Шығыс Қазақстан облысындағы мал шаруашылығы мен сүт және сүт өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 17:50, курсовая работа

Описание работы

Тұтынушылардың сүт және сүт өнімдерге талғам-талаптарын, қалауын анықтау үшін маркетингтік зерттеу әдістемесін дайындап жүргізу. Шығыс Қазақстан обылысы сүт және сүт өнімдерін өндіруші кәсіпорындардағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастар жиынтығы.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................2
I. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ БӘСЕКЕЛІК ТЕОРИЯНЫҢ НЕГІЗДЕРІ......................................................................................4
1.1. Тауардың бәсекеге қабілеттігі туралы түсінік...............................................4
1.2. Тауардың бәсекеге қабілеттігіне әсер ететін факторлар..............................6
1.3. Тауардың бәсекеге қабілеттігін бағалау.........................................................7
II.ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІГІН ТАЛДАУ....................................14
2.1. Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені және ондағы сүт кластерінің дамуы..................................................................................................14
2.2.Шығыс Қазақстан облысы бойынша сүт өнімдері нарығының сипаттамасы және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттігін талдау.....................17
III. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ТАУАРДЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІГІН ЖОҒАРЫЛАТУ ЖОЛДАРЫ...............................................................................27
3.1. Бәсекеге қабілетті тауар шығарудың тиімді тетігі ретінде маркетингтік жүйесін жетілдіру..................................................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................32

Работа содержит 1 файл

ерлик курсовой.doc

— 371.00 Кб (Скачать)

     80% астам мал басы жеке қожалықтарда  болғандықтан, шикізаттың сапасы  қайта өңдеуге және өнімдер  шығару үшін тиісті талаптарға  сай келмейді.

Сонымен қатар, көптеген сүтті қайта өңдейтін кәсіпорындар ескі, тозығы жеткен құрал - жабдықтармен жұмыс істейді.

     Бұған қоса, отандық және бізге өнімдерін  ипорттаушы елдердегі кәсіпорындардың  экономикалық жағдайы әр түрлі кәсіпорындарға мемлекет тарапынан қомақты түрде  қолдау көрсетіледі.

     Осының  бәрі импорттық азық-түлік бағаларының  арзан болуына алып келеді, тұтынушылардың жоғарғы сұранысына ие және соған  байланысты көлемі артуда.

     Ал, Қазақстан нарықтық экономика жағдайында өмір сүріп жатқандықтан, біз импортқа, оның ішінде Украина мен Беларусьтан, басқа да елдерден келетін импортқа тыйым сала алмаймыз.

     Ішкі  нарықтағы сүт өнімдері импортының үлесіне тоқталатын болсақ, шикізат  күйінде есептегенде 2009 жылы 36,3% құрады.

     Ал, оның ішінде өңделген сұйық сүттің импорты 2009 жылы 17% болды.

     Сүт өнімдерінің өндірісін арттыру  және ішкі тұтынудағы импорттың үлесін төмендету мақсатында осы саланы техникалық және технологиялық жетілдіруге, кәсіпкерлік бастамашылдықты ынталандыру  және отандық сүт өнімдерінің  бәсекелестігін жоғарылатуға бағытталған бірқатар жүйелі шаралар атқарылуда. Оның ішінде, сүт және сүт өнімдерінің барлық өмірлік циклында қауіпсіздігін бақылауды қүшейту, ҚҚС төлеу кезіндегі жеңілдіктер, халықаралық стандарттарды енгізгендегі шығындарды, несие бойынша ү

   Сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі оның көптеген тұтынушылық қасиеттерімен анықталады. Осыған байланысты, сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі – бәсеке жағдайында тағамдық құндылығы, табиғилығы, дәмі, майлылығы, бағасы, сақталу мерзімі, санитарлық-гигиеналық жайы, сыртқы орамасының тартымдылығымен тұтынушылардың қажеттілігі мен талғамын және өткізу жағдайымен қанағаттандыратын экономикалық түсінік. Оған өнім сапасы, бағасы, тұтынушы талғамы және жаңашылдық факторлары әсер етеді.

   Сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын параметрлерді сандық және экономикалық деп (сату бағасын қалыптастыратын) бөлуге болады. Сатып алушының тауарды сатып алудағы алғашқы қадамы өнімнің сапасын бағалаудан, сондай-ақ оның бағасына мән беруден басталады.

   Сүт және сүт өнімдері – адам денсаулығына ең қажетті пайдалы заттармен  қамтамасыз ететін тамақ өнімдерінің  бірі. Шет елдерде сүт өнімдерінің  бір жылдағы тұтыну нормасы  185 – 477 кг аралығында өзгереді.

   Сүт Одағының мәліметтері бойынша, қазіргі  таңда отандық сүт және сүт өнімдері халықты сапалы өнімдермен толық қамтамасыз ете алмайды. Өндірілген шикізаттың тек 1\3 бөлігі өнеркәсіптік қайта өңдеуден өткізіледі. Отандық кәсіпорындар оралған сүт өнімдерімен тұтынушылардың қажеттіліктерінің тек 27% қамтамасыз етеді.

   «Acadian»  зерттеу компаниясының 2008 жылғы  мәліметтері бойынша Қазақстанда  оралмаған сүт өнімдерінің көлемі 239 млн л, пастерленген сүт өнімдері – 169 млн л, ультрапастерленген – 167 млн л құрайды. Сонымен қатар, Қазақстанда 8% дейін қолданатын оралған сүт және сүт өнімдері құрғақ сүттен жасалады.

   «Казагромаркетинг»  ақпараттық-сараптама орталығының  мәліметтері бойынша Қазақстанда  сүт және сүт өнімдерін тұтыну жан басына шаққанда жылына 260 кг құраса, Ресейде 305 кг, Беларуссияда 304 кг, ал Қырғызыстанда ол жылына 184,8 кг (Кесте 1).

   Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі нұсқаулығымен 7 жасқа  дейінгі балалар күніне 0,7 л сүтті, ал 7 жастан асқан балалар – 1,3 л-ге дейін, ересектер - 1л шамасында, 45 жастан асқан әйелдер – күніне 1,5 л  сүтті пайдалану керек. 

Кесте-1– Шет елдердегі сүт өнімін адам басына шаққандағы ұсынылған тұтыну нормасы

Тағам өнімдерінің атауы Қазақстан Ресей Белорусия Қырғызыстан
Сүт және сүт өнімдері

(сүтке  шаққанда), кг

260 305 304 184.8
Сүт, л 164,92 53,28 120 47,28
Қаймақ, кг 3,28 1,2 1,56 3,6
Сүзбе, кг 3,28 7,56 9,84 9,12
Ірімшік, кг 3,28 1,8 2,4 -
Сары  май, кг 1,9 1,92 6 3,72
Ескертпе–«Казагромаркетинг»ақпараттық-сараптама орталығының мәліметтері бойынша
 

   Сонымен, 1- кестеден Қазақстанда жалпы сүт  өнімдері көлеміндегі  сүтті тұтыну  нормасының үлесі – 63,5% (тұтыну нормасы 260 кг болса нақты тұтұну 164,92), Белорусияда – 39,5%, Қырғызыстанда– 25,6%, қаймақты пайдалану Қырғызыстанда – 23%. Осы кестеде Ресейде, Беларусияда және Украинада сүт өнімдерін тұтыну нормасы бір деңгейде екені көрсетілген, бұл осы елдердің географиялық орналасуына байланысты.. Сүт өнімдерін бір жылда тұтынудың ең төменгі нормасы  Қырғызыстанда – барлығы 184,8 кг, себебі сүт және сүт өнімдерін тұтыну ең алдымен тұтынушының төлем қабілеттілігіне тәуелді. Қазақстан осы көрсеткіш бойынша Ресей мен Белоруссиядан арта қалып отыр. 
 
 
 

2.2. Шығыс Қазақстан облысы бойынша сүт өнімдері нарығының сипаттамасы және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттігін талдау  

   Қазақстан Республикасында сүт және сүт өнімдерін өндірумен өнеркәсіптік негіздегі ауыл шаруашылық кәсіпорындары, шаруа қожалықтары және үй шаруашылықтары айналысады. 2005-2009 ж.ж. аралығында сиыр саны, одан өндірілетін сүт және сүт өнімдерінің көлемі шаруашылықтың барлық санаттарында өскен (2-кесте).  

Кесте-2 – 2005-2009- жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасындағы сиыр саны мен олардан өндірілген сүт және сүт өнімдерінің көлемі 

Көрсеткіш Жыл 2009-ж.  салыстырмалы өзгерісі, %
2005 2006 2007 2008 2009 2005 2008
Сиыр  саны, мың бас 2376,2 2442,6 2569,0 2605,6 2675,4 112,6 102,7
Сүт, мың тонна 4749,2 4926,0 5073,2 5198,0 5303,9 111,7 102,0
Өңделген  сұйық сүт және кілегей, тонна 154412 179673 225816 258733 265508 171,9 102,6
Сары  май, тонна 13040 19736 18596 19707 16598 127,3 84,2
Ірімшік пен сүзбе, тонна 13033 14952 17042 17154 15473 118,7 90,2
Ескертпе  – ҚР статистика Агенттігінің мәліметтері  бойынша 
 

     2-кестеден  көріп отырғанымыздай, Республика  бойынша сүт өндірісі барлық  шаруашылық санаттарында 2009-жылы 2005-жылмен  салыстырғанда 11,7 %-ға, өңделген сұйық сүт және кілегей 71,9%-ға өскен. Ал осы жылдардағы өсірілген сиырдың басына келетін болсақ, барлық шаруашылық санаттарында 2007-жылы – 2569,0 мың бас, 2008-жылы – 2605,6 мың бас, 2009-жылы–2675,4 мың бас сиыр өсірілген. 2009-жылы 2005-жылмен салыстырғанда өсірілген сиыр басының саны 12,6% жоғарлаған.

   Зерттеулер  барысында отандық сүт өнімдерін  өндірушілер нарықтағы сүт және сүт өнімдеріне сұранысты толық  қанағаттандыра алмай отырғандығы  анықталды. Осыған байланысты сүт өнімдері импортының үлесі соңғы жылдары өсіп отыр (Кесте 3).  

Кесте-3–2006-2009 ж.ж Қазақстандағы сүт өндірісі, импорт және экспорты, тонна

Өнімнің атауы Өндіріс
2006 ж 2007 ж 2008 ж 2009 ж 2009-ж.2008- ж.

салыстырғанда,%

Өңделген  сұйық сүт және кілегей өнімдері 197433 239532 220241 196250 89,1
Ұнтақ түріндегі сүт және кілегей 4412 4124 3345 2834 84,7
Сары  май өнімдері 14982 17658 14379 12930 89,9
Ірімшік пен сүзбе 15936 15412 13698 11570 84.5
Қойылтылған сүт пен кілегей 9286 10852 7534 8043 106.8
Сүт қышқылды өнімдер 92961 97765 91375 81863 89,6
Балмұздақ 12543 12749 12200 11663 95.6
  Экспорт
Өңделген  сұйық сүт және кілегей өнімдері 195,5 185,7 386,4 419,9 108.7
Ұнтақ түріндегі сүт және кілегей 966 1835,8 13,8 1545 112
Сары  май өнімдері 966,4 488,5 604,2 510 84,4
Ірімшік пен сүзбе 1373,3 1235,5 957,4 1257,6 131,4
Қойылтылған сүт пен кілегей 247,3 4,5 56,2 511,4 9,1 есе
Сүт қышқылды өнімдер 208,5 452,3 241,5 108,5 44,9
Балмұздақ 38,7 44,7 86,6 248,4 2,9 есе
  Импорт
Өңделген  сұйық сүт және кілегей өнімдері 26638 26511 32084,9 38819,7 121
Ұнтақ түріндегі сүт және кілегей 9338 11289,1 13363 10028,6 75
Сары  май өнімдері 7686,8 7151,5 5560,8 8825,5 158,7
Ірімшік пен сүзбе 10744,3 17706,7 18723,1 20201,3 107,9
Қойылтылған сүт пен кілегей 39472 41962 46338 36132,8 78
Сүт қышқылды өнімдер 19948,3 28885,3 28078,3 29346,8 104,5
Балмұздақ 12101,1 13266,8 11294,5 10111,3 89,5
  Импорттың үлесі,%
Өңделген  сұйық сүт және кілегей өнімдері 11,8 9,9 12,7 16,5 129,9
Ұнтақ түріндегі сүт және кілегей 73,0 83,1 80 88,6 111,1
Сары  май өнімдері 35,4 29,4 28,8 40,6 140,9
Ірімшік пен сүзбе 42,4 55,5 59,5 66,2 163
Қойылтылған сүт пен кілегей 81,3 79.4 86,1 82,8 96,1
Сүт қышқылды өнімдер 17,6 22,8 23,6 26,4 111,8
Балмұздақ 49,1 51,0 48,3 47 97,3
Ескертпе  – ҚР статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша
 

   3-кестеде  көрсетілгендей, сүт өнімдерінен  елімізге келетін импорттың үлесі  2009 жылды 2006 жылмен салыстырылды. Осы жылдар арасында өңделген сұйық сүт және кілегей өнімдері импортының үлесі 21%, ірімшік пен сүзбенікі 7,9%, cары майдыкі 58,7% , сүт қышқылды өнімдерінікі 4,5 % жоғарылаған. Сонымен қатар, қойылтылған сүт пен кілегей, ұнтақ түріндегі сүт және кілегей, балмұздақ өнімдері импортының үлесі төмендегенін көруге болады. Оның басты себептері, біріншіден, сүт кәсіпорындарының өндірістік сүт қуаты төмен болуы болса, екіншіден, шетелден (әсіресе, Ресей, Беларусия, Қырғызыстан сүт өнімдері) келетін, арзан бағалы қантты йогурттар мен басқа да сүт өнімдері жаппай сұранысқа ие. Алыс жақын шетелден арзан бағамен келетін сүт өнімдері (йогурт, қатты ірімшік, сүзбе және т.б) ішкі нарықта жоғары сұранысқа ие.

   Шығыс Қазақстан облысы бойынша 15-ке жуық сүт және сүт өнімдерін өндіретін  кәсіпорындар қызмет етеді. 

Кесте-4 – Шығыс Қазақстан облысы сүт және сүт өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың 2008-2009 жылдардағы сүт өндірісінің көлемі, тонна

Кәсіпорын атауы Сүтке  шаққандағы өндіріс көлемі, тонна Өңделген  сұйық сүт және кілегей,тонна
2008 2009 2009-ж.

2008- ж.

салыстыр-

ғанда,%

2008 2009 2009-ж.

2008- ж.

салыстыр-

ғанда,%

«Эмиль»ЖШС-і 11098 15540 140,0 1082 1849 170,9
«Исток-1»ЖШС-і 7615 4646 61,0 1952 2308 118,2
Зиновьев ЖК-і . 570 655 114,9 392 422 107,7
«Восход» ЖШС-і 3025 2525 83,5 1875 1158 61,8
«Багратион-Улан» ЖШС-і 1637 1980 120,9 1016 1253 123,3
"Турайда" ЖШС-і 1500 2500 166,7 389 514 132,1
Облыс бойынша барлығы 67867,17 69793,25 102,8 7867,2 9876.3 125,5

Информация о работе Шығыс Қазақстан облысындағы мал шаруашылығы мен сүт және сүт өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар