Қаржы жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 20:56, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмысының өзектілігі қазір біздің елімізде қаржы нарығы енді-енді ғана қалыптасып келе жатқандығымен байланысты. Бұл үшін экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық себептер бар. Қазақстанның қаржы нарығының ары қарай дамуы мақсатында институционалдық құрылымға, шетелдерде танымал болған және кеңінен қолданылатын түрлі қаржылық құралдардың енгізілуіне, қаржы нарығының қызметін талдау әдістемесіне ерекше мән беру қажет. Сондықтан, Қазақстанның қаржы нарығының құрамдас бөліктері ретінде банктік қызметтер нарығы, бағалы қағаздар нарығы, зейнетақы нарығы мен сақтандыру нарықтарының қазіргі таңдағы даму деңгейі және болашақтағы перспективалары курстық жұмыстың зерттеу объектілері болып табылады.

Работа содержит 1 файл

курсовая Каржы нарыгы.docx

— 467.02 Кб (Скачать)

    Қол жеткізген жетістіктерге қарамастан қор рыногында объективті сипатқа  ие бірқатар мәселелер бар. Біріншіден, қор рыногы инфрақұрылымы дамуының төмен деңгейі. Қазақстан қор  рыногының бәсекелестікке қабілетсіздігі, орталық депозитарийдің капитализациясы  мен автоматизация деңгейінің төмендігі, клиринг палатасының жоқтығы, телекоммуникация қызметтерінің қымбаттығы, отандық  кәсіпорындар мен жергілікті атқарушы органдарға рейтинг бағаларын берудің  тиімді жүйесінің жоқтығы. Екіншіден, эмитенттер мен инвесторлардың қор  рыногына шығарда кездестіретін  кедергілері. Корпоративтік басқарудың төмен деңгейі, компания іс-әрекетінің ашық болмауы (ақпаратты жеткіліксіз  көлемде беру), институционалдық инвесторлар  үшін инвестициялау бойынша талаптардың  жоғарылығы, қауіп-қатерлерді сақтандыру мүмкіндіктерінің әлсіздігі, дербес айналымдағы  акциялардың аздығы, инвесторларды  қорғаудың нашар болуы. Үшіншіден, ұсынылатын қаржы инструменттерінің  спектрінің аздығы. Бүгінгі таңда  акциялар мен облигациялар негізгі  қаржы аспаптары болып отыр, ал туынды бағалы қағаздар, ислам банкингі, қысқа сатылымдар әлеуеті өз деңгейінде пайдаланылып отырған жоқ. Төртіншіден, жеке инвесторлардың бағалы қағаздар рыногына қатысуының төмендігі.

     Халықтың  бағалы қағаздар рыногына сенімінің  төмен деңгейі, халықтың инвестициялық  мәдениеті мен қаржылық сауатының  төмендігі жинақтауларды қаржы  рыногына инвестициялау артықшылықтарын  пайдалануға мүмкіндік бермей отыр. Мемлекеттік қызметкер және оларға теңестірілген түлғалардың ЖИҚ  пайларын сатып алуы бойынша заңнамалық шектеулер, Интернет қызметінің қымбаттығы, қор нарығына инвестициялаудың артықшылықтарын  түсіндіру әлсіздігі сияқты себептер бағалы қағаздар рыногындағы жеке инвесторлар  санының өсуін шектеп отыр. Бесіншіден, заңсыз жолмен алынған табыстарды заңдастыруға (жылыстыруға) қарсы тұру бойынша  нормативтік-құқықтық базаның жетілмегендігі.  
 
 
 
 
 

 

      3.2 Қазақстан қаржы орталығының бүгінгі жағдайы және мүмкіндіктері 

     Қазақстанның  қаржы-экономикалық мүміндіктерін арттыру бағытында  2005-ші жылы Үкіметтің қаулысымен «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі» Акционерлік қоғамы құрылды, ал 2006-шы жылы аталған агенттік туралы заң қабылданды. Өңірлік қаржы орталығын құру туралы бастаманы 2004-ші жылы қараша айында Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының мұрындық болуымен өткен қаржыгерлер конгресінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан болатын. Қазіргі кезде Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің қызметін Нью-Йорк, Лондон, Токио, Шанхай қор биржалары, Швейцария биржасы, Мәскеу банкаралық валюта биржасы, Ресей тауарлық жүйесі секілді қор биржасындағы азулы сауда орталықтары мойындап отыр. Бүгінгі күнде агенттік аясында арнайы сауда алаңы, рейтинг агенттігі, Агенттік академиясы жұмыс жасайды. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі» Акционерлік қоғамы ресейлік «РТС қор биржасы» ААҚ-мен бірігіп Алматы қаласында «Еуразиялық сауда жүйесі» АҚ құрды. Бұл жаңа қордың 60%-ы «РТС қор биржасы» ААҚ-на, ал 40%-ы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына тиесілі. Агенттік төрағасы Әркен Арыстановтың пайымдауынша қазіргі дағдарысқа қарамай, Қазақстан экономикасына инвестиция салғылары келетіндердің саны жетерлік, ол тек қана батыс бағытында ғана емес, сонымен қатар оңтүстік азия, араб елдерінен де инвеситция құюға даяр инвесторлар бар дейді. Салалық агенттіктің құрылуына байланысты, Қазақстанда тұңғыш рет 2011-ші жылға дейін жоспарланған қор биржасын дамыту жөніндегі стратегиялық бағдарлама қабылданды. Агенттіктің құрылуы сонымен қатар Алматы қаласында үлкен халықарылық қаржы ұйымдырының өкілдіктерін ашуға мүмкіндік берді, 2008-ші жылдың 1-ші қаңтарындағы ақпар бойынша агенттікте тіркелген брокерлік және дилерлік ұйымдардың жалпы саны 2007-ші жылдың аяғында 65-ке жеткен. Агенттіктің бағытты жұмыс жасауына байланысты эмитенттердің сан және сапа жағынан алғанда нәтижесі өсе түсті, қаржы қадағалау агенттігінің мәліметіне сенсек, егер де 2005-ші жылы эмитенттердің саны бар-жоғы 94 болса, 2007-ші жылы оның саны 126-ға дейін өскен. Агенттік құрылғаннан бері еліміздегі қор нарығы қозғала бастап, қор нарығы секторындағы заңнамалар қабылданып, олар жетілдіріле, сонымен қатар жаңа қаржы тетіктері енгізіле бастады.

     «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы»  акционерлік қоғамы («АӨҚО» АҚ) Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 65 Қаулысымен құрылды.

     Қоғамның  мұраты еліміздің ішкі нарығының  да, сондай-ақ әлемдік қоғамдастықтың да барлық қатысушылары үшін тартымды қаржы орталығын құрып, жұмысын  табысты жүргізу арқылы Қазақстанның әлемдік экономикаға кірігуі үшін қажетті жағдайлар мен пәрменді механизм жсасу болып табылады.

     «АӨҚО»  АҚ қызметінің негізгі мақсаттары: 
* Қазақстанда халықаралық стандарттарға сай келетін бағалы қағаздар нарығын дамыту 
* Қазақстандық бағалы қағаздар нарығының халықаралық капитал нарықтарымен кірігуін қамтамасыз ету, оның капиталдандырылуы мен өтелімдігін жоғарылату 
* Қазақстанның экономикасына инвестициялар тарту, соның ішінде бағалы қағаздар нарығында жұмыс істейтін инвесторлар ретінде жеке тұлғаларды тарту

     «АӨҚО»  АҚ-ның негізгі міндеттері: 
* халықаралық стандарттарға сай келетін және шетелдік қатысушыларды тартуға ықпалдасатын қаржы орталығын институционалдық жағынан дамыту 
* брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды, және институционалдық инвесторларды қаржы орталығында жұмыс істеу үшін эмитенттер мен кәсіпқой қатысушылар ретінде тарту 
* халықтың ішкі жинақ қаражатын қор нарығы арқылы бағалы қағаздарға және басқа да қаржылық құралдарға тарту 
* жаңа қаржылық құралдар мен қор технологияларын дамыту мен ендіру 
* Алматы қаласының инвестициялық тартымдылығын жоғарылату және шетелдерде Қазақстан Республикасының жағымды инвестициялық бет-бейнесін қалыптастыру 
* қаржы орталығының қызметін ұйымдастыру-техникалық жағынан қамтамасыз ету 
* халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын жоғарылату бағдарламасын іске асыруға ат салысу

     «АӨҚО»  АҚ жұмысының қағидалары: 
* кәсіпқойлық - қызметтің барлық салаларында тәжірибені пайдалану 
* транспаренттік - компаниялардың қызметінің жариялылығы 
* тұрақтылық - үздіксіз жоғары сапалы қызметтер көрсету жолымен АӨҚО-ның өзара әрекеттесуі мен жұмыс істеуі үшін оңды ортаны қамтамасыз ету және сақтау 
* қол жету мүмкіндігі - географиялық орналасуынан, мәртебесінен және т.с.с. тәуелсіз, серіктестердың (customer) өзара жалпы әрекеттестігі үшін және қатысуына кедергі болмауы үшін қолайлы жағдай жасау 
* теңдік - барлық институттардың тең құқылы қатысуы арқылы жұмыс істеу 
* жаңашылдық - жұмыстың жаңартпалық және үнемі жетілдіру әдістерін қолдану, оңды өзгерістерді көтермелеу және осы өзгерістер жасайтын мүмкіндіктерді анықтау 
* табысқа ұмтылу - АӨҚО қызметтерін үнемі жоғары деңгейде көрсету үшін барлық күші-қуатын салу

       АӨҚО-ның бәсекелестікке қабілеттілігін ірі азиялық қаржы орталықтарымен салыстырмалы талдау.

     АӨҚО  ҚРА болжамы бойынша Алматы қаласының  өңірлік қаржы орталығы 2015 жылы Азияның  жетекші қаржы орталықтарының 10 қатарына енеді. Осыған байланысты салыстырмалы талдау іске асырылып, соның нәтижесінде  АӨҚО-ң артықшылықтары мен әлсіз  жақтары анықталып, стратегиялық даму бағыттары нақтыланды.

    АӨҚО  ҚРА қызметінің стратегиялық бағыттары  айқындалды:

  1. Бағалы қағаздар рыногына қатысушыларына жағымды жағдайлар жасау;

    Бәсекелестікке  қабілетті қор рыногын  дамыту; Мақсаттық топтарды АӨҚО қызметімен таныстыру; АӨҚО ҚРА көрсететін мемлекеттік  қызметтердің сапасын арттыру; Қазақстанда  жаңа қаржы  аспаптарын  дамыту; Мемлекеттік  органдарды, бағалы қағаздар рыногына қатысушыларды басқару шешімдерін қабылдауға қажетті  талдаушылық  ақпаратпен қамтамасыз ету.

  1. Халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауатын арттыру; 2009-2011 жылдары АӨҚО ҚРА қызметі рынок  инфрақұрылымын әрі қарай жетілдіруге, жаңа қаржы аспаптарын енгізуге, отандық жеке инвесторларды оқыту мен шетелден ірі инвесторлар тартуға бағытталатын болады.

    АӨҚО  ҚРА көздеген нәтижелерге қол  жеткізіп, қызметін жақсарту мақсатында алдына бірқатар мақсаттар қойды:

     Біріншіден, АӨҚО ҚРА басқару жүйесін арттыру: Нәтижеге бағдарланған жоспарлау жүйесін  енгізу; Басқару үрдістерін ISO 9001:2000 халықаралық сапа стандарттарының  жүйесі арқылы стандарттау; Мекеме құрылымын  оңтайландыру және кадрлар құрамының  кәсіби сапасының деңгейін көтеру. АӨҚО ҚРА жоғары кәсіби қызметкерлерінің командасын құру, кадрлар ағымын азайту үшін АӨҚО ҚРА бірыңғай негізде кадрлық  құрамын іске асыруды, жұмысшыларға әлеуметтік қолдау көрсету және мотивациясын жоғарылатуды жоспарлайды. АӨҚО ҚРА  бағалы қағаздар рыногын дамыту саласында  ақпараттық- талдаушылық  зерттеулерді жүргізуді, қор  рыногының инфрақұрылымын арттыруды жоспарлайды. АӨҚО ҚРА  сарапшылар топтарының  талдаушылық  зерттеулері нәтижелері мемлекеттік  басқару (ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Үкіметі, ҚР Парламенті және т.б.) мекемелеріне немесе  рынокқа қатысушылар үшін қажет болуы мүмкін.

     Екіншіден, маркетингтік қызметтің дамуы: Кең  танымалы және беделді болатын АӨҚО-ң  брендін жасау; Ақпараттық қамтамасыз ету, АӨҚО дамыту мен орнын белгілеу. Негізгі мақсаттық топтардың  ақпаратпен қамту және ниеттестік деңгейін жоғарылату мақсатында АӨҚО ҚРА PR қызметін жүзеге асыруды жоспарлайды. Сол  себептен, АӨҚО ҚРА эмитенттер мен  инвесторларды тартуға бағытталған  маркетингтік стратегияны әзірледі және іске асыруды.

     Үшіншіден, қаржылық басқару және бақылау тиімділігін  жоғарылату: Бюджет құралдарын тиімді пайдалану бойынша мониторинг; Бюджеттік  заңнамаларды сақтау және ішкі аудит жүйесін қалыптастыру бойынша бақылау сапасын жоғарылату. АӨҚО ҚРА келесі қауіп-қатерлерді талдап, мониторинг жүргізеді: Әлемдік қаржы  рыногының тұрақсыздығы; Қазақстандық іскерлік белсенділіктің төмендеуі .

    Бағалы  қағаздар рыногын дамыту үшін халықаралық  тәжірибелерден алынған төрт түрлі  фактор болып табылады. Олар:

  1. Инфрақұрылым және репутация  ортасы
  2. Рыноктағы мүмкіндіктерді пайдалану;
  3. Ынталандыру
  4. Қолдану

     Инфрақұрылым  және бедел ортасы. Жоғарыдағы көрсетілген  ақпараттарға байланысты Қазақстанға  инвестиция тарту үшін көптеген жағдайлар  жасау керек. Жаңа заманға сай  инфрақұрылымдар ондағы телекоммуникация мен офистерді орнату, тұрақтылық пен шетел инвесторларының қауіпсіздігі мен ағылшын тіліне мамандандырылаған  мамандарды қолдау керек.

     Рыноктағы мүмкіндіктерді пайдалану. Қазақстан  Республикасында минералды шикізаттар (уран, мұнай-газ, металдар) мен астық  ең басты өтімді өнімдер болып  саналып жатыр. Қазақстанда эмитенттер мен инвесторлар тарту үшін өз аймағы индексін өсіру мен осында бағалы қағаздарды көптеп шығару аспаптарын жетілдіру. Қазақстан Республикасы әлемдегі ең жас қаржы орталықтары  Дубай, Сингапур, Дублин қалаларының  қаржы орталықтарын   үлгі ретінде  алған.

     Ынталандыру. Ынталандыру тетіктері арқылы әлемдегі және ең үлкен инвесторларды Қазақстандағы  бағалы қағаздар рыногына тартуға мүмкіндіктер бар. Ынталандырудың бірде-бір жолы болып салық мөлшерін төмендету  немесе босату болып саналады. Шетелдік инвесторларға кез-келген кәсіпорында  иемденуіне шектеу болмауы шетелдіктердің қызығушылықтар тудырады. Ол әлемдегі үлкен қаржы орталықтарынан алынған  тәжірибелерде белгіленген.

Қолдану. Қазақстан Республикасы Үкіметі  тарапынан халықты қаржы орталықтарына  тарту мен шетелдік инвесторларды  шақыру үшін қаржылық реформалар мен  заңдарды халықаралық стандарттарға  сай қалыптастыру. Қазақстан Республикасында  шетелден келген немесе отандық кәсіпорындар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау және оған кепілдік беру. Әлемдік деңгейдегі технологияларды дамыту, қор биржалары  мен бағалы қағаздардың операцияларын  компьютеризациялау керек. Қазақстанда  қор биржасын дамыту үшін ағылшын  тілді кадрларды көбейту. Қазақстандағы  бағалы қағаздардың және қаржы орталығының  тиімді факторлары (21 кесте):

     Қазақстандағы бағалы қағаздардың және қаржы орталығының  тиімді факторлары:

  • Қоршаған орта, инфрақұрылымдар мен бедел бойынша:
    • Еркін саясат пен Қазақстандағы тұрақтылық
    • Шетелдік азаматтарға виза мәселесінің жеңілдіктері мен шетелдік азаматтарға қонақжайлылық көрсету
    • Әуежайдағы қызметтің сапалығы.
    • Арзан кәсіби мамандар
    • Шетедіктер үшін жемқорлықтың болмауы мен криминалдарға жол бермеу
    • Алматы қаласы қор биржасын халыққа және шетелдіктерге жарнамалап дұрыс ақпараттарды жетілдіру жолдары.
    • Ағылшын тілінің қолданылу аясын кеңейту
  • Рыноктағы мүмкіндіктерді пайдалану бойынша:
    • ТМД және Орта Азия мен Кавказда өңірлік көшбасшы болуға ұмтылу  және сол мемлекеттердің эмитенттері мен инвесторларын деңгейін арнайы отандық бағалы қағаздар қатарына жатқызу, Қазақстанға тарту үшін ақпараттандыру қажет.
    • ТМД –дағы ең үлкен ислам қаржы орталығына айналдыру жолдары.
    • Бағалы қағаздарға қатысты және қор биржадағы операциялардың барлық салық түрлерін алып тастау.

    Алматыдағы  қаржы орталығы тұрақты дамыса, ол барлық Қазақстанда қаржы секторының дамуына алып келеді. Алматы қаласы бас қаржы орталығы болғандықтан бас мультипликатор болуы қажет.  

 

     3.3 Ұлттық қаржы нарығының болашақтағы  перспективалары 

     Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің миссиясы –  қаржы нарығының жəне  қаржы  ұйымдарының  қаржылық  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету жəне жалпы  қаржы жүйесіне  деген  сенімділікті  қолдау,  қаржылық  қызмет  көрсетулерді  тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың  тиісті  деңгейін  қамтамасыз  ету,  қаржы  нарығында  адал  бəсекелестікті  қолдауға  бағытталған  қаржы ұйымдарының қызметі үшін бірдей жағдай жасау болып табылады. 

      Агенттіктің  пайымдауы –  қаржы  институттарының  жəне  қаржы  нарығының  тəуекелдердің  барынша  төменгі деңгейімен жəне 2015 жылға  қаржы  ұйымдарының  капиталдануы  деңгейін  Еуропа Одағының  дамушы жəне  дамыған елдерінің деңгейіне дейін жеткізумен тұрақты жəне орнықты дамуы перспективасы.

Информация о работе Қаржы жүйесі