 «АТФБанк» АҚ-ның депозиттік саясатын жетілдіру жолдары 60

Қорытынды 64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 67
Қосымшалар 69

Работа содержит 1 файл

Депозитт│к саясат 402гр Мирзалиева Н.doc

— 781.50 Кб (Скачать)

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         

                                           Мазмұны

 

Кіріспе                                                                                                                         3

 

1 Коммерциялық банктегі депозиттік саясаттың қалыптасуының теориялық негіздері

1.1 Депозит - коммерциялық банкте ресурстар базасын құрудағы негізгі көзі  5

1.2 Банктегі депозиттік операциялардың экономикалық мәні және

сыныпталуы                                                                                                                  9

1.3 Банктің депозиттік емес ресурстары                                                                20

1.4 Коммерциялық банктерде депозиттік  саясаттың қалыптасуының негіздері 27

 

2 «АТФБанк» АҚ-ның депозиттік саясаты мен қаржылық көрсеткіштерін талдау

2.1 «АТФБанк» АҚ-ның Қазақстанның депозиттік нарығында алатын орны    39

2.2 «АТФБанк» АҚ-ның қызметіне жалпы сипаттама                                        41

2.3 «АТФБанк» АҚ-ның негізгі қаржылық көрсеткіштерін талдау                   44

 

3 Депозиттік операциялардың ерекшеліктері мен депозиттік саясатты жетілдіру жолдары

3.1 Шетел тәжірибесінде коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының ерекшеліктері                                                                             50

3.2 Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының халықаралық тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мүмкіндігі                                                             56

3.3 «АТФБанк» АҚ-ның депозиттік саясатын жетілдіру жолдары                     60

 

Қорытынды                                                                                                              64

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі                                                                       67

Қосымшалар                                                                                                             69

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Кіріспе

 

Жұмыстың өзектілігі. Коммерциялық кәсіпорын түрлерінің бірі ретінде банктік мекеменің өзіндік ерекшелігі оның ресурстардың басым бөлігі меншікті құралдардан емес, тартылған құралдардан құрылуында. Қаражаттарды тартуда банктердің мүмкіндіктері шектеулі және кез келген елде Орталық Банк тарапынан реттеледі. Банк капиталының мөлшері мен тартылған қаражаттар көлемі арасындағы ара қатынасты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі міндетті экономикалық нормативтер арқылы реттейді.

Барлық банктік саясаттың  маңызды құрамдас саясаты – бұл  ресурстық базаның қалыптасу  саясаты. Банк әрқашан пассивті операцияларын  жүзеге асыру үрдісіндегі ресурстық базаның қалыптасуы банктің активті операцияларына қатысты бірінші әрі анықтаушы рөлді ойнайды. Банктік ресурстардың негізгі бөлігі  бәрімізге белгілі депозиттік операцияларды жүргізу үрдісінде құрылады, осы операцияларды дұрыс әрі тиімді ұйымдастыруға кез келген несиелік ұйымның қызмет етуінің тұрақтылығы тәуелді. Осыған байланысты пассивтерді тиімді басқару арқылы ресурстар әлуетін өсіру және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету өзгеше өзектілік пен маңыздылықты иеленуде.

Біздің елімізде депозиттік саясаттың қалыптасу мәселелеріне қажетті көңіл аударылған жоқ екендігін белгілеуге болады. Бұл жоғары инфляция және арзан ресурстардың қолда бар болған кезде  банктік қызметтерге  сұраныс ұсынысқа қарағанда елеулі асты, ал осы шарттар банктік операциялар  тәуекелінің  табиғатын өзгерте отырып, жоғары пайда нормасын қамтамасыз етумен байланысты болды. Пайда нормасының төмендеуі, банкаралық несиелер және мерзімдік валюталық нарықта операциялары сияқты табыстың дәстүрлі көздерінің жоғалуы өздерімен тартылған қаражаттың құрылымын оңтайландыру және олар бойынша пайыздық шығындарды қысқартуда коммерциялық банктер депозиттік саясаттың қалыптасуын бірінші нөмірге шығарды. Банктік дағдарыс және одан кейінгі Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы коммерциялық банктердің депозиттік саясатының рөлін көтерудің, сонымен қатар жетілдірудің қажеттілігін растады.

Банктер өздерінің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды. 

Банктік депозиттің мәнін зерттей отырып оның қос табиғатында тұжырымдалатын ерекшеліктері де аталған: «Депозиттер салымшы үшін әлуетті ақша болып табылады... Салымшы үшін олар екі рөлде шығады: бір жағынан ақша рөлінде, екінші жағынан пайыз әкелетін капитал рөлінде… бірақ капитал әкелетін пайызға қарағанда депозит аз пайыз әкеледі. Бұл төменделген пайыз – кездейсоқ құбылыс емес, банк табиғатының маңызды мезеті. Өйткені банк табиғатының бүкіл мәні мынада: депозит бойынша төленетін пайыз банк әртүрлі кәсіпорындарға салған капитал үшін алатын пайызға қарағанда төмен. Пайыздардағы бұл айырма активті операциялар бойынша алатын пайыздардың ¼ бөлігін  құрайды».

Жұмыстың мақсаты болып ҚР-ның екінші деңгейдегі банктерінің депозиттік саясаты және оның жүзеге асырылуын қазіргі заманға сай теңгерімді басқаруға байланысты теориялық-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан негізделген ұсыныстар жасау.

Жұмыстың міндеттері қойылған мақсатқа жету барысында мынадай міндеттерді шешуді көздейді:

  • ақша-несие қатынастары жүйесіндегі «депозит» экономикалық категориясының мәні мен мазмұнын зерттеу; банктік депозиттердің жіктелуін қарастыру;
  • халық қолындағы салымдарды коммерциялық банкке тартудағы бағыттарды жетілдіру жолдарын анықтау;
  • коммерциялық банктің тұрақтылығын күшейту мақсатында оның депозиттік саясатын оңтайландырудың перспективалы бағыттарды анықтау;
  • депозиттерді сақтандыру қорының қызметіне талдау жасай отырып, оны жетілдіру жолдарын анықтап беру;
  • депозиттік емес ресурстарын қалыптасу көздерін айқындау;
  • екінші деңгейдегі банктердің депозиттік ресурстарының қалыптасуы мен орналасуы жағдайына кешенді талдау жүргізу нәтижесінде, банктердің оңтайлы депозиттік саясаттың іске асырылуы.

Ғылыми жаңалығы болып:

- банктің табыстылығын қамтамасыз етуге және кешенді басқару үшін ғылыми тұрғыдан негізделген жаңа тұжырымдама негізінде ҚР ЕДБ-дің депозиттік саясаты және оның жүзеге асыруын басқару тетіктерін жетілдіруге байланысты Қазақстанда алғашқылардың бірі ретінде ұсыныстардың жасалуымен сипатталады;

- Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері барынша қаражат көзін тарту үшін халықтың қажеттіліктерін, мүмкіншіліктері мен мүдделерін ескере отырып, жаңа депозит түрлерін ұсыну арқылы депозиттік саясатты жүргізеді.

Зерттеу объектісі «АТФБанк» АҚ болып табылады.

Зерттеу пәні болып банктерің депозиттік саясаты және жүзеге асырылу үдерісі табылады.

Зерттеудің  теориялық және әдістемелік негіздері зерттеудің әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік ғалым-экономистердің коммерциялық банктердің депозиттік саясатын жүзеге асыру мәселелері туралы банктің тұрақты дамуындағы рөлін сипаттайтын зерттеулері, сонымен қатар Қазақстандық коммерциялық банктердің жұмысын талдау барысында  алынған материалдар, статистикалық материалдар және мерзімдік басылымдардың мәліметтері пайдаланылды.

 

 

 

 

1 Коммерциялық банктегі депозиттік саясаттың қалыптасуының теориялық негіздері

 

 

1.1 Депозит  - коммерциялық банкте ресурстар базасын

құрудағы негізгі  көзі

 

 

Банктік депозит  (латыннан depositum- сақталуға берілген зат) – бұл банкке клиенттердің уақытша бос ақшаларын беру жөніндегі экономикалық қатынас. Алайда депозит терминін түсіндіретін анықтамалар көп. Әлемдік тәжірибеде депозит - бұл заңды және жеке тұлғалардың   құралдарды салу мерзіміне  тәуелсіз қаржылық институтқа салу. Ал  Қазақстанда заңды тұлғалардың салымдары депозит, ал жеке тұлғалардыкі – салымдар деп аталады. Есеп-айырысу және ағымдағы шоттардағы қалдықтар депозит болып саналмайды.

 Уақытша бос ақшалай  қаражаттарды жинақтау – коммерциялық  банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық  қызметі. Бұл банктің пассиві  меншікті капиталымен тартылған  қаражаттардан тұрады. Меншікті  капитал – банктің несиелік  ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынандай жағдайлармен түсіндіріледі: біріншіден, банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос қаражат сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді. Үшіншіден банктерге тартылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың материалдық объектілерінде орналастырылған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін қажет.

Банк ресурстарының  құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда  өте жоғары, олардың есебінен банктің  активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.

Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.

Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:

- депозиттік қаражаттар;

- депозиттік емес тартылған  қаражаттар.

Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер, банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.

Депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттік емес тартылған  қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын қаражаттары.

Депозиттік емес банктік  ресурс көздері мен депозиттер өзара  ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық  емес, яғни банктің нақты клиенттің  атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту бастамасы банктің өзінен туындайды.

Депозиттік емес тартылған  ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып  алынатындықтан да, оларды көтерме  сауда операциялар сипатына жатқызуға  болады [1, 137 б.].

Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын  жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінің  уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды. 

Банктік депозиттің мәнін зерттей отырып оның қос табиғатында тұжырымдалатын ерекшеліктері де аталған: «Депозиттер салымшы үшін әлеуетті ақша болып табылады... Салымшы үшін олар екі рөлде шығады: бір жағынан ақша рөлінде, екінші жағынан пайыз әкелетін капитал рөлінде… бірақ капитал әкелетін пайызға  қарағанда депозит аз пайыз әкеледі. Бұл төменделген пайыз – кездейсоқ құбылыс емес, банк табиғатының маңызды мезеті. Өйткені банк табиғатының бүкіл мәні мынада: депозит бойынша төленетін пайыз банк әртүрлі кәсіпорындарға салған капитал үшін алатын пайызға қарағанда төмен. Пайыздардағы бұл айырма активті операциялар бойынша алатын пайыздардың ¼ бөлігін  құрайды».

Информация о работе «АТФБанк» АҚ-ның депозиттік саясаты мен қаржылық көрсеткіштерін талдау