Ақша қаражаттарының қозғалысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 21:43, реферат

Описание работы

Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Содержание

КІРІСПЕ
1. Ақшаның пайда болуы, қажеттілігі және оның мәні
2. Ақша қаражатының есебі
3. Ақша қозғалысы туралы есеп
4. 7 IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

ақша каражаты.doc

— 233.50 Кб (Скачать)

     Алтын ақшалар. Табиғи тұрғысынан алғанда  алтын оңайлықп енерімейтін, тот  баспайтын, майда бөліктерге оңай  бөлінетін, аса сиреу кездесетін, өте көп шығынмен өндірілетін қымбат металл. Осындай табиғи қасиеттерімен алтын бірнеше ғасырлар бойы ақша ролін атқаруға қабілетті болды. Бірақ К. Маркс айтқандай «табиғи алтыннан ақша жасаған жоқ, қоғам алтыннан ақша жасады».

Алтын ақшалар құнын  өзінің бойында  сақтайтындықтан құнсыздануға ұшырамайды. Сондықтан олар толыққұнды ақшалар  болып саналады, ақшаның барлық қызметтерін  атқара алады.  Алтын ақшалардың басты ерекшелігі: олар айналыстан тыс уақытта да құнын жоғалтпайды, қазына байлық көзінде сақталады. Осындай қасиетімен алтын ақшалар айналым үшін де, меншік иесі үшін де қолайлы болады.

     Алтын ақшалар алғашында сом кесек  формасында қолданылғанымен, кейіннен монеталар түрінде шығарылатын  болды. Оның формасын, пробасын (тиынның құрамындағы алтынның тазалығын), массасын, монетаның құрамындағы алтынның ауытқу шамасын (ремедиум) мемлекет бекітіп отырды. Егер монетаның номинал құны мен құрамындағы алтынның құны бір-бірімен сәйкес болса, онда ол ақша – толыққұнды ақша болып саналады.

     Алтын жалпыға бірдей ортақ эквивалент мәнін әлі де жойған жоқ. Оны соңғы  жылдары халықаралық биржадағы  алтын бағамының тұрақты өсуінен  байқауға болады. Алтын бағасының  өсуі оның сұранысқа ие болуымен байланысты. Ал сұраныстың артуының бір себебі мынада болуы мүмкін. Кез келген мемлекеттің алтын қоры болады. Ол мемлекеттің ұлттық байлығын білдіреді. Мол алтын қорынарқа тұтқан елдердің экономикалық дамуы да, ұлттық валютасы да, әлемдік экономикадағыорны да тұрақты. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ – тың алтын қоры әлемдік алтын қордың шамамен 2/3 бөлігін құрады. Қазақстанда да алтын қоры бар және ол жыл сайын белгілі бір мөлшерде алтын сатып алу арқылы толықтырылып отырады. 2002 жылы алтын қорда 54,5 тонна алтын болған болса, 2004 жылы        тонна болған. Бұл әлемдік алтын қорының 1,2 проценті.

     Қазақстанда алтын кеніштері жетерлік. Атап айтқанда Семей облысындағы Бақыршақ, Жамбыл облысындағы Ақбақай, Солтүстік  Шығыс өңірінде Майқайың, Мизек Көкшетаудағы Васильков, Қоңытар пен Жезқазған кен орындары.

Қазақстанда платина да өндіріледі. Ол платиноидтар тобына (осмий, радий, палладий, иридий, рутений) жататын, өте сирек кездесетін, ерімейтін, балқымайтын, тот баспайтын, түрленіп тұратын, алтыннан бірнеше  есе қымбат металл. Платина нәзік, аса күрделі электронды аспап құралдарда қолданылады.

Қағаз ақшалар (банкноттар, қазыналық билеттер). Алтын ақшаларды сақтау, тасымалдау қауіпті болы, әрі тұтыну барысында олардың салмағы кеміп, тозатыны байқалды. Жалған алтын ақшалар пайда бола бастады. Сонымен бірге алтын ақшаның кішкентай бөлігінің өзіндік құны жоғары болуымен байланысты бөлшек сауда кезінде біраз қиындықтар келтірілді. Сондықтан халықтың басым бөлігі алтындарын банкке өткізіп ұсақ қағаз ақшалар айырбастауға мәжбүр болды.  Бұл қағаз ақшалар – алтын ақша белгілер деп аталды және оларды банктер алатын ақшалардың орнына берді. Бұл ақша белгілерін күнделікті тұрмыста қолдануға қолайлы болғандықтан, кейін олар айналыстағы қызметін одан әрі жалғастыра берді. Мұндай жағдай қағаз ақшалардың белгілі бір бөлігін алтынмен  қамтамасыз етпей-ақ айналымда пайдалануға болатынын көрсетті. Осындай тәжірибелер айналымда алтын ақшалармен қатар қағаздан жасалған алтын ақша белгілерің пайда болуына ықпал етті. Алғашқы қағаз ақшалардың құны алтынның белгілі бір салмақ өлшемімен заң неізінде бекітіліп, сол масштаб ьойынша алтынға айырбасталатын болды.

     І Дүниежүзілік соғыс шығындарын жабумен  байланысты шығарылған қағаз ақшалардың көлемі банктердің алтын қорынан  бірнеше есеге артып кетті. Бұл қағаз ақшаларды алтын ақшаларға еркін айырбастау мүмкіндігін жойды. Осы кезден бастап барлық елдерде алтын монеталарды шығару, қағаз ақшаларды алтынға айырбастау тоқтатылып, алтынды шетелге шығаруға тиым салынды. Сөйтіп алтынды ақша ретінде қолдану біртіндеп жойла бастады. Бұл процесс – демонетизация деп аталды. Кейінгі шығарылған қағаз ақшалардың ресми түрде жарияланған алтын мазмұны болғанымен іс жүзінде алтынға  айырбасталмады. 1978 жылы Ямайкада өткен халықаралық конференцияда қағаз ақша белгілерінің  алтынмен байланысы ресми түрде жойылды. Осы кезден бастап айналыста заңды түрде ақша бірлігі болып қабылданған, алтынға айырбасталмайтын қағаз ақша белгілері дәуірі басталды.

     Мемлекеттік шығындарды жабу үшін Мемлекеттің (Қаржы  Министрлігінің) шығарған қағаз ақшалары- қазыналық билеттер, банктердің шығарған ақшалары – банкноттар деп аталды. Банкноттардың қазыналық билеттерден айырмашылығы – банктер оларды нақты айналым сұранысына сай мөлшерде шығарып, олардың көлемін ұдайы реттеп отырады.

     Алтын ақшаның құны болса, қағаз ақшаның сатып алу қабілеті болады. Сатып алу қабілеті жоғары және тұрақты болған жағдайда ғана қағаз ақшалар құнды болады. Қағаз ақшаның сатып алу қабілеті – сол ақша өлшеміне сатып алуға болатын тауарлардың көмегімен өлшенеді. Сатып алынатын тауарлардың көлемі баға деңгейімен байланысты  болатындықтан, баға сатып алынатын тауардың көлемі баға деңгейімен байланысты болатындықтан, баға жоғарылаған сайын ақшаның сатып алу қабілеті соншалықты төмендейді де, тауарды сатып алуқабілетін арттырады да, тауарды сатып алу үшін көп ақша қажет болмайды. Мұнан ақшаның сатып алу қабілетінің баға деңгейіне тәуелдіекенін көруге болады. Қағаз ақшалар тұрақсыз  және құнсыздануға өте бейім болып келеді. Себебі оған кез-келген құбылыс ықпал ете алады. Атап айтқанда  саяси немесе экономикалық ахуалдар, айналысқа артық ақшалардың шығарылуы, әлемді кнарықтағы жағдайға орай бағаның өзгеруі, отандық өндірістің жағдайы, валюта және алтын нарығындағы жағдайлар, банктік жүйенің өзгерісі тағы басқадай. Қағаз ақшаның басты тірегі – ақша құнының тұрақтылығын сақтау мақсатында мемлекеттің ұстанатын саясаты. Бұл ақша-несие саясаты мен ақша жүйесін бақылау және реттеуқұралдары арқылыжүзеге асады.

     Кредиттік ақшалар. Қағаз ақшалармен бірге айналымда чектер, вексельдер, кредиттік карточкалар да қолданылады. Олар  нағыз ақша ролін атқармағанмен жедел нақты ақшаға айнала алады. Мұндай ақшалар – кредиттік ақшалар деп аталады. Олар коммерциялық банктердің де

     Депозиттік , несиелік операцияларының негізінде  пайда болып, банктік шоттарда сақталады. Кредиттік ақшалар- коммерциялық банктердің міндеттемелері болып табылады. Нарықтық қатынастардың тереңдеуіне қарай келешек мұндай міндеттемелердің саны мен көлемі арта түсетін болады. Кредиттік ақшалардың басты мақсаты – төлем талабының жылдамдығын қамтамасыз ету. Қазіргі кезеңде электрондық құралдардың дамуымен байланысты электрондық ақшалар кеңінен тарауда. Атап айтқанда, интернет-банкинг, пластикалық карталар, Вестерн Юнион және Свифт секілді электрондық ақша аударымы жүйесі, т.б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ақшалар есебі 

     Қай саладағы  кәсіпорындар мен ұйымдар  болмасын өз қызметі барысында басқа  заңды және жеке тұлғалармен қарым  қатынас жасайтындығы белгілі. Сол  уақыттардағы операциялардың барлығы  дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:

-ақшалар  арқылы есеп айырысу операцияларын  толық және уақтылы дер кезінде  есептеу;

-кәсіпорындар  мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін  және олардың тиімді пайдаланылуын  бақылау;

-есеп  айырысу, төлеу тәртібін бақылау,  кәсіпорын ақшаларының кіріске  алынуы мен шығыс етілуін дұрыс  есептеу.

     Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару  қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналап отыр. Бәсеке қабілеттілігі – кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай , алдағы уақыттарда дамуына қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар мен оның баламаларын (эквивалентін) дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс  (нақты) бағалау үшін қажет.

     Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада  міндеттемелерді өтеу үшін төлем  жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы , есеп айырысу және валюталық шоттарындағы ақшаларынан , аккредитивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшаларының қалдығы деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады.

  Ақша баламалары(эквиваленті)- бұл ақшаларға ұқсас , бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады. Түрлі ұсталымдар мен айыппұлдар ұйымның ақшалары қатарына жатқызылмайды. Сондықтан да оларды кассадағы ақшалар шотында есептемейді. Ақша баламаларын кәсіпорының есеп айырысу құралдары ретінде қарастырудың қажеттілігі де жоқ. Көп жағдайларда оларды қысқа мерзімді инвестициялар шотында есептейді.

     Кәсіпорындар  мен ұйымдардың меншігіндегі пошта  маркалары , алынған вексельдер, жұмысшылар мен қызметкерлерге іссапар шығындары үшін аванс ретінде берілген сомалары , жұмысшылар мен қызметкерлердің басқадай дебиторлық қарыздары ақшалар қатарына жатқызылмайды. Оларды бухгалтерлік есепте дебиторлық борыштар бөлімінде есептейді.

     Овердрафт дегеніміз кәсіпорының иелігіндегі , яғни активті шоттың қалдығындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған кредиттік қалдық. Бұл сома қысқа мерзімді міндеттеме болып табылады және кредиторлық борыш ретінде есептеледі. Овердрафт   кәсіпорындар мен ұйымдардың банк мекемесі арқылы басқаларға төленген қаржысы есеп айырысу шотындағы  қалдық сомадан артық болған уақытта ғана пайда болады. Егер овердрафт үлкен көлемде болатын болса, онда бұл сома кәсіпорынның балансында немесе өз алдына жасалған түсіндірмелі құжатында бөлек көрсетілуі тиіс.

       Ұйымдардағы негізгі есептесу операциялары қолма қол ақшасыз, яғни өзінің есептесу шотынан қоюшының счетына қаржы аудару,  болмаса сатып алушылардың счетынан қаржы аударып алу арқылы іске асырылады. Есеп операциялары ұйымға қызмет көрсететін банк арқылы жасалады, есептесудің орындалуы, немесе ақша қаражатының келіп түскені банкілік құжат арқылы расталады, онда әр күн сайын ақтарылған барлық кіріс шығыс операциялары көрсетіледі. Оған қоса, төлемдік тапсырыстар , түбіртектер және т.б. банктің штампымен расталады. Және төлем құжаттарындағы соманың мөлшері, банкі құжатында көрсетілген сомаға сәйкес болуға тиіс.

     Ұйым  жұмсалған қаржының есебін бақылап  отыру үшін , төлемдік тапсырыстардың тізімін тіркеп отыратын арнаулы  журнал ашып, онда төленген уақыты, сомасы және алушының атын көрсетіп отырады. Сонымен бірге банк құжатының қандай екендігін жақсы біліп, көрсеткіштерінің ерекшеліктеріне назар аударған жөн.

     Банкілік  құжат әр мерзімде жасалған операцияларды  көрсетіп, растап отырады, оның ішінде жұмсалған сома да, кіріске алынған сома да бар. Банкілік құжаттың құрылымы, бухгалтерлік есептің формасымен сәйкес келеді, яғни келіп түскен ақшалар оң жағында, ал шығысқа кеткендері құжаттың сол жағында көрсетіледі.

     Құжатты банк хронологиялық тәртіппен , операциялардың орындалу барысына сай беріп отырады. Әр құжатта  жасалған операцияның уақытын ғана көрсетіп қоймай, оның алдында жасалған құжаттың да уақытын көрсетеді. Осыған орай, құжатты, оның қосымшаларын ұрлап кетуге жол берілмейді. Әр күннің соңында құжатта көрсетілген қалдық, келесі күнгі құжаттың басындағы сомаға сәйкес келуге тиіс. Сондықтан ол құжаттарды үнемі салыстырып, тексеріп отыру қажет.

     Есептесу  счетындағы келіп түскен және шығарылған сомалардың айналымы, немесе жиынтығы, есеп регистрлеріндегі , болмаса жорнал ордерлердегі сомалармен сәйкес келуге тиіс. Оған қоса, есептеу регистріндегі ай соңындағы қалдық, банкілік құжаттағы ай соңында көрсетілген сомамен тең болуға тиісті. Банкілік құжаттағы қалдық сомасы оның төменгі оң жақ бұрышында көрсетіледі. Әрбір банкілік операция құжат түрінде расталып отырады, құжат болмаған жағдайда, оны ұйым шығындарының ішінен алып тастап, оған қосымша салық салынуы тиіс.

     Заң бойынша , басқа да қолма қол ақшасыз  есептесудің түрлері бар. Оларға чектер, вексельдер немесе оларды шетелдік индоссаментке төлем карточкаларымен , инкассалық жарлықпен беру түрлері жатады. Ақшалай төлем жасап және оны аударудың ережелері мен қолдану тәртіптерінің ерекшеліктері, ҚР Ұлттық банкісінің нормативтік актілері бойынша бекітіледі.

     Қолма қол ақшамен операция жасаудың басым  көлемі, ұйымға қызмет көрсететін банктегі есептесу счеты арқылы жасалады. Оған, сатудан түскен қаржыны есептесу счетына салу, және еңбек ақы төлеу  мен іссапарлар шығынына төленетін  қаржыны алу,ж.т.б. операциялар жатады.Ақшаның банкке толық мөлшерде өткізіліп тұруы шығыс ордерлерімен, кассирдің есебімен, банкілік құжатпен, банкілік түбіртектермен салыстырылып, тексеріліп отырады, ондағы  сомалар бір бірімен бірдей болуға тиіс.

Информация о работе Ақша қаражаттарының қозғалысы