Шетел тұлғаларына салық салудағы Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің экономикалық мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2011 в 22:51, курсовая работа

Описание работы

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3

I БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық салудағы Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің экономикалық мәні

1.1 Cалық салуда Қазақстан Республикасының Салық жүйесі..................... 4

1.2. Нарықтық экономикадағы салық реформалары және салықтық

қатынастар үйлесімі ...................................................................................... 9

1.3. Шет ел тұлғаларына жеке табыс салығының экономикалық мәні.......... 18



ІІ БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық салу ерекшеліктерін талдау


2.1. Жеке табыс салығын төлеушілер және салық салу

обьектілері, жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстары 22

2.2. Жеке табыс салығының ставкалары және салық деклорациясы 18

2.3. Резидент еместердің табысына салық салу ерекшеліктері 23

ІІІ БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық дағы проблемалар,

оны шешу жолдары 29

ҚОРЫТЫНДЫ 32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 33

Работа содержит 1 файл

ааааа.doc

— 263.00 Кб (Скачать)

   1999 жылы салық заңдарындағы өзгерістерге сәйкес салықтардың жалпы мемлекеттік және жергілікті болып бөлінуіне шектеу койылды, Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін «Салықтар, алымдар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер» деп аталып, олардың саны 11-ден 17-ге дейін жетлізілді. 1998 жылы бюджеттен тыс қорлардың қысқартылуына сәйкес, салық жүйесіне әлеуметтік салық пен алымдардың түрлері енгізілді. Үшінші кезеңдегі салық реформасы құрылымдық реформаға жатты, өйткені салық салу базасын кеңейтуге, мемлекттік бюджетке түсетін салық түсімдерінің мөлшерін жоғарылатуға бағытталды.

   2002 жылғы салық реформасы жаңа, нарық  талаптарына жауап беретін 

   Салық кодексінің енгізілуімен байланысты болды. Салық жүйесі жаңғыртуға және шаруашылық жүргізудің нарықтық қағидаларына көшуіне бағытталды. Салық реформасының төртінші кезеңі ерекшеліктеріне инвестициялық белсенділікті қолдау, салық салу базасын кеңейту, салық ауыртпалығын төмендету, интеграциялық ақпараттық салық жүйесін енгізу жатады.

   Сонымен кез келген салық реформасының мақсаты, елдің серпінді әлеуметтік әлеуметтік-экономикалық даму негізі ретіндегі, болашақтық фискалды тетіктерді қалыптастыру болып табылады. Салық салу реформасы саяси, экономикалық және құрылымдық қайта құрудан кейін жүргізіледі. Өйткені, ол нәтижесінің тиімділігі жағынан неғұрлым инерциалы болып келеді. Осыған байланысты салық реформалары салық жүйесінің  қызмет ету аясында анықталған кемшіліктерді және қателіктерді жою жолымен, тым ұзақ уақыт аралығында жүзеге асырылады. Аталып өткен Қазақстан салық жүйесінің реформаларын кезеңдерге бөлгенмен, әрбір кезең барысында тұрақты салық жүйесі қызмет етпейді, оған үнемі өзгерістер енгізіліп отырады. Салық қатынастарының жағымсыз жақтары елдің экономикалық дамуының объективті қадамымен анықталады. Нарықтық экономиканың салық реформалары кезекті және үздіксіз жүргізіліп отырады.

   Салықтар  өзінің мәні және мазмұнына қарай  жинақтала келіп, әр түрлі елдердің салық жүйесін құрайтын, ұлттық ерекшіліктердің  көптеген нысандары түрінде болады. Салықтар құрамы, құрылымы, оларды алу тәсілдері, мөлшерлемелері, қазыналық өкілдіктері, салық базасы, әрекет ету өрісі, жеңілдіктері бойынша бұл жүйелер бір-бірінен елеулі айырмашылықта болады және бастапқыда мүлдем салыстыруға келмейтіндей болып көрінеді. Бірақ неғұрлым мұқият талдау кезінде екі негізгі жалпы белгілерді айқындауға болады: 1) мемлекеттің салықтан түсетін кірістерді ұлғайтудың тұрақты нақты жолдарын іздеу; 2) салық жүйесін экономиканың теориялық жалпы қабылданған қағидалары базасында құру.

   Әр  түрлі елдердің салық жүйелері әр түрлі экономикалық, саяси және әлеуметтік шарттар негізінде құрылған. Әрине, олар оңтайлы емес, бұл оңтайлы жүйені құру үшін экономистерге және әлеуметтанушыларға талаптар ретін өңдеу қажет болды. Олардың ішінде неғұрлым маңыздылары мыналар:

   - салық ауыртпалығын тарату біркелкілігі немесе басқа сөзбен айтқанда, әркім мемлекеттік кірістерге өзінің «әділетті үлесін» енгізуі;

   - салықтар мүмкіндігінше әр түрлі  тұлғалармен экономикалық шешімдерді  қабылдауға әсерін тигізбеуі  қажет, немесе мұндай әсер ең  аз шамада болуы қажет;

   - әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға  қол жеткізу үшін салықтық  саясатты пайдалану кезінде,салық  салудың теңдік және әділеттік  қағидаларын бұзуды ең аз шамаға  жеткізу қажет;

   - елдің экономикалық өсуі және  тұрақтылығын қамтамасыз ету  мақсатында салық саясатын пайдалануда салықтық құрылым әсер етуі қажет;

   - салық жүйесі әділетті болуы  қажет және салық төлеушілерге  түсінікті болуы қажет;

   - салықтарды басқару және салық  заңдылығын сақтау бойынша әкімшілік  шығындар ең аз шамада болуы  қажет.

   Осы талаптар елдің салық жүйесінің сапасын бағалау үшін негізгі критерийлер ретінде пайдалануы мүмкін.

   Салық жүйесін құру кезінде әр түрлі  салықты қолданудың салдарын қайта  тарату күрделі проблемалардың бірі  болып табылады. Бұл салдар салықтарды алу тәсілінен, салық мөлшерлеме құрылымынан, салық базасын анықтаудан, және салықтың қызмет өрісіне тәуелді болады. Ел экономикасының салық жүйесіне әсері сұраныс және ұсыныс жағдайынан, нарықтар құрылымынан және жаңа салықтық жағдайларға бейімделу кезеңіне тәуелді болады. Салықтық өзгерістер баға өзгерістеріне әкеледі, бұл салық төлеушілердің кірістері және шығыстарына, салық ауыртпалығын таратуға әсерін тигізеді. Қайта таратудың соңғы нәтижесі барлық көрсетілген факторлардың өзара әсеріне тәуелді болады. Бұл өте күрделі үдеріс, бірақ жалпы ережелер және қорытындыларды жасауға болады.

   Тұтыну  салықтырына қатысты бұл қорытындылар төмендегілерден тұрады:

   - салықты енгізу бағаның өсуіне  әкеледі және салық салынатын  тауарларға сұранысты қысқартады;

   - бағадағы және өндірістегі өзгерістер ауқымы сұраныс пен ұсыныстың икемділігіне тәуелді болады;

   - салық ауыртпалығы сұраныс және  ұсыныс икемділігіне қатысты  сатушы және сатып алушы арасында  таратылады;

   - белгілі шектен жоғары салық  мөлшерлемелерін жоғарылату кезінде  салықтық түсімдер төмендеуі мүмкін.

   Өндіріс факторына салықтар қатыстылығына  қарай бұл ережелер мен қорытындылар мыналарға бөлінеді:

   - салық өндіріс факторында табыстың  жалпы нормасын жоғарылатады, осы  факторлардың ұсынысын қысқартады  және пайданың таза нормасын  төмендетеді;

   - салық ауыртпалығын қайта тарату  сұраныс және ұсыныстың икемділігіне  тәуелді болады;

   - бұл салықтар шешуші әсерді  үй шаруашылығының шығындарына  емес, кірістеріне тигізеді;

   - өндіріс факторына салық салу  өзгерістерінің соңғы нәтижесі  нарық құрылымына, ұжымдық келісімшарттарға және бәсекелестік шарттарына тәуелді болады.

   Салықтық  қатыныстар үйлестігі мемлекеттің, салық төлеушілердің және өзге мемлекеттердің мүдделерін, ұзақ мерзімді және тұрақты  теңдігін, қамтамасыз ететін салықтық қатынастар  жүйесін құруды білдіреді. Мемлекеттің қазыналық мүдделері мен шаруашылық субъектілеріне салық ауыртпалығы арасындағы қатынасты; салық төлеушілер мен мемлекттік орган міндеттерінің және құқықтарының теңдігін қамтамсыз етуді; барлық деңгейлердің салықтық мүдделерін үйлестіруді; салық салу жүйесін еларалық бірыңғайландыру үшін сәйкес негіздерді қалыптастыруды салықтық қатынастар үйлестіру бағыттары ретінде қарастыруға болады. Алғашқы үш бағытқа салық реформалары негізінде біршама қол жеткізілді. Ал салықтық қатынастарды еларалық үйлестіру қажеттілігі, ортақ кеден және салық саясатын жүргізу мақсатында, мемлекттерді біртұтас халықаралық одаққа біріктіру кезінде пайда болады. Салықтық қатынастарды үйлестіруді қарастырылатын бағыты салық салудың белгілі элементтерін бірыңғайландыруды, халықаралық бірлесуге қатысушы елдердің ұлттық салық жүйесі және салық саясатын құрылымдастыруды білдіреді. Еларалық үйлестіруді жүзеге асыру мемлекетаралық бірлесу үшін біртұтас салық жүйесіне бірден көшуді білдірмейтіндігін айта кеткен жөн. Дегенмен неғұрлым терең саяси немесе экономикалық бірігу, сондай-ақ тәуелсіз елдердің бірігуі негізінде конфедеративті мемлекетті құру жағдайында салықтық қатынастардың үйлестіруі бірыңғай салық кеңістігін құруды қарастырады. Осы уақытқа дейін бірігудің өзара байланыстар жолында құрылған бірлестіктер және одақтар толығымен құрылмады, әсіресе тарифтік реттеу, салық заңдарының бірыңғайлылығы бөлігінде. Сондықтан қазіргі кезде бірігуге байланыстарды жүзеге асыру барысында, салықтық қатынастар үйлестірілуіне көп көңіл бөлінуде.

   Мұндай  еларалық үйлестірудің айқын мысалы ретінде 2003 жылдың 23 ақпанында Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру туралы Қазақстан, Белоруссия, Ресей және Украина  мемлекеттерінің шешімін қарастыруға  болады. Осы тұрғыдан осы елдердегі  салық жүйелерінің ерекшеліктеріне тоқталады.

   Бірыңғай  экономикалық кеңістікке кіретін төрт елдің салықтар және алымдар жүйесі бүгінгі күнге дейін даму үрдісінде. Барлық төрт елдегі салық реформалары  бір уақытта 1990 жылдың ортасында  басталған, бірақ салық жүйесін реформалау қарқыны елеулі айырмашылықта болады. Бұл салықты реттеу бойынша заңдылытарды өңдеуде айқындалады.

   Қазақстан және Ресейде салықтық реформалар 1990 жылдардың ортасында басталды. Осы  екі елде бір команда жұмыс  жүргізді, Алматыда қазақстандық және ресейлік салық кодексін өңдеушілерге бүкіл әлемдік салық мамандарының тобы кеңес берді. 1994 жылы әлемдік екі топ осы елдер үшін, батыс стандарттарына негізделген үлгілік салық кодексін ұсынды.Бұл құжаттар сол кедегі жетекші салықшылар үшін салық заңдарының идеалы сияқты көрінді, бірақ екі құжат та парламеннтерде талқылаудан өтпеді.

   Ресейде салық кодексінің бірінші бөлімі 1998 жылы, ал екінші бөлімі 2002 жылы қабылданды. Осы құжаттардың негізгі нормативтік  құжат ретінде қабылдағанға дейін, 1991 жылғы салық жүйесінің негіздері туралы заң, салық қатынастарын реттеген, негізгі нормативтік акт болды.

   2002 жылдың желтоқсан айында Белоруссияда  Салық кодексінің тек жалпы  бөлімі қабылданды. Қазіргі кезде  салық салу объектілері, салық  төлеу реті, әрбір салық бойынша мөлшерлемелер және жеңілдіктер, сондай-ақ салық жүйесінің деңгейлері арасында салықтық алымдарды тарату Белоруссияда салықтық және бюджеттік заң актілерімен реттеледі.

   Украинада да Салық кодексі талқылану сатысында. Салықтық қатынастар жекелеген заңдар, қаулылар және нормативтік актілер жүйесімен реттеледі, ал осының нәтижесінде салыққа байланысты заңда салықтық жеңілдіктердің кең мүмкіндіктерін күрделі және шиелініскен жағдайды көрсетеді.

   Сонымен, соңғы уақытқа дейін, қарастырылатып отырған елдерде салық заңдылығын өңдеуде үйлестіру,ұқсастыру байқалмайды.Украина және Белоруссияда салық кодексінің болмауы олардың салық жүйелерінің жетілмегендігін білдіреді.Бұл жағдай, бір жағынан салық заңдарын бірыңғайландыруда, біпрігу үдерісі шегінде заң жобасын тақылауға мүмкіндіктер беретін, артықшылықтарды құруы мүмкін.Бірақ бұл артықшылық дамудың жалпы векторы да болмауы нәтижесінде жойылып кетеді. Қазақстан мен Ресейдің тек салық жүйелерінде емес, сондай- ақ олардың даму бағыттары арасында елеулі айырмашылықтары бар.Жеке параметрлер бойынша осы екі елдің арасындағы алшақтық, олардың әрқайсысын Украинамен немесе Белоруссиямен салыстыра қарағандықтан, әлдеқайда үлкен. Сондықтан, барлық республикалардың қабылдау мүмкін, салықтық реттеудің ортақ ережелерін талқылау,, зерттеу негізгі проблема зерттеу проблема болып табылады.

   Мемлекеттік басқару қағидаларындағы айырмашылық, осы елдердің салық салу жүйесіндегі  айырмашылықты шарттайды. Ресей  Федерациясында үш деңгейлі салық жүйесі қызмет етеді. Бірінші- бұл федералды  деңгей. Федерадлды салықтар бүкіл ел аумағында қызмет етеді және жалпы ресейлік заңдармен реттеледі. Бұл- федералды бюджеттің кіріс бөлігін құрайтын, неғұрлым жоғары кірісті көздер, олардың есебінен федерация субъектілері бюджеттерінің және жергілікті бюджеттердің қаржылық тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Екінші деңгей -федералдық заңдар талаптарынан шығатын федерация субъектілерінің заң шығарушы органдарымен тағайындалатын, аймақтық салықтар. Бұл салықтардың бөлігі Ресей аумағындағы міндетті салықтарға жатады, бұл жағдайда аймақтық өкімет белгілі шекте мөлшерлемелерді реттейді, сондай-ақ салықтық жеңілдіктерді тағайындайды. Үшінші деңгей-жергілікті салықтар.

   Салық салудың екі деңгейлі жүйесі қызмет ететін, Украина мен Белоруссияда, сәйкесінше, республикалық және жергілікті салықтарға бөлінеді. Қазақстанда бір деңгейлі салық жүйесі бекітілген.Салықтар жалпы мемлекеттік сипатта болады, бұл кезде республикалық және жергілікті бюджеттер арасында салықтық алымдарды бөлудің нормативтері тағайындалады.

   Қарастырылып  отырған елдердің салық жүйесі салықтар және алымдардың саны бойынша, айналым салықтарын пайдалану деңгейі бойынша, оларды салық жүйесінің деңгейлері арасында бөлу бойынша айырмашылықта болады.

   Барлық  төрт мемлекеттің ортақ белгісіне, қолданылатын жанама салықтары жиынтығының жалпы мемлекеттік деңгейде болуы және жалпы мемлекттік салықтар ішінде заңды және жеке тұлғалардың табыс салығының болуы, сондай- ақ экологиялық салықтың болуы жатады. Ренталық төлемдер барлық төрт елде әр түрлі болғанымен, олар салық жүйесінің әр түрлі деңгейлеріне сәйкес келеді.

   Салықтық  кірістердің неғұрлым жақын құрылымы Ресей және Белоруссияда: олардың  бюджетке түсетін үштен бір бөлігін  әлеуметтік төлемдермен қамтаммсыз етіледі. Қосылған құнға салықпен қоса олар кірістердің жартысын қалыптастырады. Қазақстанда басқа елдермен салытығанда корпорациялық табыс салығы мен қосылған құнға салық басқа елдермен салыстырғанда үлкен рөл атқарады, олардың кірістерінің 70% қамтамасыз етеді. Украинада түсімдердің елеулі бөлігі баждарға байланысты, олар 40% құрайды, ал қосылған құнда салықтармен бірігіп салықтық кірістердің 2/3 бөлігін құрайды. Сонымен барлық төрт елдің салықтық кірістерінің құрылымы жалпы сипатқа қосылған құндық салықтардың елеулі үлесі болып табылады.

Информация о работе Шетел тұлғаларына салық салудағы Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің экономикалық мәні