Сақтандыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 08:53, курсовая работа

Описание работы

Сақтандырудың түп-тамыры ежелгі ғасырлар қойнауында жатыр. Б.ғ.д. ІІІ-ші мыңжылдықта вавилондықтарды теңіз шаруашылығында қарыз беру жүйесі болған, осы жүйеге сай іс зиян шегіп тоқтап қалған жағдайда қарыз қайтарылмайтын болған.

Содержание

1) Ахытова Раушан
2) Шамурадова Айсауле
3) Өтегенова Баянсұлу
4) Чонтыбаева Айжан
5) Мамбетова Жазира
6) Нұралиева Айтаңсық
7)Чуақбаева Мұнара
8) Хасанова Айдана
9) Кеңесов Алданбай
10) Леспаев Бекболат
11) Мамбеталиева Тілектес
12) Камашева Бибінұр
13) Қосайқызы Айжамал

Работа содержит 1 файл

тарихы шығу тегі.doc

— 292.50 Кб (Скачать)

  Нарықта меншік түрі жағынан мемлекеттің және мемлекеттік емес болып бөлінетін арнаулы сақтандыру ұйымдары қызмет көрсетеді.

  Бұл ұйымдардың қызмет ету саласы ішкі, сыртқы және аралас нарық салаларын қамтиды. Бұл экономикалық қызмет түрі ретіндегі сақтандыру саласын ұйымдық жіктелуі болып табылады.

  Ұйымдастыру түріне қарай сақтандыру мемелекеттік, акционерлік, өзара кооперативтік болып бөлінеді. Ерекше ұйымдық түрге дәрігерлік сақтандыру жатады.

  Мемлекеттік сақтандыру – сақтандырушы ретінде арнайы өкілетті ұйым тұлғасы арқылы мемлекет болатын ұйымдастыру түрі: мемлекет мүдделерінің щеңберіне оның кез-келген және жеке сақтандыру түрлерін жүргізуге үстемдігі жатады.

  Акционерлік сақтандыру – сақтандырушы ретінде жарғылық қоры жеке және заңды тұлғаларға тиесілі акциялардан және басқа құнды қғаздардан жиналған акционерлік қоғам түріндегі жеке капитал болатын мемлекеттік емес ұйымдастыру түріне жатады. Бұл ұйымдастыру түрі сақтандыру компанияларның жұмысын тиімді қылуға қамтамасыз етеді.

  Өзара сақтандыру – қабылданған шарттарға сәйкес бір-біріне мүмкін шығындарды анықталған үлестері көлемінде жабу жөніндегі жеке және заңды тұлғалар топтары арасындағы келісімді бейнелейтін мемлекеттік емес ұйымдастыру түріне жатады. Бұл түрдің қызметі құрылған сақтандыру кәсіпорыннан пайда табу мақсатын көздемейтін, яғни коммерциялық емес кескіндегі сақтандыру ұйымы болып табылатын өзара сақтандыру қоғамы арқылы жүзеге асырылады. Бұл сақтандырудың ұйымдық түріне жатады.  
 
 
 

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының рөлі мен міндеттері 

Елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің енгізілуіне байланысты құрылған Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының (бұдан әрі – Қор) құрылғанына биыл үш жыл толып отыр.

Нақты бір қызметтерді атқарған ерекше әлеуметтік сақтандыру жүйесі кеңес уақытында да болған. Алайда ол кейбір сыртқы және формальді белгілерімен ғана сақтандыру болды, мысалы ол арқылы уақытша еңбекке жарамсыздығы жөніндегі параққа төленді, өндірістегі бақытсыз жағдайларға, кәсіби ауруларға немесе басқа да бір жағдайларға байланысты жәрдемақылар ресімделді. Өзіндік мәні жағынан бұл жүйе әлеуметтік сақтандыру емес әлеуметтік қамсыздандыру болды. Сақтандыру ол әлеуметтік немесе коммерциялық болғанына қарамастан маңызды принципке негізделуі қажет, яғни төленген жарналарға сәйкес болуы керек.

Біздің мемлекетіміздің әлеуметтік саясаты елімізде әлеуметтік қорғаудың мықты жүйесін құруға бағытталған.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты 2005 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында үшдеңгейлі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік реформаның тереңдетілген үш жылдық бағдарламасы жүзеге асыру басталғанын атап өткен болатын.

Халықты әлеуметтік қорғаудың екінші деңгейі болып табылатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі біздің елімізде 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді және әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік шығындардың елеулі кеңейгенін дәлелдеді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін қаржыландыру жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалардың Қорға төлеген әлеуметтік аударымдарынан тұрады және оларға салық жүктемесінің көбеюін болдырмау үшін төленетін әлеуметтік аударымдар сомасына әлеуметтік салық мөлшері төмендетілген.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу мақсатында құрылған Қор бірден бір құрылтайшысы және қатысушысы мемлекет болып табылатын акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым. Қор әлеуметтік аударымдарды шоғырландырып, әлеуметтік тәуекел туған жағдайға қатысты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлем төлеуді жүргізеді.

Қазіргі уақытта Қор әлеуметтік тәуекелдің үш түрі бойынша – еңбек ету қабілетінен айрылу, асыраушысынан айрылу және жұмысынан айрылу бойынша төлем жүргізеді. Осылайша, жұмыс істейтін зейнеткерлерден басқа, кәсіпорындарда және меншіктің барлық түрлеріндегі ұйымдарда, сонымен қатар жеке еңбек қызметімен шұғылданатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған барлық тұлғалар, егер олар үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілсе олар еңбек ету қабілетінен айрылған, асыраушысынан айрылған және жұмысынан айрылған жағдайда Қордан әлеуметтік төлемдер алуға құқылы.

Сақтандырудың негізгі принципін сақтау мақсатында – төлемдер жарнаға байланысты болатындықтан әлеуметтік аударымдарды есепке алу жеке әлеуметтік код негізінде дербес жүргізіледі. Әлеуметтік төлемдер мөлшері міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының қатысу өтіліне және орташа айлық табысына байланысты болады. Сонымен бірге төлеушілердің әлеуметтік аударымдарды уақытында және тұрақты төлеуі әлеуметтік төлемдердің мөлшеріне әсер етеді. Яғни жұмыс беруші заңды қаншалықты орындаса нақты адамға тағайындалған әлеуметтік төлемнің мөлшері соған байланысты болады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қолданысқа енген кезінен бастап 2007 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүргізілген әлеуметтік төлемдердің сомасы 309 548,6 мың теңгені құрады, оның ішінде:

• еңбек ету қабілетінен айрылуы бойынша – 203 192,58 мың теңге;

• асыраушысынан айрылуы бойынша – 102 293,3 мың теңге;

• жұмысынан айрылуы бойынша – 4 062,9 мың теңге.

2007 жылдың ақпан айында Қордан 10 840 алушыға әлеуметтік төлемдер жүргізілді, оның ішінде:

• еңбек ету қабілетінен айрылуы бойынша 7 926 алушыға;

• асыраушысынан айрылуы бойынша 2 877 алушыға;

• жұмысынан айрылуы бойынша 37 алушыға.

Әлеуметтік  төлем алушылар санының былтырғы жылға қарағанда 4 есе артқанына қарамастан жүргізілген әлеуметтік төлемдер мөлшері мен алушылар саны болжанған көрсеткіштерден едәуір аз.Әлеуметтік төлем алушылар санының шамалы болуын біз халықтың әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш беруге құқысы бар екендіктерін білмеуінен деп ойлаймыз. Осыған байланысты Қор тағы да төмендегіні хабарлайды.

Егер  Сіз міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болсаңыз, яғни Сіз үшін әлеуметтік аударымдар төленсе онда еңбек ету қабілетінен айрылу, асыраушысынан айрылу және жұмысынан айрылу әлеуметтік тәуекел жағдайы туғанда Сіз мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан басқа Қордан әлеуметтік төлем алуға құқылысыз.

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан  халқына арналған Жолдауында қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға  ерекше көңіл аударылды. Елбасы ана мен  баланы әлеуметтік қорғауға айрықша мән бере отырып, 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін әйелдердің жүктілігі, босануы мен аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізуді тапсырды. Осылайша Жолдауда айтылған Президенттің тапсырмасына сәйкес Қордан әйелдердің жүктілігіне, босануына және бір жасқа дейінгі бала күтіміне әлеуметтік төлемдер жүргізіледі. Мұндай төлемдерді алуға ол үшін жұмыс беруші әлеуметтік аударымдар жүргізген, сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтыған өзі үшін әлеуметтік аударымдар төлеген жұмыс істейтін әйелдер құқылы.  

Әлеуметтік  төлемдердің маңызды  бөлігінің Қорға  берілуіне байланысты әйелдердің жүктілігі, босануы және бала туғаннан кейінгі  бірінші жылы барлық қаржылық міндеттемелер  «Міндетті әлеуметтік сақтандыру» Заңымен  кепілдендіріледі, және бұл кейбір жұмыс берушілердің жүкті әйелдерге деген кемсіту, тежеу сияқты қатынастарынан қорғайды.

Әйелдердің  жүктілігі, босануы  және аналық кезеңін  міндетті әлеуметтік сақтандыруға енгізуге байланысты бізге  Қордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және алушылар алдындағы өз міндеттерімізді орындау мақсатында әлеуметтік қамсыздандыру бойынша бірқатар заңнамалық және нормативті құқықтық актілерге өзгерістер енгізу мәселелерін шешу қажет.

Сонымен қатар қосымша  қызметттердің жүктелуіне байланысты Қордың бұдан әрі қарқынды дамуы үшін бізде жаңа мүмкіндіктер ашылатын болады. Мемлекеттің ана мен баланы қорғауға бағытталған әлеуметтік саясаты қоғамның жағдайы мен оның қарқынды дамуының болашағын айқындайды. Бүгін ана мен бала құқығын қорғай отырып, біз өз болашағымызды қорғаймыз.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры Мемлекеттік  әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ

  «Мемлекеттік әлеуметтік  сақтандыру қоры»  АҚ - жарғылық капиталына  мемлекеттің жүз  пайыз қатысуымен "Мемлекеттiк  әлеуметтiк сақтандыру  қоры" акционерлiк қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысына сәйкес құрылды. Қордың Жарғылық капиталы республикалық бюджет қаржысынан қалыптасады және 45 950 000 теңгені құрайды. Қордың жарғылық капиталын көбейту Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған тәртіппен соттың немесе жалғыз акционердің шешімі негізінде жүргізілуі мүмкін.

2004 жылдың 21 сәуірінде  Қор заңды тұлға  ретінде тіркелді (тіркеу  туралы куәлік  №16157-1901-АО). 2004 жылдың 01 шілдесіндегі № 10 қабылдау-беру Актісіне сәйкес, Қор акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлiгiне берілді. Жарғылық капиталы 45 950 000 теңге болғанда акция шығару көлемі номиналды құны 1 000 (бір мың) 45 950 мың теңгені құрайды.Шығарылған акциялардың саны 45 950 жай акцияны құрайды KZ1С51240014, шығу формасы құжатсыз. Акция шығару толықтай төленген, Қорда орналастырылмаған акция жоқ.

  Қордың құрылтайшысы  ҚР Қаржы министрлiгiнiң  Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi атынан ҚР Үкіметі болып табылады.

  Жалғыз акционер  Қордың жоғарғы  органы болып табылады. Жалғыз акционердің  құқықтары мен  міндеттері әлеуметтік  сақтандыру туралы  Заңмен белгіленген  шектеулері ескеріле  отырып, «Акционерлік  қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-11 Заңымен белгіленеді. Директорлар Кеңесі Қордың басқару органы болып табылады. Директорлар Кеңесі Қазақстан Республикасы заңнамасына және Қор Жарғысына жататын жалғыз акционердің ерекше құзырларынан басқа Қор қызметіне жалпы жетекшілікті жүзеге асырады.

  Қордың ағымдағы  қызметіне басшылықты  жүргізетін Қор  Президенті атқарушы  орган болып табылады.

  Мемлекеттiк әлеуметтiк  сақтандыру қоры  бiрден-бiр құрылтайшысы  мен қатысушысы  мемлекет болып табылатын акционерлiк қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым.

  Қор әлеуметтiк  аударымдарды шоғырландыруды  және міндетті  әлеуметтік сақтандыру  жүйесіне қатысушыларға  - асыраушысынан айрылған  отбасы мүшелерін  қоса алғанда,  әлеуметтік тәуекел  туған жағдайда - әлеуметтік төлемдер төлеуді жүргізеді.

  Қор қызметінің  негізгі мақсаты  Қазақстан Республикасында  міндетті әлеуметтік  сақтандыру жүйесін  енгізу, әлеуметтік  аударымдардың сақталуы  мен мақсатты жұмсалуын  қамтамасыз ету  болып табылады.

  Қордың негізгі қызметтерi:

- әлеуметтiк аударымдарды  шоғырландыруды жүзеге  асырады; 

- мiндетті әлеуметтік  сақтандыру жүйесiне  қатысушыларға - асыраушысынан  айрылған отбасы  мүшелерін қоса  алғанда, әлеуметтік  тәуекел туған  жағдайда - әлеуметтік  аударымдарды жинап, әлеуметтік төлемдерді төлеуді жүргізеді

- Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкi арқылы  қаржы құралдарына  Қор активтерін  орналастыру жолымен  инвестициялық қызметті  жүргізеді 

  Қордың 

  • мiндеттi әлеуметтiк  аударымдарды шоғырландыруды  жүзеге асыруға; 

  • бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына байланысты қызметпен айналысуға;

  • Қор қызметiн  жүзеге асыруға  комиссиялық сыйақы  алуға; 

  • қаржы қозғалысы  туралы Зейнетақы  төлеу жөніндегі  мемлекеттік орталықтан  ақпарат алуға; 

  • мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушыларынан Қор қызметiн қамтамасыз етуге қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға құқығы бар.

  Қор: 

  • Зейнетақы төлеу  жөніндегі мемлекеттік  орталықтың әлеуметтiк  төлемдердi жүзеге  асыруы үшiн қаражаттың  уақтылы аударылуын  қамтамасыз етуге;

  • Қордың уақытша  бос қаражатын  Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкi арқылы  қаржы құралдарына  орналастыруға; 

  • Жыл сайын  аудит өткiзудi  қамтамасыз етуге; 

  • Қазақстан Республикасының  заң актiлерiне  сәйкес өзге де  мiндеттердi атқаруға  мiндеттi.

Информация о работе Сақтандыру