Сақтандыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 08:53, курсовая работа

Описание работы

Сақтандырудың түп-тамыры ежелгі ғасырлар қойнауында жатыр. Б.ғ.д. ІІІ-ші мыңжылдықта вавилондықтарды теңіз шаруашылығында қарыз беру жүйесі болған, осы жүйеге сай іс зиян шегіп тоқтап қалған жағдайда қарыз қайтарылмайтын болған.

Содержание

1) Ахытова Раушан
2) Шамурадова Айсауле
3) Өтегенова Баянсұлу
4) Чонтыбаева Айжан
5) Мамбетова Жазира
6) Нұралиева Айтаңсық
7)Чуақбаева Мұнара
8) Хасанова Айдана
9) Кеңесов Алданбай
10) Леспаев Бекболат
11) Мамбеталиева Тілектес
12) Камашева Бибінұр
13) Қосайқызы Айжамал

Работа содержит 1 файл

тарихы шығу тегі.doc

— 292.50 Кб (Скачать)

     Көлік құралдарын (автомобаль, теміржол, әуежәнесу көліктерін) сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне, соның ішінде айдап әкетуді немесе ұрлауды қоса алғанда, сондай-ақ оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

     Жүктерді сақтандыру жүктерді, соның ішінде багажды, тауарларды және өнімнің басқа барлық түрлерін қоса апғанда иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан оның зақымдануы, жойылуы, жоғалып кетуі салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

      Мүліктік сақтандыру - мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы, ұрлануы салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

     Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру барлық тәуекелдерді сақтандыру салдарынан үшінші тұлғаларға келтірілген залалды өтеу міндетіне байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

     Қарыздарды сақтандыру сақтандырушының (қарыз алушының) кредитор алдындағы міндеттемелерін орындамауы салдарынан кредиторға шығын келтірілуі кезінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінін жиынтығы болып табылады.

      Ипотекалық сақтандыру - ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кепілдік мүлік болып табылатын тұрғын үйдің рыноктық құны төмендеген жағдайда қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы келісімшарты бойынша міндеттемелерді орындамауы салдарынан кредитордың мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрі.

      Ипотекалық, кепілдіктер мен кепілдемелердің басқа қаржы шығындарының тәуекелдерін сақтандыру келісімшарттары бойынша сақтандыру шығыстың өзінің ғана тәуекелі және оның пайдасына ғана шешілетін тәуекел сақтандырылуы мүмкін.

     Кепілдіктер мен  кепілдемелерді сақтандыру  берілген кепілдіктер мен кепілдемелерді орындау міндеті салдарынан кепілдік немесе кепілдеме берген тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

     Басқа қаржы шығындарынан сақтандыру қаржы шаруашылық қызметін жүзеге асыру нәтижесінде жұмыстан айырылу, кірісті жоғалту, қолайсыз табиғи құбылыстар, үздіксіз, болжанбаған шығыстар, рыноктық құнын жоғалту және басқа да шығындар салдарынан шығын келтіру кезінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

    Coт  шығыстарын сақтандыру - сақтанушының (сақтандырылушының) соттың істі қарауына байланысты олардың көтерген шығыстары салдарынан шығындануы кезінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

      Қазақстан Республикасының  аумағында сақтық  ұйымының қызметі  «өмірді сақтандыру»  саласы бойынша  лицензия немесе  «жалпы сақтандыру»  саласы бойынша  лицензия негізінде сақтандырудың лицензияда көрсетілген тиісті сыныптары шегінде жүзеге асырылады.

«Жалпы  сақтандыру» саласындағы  қызметті:

1) «өмірді сақтандыру»  саласындағы қызметпен  біріктіруге;

2) жинақтаушы сақтандыру  нысанында жүзеге  асыруға болмайды.

     «Өмірді сақтандыру» саласындағы қызметті «жалпы сақтандыру» саласындағы қызметпен, сонымен бірге сақтандырудың міндетті нысынындағы тиісті сыныптарды біріктіре алмайды.

    Сақтық ұйымы,  өзінде сақтандырудың  тиісті сыныптары  көрсетілген және  сақтандыру заңнамасында белгіленетін сақтандыру сыныптарын біріктіру жөніндегі шектеулер ескерілген лицензия болған жағдайда, сақтандырудың екі және одан да көп сыныптарының белгілері мен мазмұнын ұштастыратын сақтандыру түрін әзірлеуге құқылы.

     Сақтық ұйымдарының  сақтандыру сыныптары шеңберінде тәуекелдерді сақтандыру жөніндегі, сондай-ақ сақтандыру сыныптарының мазмұнын қосымша ашу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде өзінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуіне байланысты талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

     Сақтандырудың экологиялық  тәрізді түрі жіктемеде  аралық жағдайда  болады: ол жеке  басты және мүліктік, міндетті және  ерікті болуы мүмкін.

     Бұдан басқа, мына  критерийлер бойынша  сақтандырудың нысандарын  айырады:

        міндеттілік дәрежесі  бойынша - ерікті  және міндетті;

        сақтандыру объектісі  бойынша — жеке  басты және мүліктік;

сақтық  өтемді жүзеге асыру  негіздері бойынша - жинақтаушы және жинақтаушы емес.

Ерікті  сақтандыру - тараптардың  еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.

    Ерікті сақтандыру нысанындағы сақтандырудың жекелеген сыныбын (түрін) жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар, оның ішінде сақтандырудың жекелеген сыныптары (түрлері) шеңберіндегі пруденциялық нормативтер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

    Міндетті сақтандыру - заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырушымен осы сақтық қатынастарды реттейтін құқықтық актімен белгіленген жағдайларда келісімшарт жасасуы міндетті. Міндетті сақтандырудың келісімшарты өзінің қызметтерін ұсынған кез келген сақтандырушымен жасалуы мүмкін. Мемлекеттік сақтық ұйымы үшін мұндай келісімшарт жасасу оның міндеттілігі болып табылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.

    Жеке басты сақтандыру - жеке тұлғаның өміріне, денсаулығына және жеке адам ретінде сақтандырушының да, сондай-ақ үшінші тұлғалардың да басқа қасиеттеріне қатысты оның (жеке тұлғаның) мүддесін сақтандыру. Жеке басты сақтандырудың арналымы азаматтардың өмірінде белгілі бір уақиға болған кезде оларға шарттасылған ақшалай соманы төлеуде болып табылады.

     Мүліктік сақтандырудың  арналымы әр алуан  мүлікке дүлей  апаттар мен басқа  жазатайым уақиғалар  келтірген залалдарды өтеуде болады. Демек, сақтандырудың объекті әр алуан материапдық құндылықтар және олармен байланысты мүдделер болып келеді.

     Мына негіздемелердің:  сақтандыру келісімшартымен  белгіленген кезеңнің  өтуі бойынша,  не сақтық жағдайы  болған кезде кез келгені бойынша сақтық төлемін жүзеге асыруды қарастыратын сақтандыру жинақтаушы болып табылады. Жинақтаушы емес сақтандыру тек сақтық жағдайы болған кезде сақтық төлемін жүзеге асыруды қарастыратын сақтандыру болып табылады.

     Сақтандыру түрі  сақтық ұйымы сақтанушыға сақтандыру келісімшартын жасасу арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және беретін сақтақ өнімі болып табылады.

    Шетелдік азаматтар,  азаматтығы жоқ  адамдар шетелдік  заңи тұлғалар, соның  ішінде өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратындар сақтандыру арқылы қорғалу құқығын Қазақстан Республикасы азаматтарымен және заңи тұлғаларымен бірдей пайдаланады.

    Заңи тұлғаның  немесе оның оқшауланған  бөлімшелерінің ҚазақстанРеспубликасы  аумағында орналасқан мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін сақтандыру тек қана сақтық ұйымы - Қазақстан Республикасының резиденті жүзеге асыра алады.

     Қазақстан Республикасының  бейрезидент сақтық ұйымдарымен, жұмыс істеу, оқу, емделу немесе демалу мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде уақытша болатын жеке тұлғалармен - Қазақстан Республикасының резиденттерімен Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде уақытша болу кезеңіне ғана сақтандыру келісімшарттарын жасасуға жол беріледі.

      Қазақстан Республикасының  екінші деңгей  банктеріне және  банктік операциялардың  жекелеген түрлерін  жүзеге асыратын  ұйымдарға жеке  және заңи тұлғалардан  - Қазақстан Республикасының  резиденттерінен Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің пайдасына сақтық сыйлықақыларын (жарналарын) төлеуге байланысты төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға тиым салынады.

Сақтандырудың экономикалық мәні және қалыптасуы.

1. Сақтандыру ісінің  бастаулары.

2. Тәуекелді сақтандырудың  алғы шарты.

3. Сақтандыру түсінігі: қазіргі қоғамдағы  оның қажеттілігі,  мәні, функциялары,  қағидалары, сақтандырудың  экономикалық табиғаты.

  Сақтандыру классификациясының  барлық звеносы  сақтандырудың екі  түрін қамтиды.  Олар:

1. Міндетті сақтандыру.

2. Ерікті сақтандыру.

  Міндетті сақтандыру  – заң негізінде  сақтандыру қорлары  ресурстарының құрылуы  және пайдалануымен  байланысты. Яғни, азаматтық,  құқықтық байланыстарды  білдіреді. Міндетті  сақтандырудың инициаторы  болып мемлекет табылады. Яғни, заңды және жеке тұлғалардың қоғамдық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында заң арқылы міндеттейді.

1997 жылы Қазақстан  Республикасы міндетті  сақтандыру ауылшаруашылық  өндірісін жаңартуға  қолданған. Негізінде  міндетті сақтандыру, сақтандыру төлеміне тәуелсіз және белгіленген мерзімде ғана әрекет етеді.

  Ерікті сақтандыру  – міндетті сақтандырудың  әрекетіне қарағанда  азаматтық, құқықтық  қатынастар негізінде  пайда болған сақтандырушы (сақтандыру  компаниялары) және  сақтандырушы (жеке  және заңды тұлғалар) өзара келісім негізінде пайда болды.

  Ерікті сақтандырудың  инициаторы болып,  шаруашылық субъектілері  мен жеке және  заңды тұлғалар  табылады.

  Міндетті сақтандыру  формасын мемлекет  тек қана жеке  сақтандырулар мүддесін  қорғау мақсатында  ғана емес, сонымен қатар жалпы қоғам үшін белгіленіп және бекітіледі. Заң міндетті сақтандыруды жүргізетін сақтандыру мекемесін анықтайды.

  Ерікті сқтандыру  алдын-ала келісілген  сақтандыру мерзімі  анықталады. Ерікті  сақтандыру, сақтандыру  жарнасын төлеген  соң ғана күшіне енеді.

  Міндетті сақтандыру:

- автокөлік иелерінің  азаматтық-құқықтық  жауапкершілігін;

- жолаушылар алдындағы  тасымалдаушының  азаматтық жауапкершілігін;

  Ерікті сақтандыруды  екі үлкен салаларға  бөлуге болады:

1. Мүлікті сақтандыру.

2. Жеке басты сақтандыру.

  Сақтандыру өз  іс-әрекетінде танымның  теориялық және  эмпирикалық тәсілдеріне  сүйенеді және  бірқатар ғалымдардың,  экономиканың, статистиканың,  ықтималдықтардың  теориясының нәтижелеріне  негізделеді.

  Сақтық қорғауы  ұйымдастырылатын  құбылыстардың бұқаралық сипатына байланысты, сақтандыру саласы барлық ақпаратты жинауға, топтауға, жүйелеуге және жалпылауға мәжбүр. Бұл ақпараттарды сақтандыру саласы қызметінің тиімділігін арттырудың тиімді стратегиясын жасау үшін қолданылады.

  Экономикалық қатынастар жүйесі ретінде сақтандыру сақтық жауапкершіліктегі әртүрлі объектілер мен субъектілерді, заңдық ережелер мен тәртіптерге сәйкес қызметтерін ұйымдастыру түрлерін қамтиды.

  Экономикалық қатынастардың алуан түрлігін реттеп, бірыңғай және өзара байланысты жүйені жасау үшін сақтандыруды жүйелеу қажет. Сақтандыруды жүйелеу әрбір сақтандырудың келесі буыны алдыңғы буынның бөлігі болатындай буындар мен салаларға бөлудің ғылыми жүйесі болып табылады. Сақтандыруды жіктеудің негізіне екі критериясы алынған: сақтандыру объектілеріндегі өзгешелік және сақтық жауапкершілігі көлеміндегі өзгешелік. Осы бөлуге сәйкес жіктеудің екі жүйесі қолданылады: сақтандыру объектілері бойынша және қауіптің тегі бойынша. Кеңейтілген және нақты мағынада сақтандыруды жіктеу сақтандырушыларда және олардың жұмысында, объектілерді, сақтандырушылар категориясында, сақтық жауапкершілігі көлемінде және сақтандыру өткізу түрінде өзгешеліктерді көрсету түрін бейнелейді.

Информация о работе Сақтандыру