Ақша қаражаттарының қозғалысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 21:43, реферат

Описание работы

Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Содержание

КІРІСПЕ
1. Ақшаның пайда болуы, қажеттілігі және оның мәні
2. Ақша қаражатының есебі
3. Ақша қозғалысы туралы есеп
4. 7 IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

ақша каражаты.doc

— 233.50 Кб (Скачать)

     Есептесу  счетынан алғанда ақша кіріс ордері, банк құжаты, чек кітапшасының түбірі, кассалық кітап пен банк құжатына қоса берілетін кіріс ордерінің түбірімен салыстырылады. Олардың көрсеткіштері бір біріне сай келуге тиіс.

     Ұйым  есептесу счетын ашу үшін төмендегі  құжаттарды банкке тапсырады:

-есептесу  счетын ашу жөнінде өтініш;

-нотариалды  түрде расталған,жарғы мен құрылтай келісім шартының көшірмесі;

-нотариалды  түрде, болмаса тіркеу органы  растаған мемлекеттік тіркеуден  өткені жайлы куәлігінің көшірмесі;

-салық   комитетінде және басқа мемлекеттік органдарда тіркелгені жөнінде анықтама.

      Осыдан  кейін банкілік счет ашу туралы келісім  шартқа қол қойылып, банк меңгерушісінің жарлығымен мекемеге есептесу счетының нөмірі беріледі және оның ақша қаражатының  есебін жүргізетін жеке счеты ашылады.Ұйым өзінен басқа жерде орналасқан құрылымдарына, филиалдарына,дүкендеріне ағымдағы счеттарды ашып беруге құқылы. Ол счеттар қолма қол ақша беру үшін, оларды ұйымның есеп счетына аудару, еңбек ақы мен іссапар шығындарын төлеуге, азаматтардың еңбек ақысынан ұсталған қаржыларды банкілік салымдарға аударуға, сонымен қатар ағымдағы қызметті қамтамасыз етуге пайдаланылады.

     Есептесу  счетында ақшалай бос қаражаттар және сатылған өнім, орындалған жұмыс  пен қызмет үшің келіп түскен қаржы, банктен алынған қысқа және ұзақ мерзімді ссудалар мен басқа да кіріске алынған қаржылар сақталады.

      Ерекша  жағдайларда банк ұйымның есептесу счетынан басқа ұйымдардың құжаттары  бойынша , қаражатты мәжбүрлеп аудара алады.

      Мысалы, салық органдарының жарлығына сәйкес, ұйымның дер кезінде төленбеген салықтары мен төлемдерін аударады. Банк, одан басқа да, келісім шартқа сәйкес , ұйымның бұйрығынсыз , оның есеп счетынан ақша аудара алады. Мысалы, ссуданы пайдаланғаны үшін төленетін үстеме пайыз, уақытында қайтарылмаған ссуданың сомасы, банк қызметі үшін төленетін ақы ж.т.б.

      Төлем құжаттарының түрлері:

1) төлем  тапсырысы;

2)чек;

3)вексель;

4)талап  тапсырысының төлемі;

5)инкассалық  жарлық, салық қызметі мен кеден  органдарының инкассалық жарлығы;

6)Ұлттық  банктің құқықтық актілерімен  бекітілген басқа да төлем құжаттары.

      Есептесу  счетына қолма қол ақша салынған кезде, қолма қол ақша салу хабарламасы  жазылады.Банк ақша салушыға ақшаны алғанын  растайтыны жөнінде түбіртек береді.

      Чек ұйымның банкке онда көрсетілген  соманы қолма қол ақша түрінде есептесу счетынан алып беру туралы бұйрығы болып саналады.

      ҚР  «Төлемдер мен ақша аудару туралы»  заңында , Қазақстан Республикасының  аймағында , қолма қол ақшасыз  есептесудің тәртібі мен формасы , төлем құжаттарын пайдаланудың Ережелері  бекітілген. Қолма қол ақшасыз есеп айырысқан кезде , төлем тапсырыстары, аккредитивтер, чектер, инкассалық тапсырыстар сияқты құжаттар пайдаланылады.

      Төлем жасаушы мен қаржы алушының арасындағы есептесу формасы, келісім шартпен  анықталады.

      Төлем тапсырысы- банктегі счет иесінің тиісті соманы өз счетынан, алушының счетына аудару жөніндегі жарлығы болып табылады. Төлем тапсырыстарының түрі, барлық аударымдар үшін бірдей болады.

      Құжатаралық аккредитив және құжатаралық инкассо  құжатаралық есептесу формасы болып  табылады.

      Аккредитив- ол клиенттің нұсқауына сәйкес , болмаса оның қалауы бойынша , көрсетілген  бенфициарға төлем жасау, немесе оның бұйрығы бойынша , бенфициар  қойған акцепт және аудару вексельдерін төлеу , болмаса егер аккредитив шарттары толық сақталса, онда оларды аккредитив құжаттарында көрсетілген мерзіміне сай қарсы қою.

      Инкассо- ол ҚР заң актілерінің талаптарына  сай, акцепт немесе төлем алу мақсатында , сатушы мен сатып алушының арасында жасалған келісім шарт, болмаса басқа  құжаттарға байланысты , талап етушінің ұсынған төлем құжаттары мен басқа да құжатаралық есептесу құжаттарының негізінде , банкінің атқаратын операциясы.

     Аккредитив  пен инкассоны қолдану Қазақстан  Республикасының заң талаптарына  сәйкес жүргізіледі.

     Заңды тұлғалардың арасында  4000  айлық  есептік көрсеткіштен асатын сома көлеміндегі төлемдер, тек қана қолма қол ақшасыз есептесу арқылы іске асырылады.

     Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында көрсетілген жағдайлардан басқа  уақытта, төлем құжаттарында төмендегі  деректер міндетті түрде көрсетіледі:

1) төлем  құжатының аты;

2) төлем  құжатының нөмірі, жасалған кұні, айы, жылы. Күні цифрмен, айы  жазбаша, жылы цифрмен көрсетіледі.  Компьютермен жасалатын төлем  құжаттарында , айды да цифрмен  көрсетуге рұқсат етіледі ;

3) Ережеде  көрсетілген жағдайлардан басқа уақытта, ақша аударушының толық аты, оның заңды тұлға ретінде құқықтық ұйымдастыру формасы, болмаса жеке тұлға ретіндегі фамилиясы, аты жөні, оның жеке идентификациялық коды;

4) ақша  аударушыға қызмет көрсетуші  банктің толық аты, оның заңды  тұлға ретінде құқықтық ұйымдастыру формасы, банкілік идентификациялық коды ;

5) бенефициардың  толық аты, оның заңды тұлға  ретінде құқықтық ұйымдастыру  формасы, болмаса жеке тұлға  ретінде фамилиясы,аты жөні, жеке  идентификациялық коды;

6) банк  бенефициарының толық аты, оның заңды тұлға ретінде құқықтық ұйымдастыру формасы, болмаса жеке тұлға ретінде фамилиясы, аты жөні, оның жеке идентификациялық коды;

7) ҚР  Ұлттық банкісінің құқықтық нормативтік  актілері бойынша бекітілген  төлемнің мақсаты, сонымен қатар  оның кодтық белгісі;

8) төлем  сомасы, цифрмен, және жазбаша  түрде;

9) төлем  жасап ақша аударуды талап  еткен өкілетті тұлғалардың фамилиясы,  аты жөні және қолдары, егер  мөрі бар болса, басылады;

10) бенефициармен  ақша аударушының салық төлеуші  нөмірі.

      Аударушының қағаз жүзінде жасалған төлем құжаттарында , қол қоюға өкілетті тұлғалардың қолдары қойылып, мөрі басылады және ол банкке тапсырылған үлгімен сәйкес болуға тиіс. Оған қоса, банктегі счетқа билік етіп, бірінші және екінші қол қою құқығы бар тұлғалардан басқа адамдар, төлем құжаттарына қол қойып мөр баса алмайды.

      Төлем құжаттарын электрондық түрде де , қағаз жүзінде де ұсынуға болады. Электрондық төлем құжаттары  бекітілген үлгідегі форматта жасалып, банкке электрондық байланыс жүйесімен , телекоммуникациялық желілер арқылы жіберіледі.

      Төлем құжаттары , немесе оны қайтарып алу , болмаса тоқтату жөніндегі тапсырмалар  менмлекеттік немесе ресми тілде  жасалуы мүмкін. Басқа тілдерде жасалу мүмкіндігі банк пен клиент арасында жасалған  қызмет көрсету туралы келісім шартта көрсетіледі.

      Қағаз жүзінде жасалған төлем құжаттарында, оларды тоқтату немесе қайтарып алу  жөніндегі жарлықтарда, ешқандай түзету жасауға жол берілмейді. Егер банк түзетулер жасалғанын, сонымен қатар  цифрмен көрсетілген соманың, жазбаша  көрсетілген нұсқаға сәйкес келмейтінін білсе, төлем құжаты қабылданбайды және талап қоюшыға үш жұмыс күнінің ішінде себебін көрсете отырып қайтарып береді.

      «Төлем  мақсаты» деп аталатын графада ақша аударушы құжаттың атын, нөмірін, уақытын  және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құқықтық нормативтік актілерінде тікелей көрсетілген басқа да деректерді көрсетеді, сонымен қатар  «Төлем мақсатының коды» деп аталатын графада, төлем мақсатының колы көрсетіледі.

      Төлем тапсырысын/ақша аудару жөніндегі өтінішті қабылдаушы банктер, тапсырыс берілген күннен бастап он күнтізбелік күннің ішінде қабылдап, тапсырысты орындайды.

      Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, ақша аударушы, қабылдаушы банкке ақша аудару жөніндегі төлем тапсырысы мен  өтінішінен басқа, төлемді төлеудің заңдылығын растайтын құжаттарды қоса тапсыруға міндетті.

      Банк  құжатын өңдеуден бұрын, бухгалтер  әрбір тіркелген операцияны растайтын  құжаттарды таңдап алуға тиіс. Банк құжаты есептесу счетындағы аналитикалық есептің регистрін алмастырады  және сонымен бірге есеп регистрлерінде бухгалтерлік жазбаларды жасауға негіз болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

АҚША  ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП 

     «Ақша қозғалысы туралы есеп» бухгалтерлік есеп стандарты ең алғашқы рет  ҚР бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының №3қаулысымен   13қараша 1996ж бекітілген. Қазіргі кезде 4 БЕС ҚР қаржы министрінің №390 бұйрығымен 28.08.02ж. өзгертулер енгізілген редакциясы қолданылып жүр.Бұл стандартта есептіліктің мақсаты және қолдану өрісі, айқындамалар және басқа ашылымдар келтірілген. Аталған есеп нысанының құрылуына байланысты сұрақтар ҚР ҚМ  бухгалтерлік  есеп және аудит методологиясы Департаментінің  №7 бұйрығымен   21 мамыр  1997ж. бекітілген, ҚР ҚМ   №61 бұйрығымен   14.02.03ж. өзгертілген Қаржылық есеп беруді жасау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда толық баяндалған.

     Есептіліктің  бұл түрін жасау белгілі бір  кезең ішінде шаруашылық субъект  қаражаттарының құрылу көздерін және олардың қалай пайдаланылып жатқанын анықтау қажеттілігінен туындады.

     Есептіліктің  бұл түрі есепті кезең ішінде негізгі қызметтен алынатын қаражаттардың жұмсалған ақша қаражаттарын жабуға жеткіліктілігін көрсетеді. Ол сонымен қатар , пайдаланушыларды есепті кезең ішінде операциялық, инвестициялық және қаржылық қызмет бойынша келіп түскен және жұмсалған ақша қаражаттары жөніндегі ақпаратпен қамту арқылы, пайдаланушыларға субъекттің  қаржылық жағдайындағы өзгерістерді бағалауға мүмкіншілік береді. Басқа сөзбен айтқанда, ақша қозғалысы туралы есеп – субъект ақшаны қайдан алатынын және оларды кейін қалай жұмсалғанын көрсетуге мүмкіндік беретін құжат. «Ақша тасқыны» түсінігін жинақтап қорыта келе, ол шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында уақыт бойынша бөлінген ақша қаражаттарының түсуі мен жұмсалуы дегенге тоқталсақ.

     Кейбір  елдерде бұл  есептілікке маңызды  мән беріледі. Мысалы, АҚШ 1998ж.бастап күшіне енген стандарт бойынша , кәсіпорын компанияның өтімділігін объективті бағалау үшін ақша қаражаттары қозғалысы жөнінде ақпарат ұсынуға міндетті. Есептіліктегі ақпарат баланста және кірістер мен шығыстар туралы есептегі мәліметтерді толықтырады. Мысалы, есептіліктен тиімділік деңгейі ақша легімен жеткілікті қамтамасыз етілгендігі, еншілес және басқа шаруашылық қоғамдарға, негізгі құралдарға қанша инвестиция салғандығы және негізгі қызмет дамуына қанша қаржылық ресурс тартылғандығы жөнінде сұрақтарға жауап алуға болады. Туындаған мүдделерге байланысты сұрақтар шеңбері нақтылануы немесе іріленуі мүмкін. Инфляция жағдайында бұл есептіліктің маңыздылығы өсе түседі, өйткені басқа есептілік нысандары есептеу принципі негізінде құрылады. Демек, салыстырмалы түрде қарастырсақ есептіліктің бұл түрі әлемдік тәжірибедегі жаңа нысан болғандығына қарамастан қолданысқа енгізілгеннен бері едәуір жетілдірілген.

     Ақша  қозғалысы туралы есептіліктің негізгі  мақсаты-пайдаланушыларды ақша қаражаттарының түсімі және қолданылуы жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ету , одан басқа бұл – есепті мерзім ішіндегі инвестициялық және қаржылық қызметті талдау әдісі. Оның басты міндеті-инвесторлар мен кредиторларға субъекттің ақша қаражаттарын жасау мен өзінің міндеттемелерін өтеу, дивиденттерді төлеу қабілетін, таза пайда мөлшері мен келіп түскен ақша қаражаттары арасындағы айырмашылық себептерін , қолма -қол және қолма- қол ақшасыз ақша тасқындарының барлық аспектілерін және олардың субъектінің инвестициялық және қаржылық қызметтеріндегі қозғалысын бағалауға көмектесу.

     Халықаралық тәжірибеге тән шаруашылық субъектілердің ерекшеліктерінің бірі- кәсіпкерлік  қызметтің өндіріс түріне қызмет көрсету өрісіне қармастан операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметке бөлінуі:

Информация о работе Ақша қаражаттарының қозғалысы