Шпаргалка по "Экономике"

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2013 в 19:45, шпаргалка

Описание работы

Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 119 Жарлығымен бекітілді. Мемлекеттік қызмет жүйесін кәсібилендіру, мемлекеттік басқару жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің аса маңызды факторы болып меритократия, тиімділік, нәтижелілік, транспаренттік және қоғамға есептілік қағидаттары табылады.
Мемлекеттік қызметінің жаңа моделі қалыптастырудың мақсаттары: 1) мемлекеттік қызмет жүйесіндегі тиімді кадр саясаты және адами капиталды басқару жүйесі; 2) мемлекеттік қызметтер көрсетудің жоғары сапасы және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі; 3) мемлекеттік қызметшілердің оң имиджі және мінез-құлық этикасы.

Работа содержит 1 файл

МЕМ БАСКАРУ БАРЛЫК ЖАУАПТАР 70сурак.doc

— 201.50 Кб (Скачать)
  1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа моделі Тұжырымдамасы.

 

Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 119 Жарлығымен бекітілді. Мемлекеттік қызмет жүйесін кәсібилендіру, мемлекеттік басқару жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің аса маңызды факторы болып меритократия, тиімділік, нәтижелілік, транспаренттік және қоғамға есептілік қағидаттары табылады.

Мемлекеттік қызметінің жаңа моделі қалыптастырудың мақсаттары: 1) мемлекеттік қызмет жүйесіндегі тиімді кадр саясаты және адами капиталды басқару жүйесі; 2) мемлекеттік қызметтер көрсетудің жоғары сапасы және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі; 3) мемлекеттік қызметшілердің оң имиджі және мінез-құлық этикасы. Міндеттері: 1) мемлекеттік қызмет жүйесінде жаңа кадр тетіктерін қалыптастыру және қолданыстағыларын жетілдіру; 2) мемлекеттік қызметшілердің жұмысын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру және мемлекеттік қызметшілердің жұмысын мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халыққа бағдарлау; 3) мемлекеттік қызметтің жоғары мәртебесі мен беделін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының этикалық нормаларын қалыптастыру. Негізгі модельдер: 1) мемлекеттік саяси қызметшілер, А басқарушылық және Б атқарушылық корпусты қалыптастыру. 2) Мем. қыз. кіру екі кезеңде жүргізіледі: кадр резервіне іріктеу (тестілеу), мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органның конкурстық іріктеудің екінші кезеңінде пайдалануы үшін үлгілік конкурстық рәсімдерді айқындайтын болады: бейіндік (салалық) тестілеу, әңгімелесу (дара, топпен), емтихан, эссе жазу. Бұл екі кезен тек Б копусына тән. 3)  Ауысу тәртібімен тағайындауды жетілдіру. 4) Мем қызшілерді даярлауда, оқытуда Академия мәртесебі артады. 5) Мем қызметшілердің қызметін бағалау. 6) Еңбек ақы төлеу даярлығына, еңбек жүктемесіне, орындалатын жұмыс пен қабылданатын шешімдер үшін жауапкершілік деңгейін ескереді. 7) мем органдардың кадр қызметін жетілдіру, олар «электрондық үкіметті» және «Е қызметін» қолданатын болады. 8) Мемлекеттік қызметтегі этикалық нормаларды жетілдіру (Мемлекеттік қызмет кодексі). 9) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру «электрондық үкіметті». 10) Мемлекетік қызметтін оң имиджін қалыптастыру. 

 

  1. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - қазақстан дамуының басты бағыты. (ҚР Президентінің Қазақстан халқына 2012 ж. 27 қаңтардағы Жолдауы).

 

Төртінші. Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру. 1) Электрондық үкіметті дамыту. 2012 жылдың аяғына 60% мемлекеттік қызмет, лицензияның барлық түрлері тек қана электронды түрде болады. 2013 жылдан бастап рұқсат етушілік құжаттар электронды түрде немесе ЦОН да алынуы тиіс. ЦОН ға көлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін тапсыруды беру. 2) Әкімшілік рәсімдерді оңайлату. Лицензияларды 30% ға қысқартылды. Рұқсат ету заңнамасының жаңа қағидаттарын енгізу  3) тұрғандардың компьютерлік сауаттылығын көтеру, ақпатартық технологияларды игеру.

 

  1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі және халықаралық тәжірибе.

Мемлекеттік  қызметшілердің құқықтық  мәртебесі – мемлекеттік қызметшілердің  құқықтарының, міндеттерінің және  шектеулердің  жиынтығы. ҚР «Мемлекеттік қызмет» туралы заңнынң 8,9 баптарында мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері көзделген. Мысалы:  әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға; мемлекеттік қызметтен өз қалауы бойынша босауға; зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға құқылы.  Ал Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға; мемлекеттік тәртiп пен еңбек тәртібін сақтауға; өзiне заңда белгiленген шектеулердi қабылдауға; заңдарда белгiленген қызметтiк әдеп нормаларын сақтауға міндетті. Заңда көзделген тәртіптік жауапкершілік негіздері қарастырылған. Халықаралық тәжірибені саралау нәтижесі негізінен  әлемде екі анық белгіленген мемлекеттік қызмет жүйесі қалыптасқандығын көрсетеді – бірі мансаптық жүйе — Германия, Жапония, Австрия елдерінде қалыптасса, келесісі позициялық модель — Ұлыбритания, АҚШ, Канада елдерінде қалыптасқан. Мансаптық жүйенің елеулі ерекшеліктері болып – мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу арқылы ең төменгі лауазымға орналасудан бастауы, қызметке өмір бойына тағайындалуы (саяси қызметтен басқасына),  ішінара қызметте мансаптық өсу, мамандарды мақсатты оқыту,  кәсіпқойлықтың жоғарғы деңгейі,  сақтанымпаздық және бюрократтық иерархия элементтерімен қамтылғандығы саналады. Позициялық жүйеде – қызметке орналасу және кез келген қызметке көтерілу конкурстық іріктеу арқылы жүргізіледі (саяси қызметтен басқасы), мұнда едәуір ықшамдылық, қызметке жеке сектордағыдай келісім-шарт арқылы алу, карьерада тұрақсыздық элементтері басым.

 

4.   Мемлекеттік бақылау және қадағалауды жетілдіру негіздері (ҚР 2010-2020 жж. арналған құқықтық саясат Тұжырымдамасы).

Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жетілдірудің перспективалы бағыттары:

- бақылау-қадағалау органдарының жүйесін оңтайландырумен;

- кәсіпкерлерге ғана емес, сонымен қатар құқықтың басқа да субъектілеріне қатысты бақылау-қадағалау өкілеттіктерінің ауқымын реттеумен және қысқартумен;

- әкімшілік-қадағалау қызметін құқықтық реттеу деңгейін арттырумен байланысты. «Билік және бағыну» принциптерінен толық көлемде бас тарту мүмкін емес, алайда әріптестік-жәрдемдесу, функционалдық-клиенттік, тікелей қорғау принциптерін қолдану аясын кеңейту керек.

 

5. Мемлекеттік басқарудағы лоббизм.

 

Лоббизм — (ағылш. 'lobby' - мәжілістен тыс жерлердегі күңкіл сөздер) жеке тұлғалардың, саяси субъектілер мен ұйымдардың белгілі бір заң жобаларына, қабылданатын шешімдерге ықпал ету мақсатында жасайтын іс-әрекетін білдіретін ұғым. Лобби ұғымы алғаш рет 1808 ж. АҚШ Конгресінің хаттамаларында пайда болды. Лоббиді АҚШ саясаттанушылары “Конгрестің үшінші палатасы”, “үкіметтің төртінші билігі” деп сипаттады. 1864 ж. лоббистік іс-әрекет арқылы АҚШ Конгресіне қажетті шешім қабылдату мақсатымен сенаторлар дауысын ақшаға сатып алу орын алды. Кейін заңсыз лоббизмнің таралуына орай оны заңдастыру міндеті қойылды. 1946 жылдан АҚШ-та Лоббилік әрекеттер заңға сәйкес деп танылып, қаржылық қадағалауға алынды. Лоббилік әрекеттер мемлекет бюджетті бөлу, қаржыландыру, әр түрлі жеңілдіктерді талап етуге бағытталады. Ірілі-ұсақ өндірістік-қаржылық топтар әкімшілік саяси және қаржы технологияларын кеңінен пайдалана отырып, өз мүдделерін лоббистік топтар арқылы қорғай алады.

Лоббистік қызметке саяси және қаржылық технологияларына орай мемлекет билік органдарына ақпарат, құжаттар мен жобалар ұсынуы; парламент комитеттері мен комиссияларының, атқарушы билік органдарының мәселелерді талқылауына қатысуы; белгілі бір адамның мақсат-мүдделерін қорғау мақсатында депутаттармен және мемлекет билік органдарының лауазымды тұлғаларымен ауызша және жазбаша байланыстары, т.б. жатады. Лоббистік ұйымдарға көптеген заңи-құқықтық фирмалар, әр түрлі кеңесші кеңселер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі агенттіктер жатады. Қазіргі кезде лоббизм мемлекет билік органдарына ықпал етудің күшті механизміне, саяси жүйенің бейресми ин-тына айналып отыр.

Францияда лоббистік әрекет заңсыз болып танылса, Үндістанда сыбайлас жемқорлыққа теңдестірілген, АҚШпен Канадада заңмен реттеледі.

Қазақстанға МЕНІҢ  ойымша бұл заң қажет емес, еліміз, халқымыз дайын емес әзір бұндай шараға! Пайдасынан зияны көп, өйткені бұл  жемқорлықтың заңдастырылған түрі. Біз  АҚШ пен Канада емеспіз алға кеткен, дамыған, бар заңдарымызды келістіріп алайық ҚҰРМЕТТІ МАГИСТРАНТТАР!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

 

6. Мемлекеттік саясатты  әзірлеудің модельдері. Жауап жоқ

 

7. Қазақстан  Республикасының Президенті мемлекеттік  басқаруды жаңғырту туралы (2006 ж. 1 қыркүйекте ҚР Парламентінің үшінші сессиясындағы баяндама).

 

Мемлекеттік басқаруды  жаңарту мақсатында Үкіметке мынадай  шараларды жүзеге асыруды тапсырамын.

1). Мемлекеттік  органдар құрылымын жетілдіру

Бірінші. Бұл – мемлекеттік  органдар құрылымын жетілдіру. Үкімет қайсыбір аралық буындарды алып тастау арқылы биліктің барлық деңгейіндегі лауазымдық сатыларды қысқартуы тиіс. Басқару шешімдерін қабылдаған кезде мемлекеттік органдар жұмысының кешенділігі қамтамасыз етілуі тиіс. Саяси мемлекеттік қызметшілердің саны да қысқартылатын болады.

Орталық мемлекеттік  органдар, ведомстволық бағыныстағы  аймақтық бөлімшелер және жергілікті атқарушы органдар арасындағы функциялардың  қайталануын болдырмау мақсатында Үкімет функцияларға талдауды оқта-текте  емес, тұрақты жүргізіп отыруы тиіс. Осындай талдаудың қорытындылары бойынша мемлекеттік органдар құрылымын жетілдіру және мемлекеттік аппаратты қысқарту жөнінде тиісті шешімдер қабылдануы тиіс.

Министрліктерге саясатты әзірлеу және оның іске асырылуын  бақылау, саяси шешімдер қабылдау, нормаларды жасау қызметі және қарамағындағы комитеттердің қызметін үйлестіру функциялары бекітіліп берілуі керек. Өз кезегінде министрліктердің комитеттері белгіленген саясатты іске  асырумен дербес айналысып, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға тиіс.

Министрліктер мен ведомстволардың, әкімдіктердің реттеуші функцияларын арттыру үшін олардың басқарушылық шешімдер қабылдаудағы өкілеттіктері  мен дербестігі күшейтілуге тиіс. Үкімет құрамына кірмейтін агенттіктердің мәртебесі мен өкілеттіктерін, олардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлін айқындап алу керек.

2). Мемлекеттік  қызметшілердің жалақысын еңбегінің  нақты нәтижелеріне қарай ұлғайту

Екінші. Мемлекеттік қызметшілердің жалақысын еңбегінің нақты нәтижелеріне қарай, қазақстандық ірі жекеменшік компаниялармен салыстыруға келетін деңгейге дейін ұлғайту. Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру және сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында мемлекеттік органдардың бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесі елеулі өзгерістерге түседі.

Мемлекеттік органдар мен әрбір қызметкердің жұмыс сапасын бағалау жүйесі енгізілуі тиіс, ал жалақы мемлекеттік қызметшінің кәсіпқойлығы мен орындайтын жұмысының тиімділігіне ғана байланысты болуы қажет.

Саяси мемлекеттік қызметшілер  бойынша мемлекеттік органдар қызметін рейтингтік бағалау нәтижелерінің негізінде жылдық бонустар төлеу жүйесін дайындау қажет. Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейтіп, мемлекеттік органдар қызметін бағалаудың біртұтас жүйесін қалыптастырғаннан кейін Үкімет мемлекеттік аппаратты қысқартудың есебінен жалақыны жекеменшік сектормен салыстыруға келетін деңгейге дейін кезең-кезеңімен көтеру жөнінде ұсыныс енгізуі тиіс. Мемлекеттік аппаратты қысқартудан түскен барлық қаржы жалақыны көтеруге жұмсалады. Менің есебім бойынша мемлекеттік қызметшілердің 30%-ға жуығы қысқартылатын болады.

Еңбекақы төлеу қорының  құрамында әкімшілік мемлекеттік  қызметшілерді ынталандыру үшін арнайы қор қалыптастырылуы мүмкін. Оны жоғары жұмыс нәтижелері үшін сыйлық беруге және келісім-шарт бойынша  қосымша қызметкерлер жалдауға пайдалану қажет. 

3). Мемлекеттік  қызмет көрсетудің жоғары сапасына  қол жеткізу

Үшінші. Мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғары сапасына қол жеткізу.

Барлық мемлекеттік  органдарда мемлекеттік қызмет көрсетудің салалық стандарттары әзірленуге және енгізілуге тиіс. ИСО халықаралық сапа стандарттары, мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы және олардың қоғам алдында есеп беру қағидаты кезең-кезеңімен енгізілетін болады. Әрбір мемлекеттік органның өз даму стратегиялық жоспары болуға тиіс, онда нақты мақсаттар мен міндеттер, соларға қол жеткізудің жолдары, сондай-ақ даму мүмкіндіктері көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету  стандарттарын сақтауды бақылау  мақсатында, қарапайым халық пен  кәсіпкерлер арасында жүйелі әлеуметтік сауалдама жүргізу жолымен де жүргізілетін ішкі және сыртқы аудит жүйесі құрылатын болады. Барлық жерде “электронды үкіметті” енгізу азаматтар мен ұйымдарға сапалы мемлекеттік қызметке жедел қол жеткізуге мүмкіндік береді.

4). Рейтингті және бюджеттік үдерісте жаңа ұстанымдарды енгізу

Төртінші. Мемлекеттік органдар қызметінің рейтингін және бюджеттік үдерісте жаңа ұстанымдарды енгізу.

2007 жылы орталық мемлекеттік  органдар мен облыс әкімдіктері  қызметін тұрақты негізде рейтингілік  бағалау жүйесі енгізілетін болады. Бұл жұмыс үдерісін ішкі әкімшіліктендіруді жақсарту, бюджет қаржысын жұмсау тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету мақсатында жасалады. Аталған шара мемлекеттік органдарды өз қызметінің тиімділігін арттыруға ынталандыруды көздейді.

Бюджеттік жоспарлауда қатаң бюджеттік шектеулерге барудан гөрі нақты түпкі нәтижелерге бағдарланған қаржыландыру жүйесіне көшуге баса мән беріледі. Мемлекеттік, салалық, өңірлік және бюджеттік бағдарламалардың нақты мақсаты мен индикаторлары болуға тиіс. Бюджеттік қаржыны жұмсау мен тиісті бағдарламаларды іске асыруға бірінші басшылардың жауапкершілігі күшейтіліп, пәрменді бақылау жүйесі құрылуы керек. Мұнан басқа, әрбір мемлекеттік орган өз қызметінің өнімділігін арттыру есебінен әкімшілік шығындарды қысқартуға міндетті болады.

5). Мемлекеттік  аппараттың тұрақтылығын, тұрлаулылығын  және басқарымдылығын  арттыру

Бесінші. Мемлекеттік  аппараттың тұрақтылығын, тұрлаулылығын  және басқарымдылығын арттыру. Орталық  мемлекеттік органдарда Мемлекет басшысы  тағайындайтын, олардың аппараттарындағы жұмыстың тұрақтылығын қамтамасыз ететін Статс-хатшы жоғары әкімшілік лауазымы енгізілуі қажет. Статс-хатшы мемлекеттік органның барлық ішкі істеріне жетекшілік жасайтын болады, бұл жоғары басшылықтың саясатты әзірлеумен және стратегиялық мәселелермен айналысуына мүмкіндік береді. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалаудың тетіктері енгізіледі, сондай-ақ олардың орталық пен аймақтық құрылымдар арасында алмасып отыру тетігі әзірленетін болады.

6). Сыбайлас жемқорлықты азайту

Алтыншы. Сыбайлас жемқорлықты азайту. Жоғарыда аталған шаралардың барлығы және әкімшілік реформалар қисынының өзі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған. Біз әкімшілік кедергілерді, бюрократиялық “созбұйда” мен шектен тыс тексерулерді қысқарту жөніндегі жұмысты  жалғастыратын боламыз. Шағын және орта бизнес мүдделерін қорғау мемлекеттік реттеу нормаларын енгізу кезінде де, сонымен бірге оларды жүзеге асыру кезінде де күшейтілетін болады. Бейіндік емес активтер мен мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелестік ортаға беру жөніндегі жұмыс 2006 жылдың соңына дейін аяқталуға тиіс.

Көлеңкелі экономиканы  қысқарту үшін біз “Мүлікті жария  етуге байланысты рақымшылық жасау  туралы” Заң қабылдадық. Адамдар  құпиялылықтың қатаң сақталатынына  сенімді болуы керек. Өз басым  Мемлекет басшысы ретінде бұған кепілдік беремін. Осының алдында жүзеге асырылған қаржыны жария ету тәжірибесі мұны қуаттай алады. Құпиялылықты сақтау мәселесін күшейту және мүлікті жария ету акциясының мерзімін 2007 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзарту үшін Парламенттен “Мүлікті жария етуге  байланысты рақымшылық жасау туралы” Заңға тиісті өзгерістер енгізуді сұраймын.

Информация о работе Шпаргалка по "Экономике"