Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 18:59, дипломная работа
Қазақстан Республикасы үлкен мүмкіншіліктер мен ауқымды экономикалық өзгерістер кезеңінде тұр. Бірақ экономикалық өсудің жоғарғы қарқынына жету саяси тұрақтылықты, мықты және мақсатты реформаларды қажет етеді.
Осындай маңызды реформалардың бірі – зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің реформасы. 1998 жылы Қазақстан ТМД аймағындағы зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесіне жоспарлы түрде көшуді бастаған алғашқы ел болғаны белгілі. Қазіргі күні Қазақстанда “ынтымақтастық” (қазіргі зейнеткерлер мен 1998 жылдың 1 қаңтарында 6 айдан кем емес еңбек жолын өткен адамдарға арналған) және “жинақтаушы” (1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап жинақтаушы зейнетақы қорларына өз еңбекақысынан 10% міндетті зейнетақы жарналарын аудара бастаған адамдарға арналған) зейнетақы жүйелері қызмет етеді.
Қазақстанда зейнетақы реформасын өткізуді қаржыландырған Әлемдік Банк болған. Бұл банктің мемлекетке қойған негізгі талаптарының бірі - МЖЗҚ-ды жекешелендіру болды. Ол туралы үкіметтің қаулысы 1999 жылы қабылданды. Бірақ зейнетақы нарығының дайын болмағандығына байланысты кейінге қалдырылды. Бұл хабар жайлы біздің мамандарымыз әртүрлі ойлар айтуда. Оларды ұстанған көзқарастары бойынша негізінен екі үлкен топка бөліп карастыруға болады: пессимистер және оптимистер.
Пессимистердің айтуына сүйенсек, МЖЗҚ-ды жекешелендіру зейнетақы нарығындағы бәсекенің төмендеуне өкеледі. Бәсекенің төмендеуі нарықтық экономиканың механизмдерінің дұрыс жұмыс жасауына кедергі жасайды. Бұл кедергі бүкіл жалпы экономикаға үлкен залалын тигізеді. Бұрын егер мемелекеттік зейнетақы қорымен қоса мемлекеттік емес басқа қорларымен инвестициялық табыс үшін бәсекеге түсудің нәтижесінде табыс жоғары болса, енді бәсекелестің аздығы инвестициялық табыстың төмендеуіне әкеледі. Халыққа келетін болсақ, бұл жағдай салымшыларды ерксіз міндетті түрде мемлекеттік емес зейнетақы қорларын таңдатуға итермелейді. Бұл процесс, осы мамандардың айтуынша, біртіндеп жүргізілуі қажет.
Ал енді оптимистер зейнетақы жүйесін жекешелендіру процесі неғұрлым тез өтсе, адаптациялық кезең соғұрлым тез бітеді. Мемлекеттік емес ЖЗҚ-ның қызметін басқа институттар рычагтарымен де реттеуге болатынын мәлімдейді. Табыс деңгейіне келсек, МЖЗҚ қызметінің тоқтатуы ешбір әсерін тигізбейді. Себебі біріншіден, мемлекеттік емес ЖЗҚ-дың өздері бір-бірімен бәсекеге түседі, ал екіншіден, бағалық қағаз дар жөнінжегі департамент табыс деңгейін мұқият бақылап отыруда. Ал, салымшылардың құқықтық қорғалуы зейнетақы реформасында көрсетілген және құқықтарының қорғалуы заңмен кепілденген. Ол қалаған қорын таңдауға құқылы және жылына екі рет оны ауыстыра алады.
Зейнетақы нарығындағы жағдайды анықтап көрсету үшін, дипломдық жұмыста қосымша диагарммалар мен кестелер келтірілген. Олардан жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін, нарықтағы үлесін, сонымен қатар әр қордың зейнетақы нарығында алатын орнын көруге болады. (Қосымшалар № 5, 6, 7, 8)
құрылымы мен қызметін ұйымдастыруы
«ҰларҮміт» жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ Қазақстан Республикасы заңдылықтары бойынша заңды тұлға, «Үміт» және «Ұлар» жинақтаушы зейнетақы қорларының барлық құқықтары міндеттерінің заңды мұрагері болып табылады.
Қордың пайда болу таихына тоқталсақ, «ҰларҮміт» жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ № 0000001 Мемлекеттік бас лицензиясы негізінде жұмыс істейді. Ол 03 қыркүйектің 2001 жылы зейнетақы нарығындағы екі ірі “Ұлар” және “Үміт” қорларының бірігуі нәтижесінде пайда болған.
“Ұлар” ЖЗҚ 20 наурыз 1998 жылы берілген № 00000010 лицензия негізінде жұмыс істеген, бүткіл Қазақстан бойынша тараған кең филиалдық торы бар, ірі қорлардың бірі болған. Оның салымшылары негізінен Шығыс және Орта Қазақстандағы ірі өндіруші, өңдеуші кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелер мен органдардың жұмыскерлерінен құралған еді.
“Үміт” ЖЗҚ 1997 жылдың 27 карашасынан бастап “Қазақтелеком-Үміт” корпоративті зейнетақы қоры ретінде жұмыс істеген.
1998 жылдың шілдесінде
“Қазақтелеком-Үміт”
2000 жылдың қырқүйек
айында “Үміт” ЖЗҚ-на “
2001 жылдың шілде
айында “Ұлар” және “Үміт”
қорларының акционерлері
Кесте №6
Бірігу кезіндегі екі қордың негізгі көршеткіштері*
Негізгі көрсеткіштер |
«Ұлар» ЖЗҚ 01.07.2007ж. |
«Yмiт» ЖЗҚ 01.07.2008ж. |
«YларYмiт» ЖЗҚ |
Салымшылар саны |
307 064 адам |
344 012 адам |
651 076 адам |
Зейнетақы активтерінің сомасы |
11 714 млн. теңге |
12 570 млн. теңге |
24 284 млн. теңге |
Инвестициялық табыс |
2 864 млн. теңге |
2 964 млн. теңге |
5 828 млн. теңге |
Зейнетақы төлемдерінің сомасы |
312 млн. теңге |
441 млн. теңге |
753 млн. теңге |
Зейнетақы активтері бойынша орташа жылдық табысы |
15,31 % |
17,91 % |
* Интернет сайты - www: ularumit.kz
«ҰларҮміт» жинақтаушы зейнетақы қоры » жабық акционерлік коғамы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және Ұлттық Зейнетақы Агенствасының 1997 жылғы 27 тамыздағы № 3 бұйрығымен бекіткен Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі Комитетінің «Жинақтаушы зейнетақы қорларының ережесіне» және Агенттіктің 1998 жылғы 9 наурыздағы «Жинақтаушы зейнетақы қорларының ережесіне » негізгі талаптарға» өзгерістер мен қосымшалар» және «ҰларҮміт» жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ Жарғысы негізінде жұмыс істейді.
Ресурстардың біріктірілуі шетел қорларында қолданылатын жаңа технологияларды еңгізуге, ортақ сенімді корпоративті торды құруға мүмкіндік берді. Екі ірі қордың жоғары маманданған жұмысшылары мен салымшыларға тікелей қызмет көрсететін қор менеджерлерінің саны артты. Бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартып, уақыт үнемділігіне әкелді.
Кесте №7
“ҰларҮміт” ЖЗК-ның акционерлері, банк-кастадион және зейнетақы активтерін басқаратын ұйымы туралы мәліметтер*
№ |
Аталуы |
Қызмет түрі |
1 |
«Казкоммерцбанк» ААҚ |
Банктік қызмет |
2 |
«Казақтелеком» ААҚ |
Телекоммуникациялық қызмет |
3 |
«Алаутрансгаз» ААҚ |
Газбен қамтамасыз ету |
4 |
«Шаруашылық тауарлары» ААҚ |
Шаруашылық тауарларын сату, орман шаруашылығы |
5 |
«Auto Centre ВUTYA» ЖАҚ |
Автокөлік сату, техникалық қызмет көрсету |
6 |
«Семей Су» ЖАҚ |
Тамақ өнімдері |
7 |
«Внешинвест» ЖШС |
Инвестициялық қызмет |
8 |
«Терминал» ЖШС |
Сақтау, қойма қызметі |
№ |
Аталуы |
Кастадиондық шарт жасалған күнi | |
1 |
Банк- кастадион |
«Қазақстан халықтық жинақ банкі» ААҚ |
03.09. 2008 жыл |
2 |
Зейнетақы активтерін басқаратын ұйым |
«КУПА» «Жетісу» |
03.09. 2008 жыл |
* Интернет сайты - www: ularumit.kz
Зейнетақы шарттарын жасаудың тәртібі
Қор лицензия алғаннан кейін
Қазақстан заңдылықтарында
Қор атынан Шарт жасауға өкілеттігі бар Қор агенті жеке еңбек шарты негізінде (агенттік келісім) және Шартты жасауға қор атынан берілген сенімхат негізінде жұмыс істейтін заңды тұлға болып табылады.
Әрбір Шарт үш данада, мемлекеттік тілде және орыс тілдерінде дайындалып, тараптардың қолы қойылады және Қордың мөрімен бекітіледі.
Шарт оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Шартқа қол қойылып болған соң Салымшыға дайындау құнынан аспайтын бағаға Қордың Есеп кітапшасы беріледі. Салымшы Есеп кітапшасын немесе шарттың данасын жоғалтып алған жағдайда жоғалтып алғандығы туралы өтініш жазған күннен бастап 10 күн ішінде көшірмесін береді. Қор көшірме жасауға кеткен шығынға алым алуға құқылы.
Шартқа қол қойылғаннан кейінгі үш күн ішінде Салымшы жұмыс берушіге Шартқа қол қойған күні мен Қордың реквизиттерін хабарлауға, сондай-ақ осы шарттың бір данасын беруге міндетті. Көрсетілген әрекеттер Салымшының жұмыс берушіге міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалу және көрсетілген Қорға аударуға берген тапсырмасы болып табылады. Қордың Салымшымен зейнетақы шарттарын жасауға қарсылық білдіруге құқы жоқ.
Салымшы / Алушы және Қордың құқықтары мен міндеттері
Салымшы / Алушының міндеттері:
-Қолданыста жүрген
жүрген заңдылықтарда және осы
Шартта көрсетілген тәртіппен
ерікті зейнетақы жарнасыненгіз
-Қор тарапынан міндеттердің орындалуына әсер ететін өзгерістер туралы Қорға 10 күн ішінде хабарлауға; (жұмыс беруші ауысса, басқа жаққа көшіп кетсе, фамилиясын ауыстырса)
-Салымшы Жұмыс берушімен
шарт бойынша азаматтық
-Қорға шарт тоқтатылатын мерзімнен 15 күн бұрын шартта көрсетілген мерзімнің аяқталуына байланысты біржақты тәртіппен хабарлауға:
-Қазақстан Республикасы
заңдылықтары мен осы Шартта
көрсетілген тәртіппен
Салымшы / Алушының құқықтары:
Әр салымшы өзінің қалауы бойынша жинақтаушы зейнетақы қорын тандауға кұқығы бар. Жұмыс беруші өз қызметкерінің таңдауына өсер етпеуі керек, ал белгілі бір зейнетақы қорына өз зейнетақы жарналарын аударуға қызметкерін күштеп көндіруге тіпті құқығы жоқ.
Жаңа жүйенің басты кезеңінде, егер сіз қор тандамаған болсаңыз, сіздің 10% зейнетақы жарналарыңыз Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады. Кейін жинақтаушы зейнетақы қорын таңдау кұқығы салымшының кұзырында болады. Бірақ, қазіргі уақытта МЖЗҚ-ын жақын арада жекешелендіру көзделгендіктен бұл қор да зейнетақы шартысыз жарналарды қабылдамайды.
Әрбір салымшының өз қалауы бойынша жылына екі рет жинақтаушы зейнетақы қорын ауыстыруға құқығы бар. Бұл жағдайда оның барлық жинақтары бүрынғы қордан жаңадан таңдаған қорға аударылады.
Зейнетақы жинақтарын жаңа қорға аудару үшін алдымен жаңа қормен зейнетақы келісім-шартын жасау керек, одан кейін ескі жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жинақтарын аудару жөнінде арыз жазу керек. Арызға жаңа зейнетақы қорының реквизиттері мен жеке зейнетақы есеп-шотының жаңа нөмірін көрсетіп жазу қажет.
Ақпарат алу құқығы
"Зейнетақымен
камсыздандыру туралы" заңының
14-бабына сәйкес жинақтаушы
Қазақстан Республикасы "Зейнетақымен кдмсыздандыру" заңының 28-бабына сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы/алушысы Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес өзінің зейнетақы жинағын мүраға қалдыруға құқығы бар.
Жинақтаушы зейнетақы қорынан жинақтарды алу құқығы
Қазақстан Республикасы "Зейнетақымен кдмсыздандыру" туралы заңының 28-бабына сәйкес, алушы өз зейнетақы жинақтарын баска елге тұрақты тұруға қоныс аударған кезде алуына болады делінген. Бұл үшін жинақтаушы зейнетақы қорына осыны растайтын кұжат тапсыруы қажет, содан кейін сіздің жинақтарыңыз өзіңіз көрсеткен банкке аударылады немесе қолыңызға беріледі.
Әр салымшы 10%
міндетгі зейнетақы жарналарынан бөлек,
өз табысының бір бөлігін
Сіздің жинақтаушы зейнетақы қорымен өзара карым-қатынастарыңызда жанжалды және даулы мәселелер де тууы мүмкін. Бұл жағдайда Сіз ҚРҰБ-нің “Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі” департаментіне шағымдана аласыз. Бұл ұйым жағдайды реттей алмаса, дау мәселесі Қазақстан Республикасы соттарында қаралуы мүмкін.
Қордың міндеттері:
-Қазақстан республикасы
заңдылықтарында және осы
-Алушының зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға және зейнетақы активтерін тек уәкілетті кастадион-банкте сақтауға;
Информация о работе Зейнетақымен қамсыздандыру халықты әлеуметтік қорғаудың элементі ретінде