Шығыс Қазақстан облысындағы мал шаруашылығы мен сүт және сүт өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 17:50, курсовая работа

Описание работы

Тұтынушылардың сүт және сүт өнімдерге талғам-талаптарын, қалауын анықтау үшін маркетингтік зерттеу әдістемесін дайындап жүргізу. Шығыс Қазақстан обылысы сүт және сүт өнімдерін өндіруші кәсіпорындардағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастар жиынтығы.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................2
I. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ БӘСЕКЕЛІК ТЕОРИЯНЫҢ НЕГІЗДЕРІ......................................................................................4
1.1. Тауардың бәсекеге қабілеттігі туралы түсінік...............................................4
1.2. Тауардың бәсекеге қабілеттігіне әсер ететін факторлар..............................6
1.3. Тауардың бәсекеге қабілеттігін бағалау.........................................................7
II.ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІГІН ТАЛДАУ....................................14
2.1. Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені және ондағы сүт кластерінің дамуы..................................................................................................14
2.2.Шығыс Қазақстан облысы бойынша сүт өнімдері нарығының сипаттамасы және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттігін талдау.....................17
III. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ТАУАРДЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІГІН ЖОҒАРЫЛАТУ ЖОЛДАРЫ...............................................................................27
3.1. Бәсекеге қабілетті тауар шығарудың тиімді тетігі ретінде маркетингтік жүйесін жетілдіру..................................................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................32

Работа содержит 1 файл

ерлик курсовой.doc

— 371.00 Кб (Скачать)

      3. Жинақтау;

     Тауардың  бәсекеге қабілеттігі бірнеше маңызды қасиеттерге ие. Олар:

     1.Бәсеке  қабілеттік салыстырмалы шама, яғни ұқсас тауарлармен салыстыру немесе теңестіру арқылы анықталады;

     2. Ол динамикалық шама, яғни уақытқа  байланысты өзгереді. Тауардың өмірлік  және де басқада жағдайларға  белгілі бір деңгейде тәуелділік қалыптасады;

     3.Әрбір  тұтынушының жеке талғамы әрбір  тауардың бәсеке қабілеттігіне өзінше әсер етеді. Сондықтан да ол құбылмалы немесе ауыспалы сипатқа ие болады;

     4.Бәсекеге  қабілеттілік нақты тауардың  белгілі бір түріне нарықта  ғылыми-техникалық прогресстің даму  деңгейіне байланысты болады.[3] 
 
 
 

1.2. Тауардың бәсекеге қабілеттігіне әсер ететін факторлар 

     Тауардың бәсекеге қабілеттігіне әсер ететін факторлар обьективті, субьективті, эндрогенді және экзогенді болып бөлінеді.

      Обьективті  факторлар – өндірушіге тікелей (сапа деңгейі немесе жарнама) сатылған тауарға қызмет көрсету жанама түрде байланысты болады.

      Субьективті факторлар – өндірушілерге байланысыз, яғни психологиялық және жеке тұлғалық факторлар жатады. Мысалы: тұтынушылардың ұстанымы, салты тағы да сол сияқтылар.

      Экзогенді факторлар – әлемдік фактордың мемлекеттік тауарлар нарығынның қажетіліктерін және тауарға деген сұранысты анықтайды.

      Эндрогенді  факторлар – өндіріс кәсіпорының мүмкіндіктерін сипаттайды және тауардың техникалық-экономикалық деңгейіне ықпал етеді.

      Рессейлік ғалым А. Трибулин бәсекеге қабілетті факторларды сыртқы, экономикалық  және сапалық деп бөледі.

     Сыртқы  факторларға экономикалық нарықтың даму тенденциялары, ғылыми-техникалық прогресстің тұтыну құрылымындағы  өзгерістер, нарық құрылымы, бәсекелестер құрамы, кәсіпорының имиджі мен танымалдылығы, өндіруші мемлекеттің беделі және де тағы да басқалары жатады.

      Сапалық факторларға қазіргі қолданыстағы стандарттар, нормалар аңықтайтын тауардың сапа көрсеткіштері, тауардың қауіпсіздігі, ұзақ мерзімді сақталуы тағы да сол сияқтылары жатады. Бұл жерде тауар сапасын басқару жүйесіннің дамуын былайша түсіндіреді.

      Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда cапа проблемасын   шешу кезінде нарықтылық қажеттілік есепке алынбай   тауар сапасы техникалық деңгейге бағытталды. Сапаны басқару мәселелерімен техникалық бақылау және сапаны талдау бөлімдері айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін (белгілер) тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларында қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары, тауарда табылған кемістіктер, оларды талдау және се-бептерін  белгілеу  кіреді.

      Тауардың  сапасын  басқаруды  жетілдіруде  отандық  өндірушілердің    алдына   қойылатын  негізгі  проблемалар, олар:

- тауардың  сапалығын    басқару   жүйесіне  маркетинг қызметі   механизімін қосу;

-  тұтынушыга    және   барлық   өндірістік    қызметтерде сапаны   басқару   жүйесін  қалай  бағыттау;

-    тауардың     өмірлік     кезеңінің    барлық     белестеріндегі сапаны     басқару     жүйесіндегі     механизм     әсерлерін күшейту;

     Сапаны   басқару   жүйесін   енгізу   кәсіпорында   мынандай міндеттерді  шешуге  мүмкіндік   береді:

-    жоғары   сапалы   тауардың   тұрақтылығын   қамтамасыз ету;

-    тауар   көлемін   ұлғайту   және   оны  сататын  нарықты (рынокты) табу;

-    жоғары    бағада    сататын    тауарды    көбейту    мүмкіндіген   қарастыру;

-  тауардың    бәсекеге   жарамдылығы   және   қаржы   жағдайының     тұрақтылығы    жөніндегі     проблемаларды шешу.

      Сонымен,    тауардың    сапасын    басқару    әрбір    кәсіпорындарда   жүйелі   түрде   іске   асқан   жөн.

      Экономикалық  факторларға тауардың бағасын қалыптастыратын экономикалық көрсеткіштерді жатқызамыз.

      Әлемдік тәжірибеде тауардың бәсекеге қабілеттігі келесі факторлармен анықталады:

  • тауар сапасының нарықтық және нақты тұтынушының талабына сай болуыменен;
  • сатып алуға жеткізуге кеткен шығындармен;
  • тұтынушыға тиімді уақытта жеткізу жағдайымен:
  • кәсіпорының беделімен, сенімді әріптес бола алатын дәлелімен;

      Тауар мен кәсіпорының бәсекеге қабілеттігі  ұқсас болғанымен, мағыналары  жағыннан  ерекшеленеді. Негізгі ерекшелену белгілері келесілер:

      1.Тауардың  бәсекеге қабілеттілігі белгілі  бір қысқа уақыт аралығында  анықталса кәсіпорынның қабілеттілігі  салыстырмалы түрде ұзақ болады.

      2.Тауардың  бәсекеге қабілеттілігі тұтынушының  әсеріне тікелей байланысты, ал бәсекенің тиімділігі кәсіпорының иесінің өзі анықтап қажет болған жағдайда өндірістік өткізу қызметіне  стратегияларды енгізе алады.

      3.Кәсіпорын  бірнеше тауар шығару өндіріске  байланыссыз, өндірістің басқа  түрлерімен айналасуы мүмкін (қаржылық, делдалдық және т.б.). Кәсіпорының бәсекеге қабілеттілігі барлық тауардың қабілетілігіне және қызмет түріне байланысты.

     4. Тауардың бәсекелік қабілеттігін  кәсіпорының бәсекеге қабілетілігі  анықтайды. Тауардың бәсекеге  қабілеттігін  баға төмендету арқылы қамтамасыз етуі мүмкін, алайда осы тауарды өндіруге кеткен шығын толық жабылмай табыс таппау мүмкін. Мұндай жағдайда қаржылық бәсекелік қабілетті төмендейді.[4] 
 
 
 

1.3. Тауардың бәсекеге қабілеттігін бағалау 

     Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының негізгі міндеттері: ғылыми көлемді және жоғары технологиялық экспортты өндірістердің құрылуына жағдай жасау; жоғары құнды қызмет көрсету мен тауарлар пайдасына сай елдің экспортты деңгейін диверсификациялау инновациялық үрдістермен бірігіп, әлемдік шаруашылық жүйесіне интеграциялау.

     Қазіргі заманғы кәсіпорындар өздерінің  бәсеке бағытын нығайту   үшін әлемдік нарықтың жоғарылап келе жатқан талаптары, тұтынушылық сұраныстың дифференциялануы, инновациялық айналымдардың  азаю қажеттілігі және өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу мәселелерімен бетпе-бет кездесуде.

     Тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау тұрғысынан нарықты зерттеудің  нәтижесі  тауардағы қажеттілікттердің әрекеттестік динамикасы  мен жағдайы туралы ақпаратты жинау болып табылады. Әрбір қажеттілік сатып алушы нарықта тауарға талаптар түрінде мәлімдеме  жасайтын  белгілі  бір  параметрлер жиынтығымен сипатталады.

     Тауардың  бәсекеге  қабілеттілігін  жоғарылату  жолдарын  жобалау оның  нақты және уақытылы  бағалауына тікелей байланысты. Тауардың  бәсекеге түсу қабілеттілігі талданатын тауардың параметрлерін салыстыру базасының параметрлерімен салыстыру арқылы  бағаланады.  Салыстыру базасының орнына әдетте нарықтағы ұқсас тауар немесе тұтынушының қажеттілігі алынады.  Ал  ұқсас  тауар  ретінде  сатылу  көлемі максималды және болашағы жарқын тауар алынады. Егер тауардың параметрлерінің физикалық өлшемі боласа, онда оған балмен бағалау әдістері  қолданылады.

     Бәсекеге  қабілеттілікті бағалаудың негізгі  критерийлері:

  • тауардың жаңалық дәрежесі;
  • өндірілу сапасы;
  • тауар туралы ақпаратты тарату үшін материалдық базасының болуы;
  • өткізуді ынталандыру бойынша шаралар; өткізу динамикасы;
  • тауардың нарықтық талаптарына ыңғайлану мүмкіндігі;
  • қаржылық жағдайы.

     Сонымен бірге, бәсекеге қабілеттілікті салыстырмалы құн мен салыстырмалы пайда бағалық көрсеткіштері бойынша қарастыруға             болады. Егер  тауардың  бәсекеге  қабілеттілігін  баға  бойынша бағалайтын болсақ,  тауардың  бағасы,  сапасы  мен дизайны ұқсас тауардан кем              түспесе, онда тауар бәсекеге қабілетті болып саналады. Ал егер тауардың бәсекеге  қабілеттілігін салыстырмалы құн бойынша бағалайтын болсақ, онда салыстырылатын мемлекеттерде өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек бірлігінің салыстырмалы құны бір валютада есептелінеді. Бәсекеге қабілеттілікті пайдалылық бойынша бағалағанда, кәсіпорынның пайдалылығы  жоғары болған сайын оның тауарінің бәсекеге қабілеттілігі де  жоғары  болады.

     Тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістері келесідей:

     Біз бәсекеге қабілеттілікті талданатын тауар мен салыстыру базасының техникалық, экономикалық және басқа параметрлер бойынша салыстыру арқылы бағаланатынын айтқанбыз.

     Бағалау екі әдіспен жүргізіледі:

    • дифференциалданған;
    • комплексті.

     Бәсекеге  қабілеттілікті бағалаудың дифференциалданған әдісі талданатын тауар мен салыстыру базасының параметрлерін қолданып салыстыруына негізделген.

     а)  Егер бағалау базасы ретінде қажеттілік алынатын болса, онда бәсекеге  қабілеттілік  көрсеткіші  мына  формула  арқылы  есептелінеді: 

     Qi = Pi / Pio * 100%     (i = 1,2,3…,n)                                   (1) 

     Мұндағы, Qi  -  i-параметрі бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жеке параметрлік  көрсеткіші;

     Pi  -  талданатын тауар үшін і-параметрдің мөлшері;

     Pio  -  қажеттілік толығымен қанағаттандырылғандағы  і-параметрдің мөлшері;

     n  -  бағалау параметрлерінің саны,

     Нормативті  параметрлер  бойынша  бағалау  кезінде  жеке көрсеткіш 1  немесе  0  мәнін  қабылдауы  мүмкін.  Егер  талданатын  тауар  міндетті норма мен стандартқа сай келсе, онда көрсеткіш 1-ге тең; егер сай келмесе,  көрсеткіш 0-ге  тең болады.

     Техникалық  және экономикалық параметрлер бойынша  бағалау кезінде жеке көрсеткіш 1-ден үлкен немесе 1-ге тең болуы  мүмкін.

     б)  Егер  бағалау  базасы  ретінде  үлгі  алынатын  болса,  онда бәсекеге  қабілеттілік  көрсеткіші  мына  формула  арқылы  есептелінеді: 

     Qi = Pi / Pio * 100%     (i = 1,2,3,…,n)                                  (2)

     Qi = Pio / Po * 100%                                                              (3)   

     Мұндағы, Qi  – і-нші техникалық параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жеке параметрлік көрсеткіші;

     Pi  -  талданатын тауар үшін і-параметрдің мөлшері;

     Pio  -   үлгі  ретінде  алынған   тауар  үшін  і-параметрдің мөлшері;

     n  -  бағалау параметрлердің саны.

     Бағалау нәтижелерін талдау:

     Бұл 2 формуладан жеке көрсеткіштің өсіміне бәсекеге қабілеттіліктің жоғарылауы сәйкес келетін формула алынады. (Мысалы, тауарділікті         бағалау үшін ─ формула (1), ал отынның шекті шығынын бағалау үшін ─ формула (2).

     Егер  тауардың  техникалық параметрлерінің физикалық өлшемі болмаса  (мысалы,  ыңғайлылық, сыртқы келбет,  модаға сәйкес келуі, т.б.), онда балмен  бағалау  экспертті  әдістер  қолданылады.

     Дифференциалдық әдіс талданатын тауардың бәсекеге қабілеттілігін немесе ұқсас тауармен салыстырғандағы кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік  береді. Ол тауардың өмірлік циклдің барлық этаптарында, әсіресе оны болжамдық үлгімен салыстырғанда қолданылады.  Бірақ та ол тауардың әрбір салмақтылық параметрлерін таңдаған кездегі тұтынушының қажеттілігіне әсерін ескермейді.

     Бәсекеге  қабілеттілікті бағалаудың комплексті әдісі. Бұл әдіс комплексті (топтық, жалпы және интегралды) көрсеткіштерді пайдалануына және талданатын тауар мен үлгінің шекті тиімді әсерлерді салыстыруына  негізделген.

Информация о работе Шығыс Қазақстан облысындағы мал шаруашылығы мен сүт және сүт өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар