Шпаргалка по "Экономике"

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2013 в 19:45, шпаргалка

Описание работы

Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 119 Жарлығымен бекітілді. Мемлекеттік қызмет жүйесін кәсібилендіру, мемлекеттік басқару жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің аса маңызды факторы болып меритократия, тиімділік, нәтижелілік, транспаренттік және қоғамға есептілік қағидаттары табылады.
Мемлекеттік қызметінің жаңа моделі қалыптастырудың мақсаттары: 1) мемлекеттік қызмет жүйесіндегі тиімді кадр саясаты және адами капиталды басқару жүйесі; 2) мемлекеттік қызметтер көрсетудің жоғары сапасы және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі; 3) мемлекеттік қызметшілердің оң имиджі және мінез-құлық этикасы.

Работа содержит 1 файл

МЕМ БАСКАРУ БАРЛЫК ЖАУАПТАР 70сурак.doc

— 201.50 Кб (Скачать)

7). Мемлекеттік  қызметтің оң имиджін қалыптастыру  және нығайту

  Шенеуніктікті асқақтата көтеру немесе келемеж ету жақсы мінездің кейпіндей көрінетін әсер аз кездеспейді. Солай болса-дағы Қазақстан бүгінде мақтаныш тұтатын нәтижелерге сол мемлекеттік қызметшілердің де еңбегінің арқасында қол жетті. Ондаған мың мемлекеттік қызметшілер барлық деңгейде өз парызын адал атқарып жүр, алайда, БАҚ-тың, жұртшылықтың назарына негізінен мүлдем басқа тұрғыдағы мысалдар түсіп жатады. Егер мемлекетке үлкен корпорация ретінде қарайтын болсақ, онда оның менеджерлерінің іскерлік беделі – аса маңызды капитал екені айдан анық. Біз мемлекеттік қызметшілер корпусын ортаңғы, төменгі деңгейлерде өзінің  мемлекеттік қызметін жоғары кәсібилікпен, патриоттықпен, адал атқарудың үздік өнегелерінде тәрбиелеп, оларды жұртшылыққа кеңінен танымал етуге тиіспіз. Үкімет осы бағытта да тиісті шаралар қабылдауы қажет деп білемін. Бұл айтылғандар – әкімшілік реформаның негізгі бағыттары. Таяу арада мен оны жүзеге асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Өкімге қол қоямын, ол заңнамада айтарлықтай өзгерістер жасауды талап етеді.

Бұған қоса, әкімшілік  реформа жөніндегі жұмыс тобына үстіміздегі жылдың соңына дейін әкімшілік жүйені жаңартудың осы қағидаттары бойынша құқық қорғау жүйесі мен бюджеттік саланы – бірінші кезекте, білім беру мен денсаулық сақтауды реформалау жөнінде ұсыныстар әзірлеп, енгізуді тапсырамын. Әкімшілік реформаны жүзеге асырудағы табыс барлық билік тармақтарының қызметіндегі ретке келтірушілікке байланысты болады. Мен сіздерді әкімшілік реформаның заңнамалық базасын жетілдіру жөніндегі жұмыста белсенділік танытуға шақырамын.

 

 

8. Мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару.

 

Билік – жекелеген тұлғаның (билік етушілердің) еркі мен іс-әрекеті басқа тұлғалардың (бағыныштылардың) еркі мен іс-әрекетінен басым тұратын, үстемдік ету мен бағыныштылық қатынастары.

Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.

Мемлекет – басқару-қамтамасыз етушілік, қорғаушылық функцияларды жүзеге асыру мақсатында арнайы аппаратты иеленетін және елдің бүкіл халқы үшін өз еріктерін міндетті етуге қабілетті, жария биліктің саяси-аумақтық егеменді ұйымы.

Мемлекеттік билік – мәжбүрлеу аппаратына негізделе отырып, мемлекеттің функцияларын жүзеге асыратын қарым-қатынастар жүйесі.

Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері:

1. Бұқаралық билік – ол бүкіл қоғамның, халықтың атынан қызмет етеді және өз қызметінде бұқаралық негізге-қазына мүлкіне, өз кірістеріне, салықтарға ие;

2. Аппараттық билік – ол аппаратқа, мемлекеттік органдар жүйесіне сүйенеді және олар арқылы жүзеге асырылады;

3. Заң қолдайтын билік  – сол себепті, ол аппарат пен заң нормаларының көмегімен елдегі барлық халық үшін міндетті сипатты иеленеді;

4. Егеменді билік – ол кез-келген биліктен дербес және тәуелсіз;

5. Заңдастырылған билік  – яғни, ол заңды негізді және қоғамдық тануды иеленген.

Мемелекетте еңбек бөлінісі болған жағдайда ғана, яғни, ерекше қызмет түріне негізделген дербес билік түрлері қалыптасқан жағдайда ғана, мемлекеттік биліктің тиімділігі артады. Мұндай биліктің 3 түрі бар: заң шығарушы билік, атқарушы билік және сот билігі.

Басқару – белгілі мақсатқа жету үшін жүзеге асырылатын адамдардың ұйымдасқан қызметі.

Мемлекеттік басқару – саяси ұйымдасқан цивилизацияның әлеуметтік феномені.

Мемлекеттік басқару (бұдан әрі - МБ) – адамдардың қоғамдық өмірін тәртіпке салу, сақтау немесе өзгертуге мақсатталған мемлекеттің өз билік күшіне негізделген тәжірибелік ұйымдастырушылық және реттеушілік ықпалдары.

МБ-ғы қажеттілік – мемлекет саясатын іске асыруда табиғи, еңбектік, материалдардық, ақпараттық ресурстарды нәтижелі пайдаланудан туындайды.

МБ-дың қоғамдық шарттылығы – адамдардың тұтынушылығын қанағаттандыруға бағытталған күрделі ұйымдастырушылық жүйе.

МБ процесі – жариялық билік субъектілерінің мемлекеттік билік өкілеттіктерін іске асырумен байланысты, құқықтық нормалармен регламенттелген мақсатқа бағытталған қызмет.

 

МБ-ң мақсаттары:

 

1. оның пайда болуының қоғамдық көздері (халықтың қажеттіліктері, мүдделері, шешуін қажет ететін мәселелер);

2. мақсатқа жету жолдарының  салыстырмалылығы және ашықтығы;

3. мақсаттардың иерархиясы, яғни қойылатын мақсаттардың  басымдылығын (приоритет) айқындау (қоғамдық саяси; әлеуметтік; рухани; экономикалық; ұйымдастырушылық);

4. мақсаттарды жүйелеу  (стратегиялық, оперативті, тактикалық (күнделікті)).

 

9.) Салық салу және кедендік бақылау саласындағы мемлекеттік басқару.

Салықтар – мемлекеттік  бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.Мемлекет құрылымының өзгеруі,өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әр бір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту,тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады. Сондықтан салық салу мемлекеттік басқарудың бір аспектісі.

Кедендік бақылау - Қазақстан  Республикасының кеден және өзге де заңдарын сақтау бойынша Қазақстан  Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын. орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген шаралардың жиынтығы. Кеден органдарының кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қолданудан босатуы тек қана Кеден кодексінде белгіленеді. Кеден ici eкi негiзгi мiндеттi атқарады: - бұл - елдiң экономикасының өcyi және дамуы ушiн сыртқы экономикалық байланысты пайдалану; - оны басқа елдердiң сыртқы экономикалық (байланысты) саясатының жағымсыз әсерінен қopғay.

 

10)  Мемлекеттік басқару қағидаларын қолдану.

Мемлекеттік  басқарудың ерекшелігін ескере отырып басқару  қағидаларының жүйесін  үш топқа  бөледі: 1) жалпы ортақ қағидалар: жүйелілік,  обьективтілік, өзін-өзі  реттеу, кері байланыс, оңтайлылық, ақпараттық жеткіліктілік, демократизм, жариялылық, құқықтық реттілік (заңға сәйкес келу);

    2) қоғамның  түрлі салаларында (экономикалық, әлеуметтік-саяси, рухани) және әр  түрлі қоғамдық құбылыстарды, ұйымдарды,  институттарды талдау барысында  қолданылатын жекелеген қағидалар

    3)   мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық технологиялық жақтары бойынша қарастыратын  ұйымдастырушылық –технологиялық  қағидалар. Ғылыми  әдебиеттерде мемлекеттік басқару қағидалары жүйесінің көптеген түрі келтірілген, олар шектеулі емес. Мемлекеттік басқаруда жиі қолданылатын жүйелілік (ашық қоғам және жабық қоғам), кері байланыс, оңтайлылық (тиімділік) т.б.

 

11. Қазақстан  Республикасының кеден саясаты.

Қазақстан Республикасының  кеден саясаты қалыптасуының  экономикалық және заңдық негіздері  Қазақстан кеден саясаты жалпы  түрде – саяси, әлеуметтік-экономикалық қайта құруды жедел іске асыруға, оның ішкі және сыртқы экономикалық мүддесін қорғауға, оны жүзеге асыруға бағытталған  саяси-құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және т.б. шаралар жүйесі. Кеден саясаты  Қазақстан Республикасы ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Кеден саясатының қызметі келесідей:  - сыртқы экономикалық  іс-әрекетті реттеу; - кедендік реттеуде  әкімшілік шара қолдану; - отандық экспортты  қорғау мен қолдау; - импорттың үйлесімділігіне жағдай жасау; - сыртқы экономикалық  іс-әрекетке қатысушылардың құқықтық теңдігі мен мүддесінің қорғалуын қадағалау; - сыртқы қызмет  істеріндегі тарифтік артықшылықтар мен кедендік жеңілдіктер берудің неғұрлым басым бағыттарын мойындау. «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексi.

 

  1. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық-функционалдық құрылым ұғымы.

Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық-функционалдық құрылымы белгілі бір түрде ұйымдасқан, функционалды жүйе құрушы элементтердің құрамын: басқару жүйесінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік институттарды білдіреді. Ол ұйымдастырушылық-функционалдық тұрақтылықпен анықталады: жүйе ішіндегі мақсаттар мен қағидалар, құзыреттілікті ажырату, басқару субьектісі мен обьектісі арасындағы функциялар мен өкілеттіліктерді бөлу, жүйе ішінде басқарудың нысандары, әдістері, амалдары мен ресуртстары қолданылады. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық-функционалдық құрылымын жасау мақсат қоюдан бастау алады.   

 

13

14              ҒАНИ

15

 

 

 16.  Басқару субъектісі мен объектісі – әлеуметтік-басқарушылық құбылыс     тасушылары.

Басқаратын және басқарылатын. Әлеуметтік басқару құбылысының негізгі жүргізушілері – субъект және объект. Басқару субьектісі - әлеуметтік басқару жүйесінің құрылымдық-қызметтік қалыптастырушысы. Ол биліктік өкілеттіктерге ие болады, басқару актілерін қабылдайды, өзгелерге интеллектуалдық және рухани әсер етеді. Басқару обьектісі жүйенің басқарудың мақсатын іске асыратын бөлігі. Басқарудың  объектісі  мен  субъектісінің  арасында  тура  және  кері  байланыс  болады.  Тура  байланыс – бұл  басқару  объектісіне   субъектіден түсетін   әмір (команда). Кері  байланыс – бұл  басқару  субъектісіне  объектіден    әмірдің  орындалғаны  және  оның    жағдайы  туралы  түсетін  ақпарат.

17

18 ФАРА

19

20

 

21. Егеменді  Қазақстандағы мемлекеттік қызметті  реформалаудың құқықтық мәселелері. 

Мемлекеттік қызметті реформалаудың  жаңа ұстанымы болашақта оны әміршілдік, әкімшілдік жүйе мен бюрократтық әдеттерден мүлдем арылтып, халыққа сапалы қызмет көрсетуді қалыптастыратын және халықаралық стандарт талаптарына толық сай келетін жаңа жүйенің өмірге келуін қамтамасыз етеді. Реформалаудың құқықтық мәселелері болып әр бір іс-әрекеттерді заңдық түрде (норма) бекіту. Мысалы ҚР мемлекеттік қызметінің жаңа моделі Тұжырымдамасы, ҚР «Мемлекетті қызмет» туралы заңға еңгізілуі тиіс өзгерістер мен толықтырулар.   

 

22. Мемлекеттік саясаттың түрлері мен бағыттары.

Мемлекеттік саясат –  қоғам, топ және өзге де топтардың дамуы үшін мемлекеттегі билік органдарының  мақсатты әрекеттер жиынтығы.

Мемлекеттік саясаттың  түрлері: экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, энергетикалық, әскери, ұлттық қауіпсіздік, демографиялық, мәдени, кадрлық, құқықтық.

Әрбір мемлекеттік саясаттың түрлері бағыттарға бөлінеді. Мысалы, экономикалық саясат – индустриалды, салықтық, тарифті, несиелік, баға, кедендік, инновациялық т.б. Әлеуметтік саясат жұмыспен қамту, зейнетақымен қамту, денсаулық сақтау, білім, т.б.бөлінеді.

 

23. Мемлекеттік басқаруды демократизациялау – Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформаның бір бағыты.

«Қазақстан -2030» стратегиясында мемлекеттік  қызметтің дамытудың басымдығы  болып «мемлекетті қызмет-ұлтқа  қызмет» қағидасы табылды. Мемлекеттік  қызмет «ұлтқа (қоғамға) қызмет ету» ұғымының синонинімі және мемлекеттік қызметтерді тұтынушы болып табылатын халыққа бағытталуға тиіс. Осы тұста «билік және бағыну» қағидасының шектелуі, біржақты-билік қағидасынан бас тарту өзекті болады. Демек мемлекеттік басқару жүйесіне демократиялық қағидаларды еңгізу қажет.     

24. Мемлекеттік басқарудың түсінігі және түрлері.

Мемлекеттік басқару – адамдардың қоғамдық өмірін тәртіпке салу, сақтау немесе өзгертуге мақсатталған мемлекеттің  өз билік күшіне негізделген тәжірибелік, ұйымдастырушылық және реттеушілік ықпалдары, демек мемлекеттің тұтастай қоғамға ықпалы. Мемлекеттік басқарудың түрлері: 1) ішкі мемлекетік басқару 2) сыртқы мемлекетік басқару 3) ішкі ұйымдастырушылық мемлекетік басқару. 

25) Мемлекеттік басқарудағы  мүдделер өкілдігінің түрлері

Ауқымы  бойынша  мүдделердің  түрлері:

- қоғамдық

- мемлекеттік

- аймақтық

- кәсіби

- ұжымдық

- жеке

Мемлекеттік басқару жүйесіндегі  өкілдік институтына әсер етудің негізгі объектісі – мемлекеттік  биліктің органдары.

Демократиялық  қоғамда  өкілдіктің субъектісі  ретінде  азамат, сонымен қатар адамдардың қауымы – басқарушылық қатынастарда тікелей өкілдік ететін әртүрлі топтар мен ұйымдар,  биліктік - саяси  элита  танылады.

Азамат мемлекеттік басқару  субъектісі бола тұра  заңды түрде өзінің саяси, экономикалық  және  т.б.  мүдделерін  білдіре алады.

Мүдделері ортақ ұйымдасқан топтар – бұл мемлекеттік органдар немесе олардың лауазымды тұлғаларына  мақсатты ықпал ету арқылы жеке мүдделерін қанағаттандыруға жететін әлеуметтік ортақтықтар  (қоғамдық  бірлестіктер).

Негізгі мақсаты –  мемлекет немесе басқа әлеуметтік топтармен (бизнесмендер бірлестіктері, банкирлер, мұғалімдер, дәрігерлер, сондай-ақ профсоюздар) өзара қарым-қатынастағы корпоративтік  мүдделерді  ұйымдасып  қорғауы.

Информация о работе Шпаргалка по "Экономике"