Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:17, курсовая работа
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субьектісі – Ұлттық банк болып табылады. Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, ҚР-дағы ақша-несие саясатын жүргізу, екінші деңгейлі банктер қызметін қадағалау – ҚР Ұлттық банкінің басты міндеті.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттарының қалыптасуы және қазіргі жағдайы, оны әрі қарай жетілдіру жолдары, алдынғы жылдары жүргізілген Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының нәтижелеріне талдау жасау болып табылады.
Кіріспе
3
1
1.1
1.2
1.3
2
2.1
2.2
Ақша-несие саясатының теориялық негізі
Ақша-несие саясатының түсінігі, мәні, мақсаттары
Саясаттың құралдары, типтері
Ақша-несие саясаттың шетелдік тәжірибесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясаты
Ұлттық Банктің 2009-2011 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын жетілдіру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
4
4
6
8
13
13
29
33
34
Банк жүйесінің артық
Инфляцияны төмендету үшін шектеулі ақша-кредит саясатын жүргізумен қатар, әсіресе, жиынтық сұранысты дамытудың, өсуін шектеудің бюджеті бөлігінде, бюджет саясатын қатаңдандыру, сондай-ақ отандық өндірушілер тарапынан тауарлар мен көрсетілетін қызметтер ұсыныстарын ынталандыру қажет. Инфляциялық үдерістерге қысымды азайту мақсатында бюджет саясатын қатаңдату бюджет шығыстарының, оның ішінде инвестициялық шығыстардың өсуін шектеу, мемлекеттің мұнайдан түскен кірістерді кепілдік берілген трансферт түрінде пайдалануын шектеу, сондай-ақ салық ауыртпалығын сақтау саясатынан бас тарту бағытында жүргізілуі қажет.
Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингі бойынша қаржылық емес корпорациялар секторының, қалыптасқан экономикалық конъюнктураның және кәсіпорындардың қаржылық ахуалының даму үрдістерін және бағыттарын бағалауды қалыптастыруға, сондай-ақ пайыздық, валюталық саясатты айқындау, ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу, қаржы тұрақтылығы туралы есептерді жасау кезінде Ұлттық Банк қызметіндегі мониторинг нәтижелерін іс жүзінде пайдалануды кеңейтуге бағытталған жұмыстар жалғаса береді.
Ұлттық Банк теңгенің еркін айырбас бағамы режимін ұстанатын болады, яғни теңгенің ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына қатысты номиналды бағамының динамикасы осы шетел валютасына деген сұраныс пен ұсынысқа қарай белгіленеді. Ұлттық Банк теңге бағамының ауытқуына бағдарлар немесе дәліздер жасамайды. Ұлттық Банк ішкі валюта нарығындағы өзінің қатысуын қысқартуға ниетті.
Ұлттық Банк валюта нарығындағы операцияларды, негізінен, Ұлттық қор үшін жүзеге асыратын болады, өйткені, Ұлттық Банк Ұлттық қордың активтерін айырбастау және қайта айырбастаудың жаңа ережесіне сәйкес Ұлттық қор үшін Ұлттық Банктің халықаралық резервтерінен шетел валютасын сатумен бірге ішкі нарықтағы шетел валютасын да сатып ала алады.
Валюталық реттеу және валюталық бақылау саласында. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күрделі операциялар бойынша пайдаланылып жүрген шектеулердің күші толығымен жойылады. Сол сәттен бастап ағымдағы және күрделі операциялар бойынша валюталық шектеулер болмаған жағдайда теңгенің айырбасталуы толық қамтамасыз етілетін болады.
Валюталық шектеулердің болмауы капиталдың әкелінуінің жоғары деңгейдегі жұмылдырылуын білдіреді, ол валюталық және қаржы нарықтарындағы ахуалдың тұрақсыздануына әлуетті қауіп тудыруы мүмкін. Мұндай жағдайларда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі капиталдың қозғалысымен байланысты валюталық операциялардың мониторингін күшейтеді, сыртқы экономикалық операциялар және ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздеріне талдау жасау бойынша ақпарат базасын жетілдіру жұмыстарын жалғастыра береді.
Төлем жүйелері саласында Қазақстан экономикасының әр түрлі субъектілері арасында төлемдер мен аударымдарды жүргізудің қауіпсіз және уақтылы болуын қамтамасыз ететін жоғары технологиялық деңгейде төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне одан әрі қолдау көрсету жұмысы жалғастырылады. Бұл жұмыс сондай-ақ қызмет көрсететін операторларды және төлем жүйесінің пайдаланушыларын бақылау және қадағалау жүйелерінен тұратын болады. Сонымен қатар орта мерзімді перспективада төлем жүйелерін дамыту шеңберінде Ұлттық Банк Төлем карточкаларының ұлттық жүйесін одан әрі дамытуға, Қазақстан Республикасының «Электронды Үкімет» жүйесін құру шеңберінде «Төлем шлюзін» жасауға, сондай-ақ төлем жүйелері үшін жаңа Резервтік орталық құруға ерекше көңіл бөлетін болады.
Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету саласында Ұлттық Банк өз қызметін ҚҚА-мен тығыз үйлестіретін болады. Бұл ретте Қаржы тұрақтылығы туралы есепті одан әрі жетілдіру жұмыстарын жүргізетін болады. Ұлттық Банк пен ҚҚА-нің алдымыздағы кезеңдегі міндеттерінің бірі – қаржы тұрақтылығы индикаторларының жүйесін қалыптастыру, қаржы жүйесінің тұрақтылығына теріс әсер етуі мүмкін жағдайларды анықтау және алдын алу. Дағдарыс жағдайларының дамуын болдырмайтын құралдар әзірленеді. Талдау жұмыстарының нәтижелерін бұқара халықтың тұрақты түрде пайдалануын қамтамасыз ету Қазақстанның қаржы жүйесіне деген сенімді күшейтуге себебін тигізетін осы жұмыстардың маңызды бөлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес еліміздің банк секторының сыртқы борышын басқарудың тиімділігін арттыру қаржы секторын реттеудегі негізгі бағыттардың бірі болады.
Қаржы тұрақтылығына төнген қауіпті уақтылы анықтау жөніндегі өзара іс-қимылдардың және жұмыстарды ұйымдастырудың сапалық деңгейін арттыру, сондай-ақ қаржылық қатынастар субъектілерінің тәуекелдерін халықаралық практикаға сәйкес реттеу жөніндегі үйлестірілген саясатты жүргізу үшін Ұлттық Банк ҚҚА және Үкіметпен бірлесіп 2009 жылы Қаржы тұрақтылығы жөнінде меморандум әзірлеп, қол қоятын болады. Ол құжат қаржы тұрақтылығы үшін тәуекелдерді реттеу бөлігінде органдардың құзыретін, ақпараттық өзара іс-қимыл жасау рәсімін, қаржы тұрақтылығы мәселелері бойынша тұрақты консультациялар жүргізу тәртібін, реттеуші іс-қимылдардың келісілген шараларын іске асырудың жолдары мен қағидаттарын реттейтін болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қалыптасып отырған практикада жыл сайын алдағы 3 жылға Ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын әзірлейді, оларда инфляция бойынша мақсаттық бағдарлар, сондай-ақ ақша-несие саясатының оларға қол жеткізу жөніндегі шаралары айқындалады. Орта мерзімді кезеңге арналған саясаттың стратегиялық бағыттарын айқындау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі саясатының болжамдылығын арттырады және қаржы нарығы қатысушылары үшін оны дамыту бағытындағы айқындалмаушылық дәрежесін төмендетеді. 2009 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдында тұрған міндеттерді орындау әлемдік қаржы нарығының және тиісінше ішкі экономиканың даму перспективаларына қатысты көмескілік дәрежесінің жоғары болуына байланысты күрделі болды. Әлемдік қаржы нарығындағы ахуалдың одан әрі нашарлауы тәуекелінің жоғары болуы жағдайында ірі дамыған елдердің орталық банктері ахуалды тұрақтандыру үшін өзінің банк жүйелеріне көмек көрсете бастады.
2009 жылы Қазақстан Республикасындағы жылдық инфляция (өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда желтоқсанда) 18,8 % (соңғы 7 жылдағы ең жоғары деңгей) болды. Ағымдағы кезеңнің ерекшелігі инфляциялық қысымның күшеюі және қаржы нарығындағы ахуалдың нашарлауы жағдайында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алдында және басқа да орталық банктердің алдында белгілі бір таңдау туындауында болды. Басқа жағынан алғанда бағаның тұрақтылығына қол жеткізуді, ал басқа жағынан алғанда қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, экономиканың одан әрі өсуін арналған жағдайды сақтау қажет.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы жағдайларда екі жылға алға, яғни ақша-несие саясатының 2010-2011 жылдарға арналған негізгі бағыттарын әзірлеу жөнінде шешім қабылдады. Бұл ретте негізгі мақсатты іске асырумен қатар банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешеніне ерекше назар аударылды.
Айқындалмаушылықтың төмендеуіне қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің үш жылдық кезеңге арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу практикасына қайтып оралуға ниеті бар.
Әлемдік экономикадағы қаржылық сілкініс Қазақстан Республикасы экономикасының сыртқы тәуекелдерге тәуелді екенін көрсетті. Экономика дамуының соңғы бірнеше жылдар бойы қалыптасқан түбегейлі ерекшеліктері осалдықтың негізгі факторларының бірі болды. Шикізат салаларының кірістері, банктердің сырттан қарыз алуы, мемлекеттік шығыстардың өсуі экономканың «қызып кетуіне» және жиынтық сұраныстың өсуіне ықпал етуін жалғастырды. Сұраныс белсенді өсіп отырған жағдайда инфрақұрылым қызметі мен жылжымайтын мүлікке деген сұранысты тез қанағаттандыруға экономиканың объективтік мүмкіндігінің болмауы жағдайында инвестициялауға арналған құралдардың шектелуі жылжымайтын мүлік нарығының «қызып кетуіне» және құрылыс және басқа да қызмет көрсету секторындағы кірістіліктің артуына алып келді. Жылжымайтын мүлік нарығы инвестициялар үшін неғұрлым тартымды болды. Қазақстан Республикасы экономикасының қаржы секторының соңғы жылдардағы өсуі де банк жүйесіндегі тәуекелдердің айтарлықтай жинақталуына қабаттас болды. Теңгенің нығаюы, Қазақстан Республикасының тәуелсіз кредиттік рейтингінің және отандық банктердің рейтингінің көтерілуі, банк секторының инвестициялық тартымдылығы Қазақстан банктерінің капиталдың сыртқы нарықтарына үстемдік жасауына мүмкіндік жасады. Сыртқы қарыз алудың өсуі және кредиттеу көлемінің ұлғаю қарқынының өсуі несие портфелінің сәйкес сапасымен қамтамасыз етілгеніне қарамастан, банктердің активтері сапасының нашарлауының әлуетті тәуекелі бағаланған жоқ.
Банктердің құрылыс саласын және жылжымайтын мүлік нарығын басымдықпен несиелуі, бір жағынан, жылжымайтын мүлік нарығындағы бағалардың одан әрі көтерілуіне және банк секторының несиелік тәуекелдерге ұшырауының күшеюі себепші болды. Екінші жағынан, құрылыс секторы іс жүзінде банктердің қаржыландыруына толық тәуелді болды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі бірнеше жылдар бойы банк жүйесінде туындайтын тәуекелдерді барынша төмендету жөнінде шаралар қабылдады. Атап айтқанда, несие портфелінің сапасын реттеу, ең төменгі резервтік талаптардың тетігін жетілдіру жөнінде шаралар қабылданды, несиелік тәуекелді неғұрлым барабар бағалауға, провизияларды қалыптастыруға және қаржы ұйымдарының капиталын ұлғайтуға бағытталған жаңа талаптар әзірленді, шетелден қарыз алуға шектеулер енгізілді. Сонымен қатар әлемдік қаржы нарықтарында туындаған мәселелер банк жүйесінің жинақталған тәуекелдерінің пайда болуына және ұлттық экономиканың сыртқы қаржы күйзелістеріне осалдығының күшеюіне алып келді. Сырттан қаржыландыру ресурстық базаны толықтырудың маңызды көздері болып табылатын Қазақстан банктері ағымдағы өтімділіктің жетіспеуі проблемасына ұшырады. Банктік қаржыландырудың төмендеуі бірінші кезекте құрылыс көлемінің қысқаруына, сондай-ақ басқа салалардағы белсенділіктің төмендеуіне алып келді. Тәуекелді қайта бағалау, қаржы жүйесіндегі қорландыруға қатысты қиындық “Standard & Poor’s” және “Fitch” халықаралық рейтинг агенттіктерінің Қазақстан Республикасының тәуелсіз несиелік рейтингін, сондай-ақ бірқатар отандық банктердің рейтингтерін төмендетуіне алып келді. Соған қарамастан экономиканың өсу қарқыны 2007 жылдың аяғына дейін бәсеңдемеді.
Әлемдік экономика 2009 жылдың бірінші жартыжылдығында жоғары қарқынмен дамыды. ХВҚ-ның бағалауы бойынша оның өсу қарқыны осы кезеңде жылдық көрсетумен 5 % жуық болды. Осы өсудің жартысы Қытайдың, Үндістанның және Ресейдің экономикаларының дамуына келді. Сонымен қатар, әлемдік қаржы нарығы 2009 жылдың бірінші жартыжылдығында ставкалардың біртіндеп шамалы өсуімен сипатталды. Осындай өсудің себебі инфляция деңгейінің артуы нәтижесінде кейбір дамыған елдердің орталық банктерінің ақша-кредит саясатын қатаңдатуы болды. Еуропа орталық банкі бір жылдың ішінде базалық пайыздық ставканы екі рет көтерді – наурызда 3,75 % деңгейге дейін және маусымда 4 % дейін. Жапония банкі ставканы 2009 жылғы ақпанда 0,5 % деңгейге дейін көтерді. ФРЖ-ның базалық ставкасы 2009 жылғы қыркүйекке дейін 5,25 % деңгейде қалды. Валюта нарықтарында АҚШ долларының әлсіреуімен, еуроның, фунт стерлингтің нығаюымен және Қытай юанінің баяу нығаюымен сипатталған 2008 жылғы трендтер жалғасты.
2009 жылдың екінші жартыжылдығында дамыған экономикалардың өсу қарқыны төмендеді. Еуропа мен Жапониядағы өсудің бәсеңдеуі ұлттық валюталардың нығаюымен және инвестициялар ағынының төмендеуімен байланысты болды.
АҚШ-та өсудің бәсеңдеуіне «sub-prime» ипотека дағдарысы және нәтижесінде тұтынушылық сенімділіктің құлдырауы себепші болды. Бұл ретте 2009 жылғы тамызда АҚШ-та 2009 жылдың басында туындаған ипотекалық заемдар нарығындағы дағдарыс жергіліктіден ғаламдыққа ауысты. Нәтижесінде қаржы нарықтарындағы құбылмалылық артты. АҚШ-ғы «sub-prime» ипотека нарығының құлдырауы, сондай-ақ тәуекелдер және түпкілікті шығындар туралы екіұштылық әлемдік қаржы нарықтарындағы өтімділіктің келесі дағдарысына алып келді. Тәуекелдердің өсуі портфельдік инвесторлар капиталды дамушы нарықтардан шығаруға алып келді. Нәтижесінде дамушы нарықтардың көпшілігі үшін сыртқы нарықтарға жол түгелдей дерлік жабылды.
Бірқатар орталық банктер, атап айтқанда АҚШ Федералдық резервтік жүйесі, Еуропа орталық банкі өз елдеріндегі банк жүйелерінің өтімділігін қолдау үшін несие басымдылығын жүргізу арқылы туындаған дағдарысқа жауап қатты. Осы жағдайларда әлемдік нарықтардағы пайыздық ставкалардың құбылуы күшейді. 3 айлық долларлық депозиттер бойынша Либор ставкасы 2009 жылғы шілденің аяғындағы жағдай бойынша 5,36 %-дан 2009 жылғы 7 қыркүйекте өзінің 2009 жылғы ең жоғары мәні 5,73 %-ға жетті. Еуропа орталық банкі тарапынан 2009 жылғы желтоқсанда өтімділік құйылғаннан кейін Либор ставкасы 4,73 % дейін төмендеді (2009 жылғы 28 желтоқсандағы жағдай бойынша). Тұтастай алғанда, әлемдік экономика негізгі көзі әлемдік қаржы нарықтарындағы құбылмалылық болып табылатын жоғары айқындалмаушылық кезеңіне кірді. Соңғы айларда жағдайдың тұрақтануына қарамастан, ірі банктер бағалы қағаздарға инвестицияланған, сенімділігі төмен ипотекалық заемдарға байланысты активтерді есептен шығаруын жалғастыруда. әлемнің жетекші елдерінің (АҚШ, Еуроаймақ, Ұлыбритания, Канада және Швейцария) орталық банктері 2009 жылғы желтоқсанда өтімділік дағдарысынан шығу үшін күштерін біріктіретіндігі туралы жариялады. Әлемдік экономика қаржы нарығындағы тұрақсыздықпен қатар тауар нарықтарындағы бағалардың айтарлықтай өсуі проблемасына ұшырады. Мұнай өндірудің резервтік қуаттарының шектелуі, оған негізінен қарқынды дамып келе жатқан және геосаяси тәуекелдері ұлғайып отырған елдер тарапынан сұраныстың тұрақты өсуі жағдайында 2009 жылдың басынан бері мұнай бағасының тұрақты өсу үрдісі байқалды. Мәселен, жыл басымен салыстырғанда 2009 жылғы желтоқсанда Brent сұрыпты мұнайдың орташа бағасы ХВҚ-ның деректері бойынша 46,8 % өсіп, бір баррель үшін 91,45 АҚШ долл. құрады.
2009 жылы негізгі металдар мен азық-түлік өнімдерінің бағаларының да өсуі жалғасты. Мәселен, азық-түлік және өнеркәсіп тауарлары кіретін, отынға жатпайтын биржалық тауарлар бағаларының индексі ХВҚ-ның есебі бойынша 2009 жылғы 9 айда 6,1 % өсті. Бұл ретте метал бағаларының индексі 1,5 %, ал азық-түлік бағаларының индексі 18,2 % өсті.