Қаржы жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 20:56, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмысының өзектілігі қазір біздің елімізде қаржы нарығы енді-енді ғана қалыптасып келе жатқандығымен байланысты. Бұл үшін экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық себептер бар. Қазақстанның қаржы нарығының ары қарай дамуы мақсатында институционалдық құрылымға, шетелдерде танымал болған және кеңінен қолданылатын түрлі қаржылық құралдардың енгізілуіне, қаржы нарығының қызметін талдау әдістемесіне ерекше мән беру қажет. Сондықтан, Қазақстанның қаржы нарығының құрамдас бөліктері ретінде банктік қызметтер нарығы, бағалы қағаздар нарығы, зейнетақы нарығы мен сақтандыру нарықтарының қазіргі таңдағы даму деңгейі және болашақтағы перспективалары курстық жұмыстың зерттеу объектілері болып табылады.

Работа содержит 1 файл

курсовая Каржы нарыгы.docx

— 467.02 Кб (Скачать)

       ЕСКЕРТУ: ҚРҰБ мәліметтері негізінде құрылған

       Несие нарығы. 2010 жыл ішінде қайта құрылымдау жағдайындағы банктердің балансынан тыс үмітсіз кредиттерді есептен шығару есебінен болған банктердің кредиттік портфелінің «тартылғаны» байқалды. Мысалы, 2010 жылдың І-ші жартыжылдығының нәтижелері бойынша банк жүйесінің кредиттік портфелінің жиынтық көлемі 5,3% азайды. Сонымен бір мезгілде үшінші тоқсанның нәтижесі бойынша банктердің кредиттік белсенділігінің өсуі салдарынан осы үрдісте біршама өзгеріс байқалды. 2010 жылғы шілде-қыркүйекте жиынтық кредиттік портфель 1,5% өсті (Сурет 10). 

       

       Дерек көзі: ҚҚА, ҚРҰБ есептері

       Сурет 10 – Несие портфелінің өзгеруі, кезеңде %-бен 

     ҚРҰБ кредиттік нарықтың жай-күйіне тоқсан сайын жүргізетін зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отырғанындай, банктердің кредиттік саясатты жұмсарту себептерінің бірі сапалы заемшылардың тапшылығы болып табылады. Екіншіден, қазақстандық ірі банктердің бірі – БТА Банкін қайта құрылымдау – қазақстандық банк жүйесінің болашағына айқындық болмау кезеңінің аяқталғанының белгісі болды және осы арқылы банктердің тәуекелге тәбетін ұлғайтуға ынталандырды.

     2010 жылы банктерден алынған ақпарат  бойынша кредиттік ресурстарға  корпоративтік сектор тарапынан  да сұраныстың өскені байқалады.  Егер ірі және шағын бизнес  тарапынан кредиттік ресурсқа  сұраныстың төмендегені байқалса, орташа бизнес тарапынан ұлғаю байқалады. Себебі, ірі кәсіпорындар несие алғаннан көрі, өз қаражаттарын пайдалануды артық санайды.

     Бөлшек  кредиттеу нарығының жандануы негізінен  тұтынушылық кредиттеу сегментінде  кейбір банктердің белсенділігінің  артуы және халықтың тарапынан тұтынушылық  заемдарға сұраныстың ұлғаюы есебінен жүргізіледі. Сонымен қатар, банктердің тарапынан несиелеудің осы түрі бойынша, банк секторындағы бизнес көлемінің  бірден бір өсу көзі ретінде осы  сегментте банктердің арасында бәсекелестіктің  болуына байланысты кредиттік саясаттың  жұмсарғанын атап айтуға болады.  
 

2.2 Бағалы  қағаздар нарығы жағдайының соңғы  5 жылдағы өзгерісіне талдау  

     Отандық бағалы қағаздар нарығының қазіргі  таңда қандай жағдайда екенін және қаншалықты дамығанын талдау үшін осы  қор нарығының институтционалдық  инфрақұрылымының соңғы 5 жылда қалай  өзгергеніннен бастаған дұрыс болар. Соңғы 5 жыл бойынша қор нарығындағы  брокер-диллерлердің, тіркеуші ұйымдардың, кастодиандардың, зейнетақы активтерін инвестициялық басқарушылардың  және т.б. БҚН-ның қатысушыларының  саны қалай өзгергендігі туралы төмендегі  кестеде мәліметтер берілген. 

     Кесте 2 – Қор нарығының институционалды инфрақұрылымы 

        01.01.2006 01.01.2007 01.01.2008 01.01.2009 01.01.2010 01.01.2011
Брокер-дилерлердің  барлығы

оның ішінде:

62 69 106 104 83 76
Банктер 25 24 24 24 24 24
оның  ішінде І санатты 22 21 23 22 22 22
банктік емес ұйымдар 37 45 63 60 53 47
оның  ішінде І санатты 29 36 54 51 44 39
АӨҚО  қатысушылары - - 19 20 6 5
Тіркеушілер 18 16 17 15 12 10
Кастодиандар 11 9 10 11 11 10
ЖЗҚ-ның  зейнетақы активтерін

Инвестициялық басқарушылар

10 13 11 13 14 15
Инвестициялық портфельді басқарушылар оның ішінде 28 37 61 66 49 39
инвестициялық компаниялар - - 4 4 2 2
ӨРҰ (СРО) 2 2 2 2 2 2
Трансфер-агенттер 0 2 3 4 3 3
Бағалы  қағаздармен сауда-саттықты ұймдастырушы - 1 1 1 1 1

Ескерту: Кесте ҚҚА-нің статистикалық материалдары негізінде автормен құрастырылған 

     Брокерлер мен дилерлер БҚН-дағы негізгі қатысушылар  болғандықтан, қор нарығындағы брокер-дилерлердің  соңғы бес жыл ішіндегі өзгерісін  график арқылы көрсетуге болады.(Сурет 11)

     Көріп отырғанымыздай 2008 жылдың 1 қаңтарына  дейін БҚН-ның басты дамытушылары саны өсумен болған, ал одан кейін бүгінгі  күнге дейін жалпы брокер-дилерлер саны 2008 жылғы 106-дан 78-ге төмендеген. Бұған  бірден бір себеп – бұл әлемдік  дағдарыс. Бірақ дағдарыс болды екен деп, экономикалық өсіміміздің бір  факторы болып табылатын БҚН-ның  қазіргі жағдайына бей-жай қарауға  болмайды.

     Ескерту: График ҚҚА-нің мәліметтері негізінде  автормен құрастырылған 

Сурет 11- Қор нарығындағы 2006-11ж.ж. брокер-дилерлер саны 

     Бағалы  қағаздар нарығының айрықша тауары бағалы қағаздардың шығарылым және сатылым жағдайына келетін болсақ, соңғы 5 жыл ішінде мемлекеттік бағалы қағаздардың шығарылу көлемі мен  саны жайлы мәліметтер №3 кестеде берілген.

     Ал, мемлекеттік емес бағалы қағаздардың  шығарылымы мен көлемі келесідей:

     Кесте 3 – Қолданыстағы облигациялар мен акциялар шығарылымы

туралы деректер

  10.2005 10.2006. 10.2007 10.2008 10.2009 10.2010
Акциялар  шығарылымы саны 2550 2304 2325 2233 - -
Облигациялар  
Шығарылымдар  саны 146 216 277 335 387 387
Шығарылымдар  көлемі, млн. теңгемен 597632 875892 1392278 1901656 4935108 5860836

     Ескерту: ҚҚА-нің деректері негізінде автормен құрастырылған

     «-» - мәліметтер жоқ

      Сурет 12 - Қолданыстағы облигациялар шығарылымдарының саны мен көлемінің өзгеріс динамикасы

 

     

     Кесте 4 - Мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының көлемі және кірістілігі 

    оның  ішінде
  ҚҰБ-нің  қысқа   оның  ішінде
  мерзімді  ноттары   МЕАҚАМ МЕҚҚАМ МЕИҚАМ МҰИҚАМ МЕОҚАМ МЕҰҚАМ МЕҰЖҚАМ ҰЖО MAOҚAM МАӨҚО  
  Барлық МБҚ, млн.теңге Көлемі тиімді кірістілігі, % ҚР Қаржы Министрлігінің БҚ, барлығы, млн.теңге Көлемі тиімді кірістілігі, % көлемі тиімді кірістілігі, % көлемі тиімді кірістілігі, % Көлемі тиімді кірістілігі, % көлемі тиімді кірістілігі, % көлемі тиімді кірістілігі, % көлемі тиімді кірістілігі, % көлемі тиімді кірістілігі, % көлемі тиімді кірістілігі, % көлемі Муниципалдық  БҚ, млн.теңге
01.05   650 171 389 605 3,9 251 810 - - 21 185 4,88 2 154 4,64 - - 205 320 6,4 - - 22 190 0 - - - - 961 8 755
01.06   466 583 146 000 2,3 314 145 - - 34 000 2,94 935 4,15 - - 243 020 5,66 - - 36 190 0 - - - - - 6 438
01.07   1 236 457 838 558 4,91 393 206 - - - - 215 4,16 - - 244 044 5,54 41 834 4,99 107 113 0 - - - - - 4 693
01.08   729 309 190 790 6,31 535 126 - - 71 178 8,94 215 4,16 24 504 8,42 242 162 5,47 50 259 5,21 146 809 0 - - - - - 3 393
01.09   1 050 551 240 972 6,52 809 579 - - 177 826 6,9 - - 52 909 14,28 272 517 6,45 84 018 6,78 222 309 0 - - - - - -
01.10   2 002 586 681 021 2,23 1 321 565 - - 157 791 4,37 - - 52 909 14,28 428 757 6,92 290 783 7,54 381 752 0 - - 9 573 7,71 - -
10.10   2 631 233 950 695 1,28 1 680 538 - - 173 831 2,4 - - 52 909 14,28 476 179 5,99 470 339 6,65 497 752 0 - - 9 528 7,64 - -

     Ескеру: ҚР ҰБ-нің статистикалық материалы 

     12-суреттегі графиктен көріп отырғанымыздай Қор нарығына шығарылған мемлекеттік емес облигациялар көлемі мен саны 2005 жыл мен 2010 жыл аралығында айтарлықтай өскен. Мысалы,  шығарылымдар саны 146-дан 387-ге, ал көлемі 597632 млн теңгеден 5860836 млн теңгеге өскен. Мұндай жағдай , әрине бағалы қағаздар нарығының дамуын, сонымен қатар экономиканың дамуына үлесін көбірек қосып жатқанын білдіреді.

     2010 жылдың 1 қазанындағы деректер бойынша ҚР-ның корпоротивтік облигацияларының 75,4%-ы кәсіби емес инвесторлар үлесіне тиесілі. Институционалды инвесторлар-облигацияларды ұстаушылардың ҚР-ның аумағында шығарылған облигациялардың жалпы көлеміндегі үлесі 10,24%-ды құрайды, ал қалған үлес сауда ұйымдарына, ЕДБ-ға және өзге де қаржы ұйымдарына тиесілі. Мұндай жағдай отандық қор нарығының басты жетіспеушілігі болып отыр.

     Қазақстандағы қор нарығының жай-күйінің негізігі индикаторы болып – KASE қор биржасы  ұсынған ұйымдасқан нарығы болып  табылады.

     Ағымдағы  жылдағы бағалы қағаздардың KASE cауда-саттығына жіберілген қазақстандық эмитенттер туралы ақпарат төмендегі кестеде берілген.

     Кесте 4 – KASE сауда-саттығына жіберілген бағалы бағалы қағаздар 

        |Шығарылымдар

      саны

      Эмитенттер

      саны

      "Акциялар" секторы 98 72
      "Борыштық  бағалы қағаздар" секторы 255 81
      "Инвестициялық  қорлардың бағалы қағаздары"

      секторы

      2 2
      "Депозитарлық  қолхаттар" секторы 0 0
      "Халықаралық  қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы 1 1
      "Мемлекеттік  бағалы қағаздар" секторы 165 3
      "Туынды  бағалы қағаздар" секторы 0 0
      "Баламалы  алаң" 0 0

Информация о работе Қаржы жүйесі