Шетел тұлғаларына салық салудағы Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің экономикалық мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2011 в 22:51, курсовая работа

Описание работы

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3

I БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық салудағы Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің экономикалық мәні

1.1 Cалық салуда Қазақстан Республикасының Салық жүйесі..................... 4

1.2. Нарықтық экономикадағы салық реформалары және салықтық

қатынастар үйлесімі ...................................................................................... 9

1.3. Шет ел тұлғаларына жеке табыс салығының экономикалық мәні.......... 18



ІІ БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық салу ерекшеліктерін талдау


2.1. Жеке табыс салығын төлеушілер және салық салу

обьектілері, жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстары 22

2.2. Жеке табыс салығының ставкалары және салық деклорациясы 18

2.3. Резидент еместердің табысына салық салу ерекшеліктері 23

ІІІ БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық дағы проблемалар,

оны шешу жолдары 29

ҚОРЫТЫНДЫ 32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 33

Работа содержит 1 файл

ааааа.doc

— 263.00 Кб (Скачать)

    Қызметкердің жұмыс  берушi есептеген, көзделген салық шегерiмдерi сомасына азайтылған табыстары төлем көзiнен салық салынатын табысы болып табылады.

    Жұмыс берушi материалдық, әлеуметтiк игiлiктер немесе өзге де материалдық пайда  түрiнде берген табыстарды қоса алғанда, жұмыс берушi төлейтiн ақшалай  немесе заттай нысандағы кез келген табыстар қызметкердiң табыстарына жатады.

    Қызметкердiң  заттай нысанда алған табысына:

    1) заттай нысандағы еңбекақы;

    2) қызметкер алған тауарлар, қызметкердің  мүддесiн көздеп орындалған жұмыстар, қызметкерге өтеусiз негiзде көрсетiлген  қызметтер; 

    3) қызметкердiң үшiншi тұлғалардан  алған тауарлар (жұмыстар, қызмет  көрсетулер) құнын жұмыс берушiнiң  төлеуi кiредi.

    Қосылған  құн салығы мен акциздердiң тиiстi сомасын қоса алғанда, заттай нысандағы  тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құны қызметкердің осындай нысандағы табысы болып табылады.

    Қызметкердің  материалдық пайда түрiнде алған  табысы мыналарды да қамтиды:

    1) қызметкерге сатылатын тауарлардың  (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің)  құны мен осы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатып алу бағасы немесе олардың өзiндiк құны арасындағы терiс айырма;

    2) жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша  қызметкердiң оның алдындағы қарызының  немесе мiндеттемесiнiң сомасын  есептен шығару;

    3) жұмыс берушiнің өз қызметкерлерiнің  сақтандыру шарттары бойынша  сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге жұмсаған шығыстары;

    4) жұмыс берушiнің қызметкердің  өз қызметiне байланысты емес  шығындарының орнын толтыруға  жұмсаған шығыстары.

    Қызметкердiң төлем  көзiнен салық салынатын табысын  анықтау кезiнде салық жылы iшiндегi әрбiр ай үшiн шегерiмге мыналар жатқызылады:

    1) Қазақстан Республикасының заң  актiсiнде табысты есептеудiң тиiстi айға белгiленген ең төменгі жалақы мөлшерiндегi сома;

    Бiрге  тұратын және ортақ шаруашылық жүргiзетiн  ерлi-зайыптылар, балалары мен ата-анасы (оның iшiнде уақытша болмағандар) отбасы деп танылады.

    Асырауындағы  адам, салық төлеушiнiң табысы есебiнен  өмiр сүретiн және айына бiр  айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен  асатын жеке табыс көзi жоқ, салық  төлеушiнің отбасы мүшесi;

    3) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары.

    4) өз пайдасына енгізген ерікті  зейнетақы жарналары;

    6) жеке тұлғаның  жинақтаушы сақтандыру шарттары  бойынша өз пайдасына енгiзетiн  сақтандыру сыйлықақылары.

    7) жеке тұлға - Қазақстан Республикасының  резиденті Қазақстан Республикасының  тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы  туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан  Республикасының аумағында тұрғын  үй жағдайларын жақсарту жөніндегі  іс-шараларды жүргізуге тұрғын  үй құрылыс жинақ банктерінен алған тұрғын үй заемдары және аралық тұрғын үй заемдары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалған сомалар.

    Жарты айдан аз жұмыс істеген қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысын айқындау кезінде шегерім жүргізілмейді.

    Қызметкердiң табысы бойынша жеке табыс салығының сомасы қызметкердiң салық жылы iшiнде төлем көзiнен салық салынатын табысына белгіленген ставканы қолдану жолымен есептеледi.

    Жеке  табыс салығын есептеу және ұстап  қалу уәкiлеттi мемлекеттiк орган  белгiлеген тәртiппен ай сайын жүргiзiледi.

   Біржолғы төлемдерден  түскен табысқа, мыналарды:

   1) дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустар  мен адвокаттарға өздерінің қызметіне  байланысты табыстар бойынша  төлемдерді, сондай-ақ жеке тұлғаларға  біржолғы талон негізінде арнайы  салық режимін пайдалана отырып, қызметін жүзеге асыруға байланысты табыстар бойынша төлемдерді;

   2) жеке тұлғалардан мемлекеттік  тіркеуге жататын жылжымайтын  мүлік, механикалық көлік құралдары  мен тіркемелерді сатып алғаны  үшін оларға төленетін төлемдерді  қоспағанда, салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агенттерімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табысы, сондай-ақ жеке тұлғаларға төленетін басқа да біржолғы төлемдер жатады.

   Жеке  табыс салығының сомасы төлем  көзiнен салық салынатын бiржолғы төлемдерден түскен табысқа белгiленген ставканы қолдану жолымен есептеледi.

    Төлем көзінен салық салынатын зейнетақы  төлемдеріне салық төлеушілердің  зейнетақы жинақтамаларынан жинақтаушы зейнетақы қорлары табыс есептеудің әрбір айы үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшеріндегі сомаға азайтылған төлемдер жатады.

Жеке  табыс салығының сомасы белгiленген тәртiппен есептеледi.

    Жеке  табыс салығының сомасы жеке тұлғаларға төленетін дивидендтер, сыйақылар мен ұтыстар түріндегі табыстарға ҚР Салық кодексінде белгіленген ставкаларды қолдану жолымен есептеледі.

    Ұтысты, сыйақыны төлеу кезінде ұсталған салық сомасы төлем көзінен осы  салықты ұстап қалуын растайтын  құжаттар болғанда салықтарды есептеу шығару мен төлеуді жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын дара кәсіпкер салық кезеңі үшін есептеген жеке табыс салығының есебіне жатқызылады.

    Бiлiм беру ұйымдарында оқып жүргендерге төлеуге арналған ақша сомасы, сондай-ақ мәдениет, ғылым қайраткерлерiне, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерiне және басқа жеке тұлғаларға төлеуге арналған ақша сомасы табыс көзiнен салық салынатын стипендия болып табылады.

    Жеке  табыс салығының сомасы белгiленген ставканы төленетiн стипендия сомасына қолдану жолымен есептеледi.

    Сақтандыру  сыйлықақылары:

    жинақтаушы  зейнетақы қорларындағы зейнетақы  жинақтары есебiнен;

    жеке  тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін  сақтандыру сыйлықақылары есебiнен;

    жұмыс берушiнiң жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердiң пайдасына енгiзетiн сақтандыру сыйлықтары есебiнен төленген, сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерi жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы болып табылады.

    Жеке  тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыстарына осындай шарттар мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда төленетiн сатып алу сомасы жатады.

    Жеке  тұлғалардың жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысына сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерi сомасының сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан асып кеткен сомасы да жатады.

    Жеке  табыс салығының сомасы белгiленген ставканы жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төленетiн табыс сомасына қолдану жолымен есептеледi.

    Салық төлеушiнiң төлем көзiнен салық салынбайтын табыстарына, табыстардың мынадай түрлерi:

    1) мүлiктiк табыс; 

    2) жеке кәсіпкердің ҚР Салық  кодексінде айқындалатын табысы;

    3) адвокаттар мен жеке нотариустардың  табысы;

    4) ҚР Салық кодексінде белгiленетiн өзге де табыстар жатады.

    Адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстарын қоспағанда, төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеудi салық төлеушi белгiленген салықтық шегерiмдер сомасына азайтылған, төлем көзiнен салық салынбайтын табыс сомасына белгiленген ставканы қолдану жолымен дербес жүргiзедi.

    Салық төлеушiде төлем көзiнен салық  салынбайтын табыстардың бiрнеше  түрi болған кезде, адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстарын қоспағанда, салық төлеушi жеке табыс салығын  есептеудi белгiленген ставканы төлем көзiнен салық салынбайтын барлық табыс түрлерiнің сомасына қолдану жолымен дербес жүргiзедi.

    Мынадай резидент жеке тұлғалар:

    1) арнайы салық режимдерін қолданатындарды  қоспағанда, жеке кәсіпкерлер; 

    2) резидент болып табылатын және  табысты Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен жеке табыс салығы салынбайтын қызметті жүзеге асырудан алатын шет мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар;

    3) салық агенттерi болып табылмайтын  тұлғаларға Қазақстан Республикасында  қызметтер көрсетуден, жұмыстар орындаудан табыс алатын Қазақстан Республикасының азаматтары жеке табыс салығын аванстық төлемдердi енгiзу арқылы төлейдi.

    Салық төлеушi ҚР Салық кодексінде белгiленген жағдайларда енгiзiлген аванстық төлемдердi есептей отырып, салық жылының қорытындысы бойынша жеке табыс салығын төлеудi жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей дербес жүзеге асырады.

    Салық төлеушiлердің мүлiктiк табысына:

    1) Қазақстан Pecпубликасының заңдарына  сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшiн сатып алынған мүлiкті қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын:

    а) бiр жылдан аз уақыт меншiк құқығында  болған жылжымайтын мүлiктi;

    б) бағалы қағаздарды, сондай-ақ заңды  тұлғадағы қатысу үлесiн;

    в) қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлiк бұйымдарды және құрамында қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындылары мен антиквариаттарды;;

    г) мемлекеттiк тiркеуге жататын және бiр жылдан кем емес уақыт меншiк құқығындағы немесе механикалық көлiк құралын және (немесе) тiркемелердi иелiктен айыру құқығымен басқаруға сенiмхат негiзiнде алынған механикалық көлiк құралдарын және тiркемелердi сату кезiндегi олардың құнының өсiмi;

    2) төлем көзiнен салық салынатын табысты қоспағанда, мүлiктi жалға беруден алынған табыс жатады.

    Мүлiктi сату құны мен оны сатып алу  құны арасындағы оң айырма, мүлiктi сату кезiндегi құн өсiмiнен алынған табыс болып табылады.

    Сатып алу құны болмаған жағдайда мүлiктi сату құны мен бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсiмi болып табылады.

    Заң көмегiн, нотариаттық iс-әрекеттер ақысын қоса алғанда, адвокаттық және нотариаттық қызметтi жүзеге асырудан түскен табыстардың барлық түрлерi, сондай-ақ қорғау мен өкiлдiкке байланысты шығыстардың орнын толтырудан алынған сомалар адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы болып табылады.

    Адвокаттар  мен жеке нотариустардың табыстары  бойынша жеке табыс салығының  сомасы белгiленген ставканы алынған  табыс сомасына қолдану жолымен ай сайын есептеледi.

    Есептi ай үшiн жеке табыс салығының сомасы есептi айдан кейiнгi айдың 5-iнен кешiктiрiлмей төленуге тиiс.

    Төлем көзiнен салық  салынбайтын басқа табыстарға Қазақстан  Республикасының шегiнен тыс жерлердегі көздерден алынған табыстар жатады.

    Жеке  табыс салығы бойынша декларацияны мына резидент салық төлеушiлер:

    1) төлем көзiнен салық салынбайтын  табыстары барлар;

    3) Қазақстан Республикасының шегiнен  тыс жерлерден табыстар алатын  жеке тұлғалар;

    4) Қазақстан Республикасының шегiнен  тыс жерлердегi шетел банктеріндегi шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;

    5) Қазақстан Республикасының сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң актілеріне сәйкес декларация беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;

Информация о работе Шетел тұлғаларына салық салудағы Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің экономикалық мәні