Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 18:59, дипломная работа
Қазақстан Республикасы үлкен мүмкіншіліктер мен ауқымды экономикалық өзгерістер кезеңінде тұр. Бірақ экономикалық өсудің жоғарғы қарқынына жету саяси тұрақтылықты, мықты және мақсатты реформаларды қажет етеді.
Осындай маңызды реформалардың бірі – зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің реформасы. 1998 жылы Қазақстан ТМД аймағындағы зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесіне жоспарлы түрде көшуді бастаған алғашқы ел болғаны белгілі. Қазіргі күні Қазақстанда “ынтымақтастық” (қазіргі зейнеткерлер мен 1998 жылдың 1 қаңтарында 6 айдан кем емес еңбек жолын өткен адамдарға арналған) және “жинақтаушы” (1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап жинақтаушы зейнетақы қорларына өз еңбекақысынан 10% міндетті зейнетақы жарналарын аудара бастаған адамдарға арналған) зейнетақы жүйелері қызмет етеді.
Бұл проблеманың алдын алудың бірнеше жолдары бар. Біріншіден, зейнетақы активтерін сақтандыру мәселесін шешу керек. Екіншіден, құнды қағаздардың тәуекелділік мәселесін қатаң ескере отырып зейнетақылық активтерді орналастыру нормативтерін кеңейтіп, жаңа қаржы құралдарына қаржы салуға рұқсат беру қажет. Сондай-ақ, Қазақстандық қор биржасының “А” литингіне жататын акциялардың, “көгілдір фишкалардың”, корпоративті құнды қағаздардың санын арттыру мақсатында кәсіпорындарды жалпы ынталандыру қажет, сәйкес экономикалық жағдайлар жасау керек.
Келесі проблема жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын уақытында немесе мүлдем төлемеу жағдайы болып отыр. Жұмыс берушілер бұны қаражаттың жетіспеушілігімен түсіндіріп, жалған мәліметтер беруде. Егер жұмыс беруші жұмыскерге еңбекақы төлемей отырса, бұл оны жинақтаушы зейнетақы қорына оның еңбек ақысынан ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарын қорға аудару міндетінен босатпайды.
Заңға сәйкес жасалған келісім-шарт бойынша жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын аудармаған әрбір күн үшін (еңбекақының белгілі бір бөлігі жұмысшыға төленген жағдайда) кінәлі жақ, бұл арада жұмыс беруші, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру ставкасының 1,2 мөлшерінде айып төлейді.
Көптеген кәсіпорындар
міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге
қажетті қаржыларды өздері қосымша
айналысқа жіберіп пайда
Қалыптасқан жағдайды өзгерту үшін міндетті зейнетақы жарналарын кеш төлегені үшін айып мөлшерін көбейту қажет. Сондай-ақ, міндетті жарналардың және айыптардың төленуін қадағалауды күшейтіп, салық органдары мен жинақтаушы зейнетақы қорларына қосымша құзіреттер беру керек.
Бұдан басқа да, әлі шешуді қажет ететін бірқатар проблемалар бар:
3.2. Жинақтаушы
зейнетақы жүйесінің
Жинақтаушы
зейнетақы жүйесінің дұрыс
Біріншіден, зейнетақымен
қамсыздандыру жүйесін
Екіншіден, зейнетақы
жүйесінің реформасы
Үшіншіден, толығымен қаржыландырылатын жекеменшік зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі өзінің инвестициялық потенциялымен капитал нарығы мен үзақ мерзімді құнды қағаздар нарығының дамуына ықпал жасайды. Бұл капиталды инвестициялаумен байланысты шығындарды төмендетіп, қолда бар қаржы құралдарының айналыс мерзімін ұлғайтады.
Төртіншіден, тұрақты жарналар мен жеке есеп шотын ашуға негізделген толығымен қаржыландырылатын зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі халықты банктер мен қорларда жеке жинақ шоттарын ашып, қаржы жинауға ынталандырады. Нәтижесінде ерікті зейнетақы салымшылары көбейіп, қосымша ұзақ мерзімді инвестициялық капитал пайда болады.
Міндетті зейнетақы жарналарынан басқа, сіздің ерікті зейнетақы жарналарын аударуға құқығыңыз бар. Сіз оларды өзіңіз сала аласыз, немесе, оны сіздің жұмыс берушіңіздің сіздің атыңыздан салуына болады. Ерікті зейнетақы жарналары - салық салу тұрғысынан алғанда, ақша жинаудың өте тиімді жолы. Себебі, ерікті зейнетақы жарналары бойынша Қазақстан Республикасының салық заңдарында жеңілдіктер қарастырылған. Егер жұмыс берушіңіз сіздің ерікті зейнетақы жарналарыңызды аударатын болса, онда ол 20 ең төмен мөлшердегі есеп көрсеткішінен аспайтын жарна сомасына табыс салығынан босатылады. Егер ерікті зейнетақы жарналарын өзіңіз аударатын болсаңыз, онда 10 ең төмен мөлшердегі есеп көрсеткішінен аспайтын сіздің жарнаңызға табыс салығы салынбайды.
Ерікті жарна аударуды неғұрлым ерте бастаса, үлкен инвестициялық табыс әкелетін ақша айналымының арқасында, жеке зейнетақы есеп-шотында соғұрлым көп қаржы жиналатын болады.
Міндетті зейнетақы жарналарына қарағанда ерікті зейнетақы жарналарын бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға болады. Ерікті зейнетақы қорларының көлемі шектелмеген.
1999 жылдың 15 наурызына
дейін жұмыс берушілер
Міндетті зейнетақы жарналарын еңбекақы қорынан аудару жағдайында "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңының қүқықтық концепциясына қайшы келетін. Заңның әр бабында әрбір жұмыс істеуші, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз зейнетақысын міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын төлеу арқылы жинауы қажет делінген. Сөйте түра, 15 наурызға дейін жұмыс беруші өз қызметқерлерінің міндетті зейнетақы жарналарын аударатын бірден-бір төлеуші болды. Сондықтан осы зейнетақы жинақтарының иесі де жұмыс беруші болды.
Қазіргі уақытта бұл сәйкессіздік жойылды, енді зейнетақы жарналары қызметкердің еңбекақысынан алынады, сондықтан зейнетақы жарналары қызметкердің қаржысынан төленетін болғандықтан зейнетақы жинақтарының иесі де қызметкер болып табылады.
1999 жылдың 5 сәуірінде
"Зейнетақымен қамсыздандыру
туралы" Қазақстан Республикасы
заңының 4-бабына енгізілген
Сөйтіп 1999 жылдың 1 шілдесінен 2000 жылдың І шілдесіне дейін міндетті зейнетақы жарналарын занда көрсетілген зейнеткерлік жасқа жетпеген, жұмыс істейтін зейнеткерлер төлейді. 1997 Жылдың 1 шілдесінен зейнетақы жасы біркелкі өсіп, 1999 жылдың 1 шілдесінде ерлер үшін 62 жас және әйелдер үшін 57 жас болды. 2000 жылдың 1 шілдесінен 2001 жылдың 30 маусымына дейін зейнетақы жасы ерлер үшін 62,5 жасты және әйелдер үшін 57,5 жасты құрайды. Ал, 2001 жылдың 1 шілдесінен әрі қарай, ерлер үшін 63 жас және әйелдер үшін 58 жас болады. Қазақстанда зейнеткерлік жасы әлем елдерімен салыстырғанда төмен, оның себебі, елдегі салыстырмалы түрде нашар демографиялық және экономикалық жағдай. (Қосымша № 1)
Ескі жүйе бойынша, қызметкерлердің бірқатар категорияларына зейнетақымен толық қамсыздандыруға тағайындалған зейнеткерлік жастан ерте шығуға рұқсат берілген болатын.
Мамандардың жүргізген есептеулерінің нәтижесінде, егер бір салымшының жалақысы 10 мың теңге және орташа жылдық табыс 10 % болса, және ол 20 жасында қызметете бастап, 40 жыл бойы, яғни зейнеткерлік 63 жасқа дейін міндетті зейнетақы жарналарын аударған болса, онда оның зейнетақы жинағының өсімі 5.550.000 теңге құрайды екен. Оның ішінде 5.020.000 теңгесі инвестициялық табыс, ал тек 480.000 теңгесі таза зейнетақы жарналарын құраған. Сондай-ақ, бұл жинақтар салымшы зейнеткерлікке шықаннан кейін 10 жылға шаққанда айына 70.811 теңгеден, ал 20 жылға 51.107 теңгеден зейнетақы алатын болады екен. (Қосымша № 10)
Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне салымшылардың жинақтарын қорғайтын, жүйенің сенімділігіне кепілдік беретін және заңға сәйкестендірілген тетіктері енгізілді.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қорғау тетігінің бірінші сатысы болып, мемлекеттің оның жұмысын қатаң қадағалауы болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметі жинақтаушы зейнетақы жүйесін қадағалаудың бірнеше институттарын (ұйымдарын) белгіледі.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының жұмысын реттеуші комитеті - рұқсатхаттар (лицензия) беруді және зейнетақы қорлары қызметін қадағалауды жүзеге асырады. Зейнетақы қорлары заңға сәйкес келмейтін іс-әрекет жасаса, қордың рұқсатхатының күшін тоқтуына немесе рұқсатхатты кері шақыртып алуына болады.
Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия зейнетақы активтерін инвестициялық басқарушы ұйымға рұқсатхат береді және жұмысын бақылайды, сонымен қатар, комиссия банк-кастодиандардың да қызметін бақылайды.
2002 жылдан бастап бұл екі ұйымның құзіреті ҚР Ұлттық банкіне беріліп, сәйкесінше жинақтаушы зейнетақы қорларының жұмысын реттеуші департаменті және бағалы қағаздар жөніндегі департаменті ашылды.
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (ЗТМО) жарналардың жиналуына және олардың тиісті зейнетақы қорларына таратылуына, сонымен бірге, әр қызметкерге Әлеуметтік жеке код тағайындауға жауапты. ЗТМО, сонымен қатар, қазіргі және болашақ зейнеткерлерге зейнетақы тағайындайды және төлейді.
Рұқсатхат алу шарттары айтарлықтай қатал. Атап өте кететін жайт, қор банкротқа үшыраса, немесе, ол жойылса, зейнетақы активтері қордың қарызын жабуға жұмсалмайды, басқа қорға ауыстырылады, одан салымшылар оларды өздері қалаған қорға ауыстыра алады.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қорғау тетігінің екінші сатысы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқарушы ұйымның және банк-кастодианның заңдандырылған құқықтық тәуелсіздігі болып табылады, ол сіздің зейнетақы жинақтарыңыздың сіз зейнетақы жасына жеткенше сақталуын қамтамасыз ету үшін арнайы енгізілген, салымшылардың зейнетақы жинақтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, жинақтаушы зейнетақы қоры, ЗАБҰ және банк-кастодиан банкротқа ұшыраған жағдайда атқарылатын шаралар заңмен қарастырылған.
"Қазақстан
Республикасында зейнетақымен
Жинақтаушы зейнетақы қоры басқа жинақтаушы зейнетақы қорына қосылу жолымен қайта құрылатын болса, салымшыларға өз жарналарын өздерінің қалаулары бойынша кез-келген қорға аудару құқығы беріледі. Егер салымшы белгіленген уақыт ішінде қорды өзі таңдай алмаса, онда оның жинақтары қосып алушы қорға аударылады.
Жинақтаушы зейнетақы қоры жойылатын болса, онда да әрбір салымшыға өздерінің қалауы бойынша, салымдарын кез-келген қорға салу құқығы беріледі. Егер салымшы белгіленген уақытта өз таңдауын жасай алмаса, онда оның барлық жинақтары Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады. Дегенмен, одан кейінгі жинақтаушы зейнетақы қорын тандау қүқығы салымшының өз еркінде болады.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесін қорғау тетігінің үшінші сатысы, Мемлекеттің зейнетақы жинақтарын салынуы мүмкін қаржы құралдарының тізімін (құнды қағаздардың, акциялардың, облигациялардың) қатаң түрде белгілеуінде болып табылады. Олардың ішінде тек ең сенімділері мен тәуекелі ең аздары ғана бар.
"Қазақстан
Республикасында зейнетақымен
Информация о работе Зейнетақымен қамсыздандыру халықты әлеуметтік қорғаудың элементі ретінде