Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 08:53, курсовая работа
Сақтандырудың түп-тамыры ежелгі ғасырлар қойнауында жатыр. Б.ғ.д. ІІІ-ші мыңжылдықта вавилондықтарды теңіз шаруашылығында қарыз беру жүйесі болған, осы жүйеге сай іс зиян шегіп тоқтап қалған жағдайда қарыз қайтарылмайтын болған.
1) Ахытова Раушан
2) Шамурадова Айсауле
3) Өтегенова Баянсұлу
4) Чонтыбаева Айжан
5) Мамбетова Жазира
6) Нұралиева Айтаңсық
7)Чуақбаева Мұнара
8) Хасанова Айдана
9) Кеңесов Алданбай
10) Леспаев Бекболат
11) Мамбеталиева Тілектес
12) Камашева Бибінұр
13) Қосайқызы Айжамал
Қазақстанда сақтандыру
ұйымдарының жалпы
саны 1997 жылдан 2004 жылға
дейін 32 компанияға
қысқарған. 2005 жылдың 1
қаңтарында 36 сақтандыру (қайта
сақтандыру) компаниялары
тіркелген, оның ішінде 2-уі
шетел сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдарының
өкілдері: “Ингосстрах”
және “Қазақстан-Росно”
ААҚ “Росно ресейлік
сақтандыру халық қоғамы”.
Сонымен қатар резидент
емес тұлғалардың қатысуымен
құрылған сақтандыру
компаниялары 1-уіне
қысқарды, өмірді сақтандыру
бойынша небәрі 2 компания
бар.
2004 жылы Қазақстан Республикасының “Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі” “жалпы сақтандыру” саласы бойынша сақтандыру қызметін жүргізу үшін келесідей қайта құрылған сақтандыру ұйымдарына лицензия берді:
“Экспортық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясы” АҚ (жарғылық капитал 100% мемлекеттің қатысуымен құрылған);
“Номад Иншуранс СК” АҚ;
“Астық сақтандыру компаниясы” АҚ.
Соңғы сегіз жыл бойы елдің сақтандыру резервтерінің өсу тенденциясы байқалуда. Осылайша, егер 1997 жылдан 1999 жылға дейін сақтандыру реревтері 1,5 млн теңгеге өссе, 2000 жылдың қорытындысы бойынша олар 1,5 млн теңгеге (51,9%-ға) төмендеген, ал келесі жылы бұл көрсеткіштің 6,3 млрд теңгеге өсуі байқалған. Бірақ, 2003 жылға қатысты 2004 жылғы сақтандыру резервтерінің көрсеткіші айтарлықтай мөлшерге, яғни 10,2 млрд теңгеге (326,7%-ға) өскен. Сақтандыру резервтерінің ЖІӨге қатысты соңғы жылдардағы тенденциясын 1-суреттен көруге болады.
Бүгінгі таңда
сақтандырудың даму
проблемаларының
негізгілері болып
республикада өмірді
және жеке басты
сақтандырудың басқа
түрлерінің, сақтандыру
ұйымдарын корпоративті
басқару жүйелерін енгізудің,
сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының қызметі
туралы статистикалық
және өзге де мәліметтер
базасының қол жетерлігін
қалыптастыру мен қамтамасыз
етудің жеткілікті түрде
дамымауы табылады.
Сақтандыру секторының проблемаларының ішінде келесілерді атап өткен жөн:
ұзақ мерзімді және өмірді жинақтаушы сақтандыруды қосқанда, ерікті сақтандыру бойынша ұсынылатын қызметтердің шектеулігі;
сақтандыру өнімдерінің (сақтандырудың міндетті түрлерінен басқа, бұнда ақы заңдылық негізінде бекітіледі) айтарлықтай қымбат тұруы және оларға сұраныстың төмендігі;
нарықтағы бірқатар сақтандыру ұйымдарының жеткіліксіз белсенділігі;
сақтанушылардың сақтандыруға, атап айтқанда өмірді сақтандыруға қызығушылығының төмендігі;
сақтандыру ұйымдарының өздерінің тәуекелдерін дұрыс басқара алмауы (анықтау, бағалау, есеп беру);
сақтандыру ұйымдарының жинақтаушы өмірді сақтандыру келісім-шарттары бойынша сақтанушыларға қарыз беру жүйесінің дамымауы;
халықтың сақтандыру нарығына деген сенімділігінің төмендігі, сақтандыру ұйымдарындағы қызмет көрсету сапасының төмендігі;
сақтандыру
бизнесі облысындағы
алдап-сулаушылық.
Сақтандыру нарығының құқықтық базасындағы едәуір өзгерістердің, сондай-ақ жоғарыда атп өткен проблемаларды шешу жолындағы шаралар ішінде Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын дамытудың 2004-2006 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасын ерекше атап өткен жөн. Мақсаты – ұлттық сақтандыру индустриясын одан әрі реформалау. Бағдарламаның алдына қойған негізгі жұмыстары:
жеке басты сақтандыруды, соның ішінде оның жинақтаушы және ұзақ мерзімді түрлерін дамыту;
өзара сақтандыру жүйесін дамыту;
халықтың сақтық мәдениетін жоғарылату;
сақтандыру ісінің ақпараттық және автоматизация деңгейін жоғарылату;
міндетті сақтандыру облысында мемлекеттік саясатты дайындау және сақтандыру нарығының инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру;
сақтандыру аясындағы мамандардың мамандану дәрежесін дайындау және жоғарылату;
сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау стандарттарын жоғарылату;
қайта
сақтандыру және бірлесіп
сақтандыру тетіктерін
жетілдіру.
Осы бағдарламадан күтілетін нәтижелер:
ұлттық сақтандыру индустриясының тұрақтылығы мен сенімділігін бекіту;
жеке сақтандыруға деген сұранысты қалыптастыру;
сақтандыру нарығының қазіргі заманға сәйкес инфрақұрылымын қалыптастыру;
халықтың сақтық мәдениет деңгейін жоғарылату;
міндетті сақтандырудың тиімді жүйесін құру;
сақтандыру аясындағы кадрлық әлеуетті жақсарту;
жаңа сақтандыру өнімдері мен технологияларын енгізу;
сақтандыру қызметтеріның сапасын жақсарту;
сақтандыру
нарығының қатысушыларын
қадағалау мен
реттеудің тиімділігін
жоғарылату.
Сақтандыру ұйымдарының қызметінің стандарттарын белгілеу, ұжымдық басқаруды жақсартуды ынталандыру және жинақтаушы өмірді сақтандыруды дамыту үшін ынталандырушы жағдайлар қалыптастыру мақсатында 2004 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасының салық салу бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы” Заңына бірқатар өзгерістер енгізілді. Осы Заң бойынша аннуитеттік сақтандыру бойынша ұжымдық табыс салығының мөлшерлемесін алынуға тиіс сақтандыру сыйақыларының сомасынан 2%-нан 1%-ға төмендетті. Сондай-ақ, 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалар мен оларға жұмыс берушілерді жинақтаушы сақтандыруға, соның ішінде аннуитеттік сақтандыруға деген қызығушылығын жоғарылату мақсатында келесідей өзгерістер күшіне енді:
жинақтаушы сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақыларын төлеуге бағытталған табысқа салық салу сақтандыру төлемдерін алатын уақытқа ауыстырылады;
жұмыс берушінің өз жұмысшысының пайдасына жинақтаушы сақтандыру бойынша төлеген сақтандыру сыйақыларының сомасы жұмысшының табысы саналмайды;
жеке
тұлғаның өз пайдасына
жинақтаушы сақтандыру
келісімдері бойынша
енгізген сақтандыру
сыйақыларының сомасы
толық көлемінде
алуға жіберіледі.
Жаһандану және
интеграция жағдайларында
эффективті сақтандыру
секторы жалпы
инвестициялық қызықтылығы
жағынан да, жеке
ірі жобаларды
жүзеге асыру жағынан
да тиімді. Кешенді
түрде сапалы сақтандыру
қор нарықтарындағы
қаражаттардың шоғырлануына,
арзандау несие ресурстарын
тартуға және шетел
компанияларымен келісім-шарт
жасасуға көмегін тигізеді.
Қазіргі кезде
әлемдік тәжірибені
пайдалану, жаһанды
масштаб бағдарламаларына
қатысу қажеттілігі
анық көрінуде. Және
де қазіргі кездегі
Қазақстанның сақтандыру
нарығындағы позитивті
тенденцияларды қарай
отырып, 2010 жылға қарсы
біз әлеуметтік және
қаржылық қауіпсіздікті
максималды қамтамасыз
ететін жан-жақты дамыған
қаржы қызметтерінің
нарығына жетеміз деп
айтуға болады.
Жалпы екі елдің
сақтандыру саласын
қарастыра келсек, елімізде
төмендей тұрғыдан сақтандыру
нарығын жетілдіруге
болады:
1,Сақтандыру
саласын деген
қадағалауды нарықтық,
еркін бәсекелі
экономикалық заңдалықтарына
сәйкес атқару. Әділітті
және жарияланды
қадағалау жүйесін
саңнамалық негізінде
іске асыру.
2,Еркінді
сақтандырудың түрлерін
көбейтіп, үкмет жағынан
қолдау көрсету.
3,Шет
елдіқ қаржыларды
тарту және сақтандыру
компаниялардың сақтық
қорын кепілдік
етіге мемлекет
жағынан көмек
көсету.
4, Сақтандыру саласындағы мамандардың сапасы және санының көбейу жағынан мемлекет жағдай жасау. Жоғарғы оқу орнында Акиуарий мамандығын ашуға мүмкіндік жасау.
Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру.
Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтық қызметі рыногын сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар әзірлеуді және кезең кезеңімен іске асыруды талап етеді. Бұл қағида Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі. Онда мынадай міндеттерді шешу көзделінген:
- әлеуметтік сақтандыру түрі ретіндегі сақтық қорғауды ұсынудың қағидаттарын нақтылау;
- сақтандыруды қолдану аясын кеңейту және міндетті сақтандыру түрлерін нақтылау;
- сақтық рыногының қазіргі заманғы инфрақұрылымын қалыптастыру және оның қатысушыларының – сақтық ұйымы, сақтық брокер, сақтық агент, сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы, өзара сақтандыру қоғамы, сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңи және жеке тұлғалардың қызметін ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
- халықаралық стандарттарды ескере отырып, сақтық қадағалауын жүйесін ұйымдастыру;
- сақтық және қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілеттігі бойынша талаптарды күшейту;
- осы заманғы сақтандыру технологиясын енгізуге жәрдемдесу;
- сақтандыру саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру.
Сақтандыруды дамыту, өз кезегінде, заңнамалық базаны, мемлекеттік салық-бюджет және ақша-кредит саясатын жетілдіруге, сақтық қызметін қадағалау сапасы мен сақтық ұйымдары жүмысының сенімділігіне байланысты болады.
Қазақстанның сақтық рыногы қалыптасу стратегиясында тұр: экономикалық және құқықтық негіздемелері бойынша ол дүниежүзілік деңгейден айтарлықтай артта қалып келеді. Дамыған нарықтық қатынастары бар елдерде сақтық қызметтер көрсетудің ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ал Қазақстанда ол не бары 40 түрін қамтиды.
Ерекше сақтық қатынастар, сақтық қызметінің рыногын дамыту, азаматтар мен заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы қорғау «Сақтық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңымен, сақтандыру мәселелері жөніндегі Үкімет қаулыларымен және Ұлттық банктің сақтық қадағалау департамаентінің нормативтік актілерімен реттеліп отырады.
Қазіргі кезде Қазақстанның сақтық рыногы қатысушыларының ассоциациясы құрылған. Ассоциацияның негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының сақтық рыногын дамытудың қолайлы жағдайларын жасау және халықтың сақтық мәдениетінің деңгейін арттыру болып табылады.
Соңғы жылдары сақтандырудың отандық рыногында оң тенденциялар байқалуда. 2003 жылы сақтық сыйлықақыларының көлемі 27,1 пайызға көбейіп, 28,9 миллиард теңгені құрады, міндетті сақтандыру бойынша сақтық сыйлықақыларының көлемі 136,4 пайызға (2,8 миллиард теңгеге дейін) өсті. Ерікті мүлікті сақтандыру бойынша ол 18,6 пайызға (23,3 миллиард теңгеге дейін) көбейді. Сақтық төлемақысының көлемі 80 пайызға (4,2 миллиард теңгеге дейін), соның ішінде міндетті сақтандыру бойынша 73,5 пайызға (1,3 миллиард теңгеге дейін) өсті.
Сақтық ұйымдарының жиынтық есептік меншікті капиталы 47,3 пайызға (9 миллиард теңгеге дейін) көбейді, сақтық резервтері 66,7 пайызға (4,5 миллиард теңгеге дейін) өсті.
Барлық сақтық ұйымдарының жиынтық активтері 2003 жылы Қазақстанда 65,6 пайызға көбейіп, 0,7 миллиард теңгені құрады.
гі кезде Қазақстанда 34
сақтық үйымдарының
сақтық қызметін жүзеге
асыру құқығына лицензиялары
бар, соның ішінде 6 –
шетелдіктердің қатысуымен
және екеуінің өмірді
сақтандыру бойынша, 27-сінің
көлік құралдары иелерінің
АҚЖ-ні міндетті сақтандыру
бойынша лицензиялары
бар, 6 сақтық брокерлердің, 30
актуарийлердің, 34 аудиторлық
ұйымдарының және 67
аудитордың сақтық қызметінің
аудитын жүзеге асыруға
лицензиялары бар.