Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 21:43, реферат
Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
КІРІСПЕ
1. Ақшаның пайда болуы, қажеттілігі және оның мәні
2. Ақша қаражатының есебі
3. Ақша қозғалысы туралы есеп
4. 7 IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ақша қаражаттарына компанияның кассасындағы және ағымдағы шотындағы ақша кіреді.
Ақша қаражаттарының баламалары – алдын ала белгілі ақша қаражаттары сомасына тез айналатын және олардың құны шамалы тәуекелге ұшырайтын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар.
Ақша қаражаттарының қозғалысы - ақша қаражаттары мен олардың баламаларының түсімдері және төлемдері.
Операциялық қызмет – компанияның кіріс келтіретін негізгі қызметі және инвестициялық және қаржы қызметінен айырмашылығы бар басқа қызмет.
Инвестициялық қызмет – ақша қаражаттарының баламаларына жатпайтын ұзақ мерзімді активтер мен басқа да инвестицияларды сатып алу және сату.
Қаржы қызметі – компанияның меншік капиталы [*] мен заем қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгерістерге әкеп соқтыратын қызмет.
Ақша қаражаттары мен олардың баламалары
7. Ақша қаражаттарының баламалары инвестициялар және басқа да мақсаттардан гөрі, ең алдымен қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеуге арналған. Ақша қаражаттарының баламалары ретінде жіктелетін инвестиция ақша қаражаттарының белгілі бір сомасы оңай айналысқа түсуі және құн өзгерісінің шамалы тәуекеліне ұшырауы тиіс. Осылайша, әдетте инвестиция ақша қаражаттарының баламасы ретінде, оның қысқа мерзімі, айталық, үш ай немесе сатып алу күнінен бастап одан аз өтеу мерзімі болған кезде ғана жіктеледі. Меншік капиталына салынған инвестициялар, егер олар, негізінен, ақша қаражаттарының баламалары болып табылмағанда ғана, мысалы, оларды өтеу күніне дейін көп ұзамастан сатып алынған артықшылықты акциялары болған және сатып алудың нақты күні көрсетілген жағдайда ақша қаражаттарының баламаларынан алынып тасталады.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру
10 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп кезең ішіндегі ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді оларды операциялық, инвестициялық қызмет немесе қаржы қызметі бойынша жіктей отырып білдіруі тиіс.
11. Компания операциялық, инвестициялық қызмет немесе қаржы қызметінен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді өзінің қызметінің сипатына неғұрлым сәйкес келетіндей береді. Қызмет түрлері бойынша жіктеу пайдаланушыларға осы қызметтің компанияның қаржы жағдайына әсер етуін, оның ақша қаражаттары мен ақша қаражаттарының баламаларының сомасын бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты қамтамасыз етеді. Бұл ақпарат сонымен бірге қызмет түрлері арасындағы өзара байланысты бағалау үшін де пайдаланылады.
12. Бір операцияға әр түрлі жіктелген ақша қаражаттарының түсімі және төлемдері кіреді. Мысалы, кредитті ақшалай өтеуге пайыздар, сондай-ақ борыштың негізгі сомасы да кірсе, онда пайыздарды құрайтын бөлігі операциялық қызмет ретінде жіктелуі, ал негізгі соманы құрайтын бөлігі қаржы қызметі ретінде жіктелуі мүмкін.
Операциялық қызмет
13. Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының түсімдерінің және төлемдерінің мөлшері компания операциялары кредиттерді өтеу, операциялық мүмкіндіктерді сақтау, дивидендтер төлеу және қаржыландырудың сыртқы көздеріне жүгінбестен жаңа инвестицияларды жүзеге асыруға жеткілікті болатын ақша қаражаттарының түсімін қамтамасыз ететін дәрежедегі басты индикатор болып табылады. Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының бастапқы операциялық түсімдер мен төлемдерінің негізгі құрамдас бөлігі туралы ақпарат басқа ақпаратпен үйлесе отырып операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының болашақ қозғалысын болжау үшін пайдалы болады.
(а) тауарларды сатудан және қызмет көрсетулерден алынатын ақшалай түcімдер;
(b) жалдаудан түсетін ақшалай түсімдер, қаламақылар, комиссиялық сыйақылар және басқа да табыс;
(с) тауарлар мен қызмет көрсетулері үшін жеткізушілерге берілетін ақшалай төлемдер;
(d) қызметшілерге және олардың атынан басқа тұлғаларға ақшалай төлемдер;
(е) сақтандыру компаниясының сақтандыру сыйлықтары мен талап арыздары, жылдық жарналар және басқа да сақтандыру сыйақылары ретіндегі ақшалай түсімдері мен төлемдері;
Бір жабдық сату сияқты кейбір операциялар таза пайданың немесе залалдың анықтамасына жататын пайданың немесе залалдың туындауына әкеп соқтыруы мүмкін. Алайда, осындай операцияларға байланысты ақша қаражаттарының қозғалысы инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде жіктеледі.
Инвестициялық қызмет
(а) негізгі құралдар, материалдық емес және басқа да ұзақ мерзімді активтер сатып алуға арналған ақшалай төлемдер. Оларға капиталдандырылған әзірлеу шығындарына және меншікті өндірістің негізгі құрал-жабдықтарына байланысты төлемдер жатады;
(b) негізгі құралдар, материалдық емес және басқа да ұзақ мерзімді активтер сатудан алынған ақшалай түсімдер;
(с) басқа компаниялардың үлестік немесе борыш құралдарын және бірлескен қызметке қатысу үлестерін сатып алуға арналған ақшалай төлемдер (ақша қаражаттарының баламалары ретінде қарастырылатын осы құралдар үшін және коммерциялық немесе сауда мақсатына арналған төлемдерден басқалары);
(d) басқа компаниялардың үлестік немесе борыш құралдарын және бірлескен қызметке қатысу үлестерін сатудан алған ақшалай түсімдер (ақша қаражаттарының баламалары ретінде қарастырылатын осы құралдар үшін және коммерциялық немесе сауда мақсатына арналған ақшалай түсімдерден басқалары);
(е) басқа тараптарға берілген аванстық ақшалай төлемдер мен кредиттер (қаржы компаниялары берген аванстық төлемдер мен кредиттерден басқалары);
(f) басқа тараптарға берілген аванстар мен кредиттер қайтарылымынан алынған ақшалай түсімдер (қаржы институттарының аванстық төлемдері мен кредиттерінен басқалары);
(g) келісім-шарттар коммерциялық немесе сауда мақсаты үшін жасалған немесе төлемдер қаржы қызметі ретінде жіктелетін жағдайларды қоспағанда, мерзімді келісім-шарттар, опциондар мен своптар бойынша ақшалай төлемдер; және
Келісім-шарт белгілі
бір позицияны хеджирлеу
Қаржы қызметі
17. Қаржы қызметінен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты жеке ашудың зор маңызы бар, өйткені бұл ақпарат компанияға капитал беретін инвесторлардың ақша қаражаттарының болашақ түсімдеріне қатысты талаптарын болжау үшін қажетті. Қаржы қызметінен түсетін ақша қаражаттары қозғалысының мысалдары мыналар болып табылады:
(а) акциялар эмиссиясынан немесе басқа да үлестік құралдардан түскен ақша түсімдері;
Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді беру
18. Компания операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді, не:
(а) тікелей әдісті, бұл әдіс кезінде жалпы ақша түсімдерінің негізгі түрлері мен төлемдері туралы ақпарат ашылады; не
(b) жанама әдісті пайдалана отырып беруі тиіс, бұл әдіс кезінде таза пайда мен залал ақшалай емес сипаттағы операциялардың, негізгі қызметтен кез келген кейінге қалдырылған немесе есептелген өткендегі немесе болашақтағы ақша түсімдерінің немесе төлемдерінің және инвестициялық немесе қаржы қызметінен ақша қаражаттарының қозғалысымен байланысты кірістердің немесе шығыстардың нәтижелері ескеріле отырып түзетіледі.
19. Компаниялардың ақша қаражаттарының қозғалысының ағындарын көрсету үшін тікелей әдісті қолдануы құпталады. Бұл әдіс жанама әдісті қолдану кезінде болмайтын ақша қаражаттарының болашақ ағындарын бағалау үшін қажетті ақпаратты қамтамасыз етеді. Тікелей әдісті пайдаланған кезде жалпы ақша түсімдерінің және жалпы ақша төлемдерінің негізгі түрлері туралы ақпарат мыналардан алынуы мүмкін, не:
(а) компанияның есепке алу жазбаларынан; не
(b) сатуды, сатудың өзіндік құнын (пайыздар және осы тәріздес кірістер және пайыздар төлеміне жұмсалған шығыстар және қаржы мекемелері үшін осы тәріздес шығыстар түріндегі кірістер) мыналарды:
(і) кезең ішіндегі босалқылардағы және операциялық дебиторлық және кредиторлық берешектердің өзгерістерін;
(іі) басқа ақшалай емес баптарды; және
(ііі) инвестициялық немесе қаржылық ақша ағындарының туындауына әкеп соқтыратын басқа да баптарды ескере отырып, пайда мен залал туралы есептегі басқа да баптарды түзету арқылы.
20. Жанама әдісті қолданған кезде операциялық қызметтен алынатын ақша қаражаттарының таза ағыны мыналарды:
(а) кезең ішіндегі босалқылардағы және операциялық дебиторлық және кредиторлық берешектердің өзгерістерін;