Зейнетақымен қамсыздандыру халықты әлеуметтік қорғаудың элементі ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 18:59, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы үлкен мүмкіншіліктер мен ауқымды экономикалық өзгерістер кезеңінде тұр. Бірақ экономикалық өсудің жоғарғы қарқынына жету саяси тұрақтылықты, мықты және мақсатты реформаларды қажет етеді.
Осындай маңызды реформалардың бірі – зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің реформасы. 1998 жылы Қазақстан ТМД аймағындағы зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесіне жоспарлы түрде көшуді бастаған алғашқы ел болғаны белгілі. Қазіргі күні Қазақстанда “ынтымақтастық” (қазіргі зейнеткерлер мен 1998 жылдың 1 қаңтарында 6 айдан кем емес еңбек жолын өткен адамдарға арналған) және “жинақтаушы” (1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап жинақтаушы зейнетақы қорларына өз еңбекақысынан 10% міндетті зейнетақы жарналарын аудара бастаған адамдарға арналған) зейнетақы жүйелері қызмет етеді.

Работа содержит 1 файл

ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ.doc

— 669.50 Кб (Скачать)

1)  Жинақтар көлемінің  өсуі.

Жұмыскерлердің сенімі, қызығушылығы, зейнетақы жүйесіне қатысу құштарлығы нәтижесінде реформаның алғашқы жылдары салымшылардың саны тез өсті. Өз кезегінде бұл зейнетақы активтерінің өсуіне әкелді. Чилиде 1985 – 1996 жылдар аралығында зейнетақы активтерінің абсолютті жылдық өсімі 35%, яғни орта есеппен 2,3 млрд. АҚШ долларын құрады. Зейнетақы жинақтарының жалпы мөлшері 1996 жылы 26 млрд. АҚШ долларына жетті, ол ЖҰӨ-нің 45%, ал банктік активтер соммасының 52% құайды. Ал қазір бұл көрсеткіш 32 млрд. доллардан асып кетті.2

2) Жұмыспен қамтылғандардың  өсуі.

Жаңа зейнетақы жүйесі салық төлеуден қащқақтау ынтасын төмендетіп, жалпы жұмыссыздықты азайтты. Бұл жұмыс күшінің «көлеңкелі» бизнестен ресми түрге ағылуына әкеп соқты. Зейнетақы қорлары активтердің 40%-н отандық кәсіпорындардың құнды қағаздарына салу арқылы олардың қуатын арттырып, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына мүмкіндіктер жасады. Мысалы, «бон» шығару арқылы жаңа телекоммуникация жүйесі, тұрғын үй салу, электроцтанциялар, өңдеуші өнкекәсіп зауыттары мен фабрикалары, инфрақұрылым салалары қаржыландырылды. Осылайша, жекеменшік зейнетақы жүйесі мемлекеттің әлуеметтік саласының ғана емес, сонымен қатар, экономикалық дамуына әсер етті.

3) Капитал нарығының  дамуы. 

Зейнетақы реформасы  Чилидегі капитал нарығының тиімділігін  арттырды. Зейнетақылық қор акционерлік  капиталдар мен жеке өнеркәсіптердің  ұзақ мерзімді қаржыландыруының қайнар көзі болды және басқа да инвесторлардың өсуіне ықпал жасады, нарықтың бірнеше түрін дамытуға жол ашылды (жер катынастарының нарығы бүтіндей жекеменшік зейнетақы қорларының есебінен салынған). Қор нарығының капиталмен қамтылуы 1980 жылдан бастап үш есеге өсіп, 90-шы жылдардың басында 72,2% құрады. Жекеменшік зейнетақы қорларының инвестицияларының ЖҰӨ-дегі үлесі 90-шы жылдардың басында 31,1%-ға жетсе, 1994 жылы 40%-дан асқан.

 Капитал нарығының  дамуы елдегі экономикалық өсімнің  үлкен қарқынмен дамуына әсер етті. 1989 жылы ЖІӨ 9,5%, ал 1992 жылы 10%-ке өсті. Реформа қолға алынғаннан бастап іске кіріскен 22 қордан қазір 9-і қалған. Әрбір 3 қорға 65% жарнадан айналады. Бай қорлар бай салалар мен жоғары жалақылы алатын жұмыскерлерге қызмет көрсетеді. Зейнетақы активтерінің басқаруымен 4 компания шет елдік корпорациялардың бақылауында. Бұл мемлекеттік бақылау органдары жағынан катаң тәртіпті қажет етеді.

1981 жылдан кейін Чили ресми еңбек нарығының күшеюінде, капитал нарығының дамуында, жекеменшік салымдардың артуында және экономикалық өсу қарқынында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бірақ олардың барлығы тек зейнетақы реформасының нәжінде деу қате болар еді. Бұл басқа салаларда жүргізілген реформалармен сабқтастығының  нәтижесі екенін ескеру қажет. Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіндегі реформа бірнеше макроэкономикалық аспектілердің және жалпы мемлекеттің нарық жағдайының жақсаруына оң әсер етті.

Чили тәжірибесінің  қорытынды нәтижелеріне жету үшін бірнеше  жылдар қажет. Дегенмен әлеуметтік қамсыздандыруды жекешелендіруге бел байлаған елдер үшін бұл модельдің артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттеп, қателерін қайталамау және жақсы жақтарын игеру әбден қажет – бұл халықаралық қатынастардағы әдеттегі тәжірибе.

 

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ

 

2.1. Қазақстан  Республикасындағы зейнетақы реформасы

 

Қазақстанда 1998 жылға дейін жұмыс істеп  келген жалғыз “ынтымақтастық” зейнетақы жүйесі тұсында, зейнетақылар кәсіпорындарды өз қызметкерлеріне төлеген зейнетақы жарнасы есебінен төленді. Мұндай жүйе кезінде төленген жарна көлемі мемлекетке зейнетақы төлеуге қажет қаржыдан кем болуы да мүмкін еді. Қазақстан Республикасының "ынтымақтастық" жүйесі дағдарысқа үшырады, екі-үш жылдап зейнетақы зейнеткерлерге төленбеді, жүйе механизімдері реттеушілік қабілетінен мүлдем айрылды. Экономикалық дағдарыстың ел экономикасын құлдыратып жіберуі, жұмыс істеушілер мен жұмыссыздар арақатынасы 3:1 ден 1,8:1 дей төмендеуіне байланысты келешекте зейнеткерлерді зейнетақымен камтамассыз етуге мемлекеттің жағдайы жетпеуі мүмкін деген қауіп туды. Экономикамызда орын алған осы жағдайлар ел мамандарын зейнетақы жүйесін реформалауға итермеледі.

Жүйені  өзгертудің тағы да басқа маңызды  себебі, Қазақстанда жыл сайын жұмыс істеуші тұрғындардың санының азаюы байқалуда; оның үстіне, бүдан былай туу деңгейі төмендейді деп күтілуде. Бүл зейнетақы алуға құқығы бар адамдар саны өсе түседі, өздері үшін жарна төлейтін жұмыс істеушілер саны азая түседі дегенді білдіреді. "Ынтымақтастық" жүйе мұндай жағдайда зейнетақыны үздіксіз төлеуді қамтамасыз ете алмайды.

Көптеген зейнетақы  жүйелерінің ішінде Чилидің зейнетақы  моделі біздің экономикамыздағы қалыптасқан  проблемаларды шешудің оптималды  моделі деп алынды. Осы жүйе негізінде 1997 жылы бүкілхалықтық талқылауға болашақ зейнетақы жүйесінің концепциясы жарияланды. Концепцияда реформаның себептері негізделді және болашақ жүйенің негізгі қаңқалары бейнеленді. Концецияны талқылау өте белсенді өтті. Осының нәтижесінде едәуір өзгерулер жасалынды: концецияныи бірінші нұсқасы көрсетілеген мемлекеттік жинақтауша зейнетақы қоры енгізілді, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін мемлекет тарапынан бақылаудың күшеюі, зейнетақы қорлары үшін белгілі бір компания мен банктердін бағалы қағаздарына актив салымдарының шектелуі және бірен-саран өзгертулер. Жаңа зейнетақы жүйесін кұрған концепцияның негізгі мақсаттары одан әрі бөлшектеп талқыланатын «зейнетақымен қамтамассыз ету туралы» заң негіздеріне кірді.

1997 жылы 20 маусым  айында қабылданған "Казақстан  Республикасындағы зейнетақымен қамтамассыз ету туралы" заңы республикадағы азаматтардың зейнетақымен қамтамасыз етуінің әлеуметтік және қүқықтық негіздерін, азаматтардың зейнетақымен қамтамасыз етуі үшін конституциялық қүқықты жүзеге асыруда жеке меншік формадан тәуелсіз және жеке занды түлғалардың, мемлекеттік органдардың қатысуын реттейді.

Қазақстан Республикасында 1998 жылдан бастап жұмыс  істей бастаған жинақтаушы зейнетақы жүйесінде әркім өз табысынан жарна аудару арқылы, өз зейнетақысын өзі жинайды және зейнетақы жинақтары оның жеке меншігі болып табылады. Осылайша, сіздің зейнетақыңыз сіздің зейнеткерлікке шығар кездегі жұмыс істеушілердің санына байланысты болмайды, сіздің жеке зейнетақы есеп-шотыңыздан төленетін болады. Сонымен қатар жинақтаушы жүйеде сіздің жарналарыңызға, жинақтарыңыздың тез өсуін және инфляциядан сақталуын қамтамасыз ететін пайыздар есептелінеді (инвестициялық табыс).

Зейнетақы реформасының ерекше белгілері:

- Бүрын  белгіленген   зейнетақы  мөлшерінің сақталуымен  қатар  мемлекет  зейнетке   1998  жылдың  1 қаңтарында азаматтарға   зейнетақымен   қамтамасыз   етуіне кепілдік береді;

- 2001 жылдың 1 шілдеден  бастап зейнетке шығу жасының  үлғаюы  -  еркектерге 63  жастан,  әйелдерге  58 жастан (зейнетке шығу  жасының мөлшері 1996 жылдың 1 шілдесінен бастап біртіндеп көтеріледі - әр жыл сайын жарты жылға);

- Жеке зейнетақы  шоттарында заматтардың өз қаржыларын  жинауды   қамтамасыз ететін  жинақтаушы зейнетақы қорларын  құру;

- Зейнетақы  қорының орнына - азаматтардың келесі  категориялары бойынша зейнетақымен жұмыс істейтін зейнетақы мемлекеттік орталығының құрылуы:

а) 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін зейнетақы алатын;

б) Еңбек жылдары бойынша сәйкес мәлшерде зейнетақы жасына   жеткендерге және еңбек тәжірибесі 01.01.98 жылы 6 айдан кем еместерге.

Жинақтаушы зейнетақы қорларын құру реформаның ең маңызды бөлігіне жатады. Қорлардың қызметі үшін нормативтік база Ұлттық зейнетақы агенттігімен, Зейнетақы қорларының ассоциациясымен және басқа да мамандармен жетілдірілуде. Зейнетақы қорларының қызметі тиміді болу үшін олардың салымшыларының саны көп болу керек. Қорлардың қаржылық жағдайы мен табыстылығына ықпал ететін басым көрсеткіштердің бірі зейнетақы активтерін инвестициялаудан түсетін табыс пен комиссиондық жарналардың шекті мөлшері.

Зейнетақы қоры - үш бөліктен тұратын жүйенің негізгі буыны. Қор салымшылармен жұмыс жүргізеді, міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын жинайды, зейнетақылық келісім-шарттарға отырады, зейнетақы есеп-шотының жеке есептерін жүргізеді, өз салымшылары мен мемлекеттік ұйымдардың алдында есеп береді, сол сияқты, алушыларға зейнетақы төлемдерін жүргізеді. Қор зейнетақы активтерін инвестициялық басқарушы ұйыммен және банк-кастодианмен келісім-шарт жасауы керек.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқарушы  ұйым (ЗАБҰ) – бұл жинақтаушы зейнетақы жүйесінің схемасы бойынша жұмыс істейтін, маңызы бір мысқал да кем емес, екінші буын. ЗАБҰ зейнетақы қорының активтерін инвестицияға салу мүмкіндіктерін зерттейді, қормен бірге инвестициялық саясат жасайды және құнды қағаздар бойынша ҚРҰБ-нің департаментіның рұқсаты мөлшерінде активтерді сатып алуға шешім қабылдайды. ЗАБҰ өз жұмысы жайында жинақтаушы зейнетақы қорының алдында және ҚРҰБ-нің құнды қағаздар жөніндегі департаменттің алдында ұдайы есеп беріп отыруы және өз жұмыстары жайында бұқаралық ақпарат құралдарында мәлімет жариялап отыруы тиіс. Одан басқа, ЗАБҰ қор активтерінің әр жұмыс күнінің соңындағы рыноктік бағасын дұрыс анықтауға жауапты.

Банк-кастодиан - бұл жинақтаушы зейнетақы жүйесінің  үшінші буыны. Банк-кастодиан өзіне сеніп тапсырылған зейнетақы қорының құнды қағаздары мен клиенттердің ақшаларын жауапты сақтаушы және есебін жүргізуші ретінде оған қызмет көрсетеді. Бұдан бөлек, бұл банк басқарушы ұйымның нұсқауымен саудаларға қатысып, қор активтерін инвестицияға салады.

Осы үш ұйымның әрқайсысы бір-бірінен құқықтык, тәуелсіз болады және ортақ қүрылтайшылары болмауы керек, бұл салымшылардың қаржыларының қауіпсіздігін жоғарғы деңгейде қамтамасыз ету мен бұл қаржыларды мақсатсыз жұмсамау үшін заңмен қарастырылған. Бұл жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қорғаушы тетіктеріне тікелей кірістірілген негізгі шарттардың бірі болып табылады, олар толығырақ келесі сұрақтарда түсіндіріліп өтіледі.

Егер  ЗАБҰ өз қызметін қанағаттанарлықсыз орындаса және жинақтаушы қордың пікірінше, инвестициялық табыс бұдан да көп болуы тиіс болса, онда қор кез-келген уақытта ЗАБҰ-мен бұрын жасаған келісім-шартты бұзу туралы мәселе қозғауға қүқылы. Қор жұмысын нашар жүргізген банк-кастодианды да осылай ауыстыра алады.

Жинақтаушы зейнетақы  қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқарушы ұйымы және банк-кастодиан арасындағы өзара қарым-қатынас тәртібі келесі сызбада көрсетілген.

Жинақтаушы  зейнетақы жүйесінде мемлекеттік  және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы  қорлары бар. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (МЖЗҚ) құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметі болып табылатын жабық акционерлік қоғам түрінде құрылады және мемлекепік бағалы қағаздарға,   мемлекеттік банктердің депозитіне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына зейнетақы активтерін салу жолымен инвестициялық қызметті жүзеге асырады. Мемлекет жинақтаушы қорлардағы зейнетақы жинақтарының нақты жарналарының сақталуына кепілдік береді3.

Мемлекеттік емес жинақтаушы қор - жабық акционерлік  қоғам түрінде құрылған заңды  тұлға. Жұмыс және тұрғылықты орнынан тәуелсіз салымшыдан зейнетақы салымдарын қабылдайды.

Қазақстан Республикасы резиденттері болып табылатын заңды  және жеке түлғалар ашық жинақтаушы зейнетақы  қорының құрылтайшылары мен акционерлері бола алады. Тек Қазақстан Республикасының  заңды тұлғалары ғана корпоративті жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлері бола алады. Корпоративті зейнетақы қорларында салымшылардың саны 20 мың адамнан кем болмау керек. Заң бойынша бұл қорларға тек белгілі бір өнеркөсіптердің қызметкерлері ғана мүше бола алады. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорларына баршылық салымшы бола алады. Ашық қорлар үшін екінші жұмыс жылы бойынша салымшылардың саны 140-150 мың адамнан кем болмауы керек.Заң қорлардан зейнетақы төлемдерінің салықпен салынатынын белгілейді, сонымен қатар ерікті зейнетақы шоттарына бағытталған қаржыны табыс салығынан босатады.

Ұлттық зейнетақы агенттігіның белгілеген жарғылық капитал мөлшері  ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары  үшін - 180 млн. теңге, корпоративті қорлар үшін – 90 млн. теңге. Мұндай айырмашылық ашық қорлардың жарнамалық компания, филиалдық тізбек құруға, қызмет көрсетуге кететін шығындарымен салыстырғанда корпоративтік қорлардың бұған қарағанда әлдеқайда аз шығындалуымен түсіндіріледі. Сондай-ақ, ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылары көп болғандықтан оларға артылған жауапкершілік өте жоғары.

Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесін  реттеуші органдар:

• Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі;

• ҚРҰБ-ның ЖЗҚ  қызметің реттеуші департмент;

• ҚРҰБ-ның бағалы қағаздар жөніндегі департаменті.

 

«Ынтымақтастық» және жинақтаушы зейнетақы

жүйелерінің сызбасы.

 

 

 

 

 

Салымшылардың зейнетақы  жинақтарының құрылымы екі бөліктен тұрады: міндетті зейнетақы жарналары  және есептелінген инвестициялық табыс. 10 % міндетті жарналар ЖЗҚ-на шын мәнінде түспейді. Қор тек оның есебін жүргізіп, салымшыларға тікелей қызмет көрсетеді. Міндетті жарналар ЗТМО арқылы банктегі салымшының жеке зейнетақы есеп шоттарына түседі. Кейін ЗАБҰ бұл қаражатарды құнды қағаздарға салу арқылы инвестициялайды. (Қосымша № 4)

Жинақтаушы зейнетақы  қорлары нарығында мемлекеттік  және мемлекеттік емес қорлардың  ара қатынасы.

Қазір Қазақстан  Республикасының зейнетақы нарығында 15 мемлекеттік емес және 1 мемлекеттік  ЖЗҚ жұмыс істейді. Реформаға  дейін зейнетақы нарығындағы  қатынастарды мемлекеттік және мемлекеттік  емес секторға бөліп карастырылмады. Халықтың жекеменшік шаруашылықтарға сенбеушілігінен мемлекеттік сектордың үлес салмағы әлі де өте жоғары. Мемлекеттік зейнетақы қорының инвестициялық табысы мемлекеттік емес қорлардың көбінен төмендеу, сондықтан да тәуекелділік деңгейі де төмен, ал мемлекеттік емес зейнетақы қорларында тәуекелділік деңгейі жоғары болғандылықтан инвестициялық түсімі де жоғары болады. Көптеген қиыншылықтарға қарамастан мемлекеттік емес зейнетақы қорлары салыстырмалы түрде жоғары деңгейде, сапалы жұмыс істеуде.

Информация о работе Зейнетақымен қамсыздандыру халықты әлеуметтік қорғаудың элементі ретінде