Қаржы жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 20:56, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмысының өзектілігі қазір біздің елімізде қаржы нарығы енді-енді ғана қалыптасып келе жатқандығымен байланысты. Бұл үшін экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық себептер бар. Қазақстанның қаржы нарығының ары қарай дамуы мақсатында институционалдық құрылымға, шетелдерде танымал болған және кеңінен қолданылатын түрлі қаржылық құралдардың енгізілуіне, қаржы нарығының қызметін талдау әдістемесіне ерекше мән беру қажет. Сондықтан, Қазақстанның қаржы нарығының құрамдас бөліктері ретінде банктік қызметтер нарығы, бағалы қағаздар нарығы, зейнетақы нарығы мен сақтандыру нарықтарының қазіргі таңдағы даму деңгейі және болашақтағы перспективалары курстық жұмыстың зерттеу объектілері болып табылады.

Работа содержит 1 файл

курсовая Каржы нарыгы.docx

— 467.02 Кб (Скачать)

     Сақтандыруға  бақылау жүргізуші өкілетті мемлекеттік  орган ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттікреттеу және қадағалау агенттігі болып табылады. Оның сақтандыруды реттеп отыру саласындағы  негізгі міндеттері:

  • елде тұрақты сақтандыру жүйесін құрып, оған қолдау көрсету және ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрылымын орнықтыру;
  • сақтандыру нарығын реттеу, сақтандыру қызметін қадағалау;
  • сақтандырудың негізін заңды түрде бекіту, міндетті түрде сақтандыру түрлерін, республиканың сақтандырудыңхалықаралық жүйесіне қатысты қағидаларын белгілеу;
  • сақтандырушылардың, сақтандырылғандардың және пайда табушылардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау.

     Қаржы нарығындағы аса маңызды делдал — сақтандыру қомпаниясы Сақтандыру нарығында сақтандыру қорын қалыптас-тыру және қолдану процесі жүзеге асырылып, экономикалық қатынастар пайда болады, жеке, топтық және үжымдық қызығушылықтар (мүдделер) туады.

     Сақтандыру компаниясы — сақтандыру қорының қызмет етуінің тарихи анықталған қоғамдық формасы больш табылады. Нарықтық экономикаға өту, оның рөлін, үйымдық құрылымын және экономикалық қатынастар жүйесіндегі орнын анықтайды. Ол елдің шаруашылық өмірінің толық қүқылы субъектісіне айналады.

       Сақтандыру компаниясы — коммерциялық үйым. Ол өзінің қызметін лицензия негізінде сақтандыру келісімшарттарын жасау және орындау бойынша жүзеге асырады. Казақстанда сақтандыру үйымдары, олардың құрылтайшылары мен акционерлері заңды және жеке түлғалар, Қазақстан Республикасының резидент жөке резидент емес тұлғалары болып табылатын ак-ционерлік қоғам формасында қүрылады. Сақтандыру үйымы-ның қүрылтайшысы мемлекет те бола алады, бірақ ол тек Қазақстан Республикасының Үкіметі ретінде ғана болады. Сонымен қатар, жарғылық капиталының 50%-ынан астамы мемлекет меншігіндегі ұйымдар құрылтайшылар және акционерлер бола алмайды.

     Сақтандыру ұйымдары өз ресурстарын сақтандыру жарналары есебінен қалыптастырады және жинақталған қаражаттарды инвестициялық салымдарды жүзеге асыруға бағыттайды. Қазақстанда сақтандыру компанияларыньщ инвестициялық портфелінің әртараптандыруын шектеу бойынша нақты талаптар бар. Онда бағалы қагаздардың қандай түрлерінде салымдарға лимиттер бар екендігі көрсетілген.

       Сақгандыру компаниясына тән ерекшеліктердің бірі — қаражаттарды тартудың ерекше формасы — сақтандыру полисін сату. Олар алынған табысты біріншіден, басқа компаниялардың облигациялары мен акцияларына және мемлекеттік бағалы қағаздар-ына салады. Сонымен қатар олар мемлекет пен кәсіпорындарға ұзақ мерзімді несиелер береді.

     Қазақстан Республикасы аумағындағы сақтандыру ұйымдары «өмірді сақтандыру» және «жалпы сақтандыру» салалары бойынша лицензия негізінде жүмыс істейді. 1«Жалпы сақтандыру» саласындағы қызмет «өмірді сақтандыру» саласындағы қызметпен бірлесе жөне кездейсоқ жағдайлар мен ауруларды, медициналық сақтандыруды қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру формасында жүргізіле алмайды.

     Сақтандыру ұйымдары негізгі қызметтен өзге мынадай қызметтерді атқарады:

  • инвестициялық қызмет;
  • жинақтаушы сақтандыру келісімшартына сәйкес қарас-тырылған сома шегінде өзінің сақтанушыларына займдар беру;
  • сақтандыру үйымдарының қызметін автоматтандыру үшін ерекше бағдарламалық қамтамасыз етуді сату;
  • сақтандыру бойынша арнайы әдебиетгерді сату;
  • әзінің қажеттіліктері үшін алдын ала сатып алынған немесе сақтандыру келісімшартыиың қорытындысына байланысты өзінің иелігіне түскен мүлікті жалға беру немесе сату;
  • сақтандыру бойынша консалтинг;
  • сақтаңдыру немесе қайта сақтандыру салаларында білік-тілікті жоғарылату мақсатында оқытуды үйымдастыру және жүргізу;

     •   сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалы.

     Сақтандыру ұйымдарының қызметін қадағалауды Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық үйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі осы үйымдар үшін телем қабшеттілігі мен қаржылық тұрақтылық нормативтерінен түратын ируденциалдық нормативтерді бекіту жолымен жүзеге асырады. Сақтандыру үйымдарының жеке келісімшартіары бойынша максималды міндеттемелер көлемі қызмет етуші сақтандыру келісімшартгары бойынша ез міндеттемелерін орындаумен байланысты сақтаидыру тәлемдерін жүзеге асыру үшін ғана берілген меншік капиталы мен сақтандыру резервтері сомасының 10%-ынан аспауы керек.

     Сақтандыру үйымдары сақгандырушылар одақтары мен қауымдастықтарына біріктірілуі мүмкін. Қазақстан Республикасында әдістемелік жәие үйымдастыру акдараттарын беру, сақтандыру бойынша нормативтік және заңды актілер жобаларын дайындауға қатысу, сақтандыру қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылатуға арналған семинарлар мен курстар ұйымдастыру, сақтандырушылардың қаржылық түрақтылығын нығайту туралы үсыныстарын қүрастыру лсөне т.б. үшін, Сақтанушылар одағы құрылған. Казіргі уақытта Ресейде кептеген компаншшарды біріктіретін 50 кәсіби салалық одақтар мен  қауымдастықтар қызмет еткенде, Қазақстанда тек сақтандыру ұйымдарының бір ғана кәсіби одағы қызмет етеді. Олардың көбісі мамандандырылган, мысалы медициналық сала сақтандырушыларын ғана біріктіреді. Ел ауқымында сақтанушылардың мүд-делерін қорғайтын негізгі ұйым құрамында 350 сақтандыру компаниясы бар Бүкілресейлік сақтандырушылар одағы болып табылады.

     Қазақстанның сақтандыру үйымдары филиалдар, өкігідіктер және еншілес компаниялар құруы мүмкін.

     Қазақстанда 1992 жылы ҚР «Сақтандыру туралы» Заңы қабылданғаннан кейін, жарғылық капиталдың аз мөлшері мен салықтық жеңілдіктер, олардың қызметі үшін жағымды жағдай жасау мен сақтандыру ұйымдарын ашудың жеткілікті қысқартылган тәртібі — «сақтандыру дүмпуінің» пайда болуына себепші болды. Егер 1991 жылдың аягында бірнеше ғана компания тіркелген болса, 1994 жылдыц сөуір айында олардың саны 500-ден асты.

     Заңның жағымды әсері болғанына қарамастан, оның бірқатар кемшіліктері болды:

  • сақтандыру үйымдарына төмен деңгейлі талаптар қойьщцы;
  • негізгі қызметтен тыс кәсіпкерліктің басқа түрлерімен де айналысуға рүқсат берілді;
  • салықты реттеудегі кемшіліктер.

     1994 жылдың 19 сәуіріндегі «Сақтандыру нарығын дамыту және қалыптастыру бойынша ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар туралы» Президент Жарлығымен сақтандыру биз-несін мемлекеттік реттеу жүйесі енгізілген. Соған сәйкес сақтандыру компаниясының сақтандыру қызметін жүргізу күқығын алу үшін жарғылық капиталының көлемі 2 млн теңгеден кем болмауы керек. Бүдан басқа сақтандыру компанияларына қосымша қызметпен айналысуға тиым салынды. Осының нәтижесінде 1995 жылдың аяғында сақтандыру ұйымдарының саны 53-ке дейін кеміді.

     Ал  қазіргі таңда 2011 жылдың 1 ақпанындағы  деректер бойынша елімізді 38 сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары қызмет атқаруда.

 

     1.4 Зейнетақы нарығының қызмет етуі 

     Қазақстанның  заманауи зейнетақы жүйесі ҚР Үкіметі еліміздегі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі тұжырымдамасын мақұлдап және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы қабылданған 1997 жылдан бастап өз жұмысын бастады. Жаңа ереже ынтымақтастықты жүйеден ақырындап бас тарта отырып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізін құруға жасалды.

     Өткен жүз жылдық соңында зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері ерекше шиеленіс жағдайларында болды. Оған себеп  бір жағынан нарықтық экономика механизміне өту болса, екінші жағынан - өткен жүз жылдықтың 90 жылдарындағы Қазақстанға тән әлеуметтік-демографиялық фактор болды.

     Әрекет  еткен ынтымақтастықты зейнетақы  жүйенің шарттарында инфляцияның  жоғарғы өсу қарқыны және халық  арасындағы жұмыссыздық, ЖІӨ (жалпы  ішкі өнім) көлемінің төмендеуі, бюджеттік  тапшылық зейнетақы төлемі жөніндегі  қарыздардың пайда болуы мен  ұлғаюына себеп болды және тіпті әлеуметтік кепілдіктің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету мүмкін болмады. Сайып келгенде, халықтың ынтымақтастығына негізделген зейнетақымен қамсыздандырудың таратушы жүйесінің айқын тұрақсыздығы қалыптасты. Қажетті зейнетақы шығыстарын жеткілікті қаржыландырылмауымен байланысты мәселелерге демографиялық мәселелер қабаттасты. Осылардың бірқатары қазақстандықтардың орта өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы фонында халықтың жас құрылымы формасының өзгеруімен және туылудың қысқару нәтижесінде халықтың қартаю үрдісінің жеделдеуімен байланысты болды. Жұмыссыздар деңгейінің өсуі және бейресми және толық емес жұмыспен қамтылу еңбек нарығына келеңсіз ілгеру басушылыққа алып келді, осылардың салдарынан жарналары ынтымақтастықты зейнетақы жүйесінің қаржылық көзі болған халықтың бір бөлігі міндетті зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінен шығуына алып келді. Халықтың жұмыс істейтініне болжанған өсуді төмендету және зейнетақы жүктемесін шамадан тыс күшейту, жұмыскер және зейнеткер ретінде өмір сүру деңгейінің нашарлауын ескерту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің болашақта зейнетақы төлемдерін үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында, осы толғағы жеткен мәселелерді шешудің баламалы жолы ретінде зейнетақы жүйесін реформалау жүргізілді.

     Зейнетақы реформасының негізі етіп чилилік үлгі қабылданды. Чилидегі зейнетақы жүйесі таратып тұратын механизмді ұстамайды және қызметкердің жеке шотына қаражатты толықтай жинақтауға және жарналарды капиталдандырып отыруға негізделген. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне енуші әрбір адам дербес шот алып, онда оның зейнетақы жарналары аккумуляцияланып, оның мөлшері анықталып белгіленеді. Бұл қаражаттар жеке зейнетақы қорларында жиналып, салымшылар зейнетақы жасына жеткенше олар зейнет төлемдерінің көздеріне айналады. Чилилік жүйе негізінен басқа қазақстандық үлгі өзіндік ерекшелігін және басқа елдердің тәжірибесін бейімдеп қабылдады, сол себепті әлемдік тәжірибедегі ең табыстылардың бірі болып саналады.

     Қазақстан дербес зейнетақы аударымдары негізінде  зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесіне 1998 жылы жоспарлы түрде өткен  ТМД территориясындағы бірінші ел.

     Зейнетақы реформасын жүргізудің негізгі мақсаты  зейнетақы жарналарының дербестендірілген есебі арқылы экономикалық өсуді ескеріп, зейнетақымен еңбек салымын лайықтай отырып, қаржылық тұрақты және әділ жүйені оңынан тұрғызу.

     Сонымен қатар, жинақташы зейнетақы жүйесі бірқатар мәселелерді шешуге арқау болды:

     әлеуметтік  кернеулікті жеңілдету, зейнетақы  төлеу ауыртпалығынан бюджетті ақырындап  босату, азаматтарда көп және ашық табыс табу құштарлығының көрінуіне септігін тигізу.

     Зейнетақы реформасының нәтижесінде болшақ зейнетақылар сақталып арта түсетін болды, ал экономика  тағы бір институционалдық инвестор – зейнетақы қорларын алмақ.

     Жинақтаушы  зейнетақы жүйесінің негізгі  даму белестері:

     1997 жыл: 

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру  туралы ұжырымдамасы әзірленіп бекітілді.

     Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  зейнетақымен қамсыздандыру туралы»  Заңы күшіне енді.

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысы қабылданды. ГНПФ ерекше стратегиялық рөлін мыналарға арнады: ЖЗЖ дамуын ынталандыру, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне халықты барынша тартылуын қамтамасыз ету және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің базасын қалыптастыру, халық тарапынан жаңа зейнетақы жүйесіне деген сенімді қалыптастыру, зейнетақы нарығының негізін және бәсекелес ортаны қалыптастыру.

     1998 жыл: 

     Жинақтаушы  зейнетақы жүйесін бастау және зейнетақы  нарығының инфрақұрылымын құру.

     19 қаңтар Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі тарихына ГНПФ алғашқы зейнетақы жарнасы түсті.

     1998-2002 жылдар:

     ГНПФ  «Жанама қор» жүйесіндегі қызметтерді  жүзеге асырды: егер қызметкер басқа зейнетақы қорын таңдамаса және онымен шарт жасамаса міндетті зейнетақы жарналары жұмыс берушімен ГНПФ аударылады.

     1999 жыл: 

     ГНПФ  жинақтаушы зейнетақы жүйесі тарихындағы  зейнетақы қорлар арасында зейнетақы  активтерін дербес басқаруға алғашқы болып лицензия алды.

     2003-2004 жылдар:

     Зейнетақы төлемдеріне құқық алу сәтінде  инфляция деңгейін есепке ала отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы  жарналар мөлшерінде салымшыларға мемлекеттік кепідік беру.

     Зейнетақы төлемдерінің кестесі анықталды  және сақтандыру ұйымдары арқылы зейнетақы  алу мүмкіндігі құрылды;

     Жинақтаушы  зейнетақы қорларының сыйақы мөлшері  және құрылымы өзгерді;

     Міндетті  жинақтаушы жарналарының төлемдері  жөніндегі агенттердің жауапкершіктері  күшейтілді;

     Ерікті  кәсіби зейнетақы жарналары енгізілді;

     Жинақтаушы  зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленіп қабылданды.

     2006 жыл: 

     «Мемлекеттік  зейнетақы төлеу орталығы» РМКК базасында жинақтаушы зейнетақы  жүйесіндегі төлемдерді оңтайландыру мақсатында дара есеп орталығы құрылды.

     Зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаратын ұйымдардың, салымшылардың жинақ ақшаларының  атаулы кірістілігін қорғау жөнінде соттан тыс жауапкершілік белгіленді.

     Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы арқылы салымшылар мен зейнетақы қорлары  арасында зейнетақы жинақ ақшаларын аударуды жүзеге асыру

     2007 жыл: 

     Қазақстанның  жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 10 жылдығына  арналған «Қазақстанның зейнетақы  нарығы – жүйелі реформаға 10 жыл» халықаралық конференциясы ГНПФ бастамасы бойынша ұйымдастырылып өткізілді.

Информация о работе Қаржы жүйесі