Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 08:53, курсовая работа
Сақтандырудың түп-тамыры ежелгі ғасырлар қойнауында жатыр. Б.ғ.д. ІІІ-ші мыңжылдықта вавилондықтарды теңіз шаруашылығында қарыз беру жүйесі болған, осы жүйеге сай іс зиян шегіп тоқтап қалған жағдайда қарыз қайтарылмайтын болған.
1) Ахытова Раушан
2) Шамурадова Айсауле
3) Өтегенова Баянсұлу
4) Чонтыбаева Айжан
5) Мамбетова Жазира
6) Нұралиева Айтаңсық
7)Чуақбаева Мұнара
8) Хасанова Айдана
9) Кеңесов Алданбай
10) Леспаев Бекболат
11) Мамбеталиева Тілектес
12) Камашева Бибінұр
13) Қосайқызы Айжамал
Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық сақтандыру болып табылады.
Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдістері.
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады; жарналардың мөлшері және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады.
Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде - қоғамдық қорғауда бюджеттік әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте - әлеуметтік сақтандыруда - қос әдіс, үшінші бөлікте - мүліктік және жеке басты сақтандыруда тек сақтық әдісі пайдаланылады.
Ірі катастрофалардың және апаттардың зардаптарын жою жөніндегі шараларды қаржыландыру үшін қайырымдылық қайыр көрсету алымы немесе белгілі бір уақиға шалмаған қатысушылар арасында қаражаттарды бөлу сияқты көмекші әдістер қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге, өзін-өзі сақтандыру негізінде яғни, бір шаруашылық жүргізуші субъектінің немесе азаматтың шегінде, ақшалай қаражаттарды немесе материалдық босалқы қорларды қалыптастыру әдісі де болуы мүмкін. Мұндай әдіс ауыл шаруашылығында (босалқы қорлар - жем-шөп, тұқым, отын және т.б. қорлар), материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындарында (шикізаттық, шала фабрикаттардың, басқа материалдардың босалқы қорлары) қолданылады; азаматтардың жекеше жинақ ақшалары олардың сақтық босалқы қорлары ретінде қаралуы мүмкін.
Қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резервтік қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі, материалдық-заттай иелері, сақтық қатынастарының негізі сақтық қорлары болып келеді. Олар қоғамдық ұдайы өндірістің элементтері, сақтық қатынастары қатысушыларының жарналары, мемлекеттік бюджет қаражаттары, қаражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету және сақтық қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айрықшалықты төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай немесе материалдық қаражаттардың резервтері болып табылады.
Мүліктік мүдделерді қорғауды, материалдық залалдан сақтандыруды және оның орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қорлары материалдық немесе ақшалай қорлар нысанында жасалады. Сақтық қорларында қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.
Сақтық қорлары сақтандырушының оперативтік-ұйымдық басқаруында болады. Сақтық қорлары сақтандыруда қатысушы тараптардың сақтық мүдделерімен қамтамасыз етілген. сақтық қорларының басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол - табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден-бір бөлігі. Іс жүзінде ол қорлану қоры болып қызмет ете ме немесе тек ұдайы өндірістік кемістіктерді жаба ма - жағдайға байланысты болады. Сақтық қорлары ұлттық шаруашылықтағы сан алуан көлденең үйлесімсіздікдерді ескертуге арналған қоғамның резервтік қорларының анағұрлым кең жүйесінің қажетті құрамды бөлігі болып табылады. Сақтық қор сақтық төлемдері деп аталатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың жарналары есебінен құрылады.
Рыноктық экономикада сақтық қатынастарының едәуір бөлігі коммерциялық қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтері өзгеше сақтық қызметтеріне түрленеді және мұндай қызметтердің еркін рыногында ұсынылады. Бұл қызметтердің бағасы сақтық тарифтері мен жарналары түрінде болады. Сақтық қызметтеріне сұраным олардың сапасымен және бағаның деңгейімен анықталады. Клиенттерді тарту үшін сақтық ұйымдары клиентураға қызмет көрсетуді жақсартады, қызметтердің ассортиментін кеңейтеді, ысыраптар мен залалдарды өтеу жөніндегі кепілдіктерді арттырады.
Сақтандырылушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлары белгілі бір уақытта тікелей арналымында - сақтық төлемдерін төлеу үшін (сақтық жағдайының болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорларының қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін. Өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін клиенттерді тарту үшін сақтық қызметтерінің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдарының осыған ұқсас операциясы сақтық рыногында пайдалырақ шарттарда қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардан қашқысы келетін клиенттерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі.
Экономиканың рыноктық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну үдерісінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады.
Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше маңыздылығы бірқатар факторлармен айқындалады.
Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауыртпалығы мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке түседі.
Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуын, эқологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Сақтық жүйесі ел экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналық сақтандыруды қоса алғанда, әлеуметтік қамсыздандырудын проблемаларына тікелей қатысты.
Сақтандыру табыс (пайда) түсіру мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі сақтық ісі ретінде болады. «сақтық қызметі туралы» заңға сәйкес сақтандыру деп сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлемі арқылы сақтандыру келісімшартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзге оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңи тұлғалардың заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешенін айтады.
Сақтандыру үдерісі сақтандыру келісімшарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру келісімшарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына келісімшарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) келісімшартта белгіленген соманың (сақтық сомасының) шегінде сақтық, өтемін төлеуге міндеттенеді.
Сақтық ісі және сақтық қызмет, Сақтық төлемдеріне кепілдік беру қоры - сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) келісімшарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілеіті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.
Сыныптаудың критерийлері сақтандырушылар санаттары, сақтық жауапкершілігінің көлемі және сақтандыруды ұйымдастырудың заңмен белгіленген тәртібі ескерілген сақтандыру объектілеріндегі айырмашылықтар болып табылады.
Сақтық ісін және сақтық қызметін, Сақтық төлемдеріне кепілдік беру қорын ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді. Сақтық ұйымының сақтық ісі және сақтық қызметі «өмірді сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады.
«Өмірді сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды кіріктіреді:
- өмірді сақтандыру;
- аннуитеттік сақтандыру;
- өмірде белгілі бір оқиғаның басталуынан сақтандыру;
сақтандырушының инвестициялық табысын сақтанушының қатысуымен өмірді сақтандыру.
Өмірді сақтандыру - азаматтардың өмірін, денсаулығын, еңбек қабілеттілігін және жеке басына байланысты өзге мүдделерін залалдан қорғаудың нысаны, ол жеке басты сақтандыру және әлеуметтік сақтандыру қызметтерінің көмегімен жүзеге асады.
Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі біткенге дейін не сақтандыру келісімшартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтық төлемді жүзеге асыруды көздейтін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Өмірді сақтандырудың сан алуан түрлері бар: өмірді аралас сақтандыру, балаларды сақтандыру, некені сақтандыру, шаруашылық жүргізуші субъектілер есебінен олардың жұмыскерлерін сақтандыру, әуе, темір жол, теңіз, ішкі су және облысаралық, халықаралық автомобиль көлігінің жолаушыларын сақтандыру және т.с.с.
Өмірді сақтандырудың аталған түрлері жолаушыларды сақтандырудан басқасы ерікті нысанда жүргізіледі. Міндетті нысанда сондай-ақ көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін, әскери қызметшілердің жеке құрамы, ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік, салық службасы жұмыскерлері сақтандырылады.
Аннуитеттік сақтандыру - сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек қабілетін (жасына байланысты, мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айырылуына әкеліп соққан өзге жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде келісімшартта белгіленген мерзім ішінде немесе өмір бойы кезең-кезеңімен сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жинақтаушы сақтандыру түрлерінің жиынтығы. Аннуитеттік сақтандыру келісімшарттары бойынша кезең-кезеңімен сақтық төлемдерді жүзеге асыру жағдайы сақтық төлемдердің мөлшерін айқындаумен, нақтылаумен және растаумен байланысты емес.
Өмірде белгілі бір оқиғаның басталуынан сақтандыру сақтандырылушының өмірінде алдын ала ескерілген оқиға (неке қию немесе бала туу) басталған жағдайларда тіркелген сомада сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жинақтаушы сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Мүліктік және тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жаппы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру келісімшарты жарамсыз болады.
Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысаныда мынадай сыныптарды кіріктіреді:
жазатайым жағдайлардан сақтандыру;
ауырған жағдайдан сақтандыру;
көлік құралдарын (автомобиль, темір жол, әуе және су көліктерін) сақтандыру;
жүктерді сақтандыру;
мүлікті залалдан сақтандыру (көлік құралдары мен жүктерді сақтандыруды қоспағанда);
көлік құралдары иелерінің азаматтық-құкықтық жауапкершілігін сақтандыру;
автомобиль, әуе және су көліктері иелерінің жауапкершілігін қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
қарыздарды сақтандыру;
ипотеканы сақтандыру;
кепілдік пен кепілгерліктерді сақтандыру;
басқа қаржы шығындарынан сақтандыру;
сот шығыстарынан сақтандыру.
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру (ауырған жағдайдан сақтандыру қосылмайды) сақтандырылушы жазатайым жағдайдың, кәсіби аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге залал келтірілген жағдайларда оның шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Ауырған жағдайдан сақтандыру (жазатайым жағдайдан сақтандыру қосылмайды) - сақтандырылушының ауруына және денсаулығының өзге бұзылуына байланысты оның шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы.