Ақша қаражаттарының қозғалысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 21:43, реферат

Описание работы

Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Содержание

КІРІСПЕ
1. Ақшаның пайда болуы, қажеттілігі және оның мәні
2. Ақша қаражатының есебі
3. Ақша қозғалысы туралы есеп
4. 7 IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

ақша каражаты.doc

— 233.50 Кб (Скачать)

          44.  Инвестициялық және қаржы қызметінің едәуір бөлігі, олар компания капиталының құрылымына және активтеріне ықпал жасағанымен де, ақша қаражаттарының ағымдағы қозғалысына тікелей әсерін тигізбейді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептен ақшалай емес операцияларды алып тастау осы есептің мақсатына сай келеді, өйткені бұл баптар ағымдағы кезеңдегі ақша қаражаттарының қозғалысын туғызбайды. Ақшалай емес операциялар мысалдары мыналар болып табылады:

            (а)  не тікелей тиісінше міндеттемелер қабылдау, не қаржыны жалға алу арқылы активтерді сатып алу;

    1. акциялар шығару көмегімен компанияны сатып алу; және
    2. борыштық міндеттемелерді акцияларға конвертациялау.

      Ақша  қаражаттарының және ақша баламаларының  құрамдас бөліктері

          45.  Компания ақша қаражаттарының және олардың баламаларының құрамын ашуы және оның баланста берілген баламалы баптарын бар ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебіндегі сомаларды салыстырып тексеруі тиіс.

          46.  Әлемнің әр түрлі елдеріндегі ақша қаражаттарын басқару практикасының және банк ережелерінің сан алуандығын ескере отырып және  1-«Қаржы есептілігін ұсыну» IAS Халықаралық стандартын сақтау үшін компания ақша қаражаттарының және ақша қаражаттары баламаларының құрамын анықтау үшін қабылданған әдісті ашады.

          47.  Ақша қаражаттарының және ақша қаражаттары баламаларының құрамдас бөліктерін анықтау әдісіндегі кез келген өзгерістің, мысалы, бұрын компанияның инвестициялық портфелінің бір бөлігі деп есептелген қаржы құралдарын жіктеудегі өзгерістің ықпалы есептілікте 8-«Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер және қателіктер» IAS Халықаралық стандартына сәйкес беріледі.

          Ақпарат ашуға қойылатын  басқа да талаптар

          48.  Компания өзінде бар, топтың пайдалануы үшін қол жеткізілмейтін ақша қаражаттары мен ақша қаражаттары баламаларының елеулі қалдықтарының сомасын басшылықтың түсіндірмесімен бірге ашуы тиіс.

          49.  Компанияның ақша қаражаттары мен ақша қаражаттары баламаларының қалдықтарын топтың пайдалануы үшін қол жетпейтін түрлі жағдайлар бар. Мұның мысалы – валюталық бақылау немесе осы қаражаттарды бас компанияның немесе басқа да еншілес компанияларының жалпы пайдалануына жол бермейтін басқа да заңдық шектеулер қолданылатын елде жұмыс істейтін еншілес кәсіпорынындағы ақша қаражаттары мен ақша баламаларының қалдықтары.

          50.  Қосымша ақпарат компанияның қаржы жағдайы мен өтімділігін түсіну тұрғысынан алғанда пайдаланушылар үшін маңызды болуы мүмкін. Басшылықтың түсіндірмелерімен бірге осы ақпаратты ашу мақұлданады және оларға мыналар жатуы мүмкін:

            (а)  осы кредиттерді пайдалану бойынша орын алған шектеулерді көрсете отырып, болашақтағы операциялық қызметке және инвестициялық міндеттемелерді реттеуге бағытталуы мүмкін іріктелмеген кредиттердің сомасы;

            (b)  бірлескен қызметке қатысу үлестеріне жатқызылған операциялық, инвестициялық немесе қаржы қызметіне бөлініп көрсетілген ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерінің жалпы өлшемдері, олар туралы деректер тепе-тең шоғырлану әдісі бойынша беріледі;

            (с)  ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерінің жалпы өлшемі, ол операциялық мүмкіндіктерді қолдау үшін қажетті ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерінен бөлек операциялық мүмкіндіктердің ұлғаюын білдіреді;

    1. есептерде көрсетілген әрбір саланың немесе географиялық сегменттің  операциялық, инвестициялық және қаржы қызметінен туындаған ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерінің сомасы (14-«Сараланымдық есептілік» IAS қараңыз).

          51.  Операциялық мүмкіндіктердің ұлғаюын білдіретін ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдері және операциялық мүмкіндіктерді қолдау үшін қажетті түсімдері мен төлемдер туралы деректерді бөлек ашу пайдаланушыларға компанияның өздерінің операциялық мүмкіндіктерін қолдауына жеткілікті қаражат жұмсағанын анықтауға мүмкіндік береді. Өзінің операциялық мүмкіндіктерін қолдауға жеткілікті қаражат бөлмейтін компания ағымдағы өтімділік және иеленушілердің арасында қаражаттар бөлу үшін өзінің болашақ пайдаларын қиюы мүмкін.

          52.  Сегменттер бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді ашу пайдаланушыларға тұтастай алғанда компанияның ақша қаражаттарының қозғалысы және оның құрамдас бөліктері арасындағы өзара байланысты, сондай-ақ сегменттердің ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерінің болуы және өзгермелілігін жақсы түсінуге мүмкіндік береді.  

          Күшіне  ену күні

          53.  Осы Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты 1994 жылғы 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін басталатын кезеңдерді қамтитын қаржы есептілігі үшін күшіне енеді.

          ___________

            Қазақстанда мемлекеттік  тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан  Республикасының Қаржы министрлігіне  тиесілі. ХҚЕС-на авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ 

     "Ақша - зат емес, ол қоғамдық қатынастар  жиынтығы". Шын мәнінде бұл  афоризм, егер адам қоғамнан  бөлініп кетсе, оған ақшаның  қажеті жоқ деген мағынаны  білдіреді. Робинзон Крузоға да  ақшаның керегі болған жоқ.  Оның мұхитқа батып бара жатқан кемеден құтқарып қалған заттары елсіз аралда пайдаға жарады, тек ақша қажетсіз бос қағаз болып қалды.

       Ақша - тарихи дамыған экономикалық категория (санат). Ол қоғам дамуының әрбір сатысында өндіріс және айырбас процесінде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетеді. Қоғам экономиканың әр түрлі үлгісіне өткенде ақшаның маңызы арта түседі. Орталықтанған жоспарлы экономикада ақшаның мәні шектеулі болды. Ақша, негізінен, есеп жүргізу және бақылау кұралы ретінде қосалқы қызмет атқарды. Жоғарғы басқару органдары әрбір кәсіпорынның шығаратын өніміне натуралды және құн көрсеткіштері түрінде өнімнің көлеміне және түріне жоспар бекітті. Сол сияқты өнім бағасын да орталық органдар бекітті. Өндірілген өнім тұтынушыларға келісімшарт бойынша натуралды өлшеммен бөлінді.

       Нарықтық экономикада ақшаның  маңызы зор. Себебі әр түрлі  меншік жағдайында (мемлекеттік,  кооперативтік, жеке) жұмыс істейтін  тауар өндірушілер өндіретін  және сататын өнімнің көлемін,  түрін және бағасын бекітуге  дербестік алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргізуде төлем қабілетті сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескеріліп, өнімнің шығару көлемі, түрі, бағасы тағайындалады.

       Сонымен қатар қазіргі кезде  кәсіпорындарды жекеменшіктендіру  де, мемлекеттік бюджеттің кірісін қалыптастыру да, әр түрлі өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру да, Ұлттық банктің несие ресурстарын басқа банктерге сату да, инфляцияға қарсы күрес те және т.б. жүргізіліп жатқан іс-шараларда ақшаның маңызы арта түсуде.

 Ақша  нарықтық экономикада ақша-несиелік  реттеуде айналыстағы ақша массасының  өсуін тежеу, инфляциялық процестерді  жеңу және ұлттық жалпы өнімді  ынталандыру бағытында қолданылуда. 

       Ал осы мақсаттарды жүзеге  асыруда ақша теорияларының алатын  орны да ерекеше екендігін атап өтпеске болмайды. Өйткені біздің теңгенің ел экономикасына енгеніне 11 жыл толып отырғанын еске ала отырып, оның тұрақтылығын қалыптастыруда ақша теориясының атқарған маңызы зор (қатаң ақша-несие саясаты).

     Ақша  қаражаттарының қозғалысы туралы есеп оны қаржы есептілігінің қалған нысандарымен бірге пайдаланған кезде ақпарат береді, онда өзгеріп отыратын жағдайлар мен мүмкіндіктерге бейімделу үшін пайдаланушыларға компанияның таза активтеріндегі өзгерістерді, оның қаржы құрылымын (өтімділігі мен төлем қабілетін қоса алғанда) және түсімдер мен ақша қаражаттары төлемдерінің деңгейі мен мерзімдеріне әсер ету қабілетін бағалауға мүмкіндік береді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат компанияның ақша қаражаттары мен баламаларын молайту қабілетін бағалау кезінде пайдалы болады және пайдаланушыларға әр түрлі компаниялардағы ақша қаражаттарының болашақтағы түсімдері мен төлемдерінің дисконтталған құнын бағалауға және салыстыруға арналған үлгілерді әзірлеуге мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ әр түрлі компаниялардың операциялық көрсеткіштері туралы есептіліктің салыстырмалығын ұлғайтады, бұл бірдей операциялар мен оқиғалар үшін есептің әр алуан әдістерін қолданудан келтірілетін әсерін жояды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

1. Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері»,   

/Алматы  – 2001./

2. Жүнісов. Б.А., Мәмбетов. Ұ.Е., Байжомартов. Ү.С. Нарықтық экономиканың негіздері / оқу құралы/ Алматы. Республикалық баспа кабинеті, 1994 жыл, 193 бет.

3.Мәуленова С. С.,Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ.  Экономикалық теория: оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2004 – 194 бет.

4. Әкімбеков С., Баймұхаметова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. – Астана: 2002. – 464 бет.

5. Ақша, несие, банктер: Оқулық / жалпы редакциясын басқарған Ғ. С. Сейітқасымов. – Алматы: Экономика, 2001. – 466 бет.

6. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие: оқу құралы / жалпы редакциясын басқарған Ғ. С. Сейітқасымов. – Алматы, 2004 жыл – 246 бет.

7. “Егемен Қазақстан” Республикалық газеті" ААҚ, № 251 (24504) 14 қазан, сенбі, 2006 жыл.

8. В.Л. Назарова «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі  бухгалтерлік есеп» 205 бет 

9.С.Б. Баймұханова «Бухгалтерлік есеп» Қ.Н. Кеулімжаев                                                                                                                                                                                        

10. Н.А. Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп принциптері»

Информация о работе Ақша қаражаттарының қозғалысы