Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 21:43, реферат
Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
КІРІСПЕ
1. Ақшаның пайда болуы, қажеттілігі және оның мәні
2. Ақша қаражатының есебі
3. Ақша қозғалысы туралы есеп
4. 7 IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-операциялық қызмет - негізгі кіріс келтіретін қызметі;
-инвестициялық қызмет – ақша қаражаттарының баламаларына жатпайтын ұзақ мерзімді активтер мен басқа да инвестицияларды сатып алу мен олардың шығарылуы;
-қаржылық
қызмет-кәсіпорынның меншік
Субъектінің қызметін түрлері бойынша жіктеу олардың әр қайсысының қаржылық жағдайға тигізген әсерін бағалауға мүмкіндік береді.
Осы барлық қызмет түрлері ақша қаражаттарының түсуі мен шығуының негізгі арналары болып саналады. 4БЕС олардың қозғалысын түсу және шығу арналары бойынша ашып көрсетуді талап етеді.Операциялық қызметке байланысты ақша қаражаттарының қозғалысын субъект тікелей немесе жанама әдісті қолдана отырып ашып көрсетуге міндетті.
Тікелей әдіс – ақша қаражаттарының түсуі мен төленуінің барлық негізгі түрлерінің мазмұнын анықтайтын әдіс. Басқа сөзбен айтқанда, аталған әдіс әрбір ақша операциясын зерттеуге және оның қай қызмет түріне жататындығын анықтауға негізделген. Бұл үшін қаржы - шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есептің әрбір бабына түзету енгізу қажет. Түзету тауарларды сатып алу, ағымдағы шығындар, несиеге төленетін проценттер, бюджетке төленетін төлемдер және т.с. сомалар шегерілген өнімдерді сатудан түскен ақша қаражаттарынан басталады. Басқаша айтқанда, бұл есептілікке ақша қаражаттарын есептеу шоттарымен байланысты барлық корреспонденциялар енгізілуі керек. Сондықтан қол күшімен жасау барысында көп еңбек қажет ететіндігін атап өту қажет. Алайда, компьютерлік техника қолданылатын жағдайда есеп автоматты түрде жасалады. Ақша тасқындарының әртүрлі қызмет түрлеріне көп жағдайда шартты түрде жатқызылатындағы есептіліктің күрделілігін тудырады. Мысалы, әлеуметтік сипаттағы төлемдер мен еңбек ақыны қызмет түрлері бойынша бөлу.
Тікелей
әдісті қолданған жағдайдағы операциялық
қызметтің нәтижесінде
Ақша қаражаттарының түсуі:
-тауарларды
сатудан және қызмет
-тауарлы материалдық қорларды жеткізу және қызмет көрсету үшін алынған аванстар;
-процент, дивиденд, роялти, түрлі сипаттағы сыйақы түріндегі кірістер;
-басқа да түсімдер.
Ақша қаражаттарының шығуы:
-тауарлар
мен көрсеткен қызметтері үшін
жеткізушілер мен
-тауарлы материалдық қорларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға және қызмет көрсетуге берілген аванстар ;
-бюджетпен,
әлеуметтік сақтандыру және
-дивидендтерді төлеу;
-басқа да төлемдер.
Жанама әдіс- ағымдағы активтер мен міндеттемелер, ақшалай емес операциялар, сондай ақ өткен кезеңмен салыстырғандағы инвестициялық және қаржылық қызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығындар өзгеруіне байланысты таза табыс немесе шығынға түзетулер енгізетін әдіс.
Әдістің негізінде- бухгалтерлік баланстағы және кірістер мен шығыстар туралы есептегі ақпарат. Сонымен қатар, жанама әдіс кірістер мен шығыстар туралы есептің әрбір бабын түзетуді қарастырмайды.
Аталған әдістердің қайсысы болса да, ақша түсімі мен шығуы бойынша есептілікте бөлек бөлек кеңейтіліп көрсетілген, ақша тасқыны жөнінде пайданушыларға қажетті маңызды ақпарат құрастырады. Ақша түсімі мен шығуын өзара есепке алу тек қана стандарттар рұқсат еткен жағдайда ғана жасалады.
ХҚЕС келесі жағдайларда өзара есепке алу қарастырылған:
-ақша
тасқындары кәсіпорынның өз
-ақша түсімдері мен төлемдері тез айналатындығымен , қысқа өтеу мерзімі және ірі сомасымен ерекшеленген жағдайда ; инвестицияларды сатып алу және сату, несиелік карталар мен операциялар т.с.с.
Жанама әдісте операциялық қызмет бойынша ақша қаражаттар тасқынының негізі ретінде, амортизациялық аударымдар мен есепті кезең ішінде есептелінген күдікті қарыздар резерв мөлшеріне, ағымдағы активтер мен міндеттемелер шотындағы өзгерулеріне түзетілген таза табыс алынады.
Ақша қаражаттарының тағы бір маңызды түсу және жұмсалу арналарының бірі- инвестициялық қызмет.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде пайда болған ақша қаражаттары қозғалысының мысалы:
-материалды
емес активтерді, негізгі құралдарды,
қаржылық инвестицияларды және
басқа да ұзақ мерзімді
-меншікті
капиталды, қаржылық
-басқа
заңды тұлғаларға берілген
-басқа да төлемдер.
Инвестициялық қызмет бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзімді активтер бейнеленетін бөлімінде көрсетіледі. Оған сонымен қатар, бухгалтерлік баланстың басқа ағымдағы активтер бөлімінде көрсетілген, қаржылық инвестицияларға әсер ететін операциялар да жатады.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте инвестициялық қызмет акцияларды, негізгі құралдарды және басқаларды сатудан алынған кірістер мен шығыстар көрсетілген бөлімде бейнеленеді.
Меншікті
капитал мен тартылған
Ақша қаражаттарының түсуі:
-акцияларды және басқа құнды қағаздарды шығарудан;
-банктік несиелерді алу;
-басқа да түсімдер.
Ақша қаражаттарының шығуы :
-банктік несиелерді өтеу;
-меншікті акцияларды сатып алу;
-дивидендтерді төлеу;
-басқа да төлемдер.
Заңды тұлғалар, ақша қаражатының қозғалысы нетто негізде ашылуы мүмкін арнайы жағдайларды есептемегенде, операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтерден ақша қаражаттарының түсуі мен төлемінің негізгі түрлерін бөлек ашады.
Нетто
негізде пайда болған ақша қаражаттары
қозғалысына келесілер
-банктік депозитке ақша қабылдау және төлеу;
-өзінің клиенттері үшін инвестициялық компанияларды ұстайтын қорлар;
-меншік
иелері атынан алынатын және
соларға төленетін жалдық
-инвестицияларды сатып лау және сату;
-өтеу мерзімі үш айдан аспайтын басқа да қысқа мерзімді займдар.
7 IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
Ақша
қаражаттарының қозғалысы
туралы есептер
Бұл
нұсқа 2005 жылғы 31 желтоқсанға
дейін шығарылған
түзетулері енгізілген
жаңа IFRS-нан туындайтын
түзетулерді қамтиды.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер
Мақсаты
Компанияның
ақша қаражаттарының қозғалысы туралы
ақпарат қаржы есептілігін
Бұл
стандарттың мақсаты
Қолданылу саласы
1. Компания осы Стандарттың талаптарына сәйкес ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп дайындауға және оны қаржы есептілігі берілетін әрбір кезең үшін өзінің қаржы есептілігінің құрамдас бөлігі ретінде ұсынуға міндетті.
2. Осы стандарт 1977 жылғы шілде айында бекітілген 7-«Қаржы жағдайындағы өзгерістер туралы есеп» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартын ауыстырады.
3. Компанияның қаржы есептілігін пайдаланушылар компанияның ақша қаражаттары мен ақша баламаларын қалай жасайтынына және пайдаланатынына мүдделілік танытады. Бұл компания қызметінің сипатына қарамастан және ақша қаражаттарының компания өнімі ретінде болатынына не болмайтынына қарамастан, бұл қаржы институты жағдайында болуы мүмкін. Компаниялар, олардың негізгі кіріс келтіретін қызметінің айырмашылығына қарамастан, шын мәнінде бірдей себептер бойынша ақша қаражаттарына бірдей мұқтаж болады. Олар ақша қаражаттарына өздерінің операцияларын жүргізу, міндеттемелерін өтеу және өздерінің инвесторларына кірісті қамтамасыз ету үшін мұқтаж болады. Тиісінше, осы Стандарт барлық компаниялардан ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруін талап етеді.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпараттың артықшылығы
4. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп оны қаржы есептілігінің қалған нысандарымен бірге пайдаланған кезде ақпарат береді, онда өзгеріп отыратын жағдайлар мен мүмкіндіктерге бейімделу үшін пайдаланушыларға компанияның таза активтеріндегі өзгерістерді, оның қаржы құрылымын (өтімділігі мен төлем қабілетін қоса алғанда) және түсімдер мен ақша қаражаттары төлемдерінің деңгейі мен мерзімдеріне әсер ету қабілетін бағалауға мүмкіндік береді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат компанияның ақша қаражаттары мен баламаларын молайту қабілетін бағалау кезінде пайдалы болады және пайдаланушыларға әр түрлі компаниялардағы ақша қаражаттарының болашақтағы түсімдері мен төлемдерінің дисконтталған құнын бағалауға және салыстыруға арналған үлгілерді әзірлеуге мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ әр түрлі компаниялардың операциялық көрсеткіштері туралы есептіліктің салыстырмалығын ұлғайтады, бұл бірдей операциялар мен оқиғалар үшін есептің әр алуан әдістерін қолданудан келтірілетін әсерін жояды.
5. Ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы тарихи
ақпарат ақша қаражаттарының болашақ
ағындарының сомасының, уақытының және
айқындығының индикаторы ретінде жиі
пайдаланылады. Ол сондай-ақ ақша қаражаттарының
болашақ ағындарының бұрынғы бағалауларының
дәлме-дәлдігін тексеру кезінде және пайдалылық
пен ақша қаражаттарының таза қозғалысы
және бағалар өзгеруінің әсері арасындағы
байланысты зерттеу кезінде пайдалы болады.
Анықтамалар
6. Осы Стандартта төменде көрсетілген мәндерінде мынадай терминдер пайдаланылады: