Шығыс Қазақстан облысындағы мал шаруашылығы мен сүт және сүт өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 17:50, курсовая работа

Описание работы

Тұтынушылардың сүт және сүт өнімдерге талғам-талаптарын, қалауын анықтау үшін маркетингтік зерттеу әдістемесін дайындап жүргізу. Шығыс Қазақстан обылысы сүт және сүт өнімдерін өндіруші кәсіпорындардағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастар жиынтығы.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................2
I. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ БӘСЕКЕЛІК ТЕОРИЯНЫҢ НЕГІЗДЕРІ......................................................................................4
1.1. Тауардың бәсекеге қабілеттігі туралы түсінік...............................................4
1.2. Тауардың бәсекеге қабілеттігіне әсер ететін факторлар..............................6
1.3. Тауардың бәсекеге қабілеттігін бағалау.........................................................7
II.ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІГІН ТАЛДАУ....................................14
2.1. Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені және ондағы сүт кластерінің дамуы..................................................................................................14
2.2.Шығыс Қазақстан облысы бойынша сүт өнімдері нарығының сипаттамасы және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттігін талдау.....................17
III. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ТАУАРДЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІГІН ЖОҒАРЫЛАТУ ЖОЛДАРЫ...............................................................................27
3.1. Бәсекеге қабілетті тауар шығарудың тиімді тетігі ретінде маркетингтік жүйесін жетілдіру..................................................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................32

Работа содержит 1 файл

ерлик курсовой.doc

— 371.00 Кб (Скачать)
 

   4-кестеде  көрсетілгендей облыс бойынша  сүтке  шаққандағы өндіріс  көлемі 2009-жылы 2008-жылмен салыстырғанда  1926 тоннаға немесе 2,8%, өңделген сұйық  сүт және кілегей 2009,1 тоннаға немесе 25,5% жоғарылап отыр. Жекелеген кәсіпорындар бойынша қарастыратын болсақ, «Исток-1»ЖШС-і өндіріс көлемі 2009-жылы 2008-жылмен салыстырғанда 2969 тоннаға кеміген, басты себебі – өнім өндірісіндегі жоспарланбаған шығындар, өткізудегі қиыншылықтар және т.б. «Эмиль»ЖШС-і өндірісі 2009-жылы 2008-жылмен салыстырғанда 4442 тоннаға жоғарылаған, «Багратион-Улан» ЖШС-і өндіріс 343 тоннаға өскен. «Восход» ЖШС-нің сүтке шаққандағы өндіріс көлемі 16,5%-ға немесе өңделген сұйық сүт және кілегей 38,2%-ға төмендеген, «Турайда» ЖШС-і  бойынша екі көрсеткіштің де көлемі жоғарылаған.

   Зерттеулер  көрсеткендей, қазіргі уақытта сүт  өндірісі кәсіпорындарының сыртқы нарықты  айтпағанда, ішкі нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі салыстырмалы түрде  төмен.

   Статистикалық мәліметтер мен кәсіпорынның есептік  көрсеткіштерін талдау барысында сүт  және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне  кері әсер етіп отырған мәселелер  анықталды, олар: жем-шөп базасының  әлсіздігі, ұсақ тауарөндірушілер (сүттің 90%-ы үй шаруашылықтарында өндіріледі) және орта және ірі арнайы шаруашылықтар дамымағандығы, үй шаруашылықтарында өндірілетін сүт үлесінің басымдығы өнім, сапасының төмендігі, жергілікті  жүйелі ұйымдастырылған сүт жинау орнының болмауы, арнайы ұйымдастырылған  өндіріс жүйесінің қуатының жеткіліксіздігі, өндіріс саласына сәйкессіздігі, өндіріліп отырған өнімнің өзіндік құнының жоғары болуы. [6]

   Сүт және сүт өнімдерінң бәсекеге қабілеттілігі  оны өндіруге кеткен шығындарға тәуелді. 

Сурет-1 – 2009 ж. Шығыс Қазақстан облысының сүт өндіруші кәсіпорындарының орташа жылдық өзіндік құны 

   1-суретте  көрсетілгендей, сүттің өзіндік  құнының 43,4% жем-шөп шығындарынан, 23,8% еңбек ақы қорынан, 12,9% – басқа  да өндірістік шығындардан, 5,9% –  қосымша бөлшектерден, жөндеу және  құрылыс материалдарынан, 5,6% – отыннан, 3,8% – электр энергиясынан, 2,8% – амортизациядан, 1,6% – қызметтер мен жұмыстарға төленетін ақыдан, 0,3% –суға төленетін шығындарынан тұрады. Осы мәліметтер бойынша, кәсіпорынның өзіндік құнында жем-шөпке кететін шығындар басым болып тұр. Мамандандырылған жем өндірісін қолға алмай бұл мәселені шешу мүмкін емес. Өндірілген жемді тиімді қолданудың өзі бірнеше факторлаға  байланысты: шикізаттың сапасы, құрамдас жем түрін дайындайтын мамандардың кәсіби біліктілігі, компьютерлік бағдарламалар мен  жемдеу нормаларын және дайын жемді тарату технологиясы.

   Өзіндік құнда сүт өндірудегі еңбек ақы  қорының үлесі де жорғары. Еңбек  өнімділігін арттыру шикізат  көлемін жорғарылату себептерінің бірі. Өндірісті жаңа техникамен негізгі  құралдармен жабдықтау өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

   2-cуретте  сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге  қабілеттілікті жоғарылатудыдың  маңызды шешімі ретінде, сапалы  сүтті шаруадан сатып алуды  қамтамассыз ету үшін сүт және  сүт өнімдерін өндіруші және өңдеуші кәсіпорындарының экономикалық қарым-қатынасының үлгісі көрсетілген.

     

Сурет-2 – Сүт және сүт өнімдерін өндіруші және өңдеуші кәсіпорындарының экономикалық қарым-қатынасының үлгісі 

   Сүт және сүт өндірісінің 90% үй шаруашылығында өндіріледі, сол себепті ең алдымен өнеркәсіп кәсіпорындары шаруадан алатын шикізаттың сапасын жоғарылату үшін бағасына, тасымалдау құнына, тапсырыс уақытына келісімді алдын - ала жасасуы қажет. Сонымен қатар мал азығын өндіруші мекемелердің жұмыс істеуіне қолайлы жағдай туғызып, мақсатты бағдарламалар қабылдап, мәселен олардың ауыл шаруашылығы техникаларын жеңілдіктермен, ұзақ мерзімге сатып алуға т.б. қолдау көрсету; мал шаруашылығы тұлғаларын лизинг негізінде жем-шөптік дақылдарды өсіріп, көбейтуге арналған арнайы құрал-жабдық алуына жағдай туғызу керек. Бұл өз кезегінде өндірген сүттің сапасын арттырады, сапалы сүттен сапалы сүт алуды қамтамасыз етеді.

   Өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған сүт-шикізаты, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес жеке тапсырушылардан немесе жұқпалы аурулар бойынша салауатты шаруашылық жүргізуші субъектілерде ұсталатын дені сау жануарлардан алынуы тиіс. Сүт және құрамында сүті бар өнімдерді қайта өңдеу үшін сүт-шикізаты шикі түрінде берілуі керек. Сиырды ұстау, азықтандыру және сауу, жануарлардың жай-күйін бақылау шарттары, шикі сүтті өндірудің технологиялық процестері, шикі сүтті жинауды, суытуды, сақтауды және тасымалдауды қоса алғанда, ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың белгіленген талаптарына сәйкес келуін қамтамассыз ету үшін сүт және сүт өнімдерін өндіруші және өңдеуші кәсіпорындарының экономикалық қарым-қатынасы жүйеленуі керек.

   Сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуды мақсатында мал шаруашылығын интенсивтендіру бағытында ауқымды жұмыстарды атқару керек. Қазір бұл саланың бәсекелестік қабілеті өте төмен. Бүгінде еліміздің барлық мал басының 80 пайызы бәсекеге қабілетті емес. Сол себепті асылдандыру тұқым-селекциялық жұмыстарды шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларына лайық жүргізу, жергілікті ірі қара малдың өнімдік сапасын арттыру үшін шет елден әкелінген, жергілікті климатқа жерсіндірілген асыл тұқымды түрлерін пайдалану; қайта өндіріп шығаруда алғы технологияларды пайдалану; малдың өндірістік және тұқымдық сапасын арттыру жұмысында келесі тұқымдарға ең басты көңіл бөлу қажет. Мысалы: сүтті ірі қара тобында – қара-ала, қызыл, сұрғылт, сұр-ала тұқым түрлеріне, жақсартушы ретінде – голштин-фриз қара-ала, голштин-фриз қызыл-ала және америкалық швиц селекциялық тұқымдарымен будандастыру арқылы жоғары сауылымды сиыр тұқымның түрін алуға болады. Бұл сиырлардың сауылым деңгейі және сүтінің сапсы жоғары.

   Шығыс Қазақстан облысындағы сүт өнімдерін  өндіретін кәсіпорындардың көбі, қазіргі уақытта, тек өнімнің бір ғана түрін өндіруге икемделген және шығаратын өнімдерін терең өңдеу технологиясы әлі де жолға қойылмаған.

Сурет-3 – Сүт және сүт өнімдерінің ассортиментін кеңейту бағыттары

   Сүт және сүт өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың ішінде «Шығыс-Сүт» ЖШС-і, – 40, «Исток 1» ЖШС-і – 25, «Эмиль» ЖШС-і – 19, «Багратион Улан» ЖШС-і –  10-ға жуық өнім түрлерін өндіреді. Бірақ сонымен бірге кейбір кәсіпорындардың өндіретін сүт және сүт өнімдерінің ассортименті жеткіліксіз. Тұтынушылардың төлем қабілеттілігінің өсуі, олардың талғамының жоғарлауына әсер етеді.

   Cүт  және сүт өнімдерінің бәсекеге  қабілеттілігін арттырудың тағы  бір бағыты өнім ассортиментін  кеңейту бағыты. Сүт және сүт  өнімдерінің ассортиментін кеңейту  бағыттары 3-суретте көрсетілген.

   Сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін анықтау үшін оны құрайтын көрсеткіштер жүйесін құрып маркетингтік зерттеулер жүргізу керек. Осыған байланысты бірнеше кезеңнен тұратын аймақтық нарықтағы сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін талдау үрдісін ұсынамыз (4 –сурет). 

    

    Сурет-4 – Аймақтық нарықтағы сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін талдау үрдісі

   4-суретте  көріп отырғанымыздай, аймақтық  сүт және сүт өнімдерінің нарығына  кешенді зерттеу жүргізуде бәсекеге  қабілеттілікке ықпал ететін  тікелей факторлар зерттеледі, олар нақты бәсекелестер, нақты және әлеуетті тұтынушылар мен нарықтағы сүт өнімдері.

   Нақты бәсекелестерді зерттеуде бәсекелестердің  өнім өткізу көлемі және нарықтағы  үлесі туралы ақпарат талданады  өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға ықпал ететін факторларды анықтау мақсатында Өскемен қаласының сүт және сүт өнімдері нарығында тұтынушыларға пікір сұрау арқылы маркетингтік зерттеу жүргізді. Оның әдістемелік негізі ретінде зерттеу жүргізудің негізгі принциптері, әдістері, кезеңдері, тәсілдері алынды. Зерттеу үрдісі оның мақсаттарын анықтау, сұрақтар дайындау, сауалнаманы тестілеу, байқау сұрауын жүргізу, сауалнаманың соңғы нұсқасын дайындау, іріктеме жоспарын жасау және іріктеме көлемін анықтау, сауалнама жүргізу, алынған нәтижелерді талдау кезеңдерінен тұрды.

   Маркетингтік  зерттеулер нәтижесінде тұтынушылардың сүт және сүт өнімдерінің ассортиментіне сұранысы анықталды ( 5–сурет).

   

Сурет-5 – «Cіз қандай сүт және сүт өнімдерінің түрін сатып аласыз?» деген сұрақтың нәтижесі

   Зерттеу аспектілерінің бірі халық сатып алатын барынша толық сүт өнімі түрлерін анықтау болып табылады. Респонденттер сатып алатын сүт өнімі түрлерінің пайыздық арақатынасын салыстыра отырып, ұсынылған сүт және сүт өнідерінің ішінде ең жоғары сұраныс сүтке екендігі айқындалды. Өскемен қаласының тұрғындарының 94,6 %  сүтті күнделікті сатып алатыны анықталды.

   Сатып алушылардың сауда белгісіне  көзқарасын білу мақсатында қойылған «Қандай кәсіпорынның сүт өнімін сатып алар едіңіз?» деген сұраққа респонденттердің 23% «Шығыс-Сүт» ЖШС-і, 22% – «Эмиль» ЖШС-і, 16% – «Багратион Улан» ЖШС-і,  14% – «Фуд Мастер», 11% – «Исток 1» ЖШС-і , 8% –басқада кәсіпорындар, 4% – Солнечный фирмасына, 2%–Дач леди маркаларынрының сүт және сүт өнімдерін тұтынытындары белгілі болды (Сурет 6). Сонымен қатар «Шығыс-Сүт» ЖШС-нің сүті  мен айранын, «Фуд  Мастердің» йогуртын, «Эмиль» ЖШС-і балмұздағын, «Багратион Улан» ЖШС-нің қаймағын, «Агропродуктының» тәтті сүзбешесін қалайтындықтары анықталды.

    

Сурет-6  – «Қандай кәсіпорынның сүт өнімін сатып алар едіңіз?» сұрағының нәтижесі 

 

Сурет-7 – «Сіздің таңдауыңызға ерекше әсер ететін фактор» сұрағының нәтижесі

    Респонденттердің  таңдауыңына әсер ететін факторларды  айқындау үшін қойылған сұраққа келесідей  нәтижелер алынды. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің басым бөлігі яғни, 42% дәміне, 27% сапасына,18% орам дизайніне, 7% бағасына, 4%тауар маркасына және 2% мөлшері\орамына мән беретіні белгілі болды.(Сурет 7)[7]

   Сүт өнімінің  сапа көрсеткіштерінің мағыздылығын анықтау мақсатында  тұтынушыларға Лайкерттің 5 баллдық шкаласымен сапа критерийлерін бағалау үшін сауалнама ұсынылып, олардың маңыздылығы анықталды (5-кесте).

Кесте-5 – Сатып алушы-респонденттердің сапа критерийлерін 1-5 балдық шкаламен берілген бағалар  

Реттік  номер Критерийлері Респоденттердің критерийлерді маңыздылығына байланысты бағалауы бойынша есептелген орташа балдар
1. Жаңа сауылған сүт 5
2. Тағамдық құндылығы 4,8
3. Бөтен иістің болмау 4,6
4. Дәмінің табиғилығы 4,45
5. Сақтау мерзімі 4,3

   Кестеден  көріп отырғанымыздай, тұтынушылар үшін бірінші сүттің жаңа болуы, екінші тағамдық құндылығы, үшінші бөтен иістің болмауы, төртінші дәмінің табиғилығы және бесінші сақталу мерзімі маңызды болды.

   Бәсекелестер  мен фирма тауарларының позициясын сипаттау үшін жайғастыру немесе қабылдау картасы жасалынады. Позициялар картасы – бірнеше бағалау көрсеткіштерін қолдану арқылы жайғастыру үдерісін ұсыну тәсілі. Сондай көрсеткіштердің бірі «баға- сапа» қарым- қатынасы.

   Сүт нарығында сүт және сүт өнімдері кәсіпорындарын жайғастыру картасын жасау барысында «баға- сапа» жағынан танымалдығымен «Шығыс - Сүт» ЖШС-і және «Эмиль» ЖШС-і, ал  сапасының жоғарылығы бойынша «Багратион Улан» ЖШС-і және «Исток 1» ЖШС-і анықталды (сурет 4).[8]

   

   

   

   

   

   

     

   

     

     

 

Сурет-8 – Сүт нарығындағы сүт және сүт өнімдері кәсіпорындарды жайғастыру картасы 

III. Нарық жағдайында тауардың бәсекеге қабілеттігін жоғарылату жолдары

3.1. Бәсекеге қабілетті тауар шығарудың тиімді тетігі ретінде маркетингтік жүйесін жетілдіру 

   Еліміздегі  өндірістік ұйымдардың дамуы барысында нарықтық ерекшелікгерді тез игеру үшін маркетинг жүйесін қолдану қажеттілігі айқын. Маркетинг жүйесі нарықтық талаптардың өзгеру барысына сай өндіріске жүйелі басқару мен бәсекелік артықшылықтарды тиімді пайдалану жолдарын қолдануға әсер ететін маңызды құрал.

   Кең мағынада маркетинг – бұл тауар мен қызмет өндіру аясындағы жүйелі, жан-жақты және мақсатты қызмет, сол сияқты кәсіпорынның мүмкіндіктері мен тауарға және қызметке сұранысты байланыстырып, тұтынушылар мен өндірушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын жүйе.

   Бәсекелік қабілетті арттыруда маркетингтік бағыттың бірнеше түрлері бар. Ең алдымен, бұл тауарға және қызметке бағытталған маркетинг. Ол нарыққа бағасы төмен, сапасы мен тартымдылық қасиеттері жоғары тауарды өткізуге икемделген. Сол сияқты, тауардың өмірлік кезеңіне байланысты тауардың бәсекелік қабілетін арттыру бағыты да маркетинггік жүйенің маңызды бөлігіне жатады.

Информация о работе Шығыс Қазақстан облысындағы мал шаруашылығы мен сүт және сүт өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар