Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 17:50, курсовая работа
Тұтынушылардың сүт және сүт өнімдерге талғам-талаптарын, қалауын анықтау үшін маркетингтік зерттеу әдістемесін дайындап жүргізу. Шығыс Қазақстан обылысы сүт және сүт өнімдерін өндіруші кәсіпорындардағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастар жиынтығы.
КІРІСПЕ....................................................................................................................2
I. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ БӘСЕКЕЛІК ТЕОРИЯНЫҢ НЕГІЗДЕРІ......................................................................................4
1.1. Тауардың бәсекеге қабілеттігі туралы түсінік...............................................4
1.2. Тауардың бәсекеге қабілеттігіне әсер ететін факторлар..............................6
1.3. Тауардың бәсекеге қабілеттігін бағалау.........................................................7
II.ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІГІН ТАЛДАУ....................................14
2.1. Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені және ондағы сүт кластерінің дамуы..................................................................................................14
2.2.Шығыс Қазақстан облысы бойынша сүт өнімдері нарығының сипаттамасы және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттігін талдау.....................17
III. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ТАУАРДЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІГІН ЖОҒАРЫЛАТУ ЖОЛДАРЫ...............................................................................27
3.1. Бәсекеге қабілетті тауар шығарудың тиімді тетігі ретінде маркетингтік жүйесін жетілдіру..................................................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................32
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
I. ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ӨСУДІҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ БӘСЕКЕЛІК ТЕОРИЯНЫҢ
НЕГІЗДЕРІ.....................
1.1. Тауардың
бәсекеге қабілеттігі туралы
түсінік.......................
1.2.
Тауардың бәсекеге қабілеттігіне әсер
ететін факторлар.....................
1.3.
Тауардың бәсекеге қабілеттігін бағалау.......................
II.ШЫҒЫС
ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СҮТ ЖӘНЕ СҮТ
ӨНІМДЕРІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІГІН ТАЛДАУ........................
2.1.
Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік
кешені және ондағы сүт кластерінің дамуы.........................
2.2.Шығыс
Қазақстан облысы бойынша сүт өнімдері
нарығының сипаттамасы және сүт өнімдерінің
бәсекеге қабілеттігін талдау.....................17
III. НАРЫҚ
ЖАҒДАЙЫНДА ТАУАРДЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІГІН
ЖОҒАРЫЛАТУ ЖОЛДАРЫ.......................
3.1.
Бәсекеге қабілетті тауар шығарудың тиімді
тетігі ретінде маркетингтік жүйесін
жетілдіру.....................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
Кіріспе
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін индустрияландыру мақсатында мемлекеттің іс-қимылы екі негізгі міндетті шешуге бағытталған. Оның біріншісі – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, екіншісі – экспортқа бағдарланған өндірісті дамыту және экспортты әртараптандыру .
Отандық ғалымдардың пікірінше, тауардың бәсекеге қабілеттігі бұл – тауардың бәсекелес өндірушілердің ұқсас тауарлармен салыстырғанда жоғары тұтынушылық қасиеттерімен, төмен бағасымен, тартымдылығымен және оны қажеттілікті өтеу құндылығымен ерекшеленеді.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Ауылды көтерудің негізгі факторларының бірі агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты және динамикалық түрде дамуы» деп ерекше көңіл бөлінген болатын.
2009
жылы Шығыс Қазақстан
Қол жеткізілген оң нәтижелерге қарамастан, сүт саласы және басқа аралас салаларда да бірқатар мәселелер бар:
- сүтті малдың
басым бөлігі жеке қосалқы шаруашылықтарда
шоғырлануына байланысты келіп түсетін
шикізаттың (сүттің) жеткіліксіз және
сапасының төмен болуы;
- АӨК қайта өңдеу кәсіпорындарын несиелеу
көлемінің қысқаруы мен еркін және өтемді
кепілдік мүлкінің болуына байланысты
айналым қаражатының жеткіліксіз деңгейде
болуы;
- арзан импорт көлемінің ұлғаюы және оның
нәтижесінде ішкі нарықтың тауарларға
(сары май, ірімшік) толуы;
- дайындау жүйесінің дамымауы, шикізатты,
сондай-ақ, дайын өнімді дайындау және
тасымалдау кезіндегі жоғары көлемдегі
шығындар;
- буып-түю матералдарының басым бөлігінің
импортталуы және оларды өндіретін өз
өндірісінің болмауы өнімнің өздік құнына
әсер етеді.
Бұдан басқа көптеген сүтті қайта өңдейтін кәсіпорындарындағы қажеттілікке сәйкес материалды-техникалық база, өндірістік инфрақұрылым, шикізатты және дайын өнімді сақтау бойынша қуаттылық көрсеткіштері айтарлықтай артта қалуда.
Экономиканың дамуы барысында әрдайым жоғары сұранысқа ие, мемлекеттің экономикалық тұрғыда, экспорт және импорт алмасу үрдісінің дамуына негізгі әсер етуші фактордың бірі мал шаруашылығы, соның ішінде сүт және сүт өнімдері болып табылды.
Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясында мал шаруашылығы өнімдерінің пайдалылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттерінің алға қойылуы оны тәжірибе жүзінде шешудің маңыздылығына орай курсовойлық зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі анықталады.[1]
Сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың отандық өндірушілер кешенін дамытуда және ішкі рынок тұтынушыларының барлық топтарын жоғары сапалы сүт өнімдерімен қамтамасыз етуде, сыртқы экономикалық байланысты кеңейтуде тәжірибелік мәні зор. Осы мәселені шешу ел экономикасын дамыту, халықтың денсаулығын жақсарту, олардың өмір сүру деңгейін арттыру, ғылым мен техникалық прогресс жетістіктерін ендіру, ұлттық өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті кәсіпорын мен аймақтарды жетілдіруге байланысты кешенді сипат алады.
Курстық жұмысының мақсаты – сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттіліктерін жоғарылату бойынша ғылыми-әдістемелік тұжырымдалған, тәжірибелік маңызы бар ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
Зерттеу объектісі. Шығыс Қазақстан облысындағы мал шаруашылығы мен сүт және сүт өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар.
Зерттеу пәні – Шығыс Қазақстан обылысы сүт және сүт өнімдерін өндіруші кәсіпорындардағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастар жиынтығы.
Курстық жұмыстың теориялық-әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, бәсекеге қабілеттілік мәселесіне қатысты заңдық актілер, нормативтік-құқықтық құжаттар қарастырылды.
Зерттеу
жұмысында ҚР статистика Агенттігінің,
Шығыс Қазақстан облыстық статистика
департаментінің ресми
Курстық
жұмыста талдау, салыстыру, топтастыру,
эксперттік, пікір сұрау, статистикалық
әдістер қолданылды.
I. Экономикалық өсудің факторы ретінде бәсекелік теорияның негіздері
1.1.
Тауардың бәсекеге қабілеттігі
туралы түсінік
Бәсекелестiкке
қабiлеттiк – бірнеше деңгейде қарастырылатын экономикалық ка
Тауарлық
бәсекеге қабілеттілік әртүрлі факторларға байланысты анықталады.
Олардың арасында өнімдердің бағасы мен
сапасына әсер ететін өндіріс шығындары,
еңбектің өнімділігі мен қарқындылығы
аса маңызды болып табылады. Жаһанданушы
әлемде әлемдік бәсекеге қабілеттілікте
алдыңғы орынға өнімнің баға факторы емес,
тауар сапасы, жаңалығы, ғылымилығы, зияткерлігі
шығып отыр. Сондықтан да әлемнің көптеген
елдері әз тауарларының бәсекеге қабілеттігін
инновациялар, жоғары технологиялық өнімдерді
Соңғы 20 жыл бойында ұлт экономикасының бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасы экономикалық даму теориясында айтарлықтай маңызға ие. Ол ел өзінің экономикалық болашағын қалай қалыптастырып жатқандығын көрсетеді, ал оны бағалау маңызды экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, маңызы бар саяси үдерістердің салдары және қоғамдық басқару, білім деңгейі, ғылыми база, ақпараттық құрылымның жоғарғы деңгейде дамуы, инновацияға мәдениет пен құндылықтар жүйесінің қолайлығы сияқты экономикалық емес көрсеткіштермен де жүзеге асырылады.
Елдің бәсекеге қабілеттілік индикаторы бірінші кезекте, азаматтардың өмір сүру деңгейі мен сапасының көтерілуі, тұрақтылық, мемлекеттің айқын болашағы, елде заңдардың сақталу деңгейі және тағы басқалар болып табылады. Яғни, тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ресурстарды пайдалану тиімділігі және халықтың өмір сүру деңгейі де жоғары.
Өз уақытысында мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі едәуір көлемде өндірістің негізгі үш факторы – табиғи ресурстар, еңбек ресурстары және капиталға байланысты болды. Өндіріс пен техникалық прогрестің дамуымен байланысты бәсекеге қабілеттілікті бірінші кезекте, жоғарғы деңгейдегі елдің инфрақұрылымы, оның ғылыми әлеуеті, халықтың білім деңгейі сияқты факторлар анықтай бастады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, өндіріс факторларының болуы маңызды, бірақ табысты бәсеке жағдайында жеткіліксіз. Сонымен қатар, өнімге деген белгілі бір сұраныс және қызмет көрсету салаларында ішкі бәсекелестік, фирманың стратегиясы мен құрылымы және ішкі салалық бәсеке қажет.[2]
Өнімнің
бәсекеге қабілеттілігі – бұл
өнімнің бәсекелес-өніммен
Отандық және шетелдік арнайы әдебиеттерді талдай келе, қазіргі уақытта өнімнің бәсекеге қабілетілігі мағынасын толық ашып көрсететін бірыңғай тұрақты анықтама қалыптаспағанын көруге болады. Бұл мәселеге байланысты бірнеше көзқарас бар. Кейбір өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін оның нақты нарықта, нақты уақыт мерзімінде сәтті сату мүмкіндігімен анықтайды.
«Басқару проблемалары жөніндегі Еуропалық форум» бәсекеге қабілеттілікке мынандай анықтама береді: «бәсекеге қабілеттілік дегеніміз – бұл фирмалардың өздері өндірген тауарлардың олардың бәсекелестерінің тауарларымен салыстырғанда бағасы және бағадан тыс сипаттамалары бойынша тұтынушылар үшін тартымдырақ болатын тауарлар әзірлеу мен өткізудің нақты және әлеуетті мүмкіндігі».
М. Портер бәсекеге қабілеттікті үш стратегия арқылы көрсетеді. Олар:
1. Шығындылықты төмендету;
2. Бөлшектеу;