Қаржы жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 20:56, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмысының өзектілігі қазір біздің елімізде қаржы нарығы енді-енді ғана қалыптасып келе жатқандығымен байланысты. Бұл үшін экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық себептер бар. Қазақстанның қаржы нарығының ары қарай дамуы мақсатында институционалдық құрылымға, шетелдерде танымал болған және кеңінен қолданылатын түрлі қаржылық құралдардың енгізілуіне, қаржы нарығының қызметін талдау әдістемесіне ерекше мән беру қажет. Сондықтан, Қазақстанның қаржы нарығының құрамдас бөліктері ретінде банктік қызметтер нарығы, бағалы қағаздар нарығы, зейнетақы нарығы мен сақтандыру нарықтарының қазіргі таңдағы даму деңгейі және болашақтағы перспективалары курстық жұмыстың зерттеу объектілері болып табылады.

Работа содержит 1 файл

курсовая Каржы нарыгы.docx

— 467.02 Кб (Скачать)

     Жоғарыда атап көрсетілген ҚҚА-нің миссиясы мен болашақты пайымдауы. Менің ойымша, Агенттіктің дәл осылайша алдына мақсат, қойып, болашақты пайымдауынан елдің экономикасының тұрақты дамып келе жатқанын және болашақты нық сеніммен болжай алатынымызды байқауға болады. Бұл, әрине, Агенттіктің дұрыс бағытта қызмет атқарғандығының нәтижесі. Агенттіктің осындай қызметтерінің нақты дәлелі ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау агенттігінің 2010-2014, 2011-2015 жылдарға арналған  стратегиялық жоспарларын, Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың  2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын айтуға болады. Бұл тұжырымдамалар негізінде ұлттық қаржы нарығын дамытудың стратегиялық бағыттары көрсетіліп отыр.

     Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау агенттігінің 2011-2015 жылдарға арналған  стратегиялық жоспары бойынша 5 стратегиялық бағыт бар. Олардың әрқайсысы қаржы нарығының әр секторын қамтиды.

     1-стратегиялық бағыт. Институционалдық нағаю мен даму арқылы халықаралық стандарттарға сəйкес қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалаудың тиімділігін арттыру

     2-стратегиялық бағыт. Банк секторының қаржылық тұрақтылығын жəне бəсекелестік қабілеттілігін нығайту, реттеу мен қадағалау жүйесін жалпы əлемдік қадағалау стандарттарына жақындату

     3-стратегиялық  бағыт.  Сақтандыру  нарығының  дамуы  жəне  ең  озық  халықаралық  тəжірибенің  негізінде сақтандыру қадағалауды жетілдіру

     4-стратегиялық бағыт. Бағалы қағаздар нарығын дамыту

     5-стратегиялық бағыт. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту

     2011-2015 жылдарға арналған жоспарларда Агенттікті институционалды күшейту аясында Агенттіктің құрылымын жəне еңбектің соңғы нəтижесіне бағытталған қызметкерлерді уəждеу жүйесін əрі қарай жетілдіру көзделеді. Бұл ретте, Агенттіктің  кадр  саясатының  негізгі  бағыты  қызметкерлерді  қайта  дайындау  жəне  біліктілігін  арттыру  жəне  уəждеу арқылы қадағалау органының кадр құрамының кəсіби деңгейін көтеру болып қалады. 

     Бизнес  үдерістерді  оңтайландыру  жəне  Агенттіктің  қызметінде  ақпараттық  технологияларды  қолдану  деңгейін көтеру (бизнес-үдерістерді оңтайландыру) жөніндегі міндеттерді  іске асыру мақсатында 2015 жылға дейін мемлекеттік қызметтерді  автоматтандыру  бойынша  жұмыс  жүргізілетін  болады.  Агенттік  əкімшілік  тосқауылдарды  төмендету бойынша жүргізілетін жұмыс аясында жеке жəне заңды тұлғаларға көрсетілетін Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне енгізілген  қызмет  көрсетулер  тізбесін  жасады. Мемлекеттік  қызмет  көрсету,  оның  ішінде  электронды  түрде  көрсету стандарттарды, регламенттерді əзірлеу жəне қызметін бағалау жөніндегі жұмыстар жалғастырылады.

     Стратегиялық жоспарлар көмегімен қаржы нарығының осал тұстары мен оларды жетілдіру жолдары ғана көрсетілмей қаржы секторының болашақтағы даму деңгейі де көрсетілген. Соған мысал ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау агенттігінің 2010-2014 жылдарға арналған  стратегиялық жоспарларындағы қаржы нарығының функционалдық мүмкіндіктерін көрсетуге болады.

     Агенттіктің қызметін жетілдіру тиімді қамтамасыз ету мақсатында мынадай ұйымдық құрылым бекітілді:

 

     Еліміздің қаржы нарығының жетер белестері мен мүмкіндіктеріне келетін болсақ, Қазақстан сияқты елі де, жері бай, экономикасы тұрақты даму үстіндегі елге, әсіресе, қаржы нарығының болашағы жоқ деп айта алмаймыз. Егер осындай мүмкіндік дұрыс пайдалана біліп, яғни қаржылық жоспарлауды дұрыс жүзеге асыра білсек экономикасы алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарынан көрінуімізге зор мүмкіндік бар.

     Қаржы нарығының жекелей секторларына келетін болсақ, депозит және несие нарықтарында банк клиенттеріне де, банктерге де тиімді шарттар жасауға және халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында шағын несиелендіру жүйесін дамытудың, бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздардың айналысын арттырып, сол арқылы ел экономикасын көтерудің, сақтандыру нарығында шетел тәжірибесін пайдаланып, елдің сақтандыру және зейнетақы жүйесін қанағаттанарлықтай деңгейге жеткізіп, қаржыландырудың бір көзі ретінде қалыптастырудың мүмкіндіктері бар.

     Сонымен қатар, ҚҚА-нің статистикалық мәліметтеріне сүйене отырып, елемізідің қаржы нарығының келер 5 жылға болжам жасалынған.

     Мысалы, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігін институционалды дамыту арқылы реттеу мен қадағалау жүйесін  күшейту мақсаты бойынша, тұрақты кадрлар санын алдағы 5 жыл ішінде жыл сайын 20%-ға арттырып отыру, ақпараттық технологияларды пайдалану деңгейін жыл сайын 6,5-9%-ға арттырып отыру, басқару қызметінде гендерлік теңдік деңгейін 5 жыл көлемінде 35%-ға дейін көтеру, дағдарыстық жағдайларды болдырмауға ықпалын тигізетін тəуекелдерді бағалау негізіндегі банктердің қаржылық тұрақтылығына толыққанды мониторингке негізделген қадағалау үдерісін жетілдіру мақсаты бойынша депозиттердің ЖІӨ-ге қатынасы 35%-дан кем емес болуына, пайыздық ставка спрэді 11%-дан кем емес болуын, ЖІӨ-де сақтандыру сыйақыларының үлесінің жыл сайын арттыру (0,69-0,83), Жиынтық сақтандыру сыйлықақыларындағы «өмірді сақтандыру» саласы бойынша жинақталған сақтандыру сыйлықақылардың үлесі жыл сайын 8,6%-дан 10,6% аралығында арттырудың және тағы басқа да көптеген мүмкіндіктер жетерлік.

     Егер ел экономикасы осындай нақты қадамдармен дами берер болса,  қаржы нарығыныдағы жағдай жоспарланғандағыдай, тіпті одан да асып түсетініне сенеміз және ұлттық қаржы нарығының перспективалары зор екеніне нық сенеміз.

 

     ҚОРЫТЫНДЫ 

     Дамыған қаржы нарығы – кез келген мемлекеттің, оның ішінде Қазақстанның да ұлттық экономикалық жүйесінің элементі. Сонымен бірге  ол нарықтық механизмнің аса маңызды  құрылымдық элементі болйп табылады.

     Экономикасы дамыған елдерде қаржы нарығы субьектілерінің алатын орны ерекше. Себебі, тарихи маманданған несие-қаржы  институттарының алғашқы мекемелері қарыз капиталы нарығындағы кейбір сұрыптардың қанағаттандыру мақсатында пайда болды. Маманданған қаржы-несие  институттары (немесе оларды парабанктік  мекеме деп атайды) не белгілі бір  клиенттерге қызмет түрін көрсетеді  немесе бір-екі қызмет түрін меңгереді. Ол мекемелер бір жағынан клиенттердің несие-есеп операцияларын жүргізіп, Орталық банктің талаптарын орындаса, екінші жағынан қаржы, сақтандыру, инвестициялық  және сондай операциялар орындаумен сол салалардың бақылауымен қызмет жасайды. Олар әртүрлі маманданған  қаржы институттарының жиынтығы несие жинақтау мекемелері инвестициялық  қорлар немесе компаниялар, зейнетақы  қорлары, сақтандыру компаниялары, мекемелердегі  өзара көмек кассалары, ломбардтар және тағы басқа.

     Кез келген мемлекеттің қаржы нарығының даму деңгейі, менің ойымша, сол елдің нарықтық экономикада қаншалықты тұрақтап тұра алатыны көрсетеді. Елдің қаржы нарығы қаншалықты дамыған деңгейде болса, со ел соншалықты сенімділікпен нарықтық экономиканың соқпақтарына төтеп бере отырып, сол нарықта өмір сүре алады.

     Жалпы қорытындылайтын болсақ, курстық  жұмыстың бірінші бөлімі толығымен  Қзақстанның қаржы нарығының  құрамдас бөліктеріне, соның ішінде ақша нарығы, валюта нарығы, қор нарығы, сақтандыру нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру нарығына арналып, әрбір  нарықтың құрылымы мен ерекшеліктеріне  көңіл бөлінген.

     Курстық жұмыстың екінші бөлімінде бірінші  бөлімде қарастырылған әрбір  нарықтың соңғы жылдар ішіндегі жағдайы  кестелер мен диаграммалар түрінде  көрсетіліп, талдау жүргізілген.

     Үшінші  бөлім – бұл курстық жұмыстың ең негізгі, қорытындылаушы бөлім. Мұнда  ұлттық қаржы нарығының негізі ретіндегі қор нарығының өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары көрсетілген, АӨҚО-ын халықаралық қаржы орталығы ретінде қарастырылып статистикалық мәліметтерге сүйене отырып еліміздің қаржы нарығының даму перспективадары қарастырылған. 
 
 
 
 
 

     ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

  1.  «Қазақстан  Республикасының қаржы секторын  дамытудың  2007-2011 жылдарға арналған  тұжырымдамасы туралы»  Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы  25 желтоқсандағы  № 1284 Қаулысы
  2. 2007-2010 жылдарға арналған Алматы өңірлік қаржы орталығын дамыту бағдарламасы АӨҚО ҚРА 8 желтоқсан 2006жылы №68 бұйрығы.
  3. www.afn.kz, www.afn.gov.kz
  4. www.gov.kz
  5. www.kase.kz
  6. www.natonalbank.kz
  7. www.gnpf.kz
  8. www.dmk.kz
  9. www.egemen.kz
  10. www.kt.kz
  11. www.rfca.gov.kz, АӨҚО ҚРА жаңалықтары.
  12. www.thenews.kz
  13. Алматы как региональный финансовый центр подготовлено для Центра маркетинговых и аналитичечских исследований (ЦМАИ) / The Boston Consulting Group (Moscow) Ltd. Россия. – Москва, 2005. -20 апреля.
  14. Әліпбеков Н., Ералы Ж., Дәулетова Р. К., Молдабекова Г. Бизнесті ұйымдастыру: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2008. – 328 бет.
  15. Искаков Ұ. М., Бохаев Д. Т., Рузиева Э. А. Қаржы нарығы және делдалдары: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2008. – 296 бет.
  16. Көшенова Б. А. Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. – Алматы: 2007. – 374 бет.
  17. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ  ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы туралы
  18. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне  қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің  2010-2014 жылдарға арналған  СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ
  19. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне  қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің  2011-2015 жылдарға арналған  СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ
  20. Қаржы, ақша айналымы және несие [Мәтін]: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2008. – 462 бет.
  21. Мұқашева А. М., Оразғалиева А. Қ., Зарипова А. Н. Қаржы бойынша практикум: Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2008. – 216 бет.
  22. Оразбекұлы Б. Бағалы қағаздардың инвестициялық қасиеттерін рейтингтік бағалау//Саясат, 2009.-№10. 4-7бет
  23. Тұсаева А. Қ. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығы және оның үлгілері//Аль-Пари, 2007.-№1. 109 бет
  24. Бохаев Д. Қаржы нарығының экономикалық мәні мен құрылымы [Мәтін] / Бохаев Д.// Экономика негіздері =Основы экономики – 2008. - №1. 5-9 б.
  25. Қаржы [Мәтін] : жоғары оқу орындарына арналған оқулық / Құлпыбаев С. - Алматы : [LEM], 2007. - 668 б.
  26. Ұлттық экономика [Мәтін] : оқулық / ред. Қ. Ө. Өмірғалиева . - Алматы : Экономика, 2010. - 528 б.
  27. Қаржы [Мәтін] : оқулық / С. Құлпыбаев, С. Ж. Ынтықбаева, В. Д. Мельников. - Алматы : Экономика, 2010. - 522 б.
  28. Қаржы негіздері [Мәтін] : жоғары оқу орындарына арналған оқулық / С. Құлпыбаев, В. Д. Мельников. - Алматы : LEM, 2009.
  29. Қаржы, ақша айналысы және несие [Мәтін] : оқу құралы. - Алматы : Экономика, 2008. - 462 б.
  30. Баймұратов,О. Қазақстан қаржы нарығы [Мәтін] : оқу құралы / О. Баймұратов. – 2007. – 296 б.

Информация о работе Қаржы жүйесі