Сақтандыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 08:53, курсовая работа

Описание работы

Сақтандырудың түп-тамыры ежелгі ғасырлар қойнауында жатыр. Б.ғ.д. ІІІ-ші мыңжылдықта вавилондықтарды теңіз шаруашылығында қарыз беру жүйесі болған, осы жүйеге сай іс зиян шегіп тоқтап қалған жағдайда қарыз қайтарылмайтын болған.

Содержание

1) Ахытова Раушан
2) Шамурадова Айсауле
3) Өтегенова Баянсұлу
4) Чонтыбаева Айжан
5) Мамбетова Жазира
6) Нұралиева Айтаңсық
7)Чуақбаева Мұнара
8) Хасанова Айдана
9) Кеңесов Алданбай
10) Леспаев Бекболат
11) Мамбеталиева Тілектес
12) Камашева Бибінұр
13) Қосайқызы Айжамал

Работа содержит 1 файл

тарихы шығу тегі.doc

— 292.50 Кб (Скачать)

Қазақстанда сақтандыру нарығы нашар  дамыған 

Қазақстанда сақтандыру нарығы нашар  дамыған, депесептейді «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ерғали Бегімбетов. 

«Сақтандыру сыйақыларының өсуі мен сақтандыру төлемдерінің құлдырауы сынды  үрдістер Қазақстандағы  сақтандыру нарығының  тым дамымай қалғанын көрсетеді. 

Дәлірек айтқанда, оны реттеу тұрғысынан емес, осы нарыққа қатысушылардың сақтандыру үдерісіне қатысуы тұрғысынан қарағанда дамымаған. Егер нарық тұрақты болып, тұрақты қызмет атқарса, онда сыйақы мен өтемақыны төлеудегі қарама-қайшы секірістер болмауы тиіс. Немесе осыншама тым күрт болмауы тиіс», - деді ол сейсенбі күні баспасөз мәслихатында. 

Ондағы  бар мәліметтер бойынша, қаңтар-шілдеде сақтандыру нарығы 11%-ға өсіп Т94 млрд-қа жетті. Бұл  ретте сол мерзімге саққтандыру төлемдерінің жиынтық көлемі жалпы  нарықта Т14,5 млрд-ты құрады. «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясының мәліметтері бойынша, нарықтағы сақтандыру төлемдерінің сақтандыру сыйақыларына қатынасы 20%болды. 

«Бұл 20%көрсеткіш  міндетті сақтандыру нарығы айтарлықтай  кең қамтылмаған, бірақ әзірге дамымағанын  көрсетеді. Нарықта  бұл көрсеткіш түсініксіз түрде құбылмай, жыл сайын біртіндеп өсіп отырса онда сақтандыру ақырындап бәскеге қабілеттілеу, қарқынды дамып келе жатыр дегенді аңғартады», - деді Е. Бегімбетов. 

«Біздіңше бәсекелестіктің  негізгі алаңы  ерікті және міндетті автосақтандыру болып табылады. Бүкіл әлемде сондай жағдай қалыптасқан. Бізде өтемдердің сыйақыға қатынасы 20%-ды құрайды, ал егер Сингапурды алсақ, онда - 97%. Көрдіңіз ба, онда бәсекелстік қаншалықты жоғары екенін. Олар онда қалайша ақша тауып жүргенін мен елестете алмаймын! Біздің компаниялар олардың орнында болса, ҚҚА-ға барып тарифтерді көтеруін талап еткен болар еді», - дейді Е. Бегімбетов 

                 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығы 

    Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

    Елімізде  сақтандыруды дамытудың  негізгі мақсаты  – мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші  субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру.

    Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтық қызметі рыногын  сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар  әзірлеуді және кезең  кезеңімен іске асыруды  талап етеді. Бұл қағида Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі. Онда мынадай міндеттерді шешу көзделінген:

    - әлеуметтік сақтандыру  түрі ретіндегі  сақтық қорғауды  ұсынудың қағидаттарын  нақтылау;

    - сақтандыруды қолдану аясын кеңейту және міндетті сақтандыру түрлерін нақтылау;

    - сақтық рыногының  қазіргі заманғы  инфрақұрылымын қалыптастыру  және оның қатысушыларының  – сақтық ұйымы,  сақтық брокер, сақтық  агент, сақтанушы,  сақтандырылушы, пайда  алушы, өзара сақтандыру қоғамы, сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңи және жеке тұлғалардың қызметін ұйымдастыру үшін жағдай жасау;

    - халықаралық стандарттарды  ескере отырып, сақтық  қадағалауын жүйесін  ұйымдастыру;

    - сақтық және қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілеттігі бойынша талаптарды күшейту;

    - осы заманғы сақтандыру  технологиясын енгізуге  жәрдемдесу;

    - сақтандыру саласында  кадрлар даярлау,  қайта даярлау  және біліктілігін  арттыру жүйесін  ұйымдастыру.

    Қазақстанның  сақтық рыногы қалыптасу  стратегиясында тұр:

экономикалық  және құқықтық негіздемелері  бойынша (ұзақ дағдарыс жетілмеген  заңнамалық  база)   ол   дүниежүзілік   деңгейден   айтарлықтай

артта қалып келеді. Дамыған  нарықтык қатынастары бар елдерде сақтық қызметтер көрсетудің ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ал Қазақстанда  ол  не  бары  40  түрі   қамтиды.  Жеке   басты   сақтандыру  және

азаматтардың  мүлкін сақтандырудың көптеген түрлері нашар дамыған, бұл халықтың табысының төмен болып отырған деңгейіне байланысты.

    Қазақстан Республикасы сақтық рыногының қатысушылары мыналар

болып   табылады:  сақтық   ( қайта  сақтандыру )  ұйымы;  сақтық   брокері;

сақтық  агенті; сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы; актуарий; уәкілетті  аудиторлык ұйым  (уәкілетті аудитор);  өзара сақтандыру  қоғамы;

сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті  жүзеге  асыратын  өзге де

заңи  және жеке тұлғалар.

    Жұмыс істейтін қызметкерлерді қоспағанда, Қазақстан Республи-касының аумағында тұрақты тұратын және табыс келтіретін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар міндетті әлеуметтік сақтан-дырылуға тиіс.

   Қазақстан Республикасының "Міндетті әлеуметтік сақтандыру" туралы заңына сәйкес "Әлеуметтік сактандырудың мемлекеттік қоры" акционерлік қоғамы құрылған, ол бірден-бір құрылтайшысы мен қатысушысы мемлекет болып табылатын коммерциялық емес ұйым. Қор Орталықтың әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін қаражаттың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге, қордың уақытша бос қаражатын ұлттық банк арқылы қаржы құралдарына орналастыруға, жыл сайын аудит өткізуді камтамасыз етуге, заңнамалық актілерге сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті. Қордың өз қаражатын оның жарғылық капиталынан және комиссиялық сыйақыдан құралады және солардан тұрады.

   Міндетті  әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар  үшін әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына төленуге тиісті әлеуметтік аударымдар мынадай мөлшерде белгіленеді:

  1. жылдың 1-ші қаңтарынан бастап — әлеуметтік аударымдарды  есептеу объектісінен 1,5 пайыз;
  2. жылдың 1-ші қаңтарынан бастап — әлеуметтік аударымдарды

есептеу объектісінен 2 пайыз;

  1. жылдың 1-ші қаңтарынан бастап — әлеуметтік аударымдарды

есептеу объектісінен 3 пайыз.

   Қазақстан Республикасының  салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режімі қолданылатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін олардың өз пайдасына төлейтін әлеуметтік аударымдардың мөлшері белгіленген (2005, 2006 және 2007 ж.ж. 1-ші қаңтарынан бастап ҚР-ның заңнамалық актісімен белгіленетін ең төменгі жалақының тиісінше 1,5, 2 және 3 пайызы).

   Қазіргі кезде Қазақстанның сақтық рыногы қатысушыларының  ассоциациясы құрылған. Ассоциацияның негізгі  міндеттері Қазақстан  Республикасының  сақтық рыногын дамытудың  қолайлы жағдайларын  жасау және халықтың сақтық мәдениетінің деңгейін арттыру болып табылады.

    Соңғы жылдары сақтандырудың  отандық рыногында  оң тенденциялар байқалуда. 2006 жылы сақтық сыйлықақыларының көлемі 27,1 пайызға  көбейіп, 120,2 миллиард теңгені құрады, міндетті сақтандыру бойынша  сақтық сыйлықақыларының көлемі 136,4 пайызға (2,8 миллиард теңгеге дейін) өсті. Ерікті мүлікті сақтандыру бойынша ол 18,6 пайызға (23,3 миллиард теңгеге дейін) көбейді. Сақтық төлемақысының көлемі 80 пайызға (4,2 миллиард теңгеге дейін), соның ішінде міндетті сақтандыру бойынша 73,5 пайызға (1,3 миллиард теңгеге дейін) өсті.

    Сақтық  ұйымдарының жиынтық  есептік меншікті капиталы 47,3 пайызға (9 миллиард теңгеге  дейін) көбейді, сақтық резервтері 66,7 пайызға (4,5 миллиард теңгеге  дейін) өсті.

    Барлық  сақтық ұйымдарының жиынтық активтері 2006 жылы Қазақстанда 65,6 пайызға көбейіп, 0,7 миллиард теңгені құрады.

    Қазіргі кезде Қазақстанда 34 сақтық үйымдарының  сақтық қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар, соның ішінде 6 – шетелдіктердің қатысуымен және екеуінің өмірді сақтандыру бойынша, 27-сінің көлік құралдары иелерінің АҚЖ-ні міндетті сақтандыру бойынша лицензиялары бар, 6  сақтық брокерлердің, 30 актуарийлердің, 34 аудиторлық ұйымдарының және 67 аудитордың сақтық қызметінің аудитын жүзеге асыруға лицензиялары бар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

    Қорытындылап  айтқанда, сақтандыру нарығы біз үшін өте  қажетті көрсеткіш  болып табылады. Себебі сақтандырудың мақсаты  қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

    Мемлекеттік сақтандыруға  мемлекеттік бюджет  пен оның шығыс  бөлігін қалыптастыратын  қазір заңдық және  атқарушы билік  органдарының қарамағындағы  халықтың еңбекпен  қамтылмағандарын әлеуметтік қамтамасыз етілуін қамтитын әлеуметтік сақтандыру енуі тиіс. Халықтың бұл тобына түсетін жәрдемақылар мен жеңілдіктер, олардың қоғамға енгізген еңбек үлесіне емес, адамдардың бұл санатының тек мұқтаждық және еңбекке жарамсыздық дәрежесімен анықталады. Сақтандыру төлемдерін қоғамның барлық жұмысқа жарамды мүшелері мен жұмыс берушілердің сақтандыру жарналарынан жиналған қаражаттан төлеу қажет. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бүкіл халық үшін міндетті болуы тиіс. Мемлекеттің міндетті ісі- кепілділік. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын құру міндетті сақтандырудың жаппай және әлеуметті мәнді түрлері бойынша сақтанушылрдың мүдделерінің жоғарырақ қорғалуын қамтамасыз етеді. Бұл қордың құрылтайшылары ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкі болып есептеледі. Қатысушылары – сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асыратын барлық сақтандыру ұйымдары. Сақтанушыларға мәжбүр болған кепілдікті төлемдер Қор арқылы тек сақтандыру ұйымы таратылуға мәжбүр болған жағдайда жүзеге асырылады.

    Сақтандыру  – сақтанушылардың сақтандыру жағдайлары салдарынан шеккен залалдарын өтеу үшін сақтандырылушылардың жарналары есебінен сақтандыру қорының құрылуына байланысты осы қорға қатысушылардың арасында туындайтын қайта бөлу қатынастарының жүйесі. Мүлікті сақтандыру, жеке басты сақтандыру, жауапкершілікті сақтандыру , кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру , әлеуметтік сақтандыру түрлеріне бөлінеді және міндетті, ерікті сақтандыру нысандарында жүзеге асырылады. Сақтандыру түрлері кәсіпорындардың, ұйымдардың, азаматтардың нақты сақтандыру мүдделерін ескереді,  сақтандыру объектілері мен заттарының кең шеңберін түрлі  сақтандыру жағдайларынан сақтандырмалық қорғаумен қамтуға мүмкіндік береді.

   Сақтандыруды барлық  елдер үшін маңызды  институт деп және  нарықтық экономиканың  тұрақты дамуының факторы деп тану экономикалық аксиома болды. Сақтандыру кез-келген елдің тұрақты және тепе-теңдік дамуына себебін тигізетін ұлттық экономиканың құрамдас бөлігі. Біздің республикамызда соңғы жылдары сақтандырудың пайда болуы мен дамуы өтуде. Сақтандырудың қалыптасуы мен дамуы бірқатар проблемалармен ұштасуда.  

    Сақтандыру қызметі  нарығы реформаланушы  экономиканың төмендегілерге  әсер ететін маңызды  секторларының бірі:

мүліктік  нұқсан мен табыстағы  жоғалтуларды толық  және уақтылы өтеуге;

сақтандыру  компанияларының инвестициялық қызметі арқылы сақтандыру қорларының уақытша бос ақша қаражаттарын (сақтандыру резервтерін, меншік капиталын) тиімді пайдалануға;

елдің мемлекеттік бюджетінің табыстық бөлігін  сақтандыру операцияларынан  түсетін табыс  есебінен толықтыруға. 

    Шет елдегі сақтандыру  жағдайларға талдау  жасау арқылы сақтандыру  саласы дамыған  еллдердің тәжірибесін  ерекшеліктерін қорту  негізінде еліміздің  сақтадыру саласын  дамыту жолдарын  қарастырылды.  

      Елде өмірді сақтандыру  рыногының жəне  жинақтаушы мен ұзақ мерзімді сақтандырудың өзге түрлерінің дамуы жеткіліксіз. Қазіргі уақытта сақтандыру ұйымдары қызметінің шынайылығы деңгейін арттыру проблемасы, тəуекелдерді басқару жүйесін, əсіресе, банктік топқа кіретін сақтандыру ұйымдарының тəуекелдері бөлігін жетілдіру, сақтандыру ұйымдарының инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту өзекті болып табылады. Бұдан өзге, сақтандыру секторында отандық сақтандыру қызмет көрсету нарығының аясын ұлғайту бойынша шаралар, шаруашылықты жүргізетін субъектілердің жəне халықтың сақтандыру мəдениетін жəне міндетті сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру өзекті болып табылады. Осындай тəсілмен, ұзақ мерзімді перспективада сақтандыру ұйымдары қызметінің айқындылығы деңгейін, міндетті сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыруға, сақтандыру рыногы инфрақұрылымының əрі қарай дамуына қол жеткізуге болады.

Информация о работе Сақтандыру