Зейнетақымен қамсыздандыру халықты әлеуметтік қорғаудың элементі ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 18:59, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы үлкен мүмкіншіліктер мен ауқымды экономикалық өзгерістер кезеңінде тұр. Бірақ экономикалық өсудің жоғарғы қарқынына жету саяси тұрақтылықты, мықты және мақсатты реформаларды қажет етеді.
Осындай маңызды реформалардың бірі – зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің реформасы. 1998 жылы Қазақстан ТМД аймағындағы зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесіне жоспарлы түрде көшуді бастаған алғашқы ел болғаны белгілі. Қазіргі күні Қазақстанда “ынтымақтастық” (қазіргі зейнеткерлер мен 1998 жылдың 1 қаңтарында 6 айдан кем емес еңбек жолын өткен адамдарға арналған) және “жинақтаушы” (1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап жинақтаушы зейнетақы қорларына өз еңбекақысынан 10% міндетті зейнетақы жарналарын аудара бастаған адамдарға арналған) зейнетақы жүйелері қызмет етеді.

Работа содержит 1 файл

ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ.doc

— 669.50 Кб (Скачать)

Өз  зейнетақыңызды жай банкте емес, зейнетақы қорында жинаған неліктен дүрыс? – деген сұрақ туындауы мүмкін. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі салымшылардың жинақтары тәуекелге ұрынбайтындай етіліп ойластырылып жасалған, бұны мемлекеттік органдар қатаң бақылап отырады. Ал, банк есеп-шотындағы қаржылар анағұрлым беймарал, мүмкін, табысы көбірек болып инвестицияға түсуі мүмкін, бірақ оның тәуекелі де үлкен. Одан бөлек, банктегі есеп-шотты өз қалауыңыз бойынша жойып жіберуге болады, ал сіздің жеке зейнетақы есеп-шотындағы қаржылар, заңға сәйкес, тек мына мақсаттарға пайдаланылуы мүмкін:

  • Қаржы құралдарына орналастыруға;
  • Заңдарға сәйкес, зейнетақы жасына жеткенде сізге зейнетақы төлеуді жүзеге асыруға;
  • Зейнетақы жинақтарын өз қалауыңыз бойынша басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға;
  • Қате есептелінген зейнетақы жарналарын және басқа да қате салынған ақшаларды қайтаруға;
  • Бұл сіздің зейнетақы қорыңыздағы жинақтарыңызды мезгілінен бұрын жаратпауыңызға және жасыңыз келгенде күн көріс қаражатынсыз қалмауыңызға кепілдік береді.

Қазір зейнетақы жүйесін ары қарай дамыту жөнінде біршама қозғалыстар бар деуге болады. Әлемдік Банктің зейнетақы реформасын қолдау бағдарламасы жөнінде Ведомствоаралық Кеңес құрылған. Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту Концепциясын жасау жөніндегі арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына Зейнетақы Қорларының Ассоциясы кірген.6 Осы жаңа ұйымдардың қатысуымен 2003 жылының 1 қаңтарынан бастап күшіне енген "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңына толықтырулар мен өзгертулер қабылданды.

 

“ҰларҮміт”  ЖЗҚ-ның 2005-2008 жылдарға арналған бағдарламасы.

Қор алдағы жылдары көрсетілетін қызметтер  көлемін және салымшыларға қызмет көрсету  сапасын арттыруды көздеп отыр.

Зейнетақы қорлары  арасындағы қатал бәсекелестік жағдайында жаңа салымшыларды тарту, Қор тарапынан жаңа тартымды жағдайлар жасауды, зейнетақы нарығында жаңа қызмет түрлерін пайдалануды талап етеді. Қазір қалыптасқан жағдайда салымшыларды басқа бір қордан «тартып алу» саясатын сәтті қолдану үшін қордың айтарлықтай артықшылықтары болуы керек.

Кесте №9

Қордың  негізгі көрсеткіштерінің 2005-2008 жылдарға жобалары*

 

2007 жыл

 

I кв.

II кв.

III кв.

IV кв.

Таза зейнетақы  жарналарының динамикасы

3 379,84

3 445,76

3 502,78

3 555,42

Зейнетақы жинақтарының динамикасы

48 558

52 017

55 537

59 110

Салымшылар  динамикасы

818 977

838 993

859 009

879 025

         
 

2008 жыл

 

I кв.

II кв.

III кв.

IV кв.

Таза зейнетақы  жарналарының динамикасы

3 604,77

3 651,14

3 695,17

3 737,29

Зейнетақы жинақтарының динамикасы

62 735

66 407

70 125

73 885

Салымшылар  динамикасы

899 041

919 057

939 073

959 089


*2008 жылға арналған «ҰларҮміт» ЖЗҚ-ның жылдық есеп беруі

 

 

Диаграммада зейнетақы активтерінің 2009 жылға жоспарланған өсу динамикасы көрсетілген.


*2008 жылға арналған «ҰларҮміт» ЖЗҚ-ның жылдық есеп беруі

 

Қорды аймақтық тұрғыдан дамыту үшін ең перспективті деген  аудандарда агенттік пункттер қатарын  ашуды жоспарауда. Алыс аймақтарда салымшыларға қызмет көрсететін менеджерлерді  толық және тез қызмет көрсете  алуы мақсатында қалталы компьютерлермен  қамтамасыз ету көзделген. 2003 жылы 60 жұмыс станциялары, 40 көшірмелеу аппараттарын және тағы басқа оргтехника алынбақшы.

Интернет технологияларын  пайдалану аясында, кәсіпорын бугхалтерлеріне  төленген міндетті зейнетақы жарналары  жөнінде мәліметтерді www.ularumit.kz веб-сайтынан алу мүмкіншілігі еңізілген. Сондай-ақ, 2003 жылы салымшылардың жеке зейнетақы шоттары туралы ақпаратты WAP – протокол (Интернет) жүесі арқылы, ұялы телефондарға жіберу тәжірибесін қолдану жоспарланған.

2003 жылының 1 қаңтарынан бастап күшіне  енген "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңына толықтырулар мен өзгертулерге сәйкес, зейнетақы қорлары инвестициялық саясатын өздері жүргізуге құқылы болды. Осыған байланысты Қор заңға сәйкес зейнетақы активтерін қаржы құралдарына орналастырумен айналысатын департамент ашпақшы. Ол ішкі жұмыскерлердің қатарынан және сырттан мамндарды тарту көзделген. Бұл шешім инвестициялық саясатта акционерлердің, Қордың мүдделерін ескеріп, ел экономикасының нақты секторын қаржыландыру арқылы жалпы қор нарығының дамуына ықпал жасайды.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазіргі таңда зейнетақымен қамтамасыз ету бүткіл әлемде өте  өзекті мәселеге айналып отыр. Оның себептері әртүрлі: нашар демографиялық  жағдай, халықтық жалпы қартайюы, дамыған елдерде туу деңгейінің төмендігі, бір елде капиталдың көбейіп, екінші елде тапшылығы байқалып, экономикалық дамуының артта қалуы, қаржы нарығының тұрақсыздығы болашақта дағдарысқа ұшырау қаупі және тағы басқалары.

Қалыптасқан жағдайлар  Қазақстанда да орын алғандықтан 1997 жылдың маусым айында әлеуметтік саланы реформалау туралы шешім қабылданды. Сөйтіп, “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыздандыру” туралы түбегейлі жаңа заң қабылданды. Оның негізгі ерекшілігі “ынтымақтастық” принципінен жинақтаушы жүйеге көшу болды. Қазақсандағы жеке жинақтаушы жүйе зейнетақы нарығында мемлекеттік емес кәсібіи қатысушылардың болуын талап етеді. Зейнетақы реформасы бүгінгі күндегі қалыптасқан жағдаймен және болашақта әлеуметтік қамтамасыз етумен толық үйлестірілген. Реформа реті түсінуге өте қолайлы және қарапайым. Бұрынғы зейнеткерлер бұрынғысынша өзгеріссіз өз зейнеақыларын ала береді. Мемлекеттің міндеті бұл зейнетақыларды инфляцияға байланысты қайта есептеп, оны уақытымен төлеп отыру. Ал, жастардың зейнетақымен қамтамасыз етілуі өздерінің зейнетақы қорларындағы жинақтарына байланысты. Мелекеттің міндеті, біріншіден, жұмысқа қабілеті бар адамдарды жұмыспен қамту, екіншіден, зейнетақы жинақтарының қауіпсіз және тұрақты көбеюін қамтамасыз ету. 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін қажетті, яғни алты ай іс тәжірибелері бар орта жастағы азаматтар мемлекеттен алынатын зейнетақымен өздерін қамтамасыз етті, енді олар оны зейнетақы жарналарын аудару арқылы көбейтуге мүмкіндік алып отыр.

Бүгінде біз “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыздандыру” туралы заңда белгіленген негізгі бағыттар бойынша зейнетақы реформасы жүзеге асты деп толық айта аламыз. Қазіргі зейнеткерлердің ақыларын уақытында төлеу қолға алынып, қарыздар төленген. Жергілікті бюджеттен төленетін мемлекеттік әлеуметтік төлемақылары бойынша қарыздар әлі бар.

Жаңа жинақтаушы зейнеақы жүйесін ары қарай дамыту үшін бірнеше мәселелерді шешу қажет, олардың ішінде, корпоративті құнды  қағаздар нарығын дамыту, аннуитет және сақтандыру нарықтарын дамыту, салымшылар мен алымшыларды қатесіз айқындау үшін әлеуметтік жеке кодтарды беруді толығымен аяқтау, реформа басында жұмыс орнында бухгалтерлердің тарапынан жіберілген қателерді тез арада түзетіп, қате есеп шоттарды біріктіру, жаңа жүйеге жұмыс істейтін халықтың барлығын тарту және тағы басқалары.

Халық арасында да, басқару құрылымдарының арасында да қызу талқыға салынып, Қазақстан  экономикасына, оның халқының менталитетіне  мүлдем жат және фиаскоға ұшырайды делінген бұл реформа әлі өмір сүріп, үлкен қарқынмен дамуда. Жинақтаушы зейнетақы жүиесі енгізілгелі бес жыл өтті, бұдан біраз нәтижелер шығаруға болады.

 Бірінші  мәселе, халық мемлекеттік емес  жинақтаушы зейнетақы қорларына  сенбейді деген көз-қарас. Бұл  жоққа шықты. Қазіргі таңда  салымшылардың басым көпшілігі жеке жинақтаушы зейнетақы қорларына өз жинақтарын аударуда, себебі, олардың қызмет көрсету және оны ұйымдастыру сапасы жоғары. Бұл дұрыс құбылыс, өйткені мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының негізгі мақсаты халықты бұткіл республика территориясы бойынша қамтып, бұл жүйеге деген халықтың сенімін арттыру болған. Кейін МЖЗҚ жекешелендірілуі тиіс. Бұл реформаны өткізуді қаржыландырған Әлемдік Банктің негізгі талаптарының бірі еді. МЖЗҚ-ды жекешелендіру туралы үкіметтің қаулысы 1999 жылы қабылданған еді, бірақ зейнетақы нарығының дайын болмағандығына байланысты кейінге шегерілді. Осы жылдың күзінде жекешелендірілуі мүмкін деген пікірлер айтылуда.

Екінші мәселе, жоғары жұмыссыздық жағдайында қалайша  халықты зейнетақы жинақтарын жасауға  бейімдеу. 2009 жылдың 1 наурызындағы мәліметтер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларында 7,5 млн салымшы бар. Бұл салық мекемелерінде тіркелген жұмыс істейтіндердің басым бөлігін құрайды. Дегенмен де, болашақта зейнетақыны алуға барлығы да үміттененді. Ал, зейнетақы қандай жүйе, қандай мемлекет болмасын, ол –жәрдемақы емес, ол – сақтандыру төлемдері. Демек, тіпті егер біз жиақтаушы зейнетақы жүйесіне өтпеген жағдайда да зейнетақыларды өтеу үшін зейнетақы жүйесін қосымша қаржыландыру мәселесімен кезігетін едік. Көптеген мемлекеттер ынтымақтастық зейнетақы жүйесін реформалаған кезде дәл осындай жолмен жүреді.

Ақшаны инфляция “жеп қояды”, біздің жарналарымызды долларға айналдырып, жыл сайын кішкентәй процент алып отырған оңай емес пе? – деген, жиақтаушы зейнетақы жүйесіне қарсы тағы бір пікір бар. Бұл негізсіз күдік емес және оны болдырмауға кепіл болатын – мемлекеттің жоғары инфляцияны болдырмау саясаты. Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы активтерінің 70-80 пайызы әр түрлі деңгейдегі валюталық құнды қағаздар мен мемлекеттік міндеттемелерге инвестицияланған. (Қосымша № 7)

Ал, теңгелік бағалы қағаздарға келетін болсақ, олардың  жылдық табыстылығы құнсыздану деңгейінен жоғары. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының орташа жылдық реалды табыс коэффициенті (К3) – 5,20 % болды. Яғни салымшылардың зейнетақы жинақтарына ақшаның құнсыздануы шығын әкелмеді. Әрине егер Қазақстанның құнды қағаздар нарығы, капитал нарығы ары қарай дамымаса, ел экономикасы ұзақ мерзім тоқырауға немесе құлдырауға ұшыраса, бұл жалпы зейнетақы жүйесіне кері әсерін тигізеді. Кәсіпорындар жабылған сайын құнды қағаздар нарығы кішірейіп, ұлттық құнды қағаздардың табыстылығы төмендейді де, зейнетақы активтері мейілінше шетелдік қағаздарға инвестицияланады. Инвестициялық портфель заңмен қатаң шектелуіне байланысты, қаржылық құралдардың жетіспеушілігінен зейнетақы ативтерінің шектен тыс көбейіп, “қызып кетуіне” әкеп соғады.

Дегенмен, зейнетақымен қамтамасыздандырудың қазіргі жағдайының ешқандай кемшілігі жоқ деп айтуға болмайды. Шешілмеген техникалық, әлеуметтік, экономикалық, саяси да мәселелер бар.

Жаңа зейнетақы  жүйесін тек сенім негізінде  құруға болады. Қазіргі  зейнетақылардың  уақытында төленуі сенімге ие болудың бір аспектісі болып  табылады. Бұл жерде барлығы да ойдағыдай емес. Үкімет Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа түсетін міндетті зейнетақы жарналары және республикалық бюджеттен аударылған трансферттердің есебінен зейнетақы төлемдерінің уақытында өтелуін қаржыландырып отыр. Министрлік белгілі бір мерзім үшін зейнетақылар қаржыландырылды деп есеп берген кезде, олар ақшаның толық көлемде зейнетақыларды төлеуге жіберілгенін айтады. Бірақ-та әлі келесі кезең бар: зейнетақыларды тікелей зейнеткерлерге беру. Олардың жартысына ақыларын үйлеріне жеткізіп беру қажет. Егер зейнетақыларды банктердегі шоттарға аудару жеткілікті болғанда, қаржыландыру мен төлеу арасында үзіліс болмайтын еді. Қазақстанның Халық Банкі зейнетақыларды төлеуші агент ретінде зейнетақыларды барлық қалалар, ауылды мекендер бойынша таратуы керек, ал оған уақыт қажет. Ол үшін бюджеттік трансферт түскен кездегі белгілі бір күндері, жаппай қаржыландыру емес, ақша қаражаттарын бірдей бөліктермен, біргелкі, барлық уақыт барысында аударылып отырылуы тиіс. Бұл жағдай тек міндетті зейнетақы жарналарын жинау көбейіп, сәйкесінше республикалық бюджеттен аударылатын трансферттердің үлесі азайған кезде ғана іске асуы мүмкін.

Сонымен қатар, өзекті мәселелердің бірі – мемелекет есебінен жеңілдіктерді  қайта қалпына келтіру болып  отыр. Зейнеткерлікке шығу құқы заңда  белгіленген жағдайларда ғана беріледі. Реформа басталғалы заңға көптеген өзгертулер еңізілді, олар көбінесе осы әлеуметтік мұқтаждықтарға бағытталған. Мысалы, 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыздандыру” туралы заңына толықтырулар мен өзгертулерге сәйкес, әскери адамдарға , І және ІІ топ мүгедектеріне , асыраушысы қайтыс болғандаға, Семей ядролық полигонында зардап шекенндерге, ауылды жерде тұратын көп балалы аналарға жеңілдіктер қарастырылған. Басқаларына қазірше жеңілдіктер жоқ. Жұмыс орнында зиян шегу қатері үшін жұмыскерлердің жеңілдік талап етуі дұрыс-ақ, бірақ бұл мәселе мемлекет бюджетінің қаржылық мүмкіншілігіне тікелей байланысты. Ал, егер жұмыскер өндірістік жарақат нәтижесінде мүгедек болып қалса, әрине оған заң бойынша мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Дегенмен де, мұндай жағдайда өндірістік жарақат алудан және кәсіби аырулардан сақтандыру бойынша жауапкершілік жұмыс берушіге жүктелуі қажет. Сәйкес заң жобасы жасалуда.

Қорыта айтқанда, өз азаматтарының ақшаларын өз елінің мүддесіне жұмыс істеткізе отрып, азаматтардың болашағын қамтамасыз ету мен жалпы қаржы нарығының дамуына күшті үрдіс беру – бұл кез-келген өркениетті мемлекеттің мақсаты. Ең жақсы инвестиция – бұл өз халықының қаражаттық және интелектуалдық потенциалы болып табылады. Оны дұрыс пайдалану ең бастысы халықтың, содан кейін мемлекеттің қолында.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. «Қазақстан Республикасындағы Зейнетақымен қамсыздандыру туралы»          ҚР-ның заңы, 20.06.1997 ж. № 136-1;
  2. «Қазақстан Республикасындағы Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар еңгізу туралы» ҚР-ның заңы,      22.12.1998 ж. №328-1, 05.04.1999 ж. № 364-1 және 29.12.2002 ж. № 369-2;
  3. «Міндетті зейнетақы жарналарын ұстау және ЖЗҚ-ға төлеу ережелері»          ҚР-ның Укіметінің жарғысы, 15.03.1999 ж. № 245, толықтырулары мен өзгертулері 29.12.1999 ж. № 2010;
  4. «ЖЗҚ-дан зейнетақы төлеу ережелері» ҚР-ның Укіметінің жарғысы, 21.09.1999ж. № 1355, толықтырулары мен өзгертулері 14.07.1999 ж. № 969;
  5. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР-ның заңы // Казахстанская правда - 27 тамыз 1996 ж.;
  6. Абенова Ж. «Под соусом Чили: Пенсионные фонды идут по южно американскому пути» // Известия, №29, 27.07.2008 ж.;
  7. Алибаев А. «Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі», Алматы, 2008 ж.;
  8. Алибаев А. «О некоторых моментах первого года пенсионной реформы» //  Рынок ценных бумаг Казахстана – 2008-№ 3;
  9. Аманжолов С. «Чилийская  модель» пустила корни на казахстанской земле. // Заң газеті – 24 ақпан 2007 ж.;
  10. Аскаров Т. «Для будущих вкладчиков выгоден экономический спад» // Республика, №9, 01.03.2007 ж.;
  11. ЖЗҚ мен ЗАБҰ-ның 2008 жылдың IV тоқсанына есеп беруі // Деловая неделя, №4(532), 31 қаңтар 2009 ж.;
  12. Зайцев С. «Вправе ли государство отказывать гражданам в гарантировании сохранности их пенсионных вкладов?» //Начнем с понедельника, 25.01.2009 ж;
  13. Карибджанова А.С. «Социальная защита населения», А.: Экономика, 2009 ж.;
  14. ҚР-ның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 01.01.2009 ж. жағдайына Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша баяндамасы, Алматы, 2009 ж.;
  15. Латыпова Е., Алибаев А. Ассоциация  пенсионных  фондов «Процесс перехода вкладчиков из ГНПФ в ННПФ вселяет оптимизм» // Панорама – 05.03.2009 ж.;
  16. Марченко Г. - председатель НБРК «Пенсионная реформа: итоги первой пятилетки» // Аргументы и Факты - Казахстан, №10(510), 5-11 наурыз 2009 ж.;
  17. Накопительная система пенсионного обеспечения Республики Казахстан по состоянию на 1 января 2009 года // Рынок ценных бумаг, №1(81), 01. 2009 ж.;
  18. О налогообложении пенсионных выплат из НПФ. // Бюллетень бухгалтера – 2009-№ 19, 3 б.;
  19. Обзор результатов деятельности КУПА в 2008 г. // Рынок ценных бумаг Казахстана – 2009 - № 3;
  20. Раушан Н. «Глава Нацбанка Казахстана считает укрепление тенге нормальным» // REUTERS, Астана, 26.02.2009 ж.;
  21. Светлана Г. «Хочешь жить - умей копить» // Новое поколение, №5(245), 7 ақпан 2009 ж.;
  22. Тулеген А. «Диалектика пенсионной истории» // Assandi-Times (Алматы), №8(19), 28 ақпан 2009 ж.;
  23. Четыркин Е. М. «Пенсионные  фонды:  зарубежный  опыт  для  отечественных  предприятий,  актуарные  расчеты», Мәскеу, 2008 ж.;
  24. «ИРБИС» ақпарат агенттігінің мәліметтері;
  25. 2008 жылға арналған «ҰларҮміт» ЖЗҚ-ның жылдық есеп беруі;
  26. «ҰларҮміт» ЖЗҚ-ның ережелері мен нұсқаулары;
  27. Интернет сайты - www: ularumit.kz;
  28. Интернет сайты - www: pension.almaty.kz.

Информация о работе Зейнетақымен қамсыздандыру халықты әлеуметтік қорғаудың элементі ретінде