Ақша қаражаттарының қозғалысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 21:43, реферат

Описание работы

Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Содержание

КІРІСПЕ
1. Ақшаның пайда болуы, қажеттілігі және оның мәні
2. Ақша қаражатының есебі
3. Ақша қозғалысы туралы есеп
4. 7 IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

ақша каражаты.doc

— 233.50 Кб (Скачать)
 
 

МАЗМҰНЫ: 
 
 

КІРІСПЕ 

1. Ақшаның пайда болуы, қажеттілігі және оның мәні

2. Ақша қаражатының есебі

3. Ақша қозғалысы туралы есеп

4. 7 IAS   Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты 

ҚОРЫТЫНДЫ 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 

     Бұл рефераттің негізгі мақсаты ақшаның  пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына  теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру.

     Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін  бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған  ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

     Ал  енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа  келетін болсақ, ақша - ол тауарлардың  тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол  тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквиваент рөлін атқарады.

Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде  мынадай ерекшеліктері бар:

1. ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;

2. онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;

3. тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.

     Ақша  айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яғни ақша біртекті масса болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен бірге айналым шарттары бойынша алуан түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның формасы дегеніміз - ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас кұны, ол айналымдагы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауар-ларға, бағалы металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз жэне несиелік ақшалар баршаға аян.

     Ақша  айналысы «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңына сәйкес реттеледі. Ұлттық банкі тұтынылатын банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың дайындалуын қамтамасыз етеді, оларды сақтаудың, жоюдың тәртібін және қолма-қол ақшалай қаражаттың инкассациясын белгілейді.

     Ақша  қаражаттары ең тез қолданылатын активтер қатарына жатады. Тез қолданылатын себебі , ақшалай есептесу арқылы кез келген операцияны жүргізуге болады және міндеттемелерді орындау үшін ұзақ уақыт талап етілмейді. Ақшалай қаржының болуы, алашақтары барлармен, бюджетпен, қызметкерлермен дер уақытында есептесіп отыруға мүмкіндік береді.

    Ақша қаражатының есебін жүргізу үшін , шоттардың үлгілік жоспарындағы 1010-1060 счеттарының тобы пайдаланылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1. Ақшаның пайда болуы, қажеттілігі және  оның мәні 

     Жалпы ақша ұғымының пайда болу тарихына тоқталатын болсақ, зерттеуші ғалымдардың  айтуынша ол тауар айырбасының дамып  жетілуі нәтижесінде пайда болған.

     Қоғамның  алғашқы даму кезеңдерінде тауар  айырбасы өте қарапайым түрде, кез-келген тауарды баспа-бас айырбастау арқылы атқарылды. Мұндай тауар айырбасы – жай тауар айырбасы деп аталды және ол натуралды шаруашылықтың  тұсында кеңінен орын алды. Кейін қоғамның дамуы мен еңбек бөлінісінің тереңдеуі жай тауар айырбасынан жүйелі тауар айырбасына көшуге негіз болды. Бұл кезеңде тауарларды өзара салыстыратын  тұрақты бірнеше айырбас құралдары, яғни салыстырмалы өлшемдер қолданылады. Мысалы, бір қой бір қап бидайға немесе екі балтаға болмаса екі қыш құмыраға айырбасталады.

     Бұл тауар айырбасын тіпті қиындаты   жіберді. Өйткені бір тауардың құнын анықтау үшін оған айырбасталатын  басқа бірнеше тауарды іздестіру керек болды. Мұны оңайлату үшін адамзат кез-келген тауар айырбасына жарайтын, ортақ қолайлы бір тауарды іздестіре бастады. Соның нәтижесінде тауар айырбасына  жүретін ортақ тауар пайда болды, бірақ ол әр жерде әр түрлі болды. Мәселен араб және грек елдерінде–  мал, славяндарда – аң терісі, қытайда – тұз, металл өңдеуді игерген елдерде – мыстан, қоладан, темірден немесе олардың қорытпасынан жасалған және екі жағы күміспен жалатылған түрлі формадағы құймалар.

     Бұл айырбас құралдары әр жерде әр түрлі болғандықтан оларды өзара  салыстыру, ортақ бір өлшемге  келтіру мүмкін болмады. Сөйтіп адамзат  ортақ бір өлшем – ерекше тауардың қажеттігін, сондай- ақ оның кез-келген тауарға айырбасталатын, ұсақталатын, ұсақ бөлігінің өзі тоқтаусыз айырбасталатын қасиеттері болуымен бірге тасымалдауға, сақтауға қолайлы әрі қолдану аясы кең болуы керек екенін түсінді. Кейін өмір тәжірибелерінің өзі- ақ ақша ролін атқаруға алтынның қолайлы екенін дәлелдеп берді. Оған оның асылдығы, жұмсақтығы тығыздығы, ұсақ бөліктергі бөлінетіндігі сияқты табиғи қасиеттерімен бірге өндіру құнының жоғарлығы себеп болды. Соның нәтижесінде ІХ ғасырдан бастап айырбас ролін атқару қызметі түбегейлі алтынға орнықты.

     Алғашында алтын түрлі салмақта, формада  қолданылғанымен, кейін алтынның белгілі  бір салмағы (0,774274г. Алтын = 1 сом) ақша бірлігі ретінде заңмен бекітіліп, бірыңғай үлгідегі тиындар (монеталар) шығарыла бастады. Бұл ақша қызметін атқару үшін барлық тауарлардыңішінен жеке дара бөлініп шыққан ерекше тауар-ақшаның пайда болатындығын көрсетті. Сөйтіп баспа бас жасалатын тауар айырбасы (Т-Т) жиылып, оның орнына қалаған кез-келген уақытта ақшаның қатысуымен атқаруға болатын ( Т-А-Т) тауар айырбасы орнықты.

     Ақша  кез-келген уақытта кез-келген тауарға  айырбасталатын ерекше тауар немесе жалпыға бірдей эквивалент. Ақшаның өзіне тән басты қасиеттері бар:

     Ақша  ұдайы өндіріс процесіндегі экономикалық қатынастарды дамыта отырып, жаңадан  құн жасайды, оны қайта бөледі және өзінен-өзі капиталға айналады.

     Ақша  тауарлардың құнын бейнелейді. Ұдайы  өндіріс процесінде жасалған құнның немесе оған жұмсалған еңбектіңнәтижесінің  өлшемі ақшамен өлшенеді.

Ақша  тоқтаусыз кез-келген тауарға айырбасталады. Яғни құн белгілері ретінде нақты және нақты ақшасыз формада тауар айналымына қызмет етеді.

     Ақша  кез-келген тауардың, сондай-ақ төлемдер мен қарыздар, несиелер секілді міндеттемелердің құнын бағалайды. Бұл қоғамдағы  сан-алуан материалдық игіліктер  мен ресурстарды бағамдауға, есептеуге, экономикалық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, ақша тауарлар мен қызметтерді сатуға және сатып алуға қызмет ете отырып, тауар айналымын қамтамасыз етеді, географиялық мамандану мен еңбек бөлінісінің  дамуына жағдай жасайды. Ақша байлық жинау және оны молайту құралы болып та қызмет етеді. Ол депозиттер түрінде өзінен-өзі өсіп қорланып отырады.

     Ақша  экономикалық категория ретінде  мынадай қызметтер атқарады:

Құн өлшемі қызметі;

Айналыс құралы қызметі;

Төлем құралы қызметі;

Қор, қазына жасау құралы қызметі;

Дүниежүзілік  ақшалар қызметі.

     Ақшаның құн өлшемі қызметі. Салмақты – килограммен, қашықтықты – километрмен, электрэнергиясын – киловатпен өлшеген сияқтытауардың құны да ақшамен өлшенеді. Тауардың құнының ақшалай өлшемі – оның бағасы болып саналады.

     Тауардық  құнын өлшеуді толық құнды  нағыз ақшалар ғана атқара алады. Алтын ақшалар тұсында тауардың құнын бағалауда құны алтынның белгілі  бір салмақ өлшемімен  өлшенген ақша бірлігі баға масштабы ретінде қолданылады. Мысалы, 0,987412 г алтын =1сом.

     Қазіргі кездегі ақша бірліктері алтынмен өлшенбейтіндіктен  және алтынға айырбасталмайтындықтан тауардың құнын өлшеуге жарамайды. Олар тауарлардың бағасын бейнелеуге қатысады.

     Ақшаның айналыс құралы қызметі – ақшаның  тауар айналымына дәнекер болып қызмет етуімен көрінеді (Т-А-Т1). Мұнда бір тауардың екінші бір тауарға айырбасталуы ақшаның қатысуымен атқарылып, тауар айналымы жүзеге асады. Тауар айналамы арқылы қоғам мүшелерінің қажеттілігі қанағаттандырылып, өндірістің дамуы мен қоғамның өркендеуі жүзеге асады.

     Ақшаның төлем құралы қызметі – ақшалар  нақты ақшалай немесе нақты ақшасыз  түрде яғни, чектер, вексельдер, пластикалық  карточкалар және т.б. төлем құралдарының көмегімен  төлемдер жасауға қызмет еткен кезде көрінеді.

Ақшаның қор жасау қызметі – заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттарда артық ақшаларын сақтау барысында көрінеді. Толыққұнды ақшалар тұсында ақшаның бұл қызметі – қазына жасау құралы қызметі деп аталады.

     Ақшаның дүниежүзілік ақшалар құралы қызметі  – ақшаның ұлттық щеңберден шығып әлемдік нарықта төлем және елдің экономикалық жағдайын сипаттаушы құрал ретінде қызмет етуі барысында көрінеді. Дүниежүзілік ақшалардың қызметін еркін айырбасталатын өтімді валюталар: АҚШ доллары, ағылшын фунт стерлингі, жапон иені, швейцар франкі мен халықаралық есеп айырысу бірліктері: СДР, ЕВРО атқарады.

Жалпы алғанда ақшалар бойындағы құнына қарай:

Толыққұнды  ақшалар;

Толыққұнды  емес ақшалар;

қызмет  ету щеңберіне  қарай:

Ұлттық  ақша бірлігі немесе ұлттық валюта;

 Дүниежүзілік  ақшалар немесе ұлттық валюталар;

материалдық негізіне қарай:

Алтын ақшалар;

Қағаз немесе кредиттік ақшалар.

болып жіктеледі.

     Өзіндік құны мен номиналдық құны сәйкес келетін  ақшалар – толыққұнды ақшалар болып саналады. Ақшанаың өзіндік құны оған жұмсалатын материалдық, уақыт, еңбек шығындарынан тұрады. Ақшаның өзіндік құны мен жасалу технологиясы мемлекеттік құпияға жатады. Толық құнды ақшалар ақшаның бес қызметін түгелдей атқара алады.

     Номинал құны өзіндік құнынан жоғары болатын  ақшалар – толық құнды емес ақшалар болып саналады. Оларға арзан металдардан жасалған ұсақ монеталар, алтынға айырбасталмайтын және мемлекет белгілеген құны бар қағаз ақша белгілері, несиелік ақшалар жатады.

     Әрбір мемлекеттің ұлттық заңымен бекітілген ақша бірлігі – ұлттық ақша бірлігі немесе ұлттық валюта деп аталады. Мысалы, Қазақстан Республикасының ұлттық ақша бірлігі немесе ұлттық валютасы – теңге болып саналады.

     Дүниежүзі елдерінің келісімімен қолданылатын ортақ ақша бірліктері немесе есеп айырысу құралдары – дүниежүзілік ақшалар немесе дүниежүзілік валюталар деп аталады. Мысалы, халықаралық есеп айырысу бірліктері – СДР, Евро немесе дүниежүзілік валюталар $, JPY, GBP, CHP.

     Ақша  пайда болғаннан бері материалдық  негізі, құндылығы,  қызмет ету жағдайы, ролінің артуы секілді көптеген өзгерістерді бастан кешірді. Соның ішінде ақшаның өзгерісіне тоқталатын болсақ, осы кезге дейінгі ақшаның түрі бірнеше рет өзгерді. Атап айтқанда: алтын ақшалар, қағаз ақшалар, кредиттік ақшалар.

Информация о работе Ақша қаражаттарының қозғалысы