Шығыс Қазақстан облысындағы мал шаруашылығы мен сүт және сүт өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 17:50, курсовая работа

Описание работы

Тұтынушылардың сүт және сүт өнімдерге талғам-талаптарын, қалауын анықтау үшін маркетингтік зерттеу әдістемесін дайындап жүргізу. Шығыс Қазақстан обылысы сүт және сүт өнімдерін өндіруші кәсіпорындардағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастар жиынтығы.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................2
I. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ БӘСЕКЕЛІК ТЕОРИЯНЫҢ НЕГІЗДЕРІ......................................................................................4
1.1. Тауардың бәсекеге қабілеттігі туралы түсінік...............................................4
1.2. Тауардың бәсекеге қабілеттігіне әсер ететін факторлар..............................6
1.3. Тауардың бәсекеге қабілеттігін бағалау.........................................................7
II.ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІГІН ТАЛДАУ....................................14
2.1. Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені және ондағы сүт кластерінің дамуы..................................................................................................14
2.2.Шығыс Қазақстан облысы бойынша сүт өнімдері нарығының сипаттамасы және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттігін талдау.....................17
III. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ТАУАРДЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІГІН ЖОҒАРЫЛАТУ ЖОЛДАРЫ...............................................................................27
3.1. Бәсекеге қабілетті тауар шығарудың тиімді тетігі ретінде маркетингтік жүйесін жетілдіру..................................................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................32

Работа содержит 1 файл

ерлик курсовой.doc

— 371.00 Кб (Скачать)

   Қазіргі кезеңде отандық кәсіпорындардың маркетингтік жүйесін жетілдіру негізгі мәселелердің бірі болып саналады. Өйткені ғаламдық даму үрдістері, әлемдік нарықтағы тұтынушылардың кең көлемді ақпараттарға бой үйретуі, коммерциялық және іскерлік салаларда маркетингтік әдістердің негізгі табыс құралдарының біріне айналуы соның айғағы.

   Нарық экономикасының әлемдік тәжірибесі халық шаруашылығы салаларын басқарудың тиімділігін арттыру үшін, кәсіпорынның өз өміршеңдігін сақтап қалу және күшейту мақсатында оның жүмысының екі негізгі кезеңі — өндіру мен тауарды еткізуді ұйымдастырудың жаңа әдісін, яғни маркетинг іс-әрекетін пайдалану қажеттігін тудырады. Отандық кәсіпорындарда маркетинг әлі де кең тарала қойған жоқ, бірақ соңғы уақытта нарығы дамыған ірі қалаларда орналасқан кейбір кәсіпорындарда маркетинг бөлімдері ұйымдастырылуда. Басшылардың маркетингке көп мән бермеуінің себебі, шығаратын тауарлары адам үшін бірінші қажеттіліктері нәрсе болуымен қатар, кейбір жекелей басшыларда маркетингтің рөлі және мәні шамалы деген ой туындауымен түсіндіріледі. Мұндай ой кәсіпорындарда маркетингтік және өндіру-өткізуге негізделуі кезінде оның ұйымдастырылуы мен іскерлік белсенділігі, философиясы, мақсатты бағытталуы бойынша айырмашылықтары болғандықтан дұрыс емес.

   Тауардың бәсекелік қабілетін арттырудағы маркетингтің рөлі, ең алдымен оның тұтынушыға тартымдылығын қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Ішкі нарықтағы қазіргі бәсекелік орта тамақ өнімдерінің сапасы мен бағасына қоса, оның тартымдылық қасиеттері арқылы бәсекелік қабілетін арттыру мүмкіндіктерін іздестіруді қажет етеді.

   Бәсекелік қабілетті арттыруда маркетингтік жүйені жетілдірудің тағы бір маңыздылығы – оның нарыққа қандай тауар керектігін анықтауда, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін бағалауда көрінеді. Осы жерден маркетинггік жүйенің маңыздылығын оның негізгі функцияларымен сипаттап өтуге болады:

  • нарықты    кешенді    зерттеу,    талдау және болжау, тұтынушының нарықтағы талғамын анықтау;
  • кәсіпорынның сыртқы ортасын зерттеу;
  • кәсіпорынның     бәсекелестері     мен олардың ұқсас тауарларын зерттеу;
  • өзінің мүмкіңдіктерін бағалау;
  • маркетингтік   жүйенің    стратегиясы мен тактикаларын дайындау;

    -   тауарлық  саясатты   жоспарлау,   сапа мен ассортиментті басқару;

    - сұранысты   қалыптастыру  жөне   өткізуді ынталандыру;

    -   тауарды   өткізу   жолдары   мен   оның сервисін ұйымдастыру;

    - маркетингті басқару және маркетингтік бақылау.

   Өндірістің ерекшелігіне байланысты тауардың бәсекелік қабілетін арттыруда функциялардың кезектілігі мен ұйқастығын қалыптастыру керек, ол маркетингтік цикл деп аталады. Цикл нарықтың түріне, өндірістің сипатына, тауардың қасиеттеріне және өткізу жағдайларына тәуелді. Осы функцияларды жүзеге асыру кәсіпорын тауарының бәсекелік қабілетін арттыру бағытындағы жұмыстарды жақсартуға ықпал етеді.

   Жалпы алғанда, маркетингтік жүйе кәсіпорын үшін оның тауарларын жарнамалауда, дайын тауарды өткізу амалдарын табуда, тауардың тартымдылық қасиеттерін қалыптастыруда, тұтынушылардың талғамын білу мақсатымен зерттеулер ұйымдастыруда тиімді болып есептеледі. Бұл тауардың бәсекелік қабілетін арттыру бағыты ретінде кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру тетігін қолданудың маңыздылығын көрсетеді.

   Тұтынушылардың талғамдарына сай тауар шығару және әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие бола бастаған тауардың жаңа түрлерін ішкі нарыққа ұсыну мүмкіндіктерін бағалау маркетингтік жүйенің маңыздылығын артырады. Зерттеу нәтижелері кәсіпорынның нарықтағы "икемділігін" қалыптастыруға, сұранысы жоғары тауарлардың өндірісін арттырьш, өмірлік кезеңі құлдырау шегіндегі тауарларды шектеуге, оның тұтынушылық қасиеттерін жақсарту арқылы жаңа сипатта ұсынуға негіз болады. [9]

   Ұсынылатын  жаңа тауардың тартымды келбеті мен сату мәдениеті тұтынушыға жағымды әсер ететіндей саясат қалыптастыру, оның сапалық белгілерінің негізгі сипаттарын көрсете білу маркетинггік жүйелі саясаттың маңызды буынына жатады.

   Маркетинггік қызметтің негізгі міндеттері мыналар болуы тиіс:

   -   тұтынушылар   талғамының   өзгерісін және оның себептерін зерттеу;

  • түрғындардың тұтыну ерекшеліктерін, ұстанымдарын ескере отырып, нарықта сұранысқа ие болатын жаңа тауарларды анықтау (өндірістегі   тиісті   мамандардың   кеңесіне сүйене   отырып)   және   мұндай   тауарларға тұтынушылардың көзқарасын білу;
  • кәсіпорынның   мүмкіндіктеріне   сай тауардың жаңа түрлерін шығару қажеттілігін негіздеу (оның тиімділігін, мүмкін болатын өткізу  көлемін  және   нақты  тұтынушыларын);
  • жаңа тауарды өткізу бағыттарын, оның тұтынушылық қасиетгерінің ерекшеліктерін тұтынушыға жеткізу әдістерін белгілеу.

   Маркетингтік  жүйені қалыптастыруда бұл бөлім жұмысының үшінші бағыты өсімдік майлары тауарларының сұранысын қалыптастыру жолдарын табу және жарнама қызметтерімен айналысуы тиіс.

   Жалпы, түрлеріне қарай өнімді өткізудің бірнеше жолын бөліп көрсетуге болады: тікелей, жанама, белсенді, тандаулы, мақсатты, мақсатсыз. Бұлардың кез келгені кәсіпорынның маркетингтік тауар өткізу стратегиясына байланысты қолданылуы мүмкін. Тауардың сұранысын қалыптастыру тек белгілі әдістерді пайдалануға ғана емес, бұл қызметпен айналысатын мамандардың шеберлігіне, олардың тауарды өткізу жолдарының құпияларын терең меңгерулеріне және тұтынушыға қажетті ақпаратты дұрыс, әрі нәтижелі жеткізе білулеріне тікелей қатысты.

   Тауардың сұранысын қалыптастыруда ішкі нарықтағы тұтынушылармен қоса, сыртқы нарыққа шығу мүмкіндіктерін де назардан тыс қалдырмаған жөн.

   Отандық кәсіпорындардың тауарды өткізу саясатындағы ең бір әлсіз тұсы тауарды жарнамалау деңгейінің төмеңдігі. Көптеген тұтынушылардың отандық тауарлардың тұтынушылық сипаттарын жете білмейтіндігі, олар туралы ақпаратгың аздығы, осыған сәйкес танымалдылығы жоғары шетелдік тауарларға сұраныстың қалыптасатыны сезілуде. Тұтынушылармен тығыз байланыстың орнатылмауы дайын тауардың бәсекелестік қабілетінің кемуіне, тұрғындар арасында бұл тауардың жоғары сұранысқа ие болмауына түрткі болады.

   Кең көлемді жарнама тауардың тартымдылық қасиеттерінің қалыптасуына, тұтынушылар арасында сауда белгісінің танымалдылық деңгейінің артуына ыкпал етіп, тауарды өткізу стратегиясының нәтижелі жүзеге асуын қамтамасыз етеді. [10]

   Жалпы алғанда, нарықтық экономикаға тән  кәсіпорын маркетингін ұйымдастыру – қазіргі уақыт талабы. Әлемдік үдерістердің көшінен қалып қоймау үшін де, өндірістің тиімді дамуын қамтамасыз ету үшін де, отандық тауарлардың бәсекелестік қабілетін арттыру үшін де нарықпен жүйелі қатынастың тиімді құралы – маркетингті барынша кеңірек қолдану әрбір кәсіпорындагы шешілуі тиіс міндеттерінің бірі болғаны жөн. Маркетингтік шаралардың көп қаржыны талап ететінін ескере отырып, оның қайтарымы да елеулі табыстарга жеткізетінін назарға алу керек. Еліміздегі өсімдік майлары өндірісіндегі бүгінгі ахуал өндірушінің беделі мен оның ішкі және сыртқы нарықтарға танымалдылығын арттыруға, нарық қажеттіліктеріне шапшаң жауап қатуға, бәсекелестердің қалтарысында қалып қоймауға мүдделі. Сондықтан да, кәсіпорынға маркетингтік жүйе құрылымы мен оның ұсынылған нақты бағыттары негізінде жұмыс жасау бәсекелі нарықта қарқынды да, нәтижелі болуына септігін тигізеді. 
 
 

Қорытынды 

   Сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға байланысты жүргізілген  ғылыми зерттеулер негізінде келесідей  тұжырымдар мен ұсыныстарды жасауға  болады:

   1. Сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге  қабілеттілігі – бәсеке жағдайында тағамдық құндылығы, табиғилығы, дәмі, майлылығы, бағасы, сақталу мерзімі, санитарлық-гигиеналық жайы, сыртқы орамасының тартымдылығымен тұтынушылардың қажеттілігі мен талғамын және өткізу жағдайымен қанағаттандыратын экономикалық түсінік.

   Шикізатты тиімді пайдалануға сүт және сүт  өнімдері қайта өңдеу  де әсер  етеді. Қажетті құралмен толық жабдықталмау сүт  өнімдері барлық компонентін  қолдануға және кейбір түрлерін шығаруға кедергі келтіреді.

   2. Қазақстанның сүт өндірісі Кеңес Одағының ыдырауы салдарынан болған көптеген ірі сүт фермаларының жабылуы кезіндегі қысылтаяң заманда өте нашар күйге түскендігін айтып өтуге тура келеді. Нәтижесіне еліміздегі сүт өнімдерін беретін мал негізінен жеке тұлғалар қолында қалды. Мұндай жағдай сүт өндірісінің дамуына теріс әсерін тигізеді. Жеке шаруашылықтар сүт өндіруші кәсіпорындарға жеткізілетін өнімнің қажетті сапасымен қамтамасыз ете алмайды. Атап айтқанда отандық сүт өндірушілерінің сүт құрамында бактерияның ену деңгейінің жоғары болуы байқалады. Бұл жағдай сүт өнімдерінің төмен сапасына, жоғары қосымша өндірістік шығындарға және комбинаттардың сүт өнімдерін өндіру ассортименттерінің төмендеуіне әкеліп соғады.

   Оған  қоса, ірі сүт фермаларының жеткіліксіз  болуы Қазақстандағы сүт өндіру деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне және сүт өндірісіндегі сүт өнімдерінің  26% құрағандығына себеп болды.Қазақстандағы сүт рыногы соңғы кездері әр түрлі жағдайда, таза өнім тұрақтылығын анықтау  көрсеткіші   төмен,  өнімнің  рентабелділігі бір қалыпты емес.

   Нәтиже көрсеткіштері отандық сүт өнімінің бәсекеге қабілеттілігі өзіндік құны төмен екендігін көрсетеді, негізгі қорды, технологияны жаңарту, сапалы тұқым мен  тыңайтқыштарды ауыстыруға шығын жұмсамайды. Материалдық – техникалық базаны осындай жағдайда болуы отандық сүт өнімінің  бәсекеге  қабілеттілігін  арттырмайды

   3. Шығыс Қазақстан облысындағы  мал шаруашылығының даму барысы  жыл сайын өсіп отыр. Жалпы  Шығыс Қазақстан облысы ауыл  шаруашылығы мен айналысуға өте  қолайлы территорияда орналасқанын  жоғарыдағы жұмыстың нәтижесінен көруге болады..

   4. Соңғы жылдары мал шаруашылығы  өнімдерінің және асыл тұқымды  мал басының саны тұрақты өсіп  келе жатқаны талдауларға сүйеніп  анықтауға болады. Сүт өнімдерінң  бәсекеге қабілетті болуының  бірден бір себебі сапасында.  Сапаны жоғарарлату үшін ең бірінші саралы шикізат көзін қолдау;

   5. Нарықтық қатынастардың дамуына  қарай сүт және сүт өнімдерін  өндіруші кәсіпорындардың арасында  бәсекелестік күшейе түседі. Нарық  қатысушыларының саны неғұрлым  өскен сайын, бәсекелестік те  соғұрлым күшті болады, басқа сөзбен айтқанда, ол өзінің толыққанды формасына жақындаған сайын, бәсекелестіктің дамуы  алға басады. Бәсекелестіктің алдын алу үшін жаңа формалар мен кәсіпкерлерді өздерінің нарық позицияларын күшейтуі қажет. Бұл өз кезегінде  бәсекелестік құбылысын зерттеуді, оның болмысын, бағалау көрсеткіштерін түсінуді және т.б. талап етеді.

   6. Мемлекеттік қолдаудың экономикалық  механизмдері тұрақты емес, сонымен  қоса, материалдық құндылықтар, ауылшаруашылық  техникасы лизингісі, ауыл шаруашылық  өндірісін несиелеу  және  сақтандыру, сүт сапасының стандарты әлемдік талаптарға сәйкес келмеуі, менеджмент деңгейі  төмендігі, маркетингтік ақпараттың жетіспеушілігі, озық  аграрлық техникамен жабдықтаудың сервистік қызметі дұрыс жолға қойылмауы, өндірісті ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін қабылдамауы т.б

   7. Тауарды тарататын каналдардың  дұрыс  болмауы, тауарды   сату, таратудың  бірыңғай саясатының  жоқтығын білдіреді. Бұл өз  кезегінде  делдалдар  рыногында   пайда  мол пайда  табуға  ықпал етеді. Олардың ауыл шаруашылығы өнімдерінен тапқан табысы, агро өндірістің өркендеуіне емес сауда  капиталы саласына өтеді. Сатылым бағасы  өндіріс шығынынан аз болуы мүмкін.

   Осы мақсатта  сүт өнімдерін  өндіруді дамыту  бойынша ғылыми негізделген, инновациялық   технологиялық  жаңалықтар енгізетін, салықтық,  кедендік  жеңілдіктер, сондай –ақ  сапа  менеджментін (ИСО, ХАСПП),  тауар экспорты  субсидиясы,  несиелеу, техника  мен жабдықтар лизинг қолдану  жеңілдігінің   экономикалық  механизмдері  қарастырылған шаралар  кешенін  жасау  қажет.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

  1. 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы.[1]
  2. Ж.О.Сазанова Шаруа қожалықтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.-Алматы, 2005, 27 б. [10]
  3. С.Р. Есімжанова Маркетинг – оқу құралы, Алматы «ЭКО» баспа үйі, 2009. - б.212-220. [3], [4]
  4. Қажымурат К. Кәсіпорынды басқару жуйесіндегі маркетингтің рөлі // Саясат, 2002. №1,59-606.[6]
  5. Аграрлық өнеркәсіп кешенін реттеудің экономикалық механизімі (мақала) баспа С. Аманжолов атындағы ШҚМУ 55-жылдығына арналған «Аманжолов оқулары- 2007» атты халықаралық ғылыми -практикалық конференцияның  материалдары,Өскемен,2007. - б.194-195  – 0,2 б.п.\\
  6. Шығыс Қазақстан облысының аграрлық секторының жағдайы және  мәселелері (мақала) баспа С. Аманжолов атындағы ШҚМУ 55-жылдығына арналған «Аманжолов оқулары- 2007» атты халықаралық ғылыми -практикалық конференцияның  материалдары, Өскемен, 2007. - , 2б.196-199.  [7]
  7. Бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатудың негізгі тәсілдері мен механизмдері (мақала) баспа «Саясат-POLICY» №4, Алматы,. 2009, б.42-44. [5]
  8. Сүт  және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін маркетингтік бағалау (мақала) баспа «Евразийское сообщество», - Алматы,2009.- №4[8]
  9. Мал шаруашылығының бәсекеге  қабілеттілігін қалыптастыру жолдары (мақала) баспа IV Рысқұлов оқулары «Ғаламдық экономикалық дағдарыс: себептері, мәні және еңсеру жолдары» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, V том, Алматы, 2009. - б.820-826 [9]
  10. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3[2]
  11. КазЭУ хабаршысы №8 2003ж, 42-46 бет.

Информация о работе Шығыс Қазақстан облысындағы мал шаруашылығы мен сүт және сүт өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар