Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:17, курсовая работа
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субьектісі – Ұлттық банк болып табылады. Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, ҚР-дағы ақша-несие саясатын жүргізу, екінші деңгейлі банктер қызметін қадағалау – ҚР Ұлттық банкінің басты міндеті.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттарының қалыптасуы және қазіргі жағдайы, оны әрі қарай жетілдіру жолдары, алдынғы жылдары жүргізілген Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының нәтижелеріне талдау жасау болып табылады.
Кіріспе
3
1
1.1
1.2
1.3
2
2.1
2.2
Ақша-несие саясатының теориялық негізі
Ақша-несие саясатының түсінігі, мәні, мақсаттары
Саясаттың құралдары, типтері
Ақша-несие саясаттың шетелдік тәжірибесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясаты
Ұлттық Банктің 2009-2011 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын жетілдіру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
4
4
6
8
13
13
29
33
34
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қысқа мерзімді ноталарын шығару арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ішкі валюта нарығындағы операциялары нәтижесінде (40,8 млрд. теңге) және банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттеріндегі қалдықтарының төмендеуі нәтижесінде (113,4 млрд. теңге) банктер алған теңгедегі өтімділікті ғана емес, сонымен бірге банктердің артық өтімділігінің бір бөлігін толық абсорбациялады (163,4 млрд. теңгеге).
2009 жылғы 11 ай бойы қайта қаржыландырудың ресми ставкасы 9,0 % деңгейінде, ал екінші деңгейдегі банктерден Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тартқан депозиттер бойынша қайта қаржыландырудың ресми ставкасының ½ деңгейінде белгіленетін ставка 4,5 % деңгейінде қалды. 2007 жылғы 1 желтоқсаннан бастап екі ставка да тиісінше 11,0 % жəне 5,5 % дейін көтерілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары қолдануға мәжбір болды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2009 жылдың екінші жартыжылдығында жағдайдың өзгерісіне және банктердегі өтімділіктің ғаламдық дағдарысқа негізделген дефицитінің туындауына әсер ете отырып, банктерге өтімділік ұсыну арқылы қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде қадамдар жасады. Қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету пайдасына жасалған таңдау дұрыс болды және де көптеген орталық банктер, оның ішіне дамыған елдердің банктері осы жолды таңдады. Банктерді теңгедегі қысқа мерзімді өтімділікпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2009 жылғы тамыздан бастап кері РЕПО операцияларын жүргізу көлемін ұлғайтты, шетел валютасын кепілге бере отырып, сондай-ақ банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі еркін айырбасталатын валютадағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтарды кепілге бере отырып валюталық СВОП операцияларын жүргізе бастады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзінің қысқа мерзімді ноталарын мерзімінен бұрын өтеу практикасын жаңартты. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қайта қаржыландыру заемдарының жаңа нысанын, атап айтқанда банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі ұлттық валютадағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтарды кепілге бере отырып қысқа мерзімді заемдар енгізді. Осы қайта қаржыландыру операциялары 7 күн мерзіммен жүргізілді.
2009 жылғы тамыз-желтоқсан аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 723,9 млрд. теңге көлемінде кері РЕПО операцияларын, 4043,1 млрд. теңге көлемінде валюталық СВОП операцияларын жүргізді. 2009 жылғы желтоқсанның аяғындағы жағдай бойынша банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдындағы кері РЕПО операциялары бойынша өтелмеген берешегінің көлемі 4,0 млрд. теңгені, валюталық СВОП операциялары бойынша өтелмеген берешегінің көлемі 123,8 млрд. теңгені құрады.
2009 жылғы тамыздан бастап банктер тарапынан қысқа мерзімді ноталарға деген сұраныс біршама қысқарды, нәтижесінде айналыс мерзімі 28 күн болатын ноталар ғана шығарылды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің депозиттер тарту бойынша жүргізілген операцияларының көлемі аз болды. Бұл банктердің «бос» өтімділігінің болмауына байланысты болды. Нәтижесінде айналыстағы ноталардың көлемі 228,9 млрд. теңгеге дейін (тұтастай алғанда 2009 жылы – 57,1 % төмендеді), банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттерінің көлемі 9,9 млрд. теңгеге дейін (тұтастай алғанда 2009 жылы – 92,4 % төмендеді) қысқарды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2009 жылғы тамыз-желтоқсанда ішкі валюта нарығында басым түрде шетел валютасын сатушы ретінде болды. Шетел валютасын нетто-сату көлемі 6,5 млрд. АҚШ долл. жетті. Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігін 2009 жылғы тамыз-желтоқсан айларында 58,2 млрд. теңгеге толықтыру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі нарықтағы операцияларының нәтижесі болды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тамызда ең төменгі резервтік талаптар тетігі қайта қарады. Өзгерістер резервтік міндеттемелер базасын қысқартуға және резервтік активтер құрылымын ұлғайтуға арналды, бұл бағалау бойынша банктерге 150 млрд. теңгені қосымша босатуға мүмкіндік жасады. Бұл өзгерістер 2009 жылғы 9 қазаннан бастап күшіне енді. Сонымен қатар, 2009 жылғы шілдеде ең төменгі резервтік талаптардың нормативтеріне өзгерістер қабылданды. Оларға сәйкес ішкі міндеттемелер бойынша нормативтер 6 %-дан 5 %-ға төмендейді, ал өзге міндеттемелер бойынша норматив (сыртқы нормативті қоса алғанда) 8 %-дан 10 %-ға көтерілді. Екінші деңгейдегі банктердің міндеттемелері құрылымындағы өзге міндеттемелер көлемінің ішкі міндеттемелердің көлемінен асатындығын ескере отырып, осы өзгерістермен банктердің өтімділігінің бір бөлігін қосымша «байланыстыру» болжанды. Осы нормативтерді 2009 жылғы тамыздан бастап ендіру жоспарланды.
Дегенмен банктердің өтімділікпен байланысты проблемаларының туындауына байланысты ең төменгі резервтік талаптардың жаңа нормативтерін күшіне енгізу мерзімдері 2010 жылғы 1 шілдеге ауыстырылды.
Ақша ұсынысының өсу қарқынының айтарлықтай төмендеуі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2010 жылғы шараларының нәтижесі болды. 2010 жылы ақша базасы 1464,3 млрд. теңгеге дейін 2,5% (2009 жылы – 126,4 % кеңейді) тарылды. 2011 жылғы қаңтар-қараша аралығында жалпы ақша массасы 4521,0 млрд. теңгеге дейін 22,9 % (өткен жылдың қаңтар-қараша аралығында – 64,0 %), айналыстағы қолма-қол ақша 686,1 млрд. теңгеге дейін 14,2 % (27,4 %) ұлғайды.
2.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын жетілдіру
Қазақстан экономикасында қазіргі қалыптасқан жағдайдағы ақша-несиелік реттеу мәселелерінің өзектілігі белгілі бір деңгейде ақша-несие саясатын жасау кезінде талдау және болжау әдістерін, сонымен қатар оны іске асыру механизмдерін, құралдарын жетілдіру қажеттіліктерімен анықталады.
Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды роль атқарады.
ҚР Ұлттық банкі түрлі күрделі операцияларды орындайтын және ақша айналымын реттейтін, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамассыз ететін негізгі буын болғандықтан бірінші деңгейлі банк болып есептеледі.
Ұлттық банктің
Үкіметтен тәуелсіз қызмет
Ақша-несие саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай операция түрлерiн жүзеге асырады:
1) қарыздар беру;
2) депозиттер қабылдау;
3) валюталық интервенциялар;
4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталарын шығару;
5) мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, оның iшiнде керi сатып алу құқығымен;
6) коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу;
7) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да операциялар.
Оларды пайдаланудың тиімділігін республикада 2006-2008 жж. қалыптасқан инфляция деңгейімен (6,5-7,8 %) шамалауға болады.
Сонымен қатар болашақта артық өтімділікті «депозиттерге тарту» Ұлттық банктің негізгі құралы болатын жоспары бар. Бірақ та инфляциялық қысым негізінен сырттан болатын (сыртқы валюталық түсімдер) болса, артық өтімділікті шексіз азайту бұл операцияның тиімділігін төмендетуі мүмкін. Мұндай жағдайда сыртқы түсімдерді реттеу бағытында шаралар қолдану қажеттілігі туындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi қайта
қаржыландырудың ресми
Мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды Қазақстан Ұлттық Банкi жалпы ақша-несие саясаты шеңберiнде жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырылатын ақша-несие саясаты шеңберiнде қаржы нарығындағы нарықтық сыйақы мөлшерлемелеріне әсер ету мақсатында ақша-несие саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгiлейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-несие саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердiң қарыз алуының жалпы көлемiн реттейдi. Банктерге берiлетiн қарыздарды беру мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, түрлерiн, мерзiмдерiн және лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстан Республикасындағы антиинфляциялық саясатты экономикадағы диспропорцияны бірте-бірте жоймай елестету қиын.
Инфляцияға қарсы саясаттың басты элементі – қаржыны сауықтыру мен халық шаруашылығы экономикасын тұрақтандыру, залалды және шамалы рентабелді шаруашылық субъектілерін қысқарту болып табылады. Оған халық тұтынатын тауарлаға бағаны көтеру жолымен емес, интенсификация негізінде және өндірістің тиімділігін көтеру арқасында қол жеткізіледі. Шетел несиелерін солай пайдаланған маңызды, оларды тезірек иесіне қайтарып, сөйтіп аса мол пайда табу. Шетел ғалымдарының пайымдауынша, Қазақстандағы аса пайдалы салаларға – түсті металлургия, ауыл шаруашылығы, мұнай өндеу өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп және туризм жатады. Сондықтанда осы салалар басымдылықпен дамуы қажет. Сырткы саудамен айналысатын кәсіпорындарға толық валюталық өзін-өзі өтейтін жолға көшіру керек. Бір сөзбен айтар болсақ, тұрғындардың өмір денгейіне әсер ететін инфляцияның келеңсіздігін төмендету үшін шаралар жүйесін іске қосқан жөн.
Халықаралық тәжірибеде
Орталық банктің және коммерциялық
банктердің несиелері арасында тұрақты
өзара байланыс байқалады. Бұндай байланыстар
әртүрлі елдер бойынша
Орталық банктің несиелері банктік ресурстар көзі болып табылады, соған сәйкес пайыздық саясаттың әсер етуі жалпы экономикаға таралады. Ақша-несиелік реттеудің осы құралы Қазақстандық банктік жүйені реформалау кезінде ереқше танымал болды, себебі ҚРҰБ-нын, резервтері сыртқы факторларға қарсы түру үшін жеткіліксіз болды, ал ашық нарықтағы операциялар дамымады.
Ал қазіргі кезде ақша-несие саясатының жалпы бағыты ставка деңгейлерін бақылау сақталуда, бірақ осы құралдың мәні біртіндеп азайып келеді. Бірақ, пайыздық саясаттан толық бас тарту мүмкін емес, өйткені осы құралдың инфляцияға қарсы тиімділігінің маңыздылығы зор. Мысалы, АҚШ ресми ставкаларды белгілеуден бас тартқан елдердің бірі болып саналады. Германия, Жапония, Швеция елдерінде ресми пайыздық ставка инфляцияға қарсы реттеу құралы және ұлттық валюта бағамын реттеуші ретінде пайдаланылады.
Халықаралық тәжірибеде пайыздық саясатқа жанама әсер ету шараларына көшу үдерісі байқалуда. Алайда, көптеген жағдайларда пайыздық мөлшемелерде жанама реттеу банктік резервтер келеміне әсер ететін әдістер арқылы мөлшерлемелерді тікелей белгілеуді ауыстыруды болжайды.
Нарықты экономикасы дамыған елдерде макроэкономикалық реттеу салаларында жеткілікті мөлшерде мол тәжірибе жинақталған. Бірақ осы салада басқа елдердің тәжірибесін пайдаланылуы күтілген нәтижеге қол жеткізбейді. Сондықтан макроэкономикалық реттеудің мақсаттары мен әдістерін таңдау кезінде экономиканың дамуының нақты тарихи жағдайын ескеру қажет.
Қорыта келгенде, нарыққа
өту кезінде Қазақстан
Ақша-несие саясатын пайдалана отырып, мемлекет инфляция мен жұмыссыздықтың төменгі дәрежесі тән экономиканы құруға ұмтылады. Бұл міндетті орындау үшін ол ақша ұсынысына бақылау орнатуы керек.
Ақша ұсынысының көлемін реттей отырып, Ұлттық Банк экономика дамуына белсенді түрде ықпал ете алады. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің кейнсиандық үлгісі бойынша ақша ұсынысының ЖҰӨ дамуына ықпалы ең ақырында пайыздық мөлшерлемесі арқылы жүзеге асады, оның нақты көлемі ақша-несие саясатымен анықталады. Ең бірінші кезекте инвестициялық шығындарға ықпал ете отырып, пайыздық мөлшерлеме жиынтық сұраныс көлемін, содан кейін ЖҰӨ-нің тепе-теңдік көлемін өзгертеді.
Ұлттық банк ақша-несие саясатының бағыттарын бұрын бір жылға анықталып келсе, 2002 жылдан бастап, алдағы үш жылға анықтау тәжірибесіне көшті, және әр жыл өткен сайын өзгерістерді ескеріп, оған өзгертулер енгізіледі. Мұндағы негізгі мақсат біртіндеп инфляциялық принципіне өту.
Ақша-несие саясаты ғана Ұлттық банктің инфляцияны төмендету мақсатындағы саясатына толық жауап береді және сонымен қатар, ақша-несие саясатына деген нарықтың қатысушыларының үлкен сенімін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша несие саясаты даму белсенділігі қазіргі кезге дейін, әлі де елдің басты мәселерінің бірі болып табылады. Инфраструктуралық құрылымның аумағына, нарық ақпаратының өсуі және техникалылық шешімдердің белгілі прогресіне қарамастан елдің ақша несие нарығының белгілі мәселері бар, қазір ол тұрақты болды – бұл төмен өтімділік пен бағалы қағаздардың жетіспеушілігі.
Қорыта келе, банктер үшін экономикалық нормаларды орнату, ашық нарықта бағалы қағаздармен операциялар жүргізу, міндетті резервтердің нормасын анықтау үшін елімізде ақша-несие саясатын дұрыс әрі қарқынды жүргізілуі қажет.