Шетел тұлғаларына салық салудағы Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің экономикалық мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2011 в 22:51, курсовая работа

Описание работы

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3

I БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық салудағы Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің экономикалық мәні

1.1 Cалық салуда Қазақстан Республикасының Салық жүйесі..................... 4

1.2. Нарықтық экономикадағы салық реформалары және салықтық

қатынастар үйлесімі ...................................................................................... 9

1.3. Шет ел тұлғаларына жеке табыс салығының экономикалық мәні.......... 18



ІІ БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық салу ерекшеліктерін талдау


2.1. Жеке табыс салығын төлеушілер және салық салу

обьектілері, жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстары 22

2.2. Жеке табыс салығының ставкалары және салық деклорациясы 18

2.3. Резидент еместердің табысына салық салу ерекшеліктері 23

ІІІ БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық дағы проблемалар,

оны шешу жолдары 29

ҚОРЫТЫНДЫ 32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 33

Работа содержит 1 файл

ааааа.doc

— 263.00 Кб (Скачать)

    4-1) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтер, сыйақылар;

    5) мемлекеттiк бағалы қағаздармен  және агенттік облигациялармен  жасалған операциялардан түскен  табыстар;

    5-1) пайлық инвестициялық қорлардың  пайлары және акционерлiк инвестициялық қорлардың акциялары бойынша дивидендтер, сондай-ақ пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания оларды сатып алған кездегi осы қордың пайлары бойынша табыстар;

    6) әскери қызмет міндеттерін атқарған  кезде әскери қызметшілерге, белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген, оны қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған ішкі істер органдарының, қаржы полициясының қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiн және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қызметкерлеріне берілетін төлемдердің барлық түрі;

    7) тиісті қаржы жылына арналған  республикалық бюджет туралы  заңда белгіленген ең төменгі  жалақының 50 проценті шегіндегі  лотерея бойынша ұтыстар;

    8) тиiстi жылға арналған республикалық  бюджет туралы Қазақстан Республикасының  заң актiсiнде белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнде мемлекеттiк бюджет және гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсiби оқуларға байланысты төлемдер;

    9) гранттар қаражаты есебiнен төленетiн  төлемдер (еңбекақы түрiндегi төлемдерден басқа);

    10) тұрақты жұмысы жолда өтетiн  немесе жүрiп-тұру сипатында болатын  не қызмет көрсететiн учаскелер  шегiнде қызмет бабындағы сапарлармен  байланысты жағдайларда Қазақстан  Республикасының заңдарында белгiленген  мөлшерде төленетiн төлемдер;

    11) экологиялық апат немесе ядролық  сынақ полигонындағы ядролық  сынақтар салдарынан зардап шеккен  азаматтарды әлеуметтiк қорғау  туралы Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес төленетiн төлемдер;

    12) Ұлы Отан соғысына қатысушылардың  және оларға теңестiрiлетiн адамдардың, I және II топтағы мүгедектердiң, сондай-ақ бала кезiнен мүгедек адамның ата-аналарының бiреуiнiң табыстары; III топтағы мүгедектердің бiр жыл iшiндегi - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 27 еселенген шегiндегi табысы;

    13) өткізілер күні қор биржасының "А" және "В" ресми тізімінде  тұратын акциялар мен облигацияларды  өткiзу кезіндегі құн өсiмiнен  алынатын табысы (*листингтiң ең жоғары немесе ең жоғарыдан кейiнгi санаты бойынша қор биржасының ресми тізімдерінде өткізу күнінде тұрған акциялар мен облигацияларды қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде);

    13-1) олармен азаматтық-құқықтық мәмілелер  Алматы қаласы өңірлік қаржы  орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс;

    14) мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен  төленетiн бiржолғы төлемдер (еңбекақы  түрiндегi төлемдерден басқа);

    15) салық жылы iшiнде медициналық қызмет көрсетулердiң (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақысын төлеу үшiн, бала туған кезде, жерлеу үшiн берiлетiн, құжатпен расталған, төлемдердің әрбір түрі бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 8 еселенген шегiндегi төлемдер;

    16) қызметтiк iссапарлар кезiнде  белгiленген мөлшерде төленетiн өтемдер;

    17) қызметкер ұйымымен бiрге басқа  жерге жұмысқа ауысқан не көшкен  кездегi жол жүруi, мүлкiн көшiруi, үй-жай жалдауы бойынша құжатпен расталған шығындардың өтемдерi;

    18) Қазақстан Республикасының азаматтары  болып табылмайтын дипломатиялық  немесе консулдық қызметкерлердiң  ресми табыстары; 

    19) шет мемлекеттiң мемлекеттiк қызметiнде  жүрген шетелдiк жеке тұлғалардың  сол елде салық салынуға тиiс ресми табыстары;

    20) Қазақстан Республикасының азаматтары  болып табылатын және Қазақстан  Республикасының шет елдердегi дипломатиялық  және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнде  қызметте жүрген жеке тұлғалардың  мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен  шетелдiк валютамен төленетiн ресми табыстары;

    21) Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк  орталықтан берiлетiн зейнетақы  төлемдерi;

    22-1) жұмыс берушiнiң  жиынтық жылдық табысты алуға  байланысты емес және шегерiмдерге  жатқызылмайтын, нақты жеке тұлғалардың  табысы болып табылмайтын шығыстары;

    23) Қазақстан Республикасының заңдарында  белгiленген мөлшерде дала жағдайында  геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық  және iздестiру жұмыстарымен шұғылданатын  қызметкерлердiң далалық жабдықталым  ақшасы;

    24) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде республикалық бюджет қаражаты есебiнен төленетiн тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар (мемлекеттiң сыйлықақылары);

    25) Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес жұмыс берушiнiң қызметкерлердi өздерiнің өндiрiстiк қызметiне байланысты мамандық бойынша оқытуға және бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған шығыстары;

    26) жұмыс берушінің  вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн  адамдарға өндiрiс объектiсiнде  болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы  мен ауысымаралық демалысы үшiн жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн тұрғын үй жалдауына және Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгiленген тәулiкақы шегiнде тамақтануға арналған шығыстары; қызметкерлердi Қазақстан Республикасында тұратын (келген) жерінен жұмыс орнына дейiн және керi қарай жеткiзуге байланысты шығыстар;

    26-1) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру  қорынан төленетiн әлеуметтiк  төлемдер;

    27) Қазақстан Республикасының  заңдарында белгiленген мөлшерде, жүктi болғанда және босанғанда берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар, сондай-ақ ұл бала немесе қыз бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар;

    28) бiлiм беру ұйымдарында оқитындарға  Қазақстан Республикасының  заңдарында белгiленген мемлекеттiк стипендияларға арналған мөлшерде төленетiн стипендиялар;

    29) Қазақстан Республикасының заңдарында  белгiленген нормалар бойынша  берiлген арнаулы киiмнiң, арнаулы  аяқкиiмнiң, басқа да жеке қорғану  және алғашқы медициналық көмек  құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құндылығы соған тең басқа да емдеу-профилактикаға арналған азық-түлiк өнiмдерiнiң құны;

    30) өздерінің қызметін жүзеге асыру  мақсатында жеке кәсіпкер, жеке  нотариус, адвокат алған мүлікті,  сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылған, жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтін зейнетақы жинақтарын қоспағанда, жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүліктің құны;

    31) iзгiлiк, қайырымдылық және демеушiлiк  көмек түрiнде алынған мүлiктiң құны;

    31-1) он алты жасқа толмаған балалар  үшін балалар лагеріне жолдамалардың  құны;

    32) еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындау  кезiнде қызметкердiң өмiрiне және  денсаулығына зиян келтiргенi үшiн  жұмыс берушiнің жауапкершiлiгiн  мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерi;

    33) сақтандырудың кез келген түрi  кезiнде төленетiн, шарттың қолданылу  кезеңiнде басталған сақтандыру  оқиғасына байланысты сақтандыру  төлемдерiнiң сомалары;

    34) өз қызметкерлерiн мiндеттi және (немесе) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыс берушi төлейтiн сақтандыру сыйлықақыларының сомалары;

    35) төлем көзiнен салық ұсталғандығын  растайтын құжаттар болған жағдайда, бұрын төлем көзiнен салық салынған  дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар  сомалары;

    36) материалдық нұқсанның орнын  толтырудың сот шешiмi бойынша  тағайындалған сомалары;

    37) жинақтаушы зейнетақы қорлары  салымшыларының жинақтаушы сақтандыру  шарты бойынша жасасқан сақтандыру  сыйлықақыларын (аннуитет) төлеу үшiн  өмiрдi сақтандыру жөнiнде сақтандыру ұйымдарына жiберген зейнетақы жинағының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына бағытталған, зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша сатып алу сомалары;

    38) сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдерi.

    39) жинақтаушы зейнетақы қорларына  Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгiленген мөлшердегi ерiктi кәсiби  зейнетақы жарналары;

    40) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актісіне сәйкес жария етілген кірістері;

    41) міндетті зейнетақы жарналарын  Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгіленген мөлшерде уақтылы  ұстамағаны (есептемегені) және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларына аудармағаны үшін есептелген өсімпұл сомалары.

    2.2. Жеке табыс салығының ставкалары және салық декларациясы 

   Салық төлеушінің табыстарына 10 проценттік ставка бойынша  салық салынуға тиіс.

   Сыйақылар (жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сыйақыларды қоспағанда), ұтыстар түріндегі табыстарға 10 проценттік ставка бойынша салық салынады.

   Дивидендтер түріндегі табыстарға 5 проценттік ставка бойынша салық салынады.

   Салық төлеушінің төлем көзінен салық  салынатын табыстарына:

    1) қызметкердің табысы;

    2) бiржолғы төлемдерден алынған  табыс; 

    3) жинақтаушы зейнетақы қорларынан  берiлетiн зейнетақы төлемдерi;

    4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi табыс;

    5) стипендиялар;

    6) жинақтаушы сақтандыру шарттары  бойынша табысы жатады.

    Салық агенттерi жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалуды төлем көзiнен салық салынатын табыс төленетiн күннен кешiктiрмей жүргізедi.

    Салық агенттері төленген кірістер бойынша салықты аударуды төлем төленетін айдан кейінгі айдың 20-сына дейін өзінің орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.

    Салық агенттері тиісті бюджеттерге құрылымдық бөлімшелер бойынша салық төлеуді  олардың орналасқан жерi бойынша  жүзеге асырады.

    Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық агенттерiнiң жеке табыс салығын төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi белгiленген.

    Оңайлатылған  декларация негізінде арнаулы салық  режимін қолданатын салық агенттерінің жеке табыс салығын төлеу тәртібі  мен мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген.

    Депозитарлық  қолхат бойынша кірістер төлеу көзі осындай депозитарлық қолхаттың  базалық активінің эмитенті болып  табылады.

    Салық агенттері жеке табыс салығы бойынша  есеп-қисапты салық органына салық  төленетін жер бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.

    Жеке  табыс салығы бойынша есеп-қисапқа  қосымшада жеке тұлғаның төленген кірістері туралы мәліметтер көрсетіледі.

Информация о работе Шетел тұлғаларына салық салудағы Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің экономикалық мәні