Ақша-несие саясатының теориялық негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:17, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субьектісі – Ұлттық банк болып табылады. Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, ҚР-дағы ақша-несие саясатын жүргізу, екінші деңгейлі банктер қызметін қадағалау – ҚР Ұлттық банкінің басты міндеті.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттарының қалыптасуы және қазіргі жағдайы, оны әрі қарай жетілдіру жолдары, алдынғы жылдары жүргізілген Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының нәтижелеріне талдау жасау болып табылады.

Содержание

Кіріспе
3
1
1.1
1.2
1.3
2
2.1

2.2
Ақша-несие саясатының теориялық негізі
Ақша-несие саясатының түсінігі, мәні, мақсаттары
Саясаттың құралдары, типтері
Ақша-несие саясаттың шетелдік тәжірибесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясаты
Ұлттық Банктің 2009-2011 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын жетілдіру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
4
4
6
8
13
13

29

33
34

Работа содержит 1 файл

курсовая работа.doc

— 228.50 Кб (Скачать)

Негізгі дәнді дақыл өндіруші елдердегі өнімнің төмен болуы, өсімдік шикізатымен жасалатын отынның (биоэтанол) балама түрлерінің әлемдік өндірісінің өсуі әлемдік нарықтағы тиісті тауарларға деген ұсыныс көлемінің қысқаруына алып келді, бұл олардың бағаларының өсуіне әкеп соқты. Мәселен, ХВҚ деректері бойынша бидайдың әлемдік бағасы (Канада) 2009 жылы 2 есе өсті, АҚШ ауылшаруашылық департаментінің деректері бойынша күнбағыс майының бағасы 2009 жылғы қаңтар-қарашада 91,9 % өсті.

Әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы теріс үрдістер салдарынан әлемнің көптеген елдерінде инфляция өсті. Мәселен, АҚШ-та жылдық инфляция (соңғы 12 айда) 2008 жылғы желтоқсандағы 2,5 %-дан 2009 жылғы қарашада 4,3 %-ға дейін, Еуроаймақ елдерінде 1,9 %-дан 3,1 %-ға дейін, оның ішінде Германияда 1,4 %-дан 3,1 %-ға дейін өсті.

Әлемдік тауар нарықтарындағы бағалардың өсуі Қазақстан Республикасының экспорттық кірістірінің одан әрі өсуін қамтамасыз етті. Кедендік статистиканың деректері бойынша тауарлар экспорты 2009 жылғы 9 айда 2008 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19 % өсіп, 33,8 млрд. АҚШ долл. құрады. Энергия тасымалдауыштарының әлемдік бағаларының жоғары деңгейінің сақталуы мұнай кен орындарының инфрақұрылымын дамыту үшін шетелдік тікелей инвестициялардың ағынына себепші болды. Бұл ретте негізінен банк секторының сыртқы заемдары шикізатқа жатпайтын сектордың жоғары өсу қарқынының көзі болды.

Ағымдағы операциялардан кірістер (негізінен тауар экспортынан түскен түсімдер) өткен жылдардағыдай импорт шығыстарын және резидент еместерге қаржы және еңбек ресурстарын тартқаны үшін кірістерді өтеген жоқ. 2009 жылы осы үрдістер күшейді, нәтижесінде ағымдағы операциялар шоты бойынша дефицит одан әрі ұлғайды. Төлем балансының ағымдағы шотының дефициті 2009 жылдың 9 айында 5,3 млрд. АҚШ долл. астам болды, ал 2009 жылдың нәтижесі бойынша 7 млрд. АҚШ долл. деңгейінде болады деп күтілуде (2008 жылы – 1,8 млрд. АҚШ долл.).

Шетелдік тікелей инвестициялардың нетто-ағынының айтарлықтай өсуі салдарынан (2009 жылғы 9 айда 6 млрд. АҚШ долл. жуық) бірлескен кәсіпорындардың импорт, ең алдымен халықаралық қызмет көрсету шығыстары өсті. 2009 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша халықаралық қызмет көрсету балансының дефициті 5,7 млрд. АҚШ долл. құрады, бұл 2008 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 28,5 % көп.

Шетелдік тікелей инвесторлар  қайтарған сомалар ағымдағы шот  бойынша шығыстардың негізгі  бөлігін құрайды. 2009 жылдың 9 айында олар 6,9 млрд. долл. құрады, бұл 2006 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 23,3 % көп.

Ағымдағы операциялар  шоты бойынша дефициттің ұлғаюы да банк секторының сыртқы борышы бойынша  сыйақылар төлемдерінің өсуі есебінен болды. 2009 жылдың 9 айында бұл сома 2,3 млрд. АҚШ долл. құрады (2008 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 есе өсті).

Тікелей инвесторларға дивидендтер төлеу және халықаралық қызмет көрсетуге жұмсалған шығыстар бірлескен кәсіпорындар алған экспорттық кірістер мен тікелей инвестициялар есебінен жеткілікті түрде қаржыландырылады. Сонымен бірге төлем балансының елден капиталдың әкетілуін айқындайтын қалған операцияларын қаржыландыру мүмкіндіктері (сыртқы борышқа қызмет көрсету және өтеу) Қазақстан резиденттерінің халықаралық капитал нарықтарына кіруіне және резиденттер жинақтаған шетелдік активтердің көлеміне тікелей қатысты болады. Мәселен, 2009 жылдың бірінші жартыжылдығында қаржыландырудың банк секторының сыртқы заемдармен қамтамасыз етілген нетто-ағыны 2008 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 5,2 млрд. АҚШ долл. нетто-ағынымен салыстырғанда 12,1 млрд. АҚШ долл. құрады. Елге сыртқы ресурстардың ағыны ағымдағы төлемдердің қаржыландыру қажеттілігінен айтарлықтай асты және жеке сектордың шетел активтерінің өсуімен өтелген жоқ. Төлем балансының қаржылық шотының операцияларымен қалыптастырылған шетел валютасына деген артық ұсыныс теңгенің айырбас бағамына нығаю жағына қарай айтарлықтай қысым көрсетті, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі валюта нарығындағы операциялары есебінен әлсіреді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын валюта резервтері бірінші жартыжылдықта 3,2 млрд. АҚШ долл., оның ішінде 1,1 млрд. АҚШ долл. Қазақстан қор биржасында (ҚҚБ) және банкаралық нарықта жүргізілген операциялар есебінен өсті. Теңгенің 2008 жылдың аяғында бір АҚШ доллары үшін 127 теңгені құраған номиналдық бағамы 2009 жылғы сәуірде бір доллар үшін 120,1 теңгеге дейін нығайды, ал 2009 жылғы маусымның аяғына дейін бір АҚШ доллар үшін 122,31 теңгені құрады. Капитал нарықтарындағы ғаламдық дағдарыстың көрінуі 2009 жылғы тамыздан бастап Қазақстан банктері үшін сыртқы ресурстарды тарту жағдайының айтарлықтай нашарлауына және нәтижесінде Қазақстан Республикасы экономикасының жұмыс істеуі жағдайының өзгеруіне алып келді.

2009 жылғы үшінші тоқсанда банктер 4,2 млрд. АҚШ долл. сомасына ұзақ мерзімді сыртқы заемдарды (мерзімі 1 жылдан асатын) тартты, ал бірінші және екінші тоқсанда тарту көлемі, тиісінше, 6,9 және 6,2 млрд. АҚШ долл. құрады. Бұрын тартылған ұзақ мерзімді заемдар бойынша негізгі борышты төлеуді және қысқа мерзімді заемдарды таза өтеуді өтеуді ескере отырып банк секторының сыртқы заемдары бойынша ресурстардың нетто-ағыны 2009 жылдың үшінші тоқсанында 0,2 млрд. АҚШ долл. құрады.

Шетел валютасына ұсыныстың  қысқаруы жағдайында сұраныстың өсуі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын валюта резервтері есебінен қаржыландырылды. әлемдік капитал нарықтарындағы оқиғалардан кейін банктерде шетел валютасындағы өтімділік дефицитінің пайда болуы халықта валюта бағамының одан рі динамикасына қатысты дүрбелең туғызды. Тамызда айырбас бағамы айдың аяғында бір АҚШ доллары үшін 126,25 теңгеге дейін әлсіреді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында қабылдаған өктемдігі және банк жүйесіне деген сенімділікті қалпына келтіру жөніндегі шаралары теңгенің айырбас бағамын тұрақтандыруды қамтамасыз етті. 2009 жылғы қыркүйектің аяғында айырбас бағамы бір АҚШ доллары үшін 120,96 теңгені, ал 2009 жылғы желтоқсанның аяғында бір АҚШ доллары үшін 120,30 теңгені құрады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта резервтері 2009 жылғы тамыз – желтоқсан аралығындағы кезеңде 6,0 млрд. АҚШ долл. дейін төмендеп, желтоқсанның аяғында 17,4 млрд. АҚШ долл. құрады.

Орта мерзімді перспективада  теңгенің АҚШ долларына қатысты  нығаюын айқындайтын түбегейлі  факторлардың болуын назарға ала отырып, теңге бағамының күрт ауытқуын болдырмау қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін маңызды фактор болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы экономикалық дамуы соңғы 7 жыл бойы жалғасып келе жатқан жоғары өсу қарқынының сақталуымен сипатталды. 2009 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ нақты өсуі 2008 жылдың көрсеткішіне (10,7 %) қарағанда шамалы бәсеңдеп, 9,7 % құрады. Негізгі өсу өңдеуші өнеркәсіп, жылжымайтын мүлікпен операциялар, құрылыс, сауда сияқты салалардың жоғары даму қарқынымен байланысты болды. Негізгі капиталға инвестициялар 2009 жылғы қаңтар-қарашада 10,5 % ұлғайды (2008 жылы – 11,1 %). Экономикадағы жұмыспен қамтудың өсуі жалғасуда. 2009 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша экономикадағы жұмыспен қамтудың өсуі 2,4 % құрады (2008 жылы – 2,0 %). Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 2008 жылғы желтоқсандағы 7,8 %-дан 2009 жылғы қарашадағы 7,4 %-ға дейін қысқарды. Сонымен қатар, 2009 жылғы үшінші тоқсанда экономиканың тау-кен өндіру өнеркәсібі, құрылыс және қаржы қызметі сияқты салаларындағы өсу қарқынының бәсеңдеуі байқалды. Бұл ретте өндіріс көлемінің қысқаруы іс жүзінде тау-кен өндіру өнеркәсібінің барлық салалаларында дерлік байқалып отыр.

Қаржы секторындағы, ең алдымен  банк сегментіндегі жағдайдың дамуы 2009 жыл ішінде әр түрлі бағыттағы үрдістермен сипатталды. 2009 жылғы қаңтар-шілде ішінде банк қызметінің одан әрі кеңеюі байқалды, банктердің активтері, міндеттемелері біршама қарқынмен өсті. Осы кезеңде әлемдік қаржы нарығындағы ставкалардың біртіндеп өсуіне қарамастан, олардың деңгейі отандық банктерге сырттан қарыз алуды тарту жөніндегі саясатты жалғастыруға мүмкіндік жасады. Банктердің резидент еместер алдындағы 2009 жылғы қаңтар-шілде аралығындағы міндеттемелері 32,9 % ұлғайды (2008 жылдың тиісті кезеңінде – 19,5 %).

Тартылатын ресурстардың біраз бөлігі отандық экономиканы  кредиттеуді ұлғайтуға бағытталды. 2009 жылғы 7 ай ішінде экономикаға берілген кредиттің өсуі 46,6 % құрады (2008 жылдың тиісті кезеңінде – 27,7 %). Болып жатқан оқиғалар аясында қаржы секторындағы жағдайдың өзгерісін сақтықпен сезінетін көрсеткіш ретінде халықтың депозиттері 2009 жылғы тамыз-қазан кезеңінде 4,7 % төмендеді. Соған қарамастан олардың осы айлардағы көлемі 2009 жылғы маусымның деңгейінен асты, ал 2009 қарашада халықтың депозиттері 1,9 % ұлғайды. Резиденттердің банк жүйесіндегі депозиттері 23,6 % өсті, ал халықтың депозиттерінің өсімі 42,4 % құрады. Сырттан қарыз алуға жасалған шектеулерге, әлемдік қаржы нарықтарындағы ставкалардың өсуіне, сондай-ақ депозиттердің біршама әкетілуіне қарамастан отандық банктер экономиканы кредиттеуді тоқтатпады. 2009 жылғы тамыз-қарашада экономикаға кредиттер 5,1 % өсті.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша 2009 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 18,8 % (2008 жылғы желтоқсанға 2009 жылғы желтоқсан) құрады, бұл 2008 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 10,4 п.т. жоғары. Азық-түлік тауарлары 26,6 %, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 10,5 %, ақылы қызмет көрсету 15,4 % қымбаттады.

Базалық инфляция (жеміс пен көкөніс, бензин мен көмір бағаларының өсуін қоспағандағы инфляция) инфляциялық үдерістер динамикасындағы жалпы үрдісті көрсетеді, 2009 жылғы қарашаның қорытындысы бойынша жылдық көрсетумен 17,3 % дейін (2008 жылы – 7,3 %) өсті. 2009 жылы инфляциялық үдерістер әр түрлі бағыттағы сипатта болды.

Жылдың басында инфляцияның  өсу қарқынның төмендеуі байқалды: жылдық инфляция деңгейі 2008 жылғы желтоқсан айының қорытындысы бойынша 8,4 %-дан 2009 жылғы мамырдың қорытындысы бойынша 7,6 %-ға дейін төмендеді.

2009 жылдың екінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасының экономикасындағы инфляциялық үдерістер күшейді. 2009 жылғы қыркүйек-қарашада ғана бағалардың өсуі 9,7 % жетті, бұл 2009 жылғы бағалардың жалпы өсуінің 50 % астамын құрайды.

Нәтижесінде инфляцияның жылдық деңгейі 2009 жылдың қорытындысы бойынша соңғы 7 жылдағы өзінің ең жоғары мәніне (18,8 %) жетті, ал орташа жылдық инфляция 10,8 % құрады.

2009 жылғы инфляциялық қысымның күшеюі бірнеше жылдар бойы әсер етуі жалғасып келе жатқан түбегейлі факторлардың ықпалымен емес, күйзелісті сипаты бар сыртқы факторлардың әсер етуінен туындады.

Шетел валютасының ағыны, жиынтық сұраныстың жоғары өсу қарқыны, 2008 жылғы ақша ұсынысының ұлғаюы, еңбек өнімділігінің төмен болуы, жекелеген тауарлар мен қызмет көрсету нарығындағы бәсекенің жеткіліксіз деңгейі 2009 жылы инфляцияның түбегейлі факторлары болып қалды.

Жоғарыда аталып өткендей, әлемдік нарықтарда 2009 жылғы тамызда бірқатар азық-түлік тауарларының (бидай, өсімдік майы) бағалары күрт өсті. Бұл Қазақстан Республикасы ішінде тиісті тауарлар мен олардан өңделіп жасалған тауарлардың бағаларына сәл кешігіп әсер етті. Атап айтқанда, 2007 жылғы қыркүйек-қарашада нан, ұн және күнбағыс майы сияқты өнімдердің бағалары біршама қарқынмен өсті. Осы өнімдердің бағасының өсуі басқа да азық-түлік тауарларына да мультипликативтік әсет еткенін ескерсек, Ұлттық Банктің бағалауы бойынша 2009 жылғы жылдық инфляция азық-түлік тауарлары бағаларының өсуін есептемегенде қыркүйек-қараша аралығындағы кезеңде нақты 18,8 % орнына 14,8 % деңгейінде қалыптасқан болар еді. Осылайша, көрсетілген факторлардың әсер етуі нәтижесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2009 жылға инфляцияға қатысты жасалған болжамы орындалмады.

Ақша-несие саясатының 2009-2011 жылдарға арналған негізгі бағыттарына сәйкес 2009 жылға арналған инфляция жөніндегі болжам экономика дамуының 3 сценарийі («капиталдың қалыпты ағыны кезіндегі мұнайдың қалыпты бағалары», «капиталдың жоғары ағыны кезіндегі мұнайдың қалыпты бағалары» және «мұнайдың жоғары бағалары») бойынша айқындалды.

2009 жылдың қорытындысы «мұнайдың жоғары бағалары» сценарийінің жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді, онда орташа жылдық инфляцияның болжамы 8,2-9,2 % шегінде белгіленді. Brent сұрыпты мұнайдың орташа бағасы 2009 жылы бір баррель үшін 72,7 АҚШ долл. құрады. 2012 жылы 6-8%құрады

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баға тұрақтылығын ұстап  тұру жөніндегі шаралары тоқтала кетсек, 2009 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты ақша-несие саясатының операциялары бойынша ставкаларды көтеру жөніндегі саясатты жүргізуге, сондай-ақ банктердің артық өтімділігін абсорбациялау жөніндегі шаралар қабылдауына бағытталған болатын. Шетел валютасындағы артық өтімділікті реттеуге валюта режимін ырықтандыру себепші болды. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап резиденттер мен резидент еместер арасындағы күрделі операциялар бойынша шектеулер толық жойылды. Қысқа мерзімді ноталар шығару 2009 жылдың бірінші жартыжылдығында ақша-несие саясатының негізгі құралы болды. Қаңтар-шілде аралығында шығарылған қысқа мерзімді ноталар 3,8 трлн. теңгені құрады (2008 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 2,1 есе көп). Ноталар бойынша орташа алынған кірістілік 2006 жылғы 4,69 %-дан 2009 жылғы қарашада 5,64 %-ға дейін өсті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2009 жылғы 1 наурыздан бастап айналыс мерзімі 1 жылға дейінгі ноталарды шығаруға кірісті (1 наурызға дейін айналыс мерзімі тек 28 күн ғана болатын ноталар шығарды). Айналыс мерзімі 28 күн (1 ай), 3 ай, 6 ай және 1 жыл болатын ноталардың шығарылымы жүзеге асырылды.

2009 жылғы қаңтар-шілде аралығында екінші деңгейдегі банктерден 4,1 трлн. теңге сомаға депозиттер тартылды, бұл 2010 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 34,5 % аз.

Банктердің Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттері бойынша қалдық 2009 жылғы шілденің аяғында 18,2 млрд. теңгеге дейін 86,2 % төмендеді. Банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттері көлемінің төмендеуі олардың қысқа мерзімді ноталармен салыстырғанда тартымдылығының төмендеуіне байланысты болды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2009 жылғы қаңтар-шілде аралығында ішкі валюта нарығында басым түрде шетел валютасын сатып алушы ретінде болды. Соған қарамастан, шетел валютасын нетто-сатып алу көлемі аса айтарлықтай емес – 291 млн. АҚШ долл. болды.

Информация о работе Ақша-несие саясатының теориялық негізі