Сақтандыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 08:53, курсовая работа

Описание работы

Сақтандырудың түп-тамыры ежелгі ғасырлар қойнауында жатыр. Б.ғ.д. ІІІ-ші мыңжылдықта вавилондықтарды теңіз шаруашылығында қарыз беру жүйесі болған, осы жүйеге сай іс зиян шегіп тоқтап қалған жағдайда қарыз қайтарылмайтын болған.

Содержание

1) Ахытова Раушан
2) Шамурадова Айсауле
3) Өтегенова Баянсұлу
4) Чонтыбаева Айжан
5) Мамбетова Жазира
6) Нұралиева Айтаңсық
7)Чуақбаева Мұнара
8) Хасанова Айдана
9) Кеңесов Алданбай
10) Леспаев Бекболат
11) Мамбеталиева Тілектес
12) Камашева Бибінұр
13) Қосайқызы Айжамал

Работа содержит 1 файл

тарихы шығу тегі.doc

— 292.50 Кб (Скачать)

      

2-ші топ: «Сақтандыру»

Топ мүшелері:  1) Ахытова Раушан

                            2) Шамурадова Айсауле

                            3) Өтегенова Баянсұлу

                            4) Чонтыбаева Айжан

                            5) Мамбетова Жазира

                            6) Нұралиева Айтаңсық

                            7)Чуақбаева Мұнара

                            8) Хасанова Айдана

                            9) Кеңесов Алданбай

                          10) Леспаев Бекболат

                          11) Мамбеталиева Тілектес

                          12) Камашева Бибінұр

                          13) Қосайқызы Айжамал 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сақтандырудың тарихы, шығуы туралы

      Сақтандырудың түп-тамыры ежелгі ғасырлар қойнауында жатыр. Б.ғ.д. ІІІ-ші мыңжылдықта вавилондықтарды теңіз шаруашылығында қарыз беру жүйесі болған, осы жүйеге сай іс зиян шегіп тоқтап қалған жағдайда қарыз қайтарылмайтын болған.

    Б.ғ.д. 916 жылы жалпы орта мәнін алу жүйесі енгізілген. Бұл жүйе қазіргі сақтандыру тарифтеріне сәйкес келеді.

1584 жылы қабылданған теңіз жүктерін сақтандыру тәртібі жүктерді тасып жеткізу үшін 5% ақшалай сыйлық төлеуді қарастырған. 16 ғасырдың аяғында Англияда теңіз тасымалдарын сақтандыру 1601 жылы Парламент Актісімен бекітілді, ол саудагерлер арасындағы сақтандыру жағдайларына қатысты «Акт» деп аталады. Ұзақ уақыт бойы сақтандыру бизнесі сауда оперциясының бөлігі ретінде өмір сүріп келеді.

    1584 жылы сақтандыру полисінде үш сақтандырушы қол қойған, олардың бірі жарты міндетті мойнына алса, екінші жартысын қалған екеуі бөліп алған.

     18 ғасырда сауда көлемінің ұлғаюы алғашқы кәсіби сақтандырушылардың шығуына әкелді

   Өрттен сақтандырудың элементар түрлері орта ғасырда дамыды. Англияда 30 жылдың ішінде бірнеше тәртіпсіз компаниялар мен бірлескен қоғамдар құрылды. Олар халықтан ақша жинаумен ғана айналысып, нақты жұмыс жасаған жоқ. Сақтандыру ісіндегі ең маңызды оқиға 1797 жылы Орталық Еуропадағы селден қорғану жөніндегі бірлескен сақтандыру компаниясының құрылуы болды. Өмірді сақтандырумен айналысқан алғашқы компания 1706 жылы құрылған. «Достық қоғам» болды.

    Ресейде 18 ғасырдың аяғына дейін отандық сақтандыру ұйымдары болған жоқ, тек шетелдік сақтандыру қоғамдарының қызметі пайдаланылады. Сөйтіп көп қаржы шетелге кетіп қалып, Ресей экономикасына зиянын тигізді.

  1786 жылы Ресейде мемлекеттік сақтандыру монополиясы бекітілді. Сақтандыру экспедициясы өрттен құрылыстарды сақтандыру, оның құнының 75% көлемінде жүргізілді. Төлемдер жылына сақтандыру соммасының 1,5% құрады.

  1827 жылы жеке сақтандыру кәсіпорындары пайда болды. 1846 жылы «Саламандра» акционерлік сақтандыру қоғамы құрылды, ол елдің жекелеген аймақтарындағы құрылыстарды сақтандыру құқына ие болды.

  1835 жылы Ресейде жеке сақтандыру ұйымдастырылып «Өмір» жеке акционерлік сақтандыру қоғамы құрылды.

  1875 жылы алғашқы үстемдік етуші бірлестік сақтандыру синдикаты ұйымдастырылды. Бұл синдикат 1918 жылға дейін қызмет жасады.

  1864 жылы алғашқы өзара сақтандыру қоғамдары пайда болды. 1885 жылы Ресейде шетелдік сақтандыру қоғамдарына қызмет жасауға тыйым салынып тасталды. Шетел капиталының сақтандыру ісіндегі үлесі 1890 жылы 24% жетті. Шетелдік сақтандыру қоғамдары ішкі істер министрлігі тарапынан мемлекеттік бақылауға алынды.

   1913 жылы Ресейдің барлық сақтандыру мекемелерінде 21 млрд. Сомның мүлкі сақтандырылды, мұндағы акционерлік сақтандыру қоғамының үлесі-65%; жергілікті қоғамдардыкі-15%; өзара қалалық қоғамдардыкі-8% болды. Орыс акционерлік сақтандыру қоғамдары 1913 жылы 129 млн. Сақтық төлемдерді жинаса, шетелдіктер-12 млн.сом, өзара қоғамдар-14 млн.сом жинады. Сақтандыру қоғамдарының қаржылық ресурстарына ірі инвестициялардың көзіне айналды. Олар мемлекеттік қарыздар мен акцияларға жұмсалынды.

Тәуелсіз  Қазақстанда алғашқы  сақтандыру компаниялары 1990 жылы пайда болды. Олардың ұйымдастыру құрылымдары кооперативтер пен серістестіктерден акционерлік қоғамдарға дейін дамыды. 1993 жылы, «Сақтандыру туралы» заңның қабылдануымен біздің мемлекетіміздің сақтандыру заңнамасының негіздері қаланды, сақтандыру ұйымдарының саны 900 жетті. Әрине, олардың көбінің сақтандыру ісімен тек атауы ғана сәйкес келетін. Заң талаптарын тек 13 сақтандырушы ғана орындай алды. Осы жылы 38 компанияның бастамасымен Қазақстан Сақтандырушылар Одағы құрылды.

    ҚР президентінің  1994 жылдың 19 сәуіріндегі «Сақтандыру нарығын қалыптастыру мен дамыту бойынша ұйымдастыру – құқықтық шаралар туралы» жарлығы сақтандыру ісін мемлекеттік қадағалау жүйесін енгізу құқығын берді. Қаржы министрлігі құрамында Сақтандыруды қадағалау департаменті құрылды.

1994-1998 жылдары «Сақтандыру туралы» жаңа заң қабылданды және көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру енгізілді. Республикадағы сақтандыру нарығын дамытудың алғашқы тұжырымдамасы жарық көрді.

    1998 жылдан 2004 жылға дейін  «Пруденциалды нормативтер мен орындалуы міндетті басқа норма мен лимиттер», «Сақтандыру туралы» тағы бір заң, және де 2002 жылға дейінгі Қазақстан сақтандыру нарығын дамытудың жаңа мемлекеттік тұжырымдамасы енгізілді.

    2004 жылы 6 қаңтарда «ҚР  Мемлекеттік басқару  жүйесін әрі қарай жетілдіру туралы» Президенттің жарлығына сәйкес ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігі (ҚҚА) құрылды. Агенттікке Сақтандыру нарығындағы әрекеттерді қадағалау мен реттеу тапсырылды.

Бүгінде республикамыздағы сақтандыру өрісін 44 ұйым құрайды, соның ішінде өмірді сақтандыру әрекетін жүзеге асыру лицензиясына тек 8 ұйым ғана ие. Сондай ақ сақтандыру қызметтері нарығында 12 сақтандыру брокері мен 56 актуарий өз әрекеттін жүзеге асырады.

2008 жылдың ішінде  сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 20,2% артты, ол 2009 жылдың 1 қаңтарында 268,8 млрд. теңгені құрады.

    Жиынтық меншікті  капитал 31,4% артты  және 165,9 млрд. теңгені  құрады, сақтандыру  резервтерінің сомасы 86,3 млрд. теңгеге жетті. 

    Тікелей сақтандыру келісімшарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйақыларының көлемі 2009 жылдың 1 қаңтарына сәйкес 133,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылғы ұқсас көрсеткішпен салыстырғанда 9,4% -ға кем.

2008 жылы «өмірді сақтандыру»  саласы бойынша  сақтандыру сыйақыларының көлемі 2007 жылғы ұқсас көрсеткішпен салыстырғанда 23,4%-ға артты және 01.01.2009 ж. 5,8 млрд. теңгеге жетті, ал жиынтық сақтандыру сыйақыларындағы өмірді сақтандырудың үлесі 4,3% (2008 жылдың 1 қаңтарында 3,2% құраған) құрады.

Сақтандыруға  қатысты қырағылық факторы баяу тарауды: қазақстандықтардың бесеуінің біреуін де ғана сақтандыру полисі бар. Сақтандыру ұйымдары үшін бұл принципиалды мәселе.

     Қазақстан аумағында сақтандыру алғаш рет Кеңес өкіметі орнағаннан кейін енгізілді. Бұл кезеңде сақтандыру мемлекеттік іске айналды. Сақтандыруды ұйымдастыру мен жүргізудің жаңа нысаны Халкомкеңестің “Мемлекеттік мүлікті сақтандыру туралы” 1921 жылы 6 қазандағы декретімен жүзеге асырылды. Қазақстанда 1926 жылы мемлекеттік сақтандыру ауыл-селода есепке алынған барлық шаруашылықтардың 34%-ын қамтыды. 1929 жылы КСРО ОАК пен Халкомкеңесінің қаулысына сәйкес мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдардың мүлкін ерікті сақтандыру міндетті сақтандырумен ауыстырылды, мұның өзі қоғамдастырылған сектордың мүлкін сақтандыруды арзандатып, кеңейтуге және оңайлатуға мүмкіндік берді. Сақтандыру ұжымшарлардың ұйымдық-шаруашылық жағынан нығаюына септігін тигізді. 1930 — 40 жылдары мемлекеттік сақтандыру ісінде елеулі өзгерістер болды. КСРО Халкомкеңесінің 1930 жылғы 6 қазандағы қаулысымен өмірді жеке сақтандырудың ұзақ мерзімді түрлері жойылды. Соғыс жылдары сақтандыру қоры есебінен майдан мұқтажына республика бойынша 677,9 млн. мөлшерінде қаражат тартылды. Соғыстан кейінгі жылдар мемлекеттік сақтандырудың барлық түрлерінің тұрақты өсуімен сипатталады.

      Қазақстанда мемлекеттік сақтандыру органдары КСР Министрлер Кеңесінің “Қазақ КСР-індегі мемлекеттік сақтандыру органдары туралы” 1982 жылғы қаулысымен бекітілген ережені басшылыққа алады. Сақтандыру органдарын 1987 жылға дейін Қазақ КСР-і Мемсақтандыру Бас басқармасы, ал 1987 — 91 жылы Қазақ КСР-і Мемлекеттік сақтандыру басқармасы басқарды. Кеңес Одағы ыдырап, еліміздің егемендік алуына, сондай-ақ экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты бұл басқарма республиканың Министрлер Кеңесінің 1991 жылғы 7 мамырдағы 289 қаулысымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниясы басқармасы болып қайта құрылды. Оның құрылымында 297 бас инспекция және 116 телімдік инспекция жұмыс істеді. КСРО Мемсақтандыру ыдырағаннан кейінгі кезеңде Қазақстанда сақтандыру қызметін реформалау ісі қолға алынды. Сөйтіп, 90-жылдардың басында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің жанынан сақтандыру қадағалауы ұйымдастырылды. 1998 жылы бұл қадағалау Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне берілді. Республикада сақтандыру ұйымдарының қаржы жөнінен тұрақты болуына қойылатын талаптарды, сақтандырудың жаңа заңдарын қалыптастыру, сақтандыру нарығының анықтығын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. 2000 жылы ҚР Ұлттық банкі Сақтандыруды қадағалау органдарының халықаралық қауымдастығына (ІAІS) толық құқылы мүше болып кірді. Сақтандыру ұйымдарының есебі мен қаржы есептілігінің жаңа стандарттары енгізілді, ІAІS ұсыныстарына сәйкес сақтандыру нарығын ұйымдастырудың жаңа қағидалары мен стандарттары әзірленді. 2000 жылы Қазақстан Республикасында 42 сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы болды, оның ішінде төрт ұйымға шетелдік сақтандыру компаниясы қатысады. Республикада сақтандыру ұйымдарының 300-ден астам бөлімшесі мен өкілдіктері жұмыс істейді. Сақтандыру агенттерінің тармақталған желісі бар. 2000 жылы сақтандыру ұйымдарының төленген жарғылық капиталының жиынтық мөлшері 3,8 млрд. теңгеге жуық болды. Қазіргі кезде (2004) сақтандыру төлемдері 4,2 млрд. теңгені құрайды, мұның өзі жалпы сақтандыру сыйақысының 14%-ы. 
 
 
 

    

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  Сақтандырудың экономикалық мәні және оның сфералары

   Сақтандырудың экономикалық  мәні - барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыруды қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық залалды төлеу үшін мақсатты ақшалай қорларды құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы деп қараған жөн.

    Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.

     Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлгіштік функция ретінде көрінуі. Сақтандыру кезінде қоғамдық өндіріс үдерісінде белгілі бір қауіп-қатердің болуымен байланысты ақшалай қайта бөлгіштік қатынастар пайда болады. Бөлу функциясы алдын алу функциясы, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі, яғни иіп әкелінеді. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі (иіледі).

      Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.

     Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен - қолайсыз оқиғалардан болған залалдың орнын толтырумен байланысты.

     Сақтық қатынастарының бір бөлігінін салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) қоғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақшалай қаражаттардың арналымы болады. Бұл қатынастар мен қорлар байланған және жалпыұлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты жұмыс істейтін қорлардан басқа (жалпымемлекеттік материалдық резервтерден, Үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың ерікті қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдырылуы мүмкін. Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен инфрақұрылымның объектілерін жаңғыртуға, экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға келтірілген залалды өтеуге пайдаланылады.

     Қатынастардың екінші бөлігінің біршама тар арналымдағы қорларды - әлеуметтік сақтандыру меи әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағыттылығы болады. Бұл қатынастардың іс-әрекеті халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттігімен байланысы.

    Үшінші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдалана отырып және олардың осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың баламалылығына жете отырып, адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын, олардың мүлкін, сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлкін сақтық қорғау жөніндегі қатынастар болып табылады. Бұл - азаматтардың мүлкін және жеке басын сақтандыру және шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін мүліктік сақтандыру.

Информация о работе Сақтандыру