Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 18:59, дипломная работа
Қазақстан Республикасы үлкен мүмкіншіліктер мен ауқымды экономикалық өзгерістер кезеңінде тұр. Бірақ экономикалық өсудің жоғарғы қарқынына жету саяси тұрақтылықты, мықты және мақсатты реформаларды қажет етеді.
Осындай маңызды реформалардың бірі – зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің реформасы. 1998 жылы Қазақстан ТМД аймағындағы зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесіне жоспарлы түрде көшуді бастаған алғашқы ел болғаны белгілі. Қазіргі күні Қазақстанда “ынтымақтастық” (қазіргі зейнеткерлер мен 1998 жылдың 1 қаңтарында 6 айдан кем емес еңбек жолын өткен адамдарға арналған) және “жинақтаушы” (1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап жинақтаушы зейнетақы қорларына өз еңбекақысынан 10% міндетті зейнетақы жарналарын аудара бастаған адамдарға арналған) зейнетақы жүйелері қызмет етеді.
*Алибаев А.
«Қазақстанның жинақтаушы
Енді Қазақстан сияқты экономиканы қайта жаңартуға, социализмнен қалған жүйеге әлеуметтік жағдай жасауға межбүр Шығыс Европа елдерінің зейнетақы жүйесіне тоқталайық.
Шығыс Еуропа елдерінің ішінде Польша, Венгрия, Чехия, Словакия елдерінің зейнетақы жүйелері ерекше көғіл бөлуді қажет етеді. Бұл елдердің зейнетақы реформасының басты ерекшелігі - мемлекеттік модельді игеру. Бұл елдердің халқы қартаю тенденциясына үшыраған, сонымен бірге «әлеуметтік бағыну пропорциясы» деп аталатын өсім бар: еңбекке жарамсыз халықтың (зейнеткерлер, мүгедектер, балалар) еңбекке жарамдыларға қатынасы. Шығыс Еуропа елдерінің зейнетақы жүйесі қартайғанда міндетті түрде төленетін елеулі құн, орташа зейнетақының орташа еңбекақыларға байланысты жоғары пайызы мен зейнеткерлікке уақтылы шықпау қиындығын көрсетеді. Бұл жүйелердің айырмашылығы - қай мемлекет бұл мәселелерді қалай шешетіндігінде.
Келесі кестеде Шығыс Еуропа елдерінің зейнетақы жүйесіне сипаттама берілген. Бұл кестені талдай келе мынандай қорытынды жасауға болады: Шығыс Европаға зейнетақы реформасының қажеттілігі жылдан-жылға өсіп отырғандығын байқаймыз.
Кесте №5
Польша |
Венгрия |
Чехия |
Словакия | |
1.Ерлердің зейнеткерлікке шығу жасы |
65 |
60 |
60 |
60 |
2. Әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасы |
60 |
55 |
53-57 |
53-57 |
3. Жалпы елдегі 60-жастан жоғарылардың үлесі |
12,5% |
19% |
17,5% |
14,8% |
4. Еңбекке жарамды
халықтың санына байланысты |
49% |
59% |
49% |
53% |
5. Орташа еңбекақы мөлшеріне байланысты орташа зейнетақы мөлшері |
71% |
60% |
44% |
48% |
6. Жалпы еңбекақыға қатысты зейнетақы бөлімінің жалпы мөлшері |
45% |
30,5% |
26% |
27,8% |
7. ЖІӨ зейнетақы үлесі |
15,8% |
11,5% |
9% |
9,4% |
*Алибаев А.
«Қазақстанның жинақтаушы
Сөз болып отырған
төрт ел зейнеткерлерді қоғам тарапынан
қамтамасыздандыру мәселесін
Бұл елдердің үкіметі «мемлекеттік зейнетақы» жүйесі күндердің күнінде жаңа демографиялық және экономикалық құрылымға сәйкес қызмет істеуін тоқтатады, сондықтан жинақ қорларына негізделген «жинақтаушы зейнетақы» моделі өмірге ауадай қажет деп отыр. Алайда, тек Венгрия мен Чехия ғана осы бағытта елеулі күш көрсетті.
Венгрия 1994 жылы зейнетақы реформасы үшін заң шығару саласын құрды. Қазіргі кезде бұл елде еңбекке жарамды халықтың 5 пайызын иемденген және өз активтерімен ЖІӨ-нің бірнеше пайызын жинаған 18-ге жуық қор жұмыс істейді. Қорлардың әлі дұрыс дамымағандығы өздерінің қол жетерлік пайдасынан тыс инвестициялық табыс бағдарламасын тиімді пайдаланбайды. Салымшылардың саны да көп емес.
Чехия Шығыс Еуропа елдерінің ішінде алғашқы болып зейнетақы жүйесінің реформасын қолға алған. Чехтық реформаның ерекшеліктеріне тоқталайық. Чехия мемлекеті алғашқы кезеңде зейнеткерлікке шығару талаптарын қатаң түрде жүргізді, тіпті ескі жүйеде бәрінен төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер үлесіне жәрдемақы қосты. Зейнеткерлікке шығу жасы біртіндеп көтерілуде және 2007 жылға дейін ер адамдар 60 жаста, ал әйел адамдар 57-61 жас аралығында зейнеткерлікке шығатын болады. Нәтижесінде зейнеткерлер саны мейлінше жәй өсуде (жыл бойы 3 пайыз жуық). Осылайша, ЖІӨ-де зейнетақы үлесі айтарлықтай өзгеріссіз қалады.
Чехияда жекеменшік зейнетақы қорлары 1994 мемлекеттік жүйенің бір бөлімі ретінде кұрылған. Үкімет және жекеменшік зейнетақы қорлары адамдарға жәрдемақы төледі. Салымшы алатын жәрдемақының (субсидия) мөлшері қорға ай сайын төленетін жарнаның мөлшеріне байланысты болады. Чехияда 4 жекеменшік зейнетақы қорлары жұмыс істейді. Жарамды халық 5 млн. жуық деп есептегенде, саны 2-3 миллионға бағаланатын салымшылардың потенциальнды әсері үшін қордың саны артық. Салымшылардың көпшілігі 4 бірдей ірі жекеменшік қорларды иемденген. Он мыңға жуық салымшылары бар жиырма қор не ірі қорлардың қарамағына алынады, не болмаса жұмысын тоқтатады, өйткені олардың көлемі клиенттердің жинағын тиімді ассигнациялауға жетпейді.
Жекеменшік қорларға салынған ақшалар мемлекеттік зейнетақы жүйесі жағынан түскен қысымды жоя алмайды, зейнетақы қорларының бүгінгі тандағы жүйесі зейнеткерлер санының күрт өсуімен байланысты жағдайдан өзін сақтандыра алмайды. Адамдар мемлекеттік зейнетақыға сүйеніп, еркін зейнетақылық сақтандыруға сенім артпайды, ал жекеменшік қорлар мұны жинақтық суррогатты формасы ретінде карастырады.
Чехтық жүйенің кемшіліктері де аз емес. Мемлекет ақпарат алу мүмкіндігін шектейтіндіктен, бұл жекеменшік қорлар қызметі жайлы ақпарат алу үшін проблема. Мысалы, жеке зейнетақы қорларының пайдасын салыстыру мүмкін емес, өйткені, олар салым және пайда мөлшері жайлы ешқандай мәлімет бермейді. Зейнетақы қорларының қызметін реттейтін заң шығару саласының өзі әлсіз жұмыс істейді. Кейбір қорлар кейін зейнетақы төлеу үшін емес, қорларға берілетін басым, мүмкіншілік алу үшін және мемлекет жәрдемі арқылы инвестицияларды пайдасымен және кепілдемемен қайтарып алуды көздеп отыр. Арнайы салық салымдары мұндай қорларды акция мен облигация девидендтерінен түсетін табысты салықтан босатады. Қорды мемлекеттік тұрғыдан реттеу салымның пайдасы мен сақталуына негізделмеген.
Зейнетақымен қамсыздандырудың чехтық жүйесі шығыс Еуропа елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып, реформаны қолға алса да, болашақ зейнеткерлерді зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін осы күнге дейін толығымен шеше алған жоқ. Оның үстіне зейнеткерлер қатары жылдан-жылға көбеюде. Мемлекеттік жүйеге көмекші ретінде құрылған жекеменшік зейнетақы қорлары зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінде маңызды рөл атқармайтын болды.
Зейнетақы жүйесінің болашақта реформалануына кедергілер -жекеменшік зейнетақылық сақтандыруға халықтың сенім артпауы. Мүның екі факторы бар: қарапайым халықтың ұақ мерзімді қаржы институттарына сенбеуі және мемлекет пен оның зейнетақысына халықтың үміт артуы. Чехиядағы зейнетақы жүйесінің екеуі де: мемлекеттік зейнетақы төлемі мен жекеменшік зейнетақы қорлары экономикадағы зейнетақы төлемдерін қаржыландыра алмайды. Бұл жүйенің ең басты тиімсіз кемшілігі - жекеменшік зейнетақы қорларының еркін жүйесін жасай тұра, мемлекет өзінің зейнетақы төлемлерінің жүйесін мүлдем өзгертпеуінде. Қазіргі чехтық зейнетақы жүйесінде елеулі өзгеріс болмаса, 2020 жылы ЖІӨ-нің 40% көлемінде зейнетақылық қарызға батады деген болжамдар бар.
Азия елдерінде зейнетақы жүйесі мүлдем басқаша. Гонконгте кімнің пайдасы бекітілген күнелту минимумынан төмен болса, соған бюджеттен жәрдем ақша төленеді. 1988 ж кәсіпкерлер үшін «жинақтаушы зейнетақы» жүйесінің бір түрі бойынша персональды жүйе енгізілген, бірақ бұл жүйе бойынша төлем әлі жүргізілмнген. Мемлекет күнелту минимумынан жоғары қарт адамдарға әлеуметтік көмек береді.
Сингапурда бір ғана қор бар, ол - Орталық сақтау (резервный) қоры, мұнда жұмысшылар мен жеке көсіпкерлер өзінің еңбекақы қорынан 25,5%, ал жұмыс беруші 17,5% қаржысын бөледі, кейін осы қор жұмысшы зейнеткерлікке шыққаннан кейін өзінің еңбек жолында төлеген жарналарының мөлшеріне сай ай сайын белгілі бір мөлшерде зейнетақысын төлейді. Қор мемлекет бақылауында болады, бірақ оның әлемдегі, қор нарықтарының операцияларына қатысуға өзіндік құқығы бар. Зейнетақы төлемінен басқа қор әртүрлі себептермен алынған ауруларға байланысты жәрдемақы төлейді. Сингапурлық жүйе "жинақтаушы зейнетақы" жүйесіне ұқсас, дегенмен мұнда тек бір ғана орталық қор бар.
Осылайша, Азия
елдеріндегі зейнетақы
1.3. Зейнетақымен қамсыздандырудың Чили моделі
Қазақстан ағымдағы түсімдерді қаржыландыру жүйесін ұстанған ел ретінде елеулі мәселелерге кезігіп отырды. Осы тұрғыдан алғанда, ағымдағы түсімдерді қаржыландыру жүйесінен толық қаржыландыру жүйесіне көшкен Чили мемлекетінің тәжірибесін танып білудің маңызы өте зор. Бұл жүйеге сәйкес жұмыскерлер бұткіл жұмыс істеу мерзімі бойынша қор жинап, зейнеткерлікке шыққан уақытында оны алады.
Чили жүйесінде
табысты қайта бөлудің екі
мемлекеттік бағдарламасы бар –
жәрдемақы мен минималды
Зейнетақымен қамсыздандырудың басқа институты ретінде Зейнетақы қорларын басқаратын компанияларындағы міндетті жинақтар қарастырыларды. Чили реформасы – «өндіріс жұмысшылары бекітілген зейнетақы бағдарламаларының біріне өз еркімен өту керек» - деп зейнетақы қорлары ұсынғаннан бері, яғни 1980 жылдың басынан бастап есеп беріп келеді (ең алдымен, әрбір азамат жаңа жүйеге көшу немесе ескі жүйеде қалу құқығын сақтау мүмкіншідігі бар болған кездегі бес жылдық ауыспалы кезең қарастырылды). Қорлар ұсыған барлық зейнетақылық бағдарламалар "жинақтаушы зейнетақы" жүйесі және алдын-ала төленетін жарна түрлерінің жүйесі негізінде кұрылған.
Зейнетақы қорына бөлінетін жұмысшылар жарнасы олардың еңбекақысының 10 пайызын кұрайды. Бұл бағдарлама мемлекеттік төлемдер бөлігі мен жұмыс берушінің жекеменшік қорларға бөлген төлемін қарастырмаған.
Жұмысшыларға зейнетақы бағдарламасын өзі таңдауға мүмкіндік берілген және бір жекеменшік зейнетақы қорынан екінші қорға өту құқығына шек қойылмаған.
Зейнетақы қорын басқаратын әрбір компания түскен зейнетақылық жарналар мен инвестициялық табысты салымшылардың жинақтарының мөлшерлеріне қарай олардың жеке есеп шоттарына аударады. Зейнеткердің зейнеткерлікке шығысымен өз есеп шотында жинақталған сомманы біртіндеп, бірнеше бөліктермен алуға немесе рента сатып алуға құқы бар. Кейде екеуін де қолдануға болады.
Сонымен катар, ескі жүйеден жаңа жүйеге өткен адамдарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі (жаңа жүйеге өтер алдында 5 жыл көлемінде жұмысшыларға ескі жүйеде төлеген жарнасын көрсететін "сынақ облигациясы" беріледі. Бұл облигацияның мерзімі жұмысшы зейнет жасына жеткен соң өтелінеді және осы облигация бойынша ауысқан мерзіммен облигация мерзімнің өтелу күні аралығында түскен пайданың 4% бөлінеді). Мемлекет мемлекеттік зейнетақының құнының инфляциясына катысты индексикацияның мүмкіндігін, ең алдымен, мемлекеттік, облигациялардың негізінен қарастырады (бұл тіркелген зейнеткерлерге белгілі бір кепілдік береді және олардың материалдық жағдайын қамтамасыз етеді).
Чилидегі
зейнетақы қорлары
1) банк немесе
сақтандыру компаниялары
2) кәсіпкерлік топ құрған компаниялар;
3) жұмыс беруші
ассоциациялары құрған
4) кәсіподақтар құрған компаниялар.
Чилиде реформа қолға алынған екі жылдың соңында зейнетақы қорларының баскаруымен 12 компания болды. Реформа жүзінде тек бір ғана компания ЖІӨ 14,3%-ке қысқарған кезде дағдарысқа ұшырады. Басқа компаниялар ірі компаниялардың қарамағына алынды, бірақ бұл процесс олардың қызметі мен қаржылық тұрақтылығына ешқандай зияндық келтірген жоқ.
Чили зейнетақы реформасының негізгі сипаттамалары:
Чилидің зейнетақы реформасы ел экономикасының дамуына айтарлықтай игі әсер етті. Бұл оң әсерлерді үш аспетіден қарастыруға болады:
Информация о работе Зейнетақымен қамсыздандыру халықты әлеуметтік қорғаудың элементі ретінде