Рыноктық механизмдегі сұраныс пен ұсыныс

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 17:54, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық әдебиетте «нарық» категориясының көптеген анықтамалары мен түсініктері бар. Қазіргі замаңғы түсініктің мәнін келесі анықтамада қорытындылауға болады: нарық – негізгі теңгеруші фактор ретіндегі баға механизмі арқылы өндіріс аясы мен тұтыну аясының өзара әрекеттігін қамтамасыз ететін қоғамдық өндірісін ұйымдастыру формасы.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3
І – бөлім. Сұраныс пен ұсыныстың мәні мен моделі.
1.1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы...................................................................5
1.2.Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы......................................................................9
1.3. Нарықтың тепе-теңдік моделі.......................................................................13
ІІ – бөлім. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі
2.1.Баға және табыс бойынша сұраныстың икемділігі. Сұраныстың айқас икемділігі...............................................................................................................17
2.2. Ұсыныс икемділігі. Ұсыныстың бағаға байланысты икемділігі..............23
ІІІ – бөлім. Рыноктық механизмдегі сұраныс пен ұсыныс.
3.1.Сұраным мен ұсыным өндіруші мен тұтынушы арасындағы қатынастардың рыноктық түрі.............................................................................25
3.2. Жетілген бәсеке жағдайындағы сұраныс және ұсыныс механизмдері.....30
Қорытынды..........................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................38

Работа содержит 1 файл

Сұраныс пен ұсыныс.doc

— 233.00 Кб (Скачать)

1.Күнделікте өмірде адамдар тауарды төмен бағамен және көп мөлшерде алғысы келеді. Бірақ тауарларды сатып алу кезінде тұтынушыға ең басты кедергі болатын көрсеткіш – баға. Жоғары деңгейде баға сатып алушыға үлкен кедргі болады да, ол өнімді көп алғысы келмейді, ал төмен деңгейдегі баға оның сатып алу қабілетін күшейтеді.

2.Әр уақыттада тұтынушы өнімнің алғашқы бірлігінен көп қанағат алады. Мысалы, сіздің бірінші жеген бауырсағыңыз өте тәтті болып көрінеді, ал екіншісі оңдай тәтті болмайды, үшіншісі екіншіден де аз қанағат әкеледі. Бұл жағдайда тауардың шекті пайдалылығының азаю принципі тұтынуға әсер етеді. Сондықтан тұтынушы тауардың әрбір келесі бірлігін тек қана баға төмендеген жағдайда ғана алады.

3.Сұраныс заңын табыс әсері және ауыстыру тиімділігі арқылы түсіндіруге де болады.

       Табыс қалай әсер етеді? Баға төмен болған жағдайда тұтынушы өзіне керек тауарды керегінше алады. Басқаша айтқанда, тауардың бағасының төмендеуі ақшалай табыстың сатып алу қабілетін күшейтеді, сондықтан тұтынушының өзіне қажетті тауарларын бұрынғыдан да көп сатып алуға шамасы келеді. Ал жоғары деңгейдегі баға керісінше әсер етеді.

       Енді ауыстыру тиімділіг деген не? Тұтынушы кейбір қымбат тауарлардың орнына солардың орнын басатын, бірақ бағасы неғұрлым төменірек тауарлар алуға ынталанады – бұл жағдайды ауыстыру тиімділігі дейді.

        Тұтынушылар көбінесе қымбат тағамдарды олардан арзандау тағамдармен ауыстыруға әрекет жасайды. Мысалы, сиыр етінің бағасы төмендесе, онда тұтынушының табысының сатып алу қабілеті күшейеді және соның арқасында ол еттің мөлшерін бұрынғыдан да көбірек ала алады (бұл табыс тиімділігі). Бағасы төмен болғандықтан сиыр етін қой, шошқа және тауық етінің орнына да алуға болады (бұл ауыстыру тиімділігі).Кейбір жағдайда тұтынушылардың табысы өскенде сұранысы азаятын тауарлар да болады. Мысалы, табысы көбйген уақытта тұтынушылар сарымай алады да, ал маргаринге деген сұраныс азаяды. Немесе табысы неғұрлым көбейген сайын тұтынушылардың аяқ киім жөндеу қызметіне деген сары май азаяды, себебі тұтынушы жөндеуге бергенше жаңа аяқ киім сатып алғанды қалайды. Бұндай тауарларды немесе қызметті төменгі сапалы тауарлар деп атайды. Бұндай тауарларға деген сұраныс табыс көбейсе де азайып, сұраныс қисығы солға қарай жылжиды. [7, 324 б]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2. Жетілген бәсеке жағдайындағы сұраныс және ұсыныс механизмдері.

     Рыноктың мәнді белгілерінің бірі – бәсеке болып табылады. Бәсеке – нарықтық қатынас субъектілері арасындағы күрестің немесе бақталастықтың қоғамдық формасы. Екінші жақтан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекетгік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістеріннің жүйесі. [1, 107 б]  

     Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектердің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады.Осы әрекеттер экономикалық цикл түрінде жинақталады. Осыған бірте-бірте жүріп отыратын төменде аталған ұдайы өндірістік процестер жатады:

• өндіріс  және еңбек ұжымдарының материалдық-заттық элементтерін қалыптастыру;

• өндірісті  ұйымдастыру, оны шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау  және өндірістік, несие-қаржылық және жобалау мекемелерінің бір-біріне әсер етуі;

• бәсекеге төзімді өнім өндіру;

• өнімді сату. Бұл үшін оның саны анықталады, өткізілетін орны мен уақыты белгіленеді;

• пайда  есебінен инвестициялық қор жасау  және оны өндірісті кеңейту үшін пайдалану.

     Жетілген бәсеке деп, басты бақылаушысы тұтынушының мүддесі болып табылатын нары деп түсіну керек. Өндірушілер сатып алушылардың қалаған заттарын шығара отырып, сол тұтынушылардың талғамдарына сергектікпен қарайды және олар бір-бірлерімен бәсекелстікте болғандықтан тауарларын мүмкін боларлықтай ең төменгі бағамен өткізуге тырысады.

     Өнімнің «өмір сүру циклі» бәсекелік күрес дәрежесіне елеулі әсер етеді. Өнімнің «өмір сүру цикліне» оның шығарыла бастауынан өндірілуі тоқтағанша жүріп отыратын мерзімі, «өмірі» жатады.

Бұл цикл төрт фазадан тұрады:

• жаңа өнімді игеріп, өндіріске енгізіп  орналастыру. Бұл арада сату көлемі көп емес, шығарылған өнімнің бағасы жоғары болады;

• өндірістің өсуі — өндірістің масштабы өседі, сұраныс өседі, жоғары баға сақталады;

• кемелдену. Өндіріс көлемі ең жоғары дәрежеге жетеді, сұраныс толық қанағаттанады, өндіріс қарқыны бәсеңдейді, бәсеке шиеленіседі, баға төмендей бастайды;

• ескіру. Бұл фазада сұраныс төменгі шегіне жетеді, өндіру азаяды. Бәсеке сайысы сөне бастайды. Өнімнің басым көбінің өндірілуі тоқталады, жаңа өнім өндіру басталады. Бәсекелік сайыста шаруашылық жүргізуші субъектер өз бәсекелесіне мардымсыз ерекеттер қолданады.

Мұндай  әрекеттерді «бейниетті бәсеке»  деп атауға болады:

• бәсекелес  туралы өтірік немесе қате мәліметтер тарату;

• тауардың сапасы туралы және оның сипаттамасы, жасау әдісі мен жасалған орны туралы жалған ақпарат тарату;

• бәсекелестің тауарлық белгісін, оның фирмасының атын, маркировкасын заңсыз пайдалану;

• тауардың сапасы туралы дұрыс түсінік бермейтін  жарнама жасау;

• бәсекелестің тауарын жамандап көрсететін салыстырмалар  қолдану;

• келісім  бойынша ездері ғана білуіне тиісті салаға жататын конфиденциялық ғылыми-техникалық өндірістік және басқадай информацияны таратып жіберу. Аталған шартбұзушылықпен күресу Қазақстанда мемлекеттік антимонополиялық агенттікке жүктелген.

Еркін бәсеке жеке меншікке және шаруашылықтың  оңашалануына негізделеді. Өндірушілер  бір-бірімен тек нарық арқылы байланысады.

Жеке  фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде  нарықтағы айырбас жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс — бәсекелік қабілетгін, ең жоғарғы дәрежесі болып табылатын жетілген бәсеке деп аталады.

Жетілген  бәсеке нарығы төменде аталған шарттардың орындалуын тілейді:

  • жеке фирманың өндіріс мөлшері  елеулі болмайды және ол сол фирма сататын тауардың бағасына әсер етпейді:

• әр өндірушілер сататын тауарлар біртекті тауарлар болады;

• сатып  алушылардың баға туралы информациясы толық болады. Егер біреу өз өнімінің бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан айрылады;

• сатушылар  өзара баға туралы келісім жасаспайды және әрекеттерін бір-бірімен келіспей жеке жүргізеді;

• өндіруші фирмалардың салаға кіруі мен  шығуына жол ашық болады.    Осындай сату-сатып алу шарттарының орындалуы өндірушілер мен тұтынушылардың өзара қатынастарына еркіндік сипат береді. Жетілген бәсеке баға белгілену механизмінің және тепе-теңдік болмысы арқылы экономикалық жүйенің өзін-өзі реттеуінің қалып тасу шарты болып табылады. Осының нәтижесіңде жеке индивидтердің экономикалық жетістікке жетуді көздейтін өзіндік жеке дара қимылдары бүкіл қоғамдық жетістіктерге жол ашады. [8, 117 б]  

Нарықтық  бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

Артықшылықтары:

• қоғамға  қажет тауарларды өндіруде ресурстарды  тиімді пайдалануға мүмкіндіктің болуы;

• тез өзгеріп отыратын өндіріс жағдайларына икемді болып, оларға тез үйлесуге көмектесе алатындығы;

• тауарлардың  жаңа түрлерін жасау саласына жаңа техника мен технология енгізуге, өндірісті ұйымдастырып басқарудың жетілген әдістерін қолдануға, ғылыми-техникалық жетістіктерді ұнамды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы;

• өндірушілерді  көптүрлі қажеттіктерді қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердің сапасын  жоғарылатуға мақсаттандыруы.

Кемішіліктері:

• ұдайы  өндірілмейтін ресурстарды (ормандар, табиғи жануарлар, жер, теңіз, мұхит қоймалары) сақтауға көмектеспейді;

• қоршаған ортаны қорғауда неғативтік бағытта  болады;

• ұжымдық  пайдалануға бағытталған тауарлар мен қызметтер (дамбалар, жолдар, қоғамдық көлік) өндірісінің дамуын қамтамасыз етпейді;

• фундаменталдық ғылымның, жалпы білім беру жүйесінің, қалалық шаруашылықтың көп элементтерінің дамуына жағдай жасамайды;

• еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепілдік бермейді;

• әлеуметтік әділетсіздік пен қоғамның байлар мен  кедейлерге бөлінуіне бөгет жасайтын механизмдері жоқ.

     Нарық қатынастары қашанда жұп қатынастар болады: «сатушы-сатып алушы», тағы басқа. Осы қатынастар өндіріс пен тұтынудың байланысын сипаттайтын ұсыныс пен сұраныс түрін алады. Тұтынушы (сатып алушы) мен өндірушінің (сатушы) әрекеттерін екі заң болжайды:

  • сұраныс заңы: сатып алушы баға кемігенде, басқа шарттар тұрақты болса, тауарларды көбірек алады, баға жоғарыласа — азырақ алады;
  • ұсыныс заңы: басқа шарттар тұрақты болса, баға жоғарылағанда сатушы сату үшін тауарларды көп өндіреді де оны сатуға ұсынады, баға кемігенде аз ұсынады.

     Микродәрежеде тепе-теңдік жалпы және жеке тепе-теңдік болып бөлінеді.

Жалпы тепе-теңдік — Бұл жиынтық қоғамдық өндіріс (тауарлар мен қызметтердің жиынтық ұсынысы) және тұтынуға тағайындалған  ұлттық табыс араларындағы сәйкестік, яғни, халықтың сатып алу қабілеттігі және тауарлар мен кызметтердін. ұсынысының бір-бірімен сәйкестігі.

Жеке  тепе-теңдік — жиынтық қоғамдық өндіріс жеке өндірушілермен өндірлетін және халықтың белгілі топтарына  сатылатын, жеке тауарлар топтарының жиынтығынан тұрады. Жеке тауарлар топтары бойынша жалпы сәйкестік болса да сұраныс жағынан да, ұсыныс жағынан да ауытқу (сәйкессіздік) болуы мүмкін. Жалпы (жиынтық) сәйкестік шеңберінде тауарлардың бір тобының сатылуының оскені, олардың басқа топтарының сатылуының азайғаны болады. Мысалы, еттің сатылуынын азайуын нанның сатылуының көбейуімен жабуға болады.

     Жалпы тауарлық сұраныс бірнеше бөлшектерге бөлінеді: а) қоғамның құрылымына байланысты (жұмысшылар және инженер техникалық жұмыскерлер, жұмыспен қамтамасыз етілген еркектер мен әйелдердің, ересектер мен балалардың, жұмыс істейтіндер мен зейнеткерлердің арақатынастары, тағы басқа); қоғамдық өндіріске байланысты (тауарлардың әр түрлі тобын өндіру); халықтың әр түрлі тобының ұнатуларына байланысты техника дамуының дәрежесіне және әр түрлі тауарларды өндіру мүмкіндіктеріне байланысты; өндірістік құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарына сұраныс дәрежесіне байланысты.

     Тұтыну заттарына сұраныстың қалыптасуына қоғамның құрылысы (жұмысшы отбасының, шаруа отбасының, интеллигенцияның, кәсіпкерлердің, тағы басқа тұтыну құрылымдары) әсер етеді. Тауарлардың жеке топтары бойынша орнаған тепе-теңдік жеке тепе-теңдік болып табылады.

     Икемділік сұраныс пен бағаның, ұсыныс пен бағаның, бағалар мен жалақының ара тәуелділігін көрсетеді. Ол бағаның өзгеруіне байланысты, сұраныс пен ұсыныстың өзгеру деңгейінің шапшаңдығын сипаттайды. Сұраныстың проценттік өзгерісінің, бағаның проценттік өзгерісіне еселік қатынасы, бағаға байланысты сұраныстың икемділігі, немесе, икемділіктің коэффициенті болып табылады.

Икемділіктің  бірнеше типтері болады:

• бірлік икемділік-бағаның әрбір 1%-ке өзгеруіне  сұраныстың көлеміде сонкес 1%-ке өзгереді (Ед=л).

• сұраныс  көлемінің проценттік өзгерісі бағаның  проценттік өзгерісінен тез жүріп отырса сұраныс икемді болады (Ед>л).

• икемді емес сұраныс — сұраныстың көлемінің  проценттік өзгерістері бағаның  процентгік өзгерістерінен төмен болады. (Ед<л).

• өте  икемді емес сұраныс - Бұл бағаға қандай өзгеріс жүрсе де, сұраныстың көлемі өзгермегені (Ед=0).

• шексіз икемді сұраныс — Бұл баға өте  аз өзгерсе де, сұраныстың көлемі шексіз коп өзгеруі (Е_д=∞).

Графиктер және келтірілген формулалар мынаны көрсетеді:

• сұраныс  көлемінің өсуіне сәйкес бағада пропорционалды түрде төмендеп отырады;

• сұраныс көлемінің өсуі бағаның төмендеуімен салыстырғанда, екі есе жылдам жүреді;

• сұраныс  көлемінің өсуі бағаның төмендеуімен салыстырғанда, екі есе баяу жүреді;

• бағаның  өзгерісі сұраныс көлемінің өзгеруіне  әсер етпейді: тамақ өнімдері (нан, картоп, жарма);

• жалақы көбейгенде, әл-ауқат жоғарылағанда, сұраныс өсуі мүмкін.

      Икемділік өзара алмасатын тауарларды пайдаланумен байланысты болады. Егер тауардың алмастырушылары көп болса, онда баға бойынша сұраныс икемді болады. Егер тауардың алмастырушылары жоқ болса, онда сұраныс икемді болмағаны. Егер белгілі тауардын бағасы төмендеп ал, алмастырушылардың бағасы тұрақты болса, онда бұл тауарға сұраныс өсе түседі, осындай сұраныс икемді болады.[9]

 

Қорытынды

      Бұл курстық жұмыста сұраныс пен ұсыныс заңдарының мәні ашыла отырып, оларға әсер ететін факторлар талданды. Сұраныс пен ұсыныс теориясы негізінде нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы мен өзгеруінің себептері толықтай ашылды. Экономиклық теорияда  сұраныс пен ұсыныстың икемділік концепциясы теориялық және практикалық  маңыздылығмен ерекше орны алады. Сондықтан бұл курстық жұмыста  сұраныстың бағалық, табысық, айқас икемділігіне, ұсыныстың бағаға байланысты икемділігіне және оларға әсер ететін факторларға, икемділліктің коэффициентін анықтауға және сұраныс пен ұсыныстың икемділік концепциясының тәжірибедегі рөліне көп көңіл бөлінді.

Информация о работе Рыноктық механизмдегі сұраныс пен ұсыныс