Ақша-несие саясатының теориялық негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:17, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субьектісі – Ұлттық банк болып табылады. Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, ҚР-дағы ақша-несие саясатын жүргізу, екінші деңгейлі банктер қызметін қадағалау – ҚР Ұлттық банкінің басты міндеті.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттарының қалыптасуы және қазіргі жағдайы, оны әрі қарай жетілдіру жолдары, алдынғы жылдары жүргізілген Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының нәтижелеріне талдау жасау болып табылады.

Содержание

Кіріспе
3
1
1.1
1.2
1.3
2
2.1

2.2
Ақша-несие саясатының теориялық негізі
Ақша-несие саясатының түсінігі, мәні, мақсаттары
Саясаттың құралдары, типтері
Ақша-несие саясаттың шетелдік тәжірибесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясаты
Ұлттық Банктің 2009-2011 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын жетілдіру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
4
4
6
8
13
13

29

33
34

Работа содержит 1 файл

курсовая работа.doc

— 228.50 Кб (Скачать)

Мемлекеттік қазыналық  міндеттемелер, банкаралық несие, Ұлттық банкінің ноталары бойынша пайыздық мөлшерлемелер сауда мәніне сай келеді. Жалпы барлық нақты нарық пайыздық мөлшерлемелер 1994 жылдың тамызынан бастап оң көрініске ие болды.

Ұлттық банкінің ноталы және қазыналық вексельдер бойынша  табысы Ұлттық банкінің ноталарының пайызды және қарызды төлеу жағынан несиеге қарағанда үлкен сенімділігімен түсіндіріледі.

Резервтік талаптар. Банктерге  берілетін несиенің көлемін реттеу үшін, банктің өз міндеттемлері бойынша  төлей алмау тәуекелін төмендету  және жеке банктердің қызметтерін реттеу туралы «Ережесіне сәйкес міндетті резерв бойынша төлей алмау тәуекелін төмендету және банктердің акционерлері мен салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк резервтік талаптар механизмін қолданады.

1996 жылы 1 қаңтарда енгізілген «Қазақстан Республикасының коомерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметтерін реттеу туралы» Ережесіне сәйкес міндетті резерв бойынша норматив 18-20 % көлемі қарастырылған. Бұл ереже 1997 жылы мамыр айына дейін қызмет етті, осы жылдан бастап норматив банктердің теңге және шетел валютасындағы жалпы депозиттік міндеттемелер бойынша норматив 15 %-ға дейін төмендеді.

Банктердің міндетті резерв нормативінің көбеюі, 1997 жылдың бірінші жартысында ақша мультипикаторының  тез өсуімен түсіндіріледі. Егер 1997 жылы 1 қаңтарда ақша массасының көлемі ақша базасынан 1,61 еседен асса, 1997 жылдың 1 көкегінде бұл мөлшер 2,21, ал 1 шілдеде – 3,1 есеге жетті. Ақша-несие сасатының осы құралын пайдалану арқылы және банктер қарыз алушылардың несие қабілеттілігін бағалауына қатаң көзқарас орнату нәтижесінде 1997 жылдың 1 қазанынан ақша мультипликаторының мөлшері 1,66 деңгейге дейін азайтылды. 1998-1999 жылдары арасындағы ақша мультипликаторы 1,8-1,9 деңгейге сақталынды.

Банк резервтерінің  шамадан тыс өсуіне байланысты (Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттағы қаражаттар) резервтік талаптардың мөлшерін азайтып қана қоймай, сонымен қатар, резервтеудің баламалы тәртібіне ауысу мүмкіндігі пайда болды. Яғни экономикалық нормативтерді орындайтын бантердің корреспонденттік шоттағы қаражаттарының мөлшері резервті талаптардан кем болмау керек еді. Ал 1998 жылы резервтік талаптардың нормативі 20 %-ға , 1999 жылы 15 %-ға дейін төмендейді.

Ұлттық банк орташа айлық  қалдыққа байланысты пайызды банктің  корреспонденттік шоты бойынша төлейді. Резервтер бойынша пайызды төлеу резервтік талаптардың депозиттері бойынша банктердің пайыздық мөлшерлемесі арасындағы айырманы азайту қажеттілігінен туындайды.

1998 жылдың басында  жалпы банктер арасында баламалы  резервтерден құрылған банктердің үлес салмағы 32,6 %-ын, ал жыл аяғында – 48,4 % құрады.

1998 жылы банктердің 13,5 %-ы резервтік талаптардың орындалуын  бұзды. Мұндай банктерге айып-пұл  санкциялары қолданылды.

 

 

1.3 Ақша-несие  саясатының шетелдік тәжірибесі

 

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей міндетті резервтер деңгейінің тым жоғары болуы қаржы делдал түріндегі банкі жүйесінің тиімділігін әлсіретеді, өйткені резервтердің банкі жүйесінің тиімділігін әлсіретеді, себебі резервтердің минималды нормасының үлкеюі несие ресурстарының экономикаға құйылуына кедергі жасайды. Бұдан жоғары міндетті резервтер нормасы АҚШ-та және Германияда қолданылады. АҚШ-та міндетті резервтер нормасы АҚШ-та және Германияда қолданылады.

АҚШ-та міндетті резервтер  сомасы банктің категориясына, депозиттің мөлшеріне, түріне байланысты. Ол федералды резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталынады, артық резервтер федералды резервтік банктердің негізгі көзін, яғни АҚШ-тың ақша нарығында ең негізгі процесстерінің бірі болып табылатын операциялар көзін құрайды. АҚШ-тағы банк жүйесіндегі резервтерінің басты ролі коммерциялық банктердің несиелік операцияларын бақылау болып табылады. Банктердің федералды банк жүйесінің Басқарушылар кеңесі, заңмен бекітілген резервтер көмегімен, коммерциялық банктердің несиелеу қабілетіне әсер етеді. Оның мақсаты банк несиесінің артықшылығын немесе кемшілігін болдырмау. Бұл саясат коммерциялық банктердің несие көмегіне қаншалықты жағымды әсер етсе, соншалықты басқарушылар кеңесінде экономикада іскерлік белсенделегінің ауытқуын болдырмауына мүмкіндік болады. Осындай жанама жолмен коммерциялық банктің несиесін бақылау құралы сияқты резервтер өтімділік көзі болмайды, бұлар тек салымшыларды қорғайды деп есептейді.

ФРЖ экономикалық дағдарыс кезеңінде міндетті резерв деңгейін жиі төмендетуге дейін барды, сөйте отырып іскерлік белсенділіктің дамуын ынталандыруға тырысты. Керісінше 1973-1974 жылдары инфляциялық процестерді тежеу мақсатында ФРЖ міндеті резервтердің деңгейін уақытша көтеріп отырды.

Ақша–несие қатынастарын мұндай бақылау және реттеу механизмі ашық нарықтағы операцияларға және есеп мөлшерлемелерінің өзгерісіне қарағанда сирек пайдаланылады.

Несие операциялары Ұлттық банкпен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы, 1997 жылы қаңтар айындағы меморандумына сәйкес Ұлттық банк несиені үш негізгі бағыт бойынша береді. Директивті несиелер Үкімет белгілеген басымдықтар бойынша мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін коммерциялық банктер арқылы және несиелік аукциондар арқылы банктерге берілетін несиелер. 1997 жылы Министрлер Кабинетінің қарамағына Ұлттық банк ұсынған несиелердің 75 %  несиеге берілген еді. Сонымен бірге бюджеттің кірісіне бөлінбеген пайда және 16,5 млрд. тенге сомасындағы депозиттер үшін төлемге аударылған. Бұл таза төлемдер бюджет кірісінің 17 %  несиесін құрады.

Директивті несиелердің  айналысында қиын жағдай пайда болды. Сондықтан бұл несиелерді қайтару  бойынша жұмыстарын тоқтатты, олар несие Үкіметтің кепілдемесі  бойынша төленеді деп сенді, өйткені  несиелер Қаржы Министрлігі және Экономика Министрлігінің рұқсаты арқылы, несиелік қабілетіне байланыссыз барлық шаруашылық органдарға берілді. Нәтижесінде 4,6 млрд. теңгеден (қайтарылуы міндетті сомадан) 1997 жылы 1,8 млрд. теңгесі ғана қайтарылды.

Сөйтіп, банк жүйесі арқылы төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға қысым көрсетілді, олар банк несиесі есебінен бюджет дотациясын жасады, өйткені несие қайтару жүгі Қаржы министрлігіне ауысты.

Санациялау мен банкроттық механизмін пайдаланусыз басымдылық салалардың кәсіпорындарының қаржы мәселесін  шешудің  сәтсіз аяқталуы нәтижесінде 1998 жылдың ақпанан бастап, директивті несиені беру тоқтатылды.

1997 жылғы ақпан-көкек  айларындағы, кәсіпорындардың міндеттемелері  мен өзара талаптарын республика  ішіндегі шаруашылықаралық есепке  алу арқылы төлемсіздік мәселесін  шешуге ынтасы өткен жылдың тағы бір рецидиві болып шықты. Есепке алу нәтижесінде өткен жылғы наурыз айындағы ақша массасы оның алдындағы айдың көрсеткішіне қарағанда 40,6 %-ға ал көкек айында – 56,4 %-ға өсті.

Төлемсіздікті шаруашылық аралық есепке алу арқылы шешу, бір жағынан мәселені шешсе, екінші жағынан кәсіпорындардың айналым қаражаттарын жоғалтуға әсер ететін факторды – бағалардың өсуін ынталандырды. Ақша-несие саясатының бұл құралы өткен уақыттың еншісінде қалды. Оның орнын тұрақты түрде жұмыс жасайтын клиринг алу керек және ол кәсіпорындардың қаржы тәртібін сақтаған кезде ғана төлемсіздік мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Үкіметтің несиелеу көлемі әрқашан бюджет тапшылығының деңгейімен және оны баламалы көздер жабу мүмкіндігімен  анықталды. Қаншалықты бюджет тапшылығы жоғары болса, соғұрлым несие эммиссиясының ықтималдығы үлкен болады да, ол инфляцияға ықпал етеді. Сөйтіп үкімет оған балама инфляциясыз көздерді  кеңейтуге мән  береді, ондай көздерге: сыртқы қарыздар және үкіметтің  бағалы қағаздары жатады.

Ұлттық банк 1997 жылы көкек айында мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелердің бірінші аукционнан өткізгенде Қаржы Министрлігі бастапқы үш айда сату көлемін 1,6-2,3 млн. теңгеден. 1997 жылы желтоқсан айында – 171,7 млн., ал 1999 жылдың маусымында – 3 млрд. теңгеге дейін көтерді. Дисконттық баға 1997 жылы маусымда – 55,65 %-дан   1999 жылдың ортасында 92,92 %-ға дейін өсті.

Аукциондық несиелер бір айдан үш айға, кейін алты айға дейін берілді.

1998 жылғы қаржы нарығының  жаңалығы – банкаралық қаржы  платасы  ұйымдастырған банкаралық несиелерді сату болды.

1998 жылы Ұлттық банк  арқылы ломбардтық негізде несие  беру тәжірибесі басталды. Аталған  несиелердің көлемі үлкен емес, бұлай болуы олардың экономикалық  мәнімен байланысты. Банктер бұл  несиелерді өте қажетті жағдайларда ғана қолданады.

1998 жылы орталық несиелер  бойынша банктердің қарыздарын  қайта құру процесі басталды, бұл позитивті бағаланды, өйткені  1996-1998 жж. берілген қарыздары бойынша  айыппұлдар мен пайыздың өсу  түріндегі қарыздардың көбеюі  және жиналуы республикадағы жалпы экономикалық жағдайға кері әсерін тигізді, соның ішінде төлем жағдайына және есеп айырысу тәртібіне ықпал етті.

Ашық нарықтағы операциялар.

Бұны Орталық банкпен  екінші нарықта ақша массасының көлемін  реттеу мақсатында бағалы қағаздарды сату-сатып алу операциялары ретінде түсінуге болады. Бұл айналыстағы бар барлық коммерциялық банкілердің өтімділігіндегі және несиелік салымдардағы ақша массасын реттеудің ең икемді әдісі. Мұның мағынасы мынадай, Орталық банкінің ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік экспанциясын шектеу мақсатында, нарықта бағалы қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Орталық банк кері операциясын жүргізеді – бағалы қағаздарды сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады. Осылармен Орталық банк ашық нарықтағы (өзінің) операцияларымен банк жүйесінде өзінің өтімділігін жоғарлату үшін жағымды жағдайлар жасайды немесе керісінше, сонымен бірге айналыстағы ақша массасының көлемін реттейді. Егер бағалы қағаздар Орталық банкпен алдын ала дараланған бағам бойынша сатылса, онда Ұлттық банк сатып алушыларды ынталандыру үшін және сонымен олардың несиелік қабілеттерін төмендету үшін нарықтық бағамнан төмен бағаммен бекітеді.

Орталық банк бағалы қағаздарды сатып алған кезде коммерциялық банктердің минималды резервтер  мөлшерін көбейтіп, клиенттермен активті  қарыздық операцияларды жүргізу  мүмкіндігі кеңейеді, яғни ақшалардың қолма-қолсыз эмиссиясы үлкейеді. Орталық банк коммерциялық банктерге бағалы қағаздарды сатқан кезде олардың резервтегі қаражаттары азаяды, ал банктердің несиелік ресурстары қысқарады, нәтижесінде ақша массасы азаяды. Міне, сөйтіп Орталық банк ашық нарықта бағалы қағаздары бойынша операциялары арқылы айналыстағы ақша массасының көлеміне, коммерциялық банктердің резервтеріне, олардың несие қабілеттеріне әсер етеді.

Ұлттық банк ашық нарықта  бағалы қағаздармен операциялар  жүргізу формасы бойынша тікелей  немесе қайтарымды болуы мүмкін. Тікелей операция коммерциялық банктерге бағалы қағаздарды қалыпты түрде сату немесе сатып алу түрінде сипатталады. Қайтарымды операциясының мағынасы кемиді. Орталық банкпен бағалы қағаздарды сату немесе сатып алу операциясы орындалғаннан кейін міндетті түрде алдын-ала белгіленген баға бойынша орындалған операцияға кері операция жүргізілуі керек. Аукционды белгілі бір тәртіппен бір күнде жүргізеді, бұл Орталық банктің бағалы қағаздардың жаңа партиясын сатып алу күнімен алдында сатып алынған бағалы қағаздардың  қайта сатылу күні сәйкес келуі үшін жасалады.

Бұның бәрін Орталық  банк айтылған операция арқылы коммерциялық банктердің несиелік мүмкіндіктерін реттеу мақсатында жүргізеді. Егер Орталық  банк алдында сатып алған бағалы қағаздарын қайта сату көлемі жаңа партия көлемінен көп болса, банктердің несие ресурстарының  мөлшері шектеледі және керісінше.

Орталық банк ашық нарықта  операцияларын мұқтаждық пайда  болуына немесе ақша-несие эмиссия  көлемінің кеңеюіне байланысты жүйесіз  жүргізеді.

1998 жылдың ортасынан бастап, Ұлттық банк өзінің жеке меншік бағалы қағаздар партфелін құрастыруы бойынша жұмыс жүргізе бастады. Осыған орай, ол – 386,6 млн теңгені құрады, сәйкесінше айналым мерзімдері әр түрлі қазынашылық міндеттемелерінің нарықтағы айналымында болған жалпы сомадағы үлесі 6,8 %  құрады.

Ақша саясатының құралы ретінде Ұлттық банкіге ашық нарықта  операцияларды пайдалануға бағалы қағаздардың жеткіліксіз «портфелі» жол бермейді. Мемлекеттік бағалы қағаздарды Ұлттық банкінің сату-сатып  алу операциялары көбінесе екінші реттегі нарықты жандандыру мақсатында жүзеге асырылады. Егер, оның даму динамикасы бойынша қарасақ мұндай жағдай негізінен мүмкін болады.

Ақша массасын шұғыл  түрде реттеудің басты құралына ақша агрегаттары бойынша мақсатты бағдардан шығатын, көлемі белгіленген Ұлттық банкінің ноталарының эмиссиясы жатады.

Валюта нарығындағы  операциялар арқылы – өтімділікті  қамтамасыз ету саясаты. Ұлттық банкінің валюталық нарықтағы интервенциясы  жалпы ақша-несие саясатының шегінде  жүзеге асты. Ұлттық банкінің шетел валютасын сату, егер ақша базасының өсімі басқа факторлардың әсерінен шетел активтерінен басқа болатын жағдайда, 2010 жылы жағдайлар көбінесе ақша массасының өсімін стеризациялау және теңгенің айырбастау бағамын реттеу мәселелерін бір уақытта шешті. Бірақ кейбір айларда таза шетел активтерінің өсімі Үкіметке берілген таза несиелер өсіміне ақша базасының өсімінің төмендеуі, Ұлттық банкінің қатысу дәрежесінің төмендеуі бұл қарама-қайшылықтарды жоюға мүмкіндік беріп, бір уақытта, ақша массасына валюталық интервенцияларының  әсер ету тиімділігін төмендетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  2 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясаты

 

 

2.1 Ұлттық Банктің 2009-2011 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттары

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Информация о работе Ақша-несие саясатының теориялық негізі