Сұраныс пен ұсыныс теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:38, курсовая работа

Описание работы

Сұраныс және Ұсыныс мәселелері Нарықтық тепе-теңдікті анықтайтын факторлар болатынын Альфред Маршалл өзінің 1890 жылы шыққан «Саяси экономия принциптері» жұмысында принципті негіздегі шешімін тапты.
Сұраныс және Ұсыныстың еркін өзгеруі нәтижесінде Ұлттық зкономикамыздың нарықтық жүйесі тепе-тендігін анықтай аламыз.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. СҰРАНЫС
1.1 Сұраныстың шамасы, сұраныс заңы................................................................6
1.2 Сұраныс факторлары.........................................................................................7
1.3 Сұраныс икемділігі мен түрлері.......................................................................8
ІІ. ҰСЫНЫС
2.1 Ұсыныстың шамасы, сұраныс заңы...............................................................12
2.2 Ұсыныс факторлары........................................................................................13
2.3 Ұсыныстың баға бойынша икемділігі...........................................................13
2.4 Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі..................................................15
ІІІ. НАРЫҚТАҒЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
3.1 Тепе-теңсіздік жағдайлар: Тапшылық пен артылып қалу...........................22
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................31
ҚОСЫМША А.......................................................................................................32
ҚОСЫМША В.......................................................................................................33
ҚОСЫМША С.......................................................................................................34

Работа содержит 1 файл

Сураныс - усыныс-переделанная.doc

— 767.00 Кб (Скачать)


МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

І. СҰРАНЫС

1.1 Сұраныстың шамасы, сұраныс заңы................................................................6

1.2 Сұраныс факторлары.........................................................................................7

1.3 Сұраныс икемділігі мен түрлері.......................................................................8

 

ІІ. ҰСЫНЫС

2.1 Ұсыныстың шамасы, сұраныс заңы...............................................................12

2.2 Ұсыныс факторлары........................................................................................13

2.3 Ұсыныстың баға бойынша икемділігі...........................................................13

2.4 Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі..................................................15

 

ІІІ. НАРЫҚТАҒЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК

3.1 Тепе-теңсіздік жағдайлар: Тапшылық пен артылып қалу...........................22

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................29

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................31

ҚОСЫМША А.......................................................................................................32

ҚОСЫМША В.......................................................................................................33

ҚОСЫМША С.......................................................................................................34

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының  Президентінің «Қазақстан - 2030» Бағдарламасында  Қазақстан Республикасының  әлеуметтік – экономикалық  дамуында  тұрақты  экономикалық  өсуге, халықтың   өмір   сүру деңгейін, әл -  ауқат жағдайын  көтеруге,  жоғары  индустриалды  қоғамды  қалыптастыруға қол жеткізу  мақсаттары  көрсетілген. Жоғары  индустриалды  қоғам жаңа  технологиялармен,  өмір сүрудің жоғары  деңгейімен және  сапасымен,  халықтың әлеуметтік топтары арасындағы қайшылықтартардың жеңілдеуімен сипатталады. Сондай – ақ, меншік  қатынастары, экономикалық өсудің әлеуметтік және   экономикалық  факторлары арасындағы арақатынас өзгереді, адам  капиталыныңғ рөлі жоғарлайды. Бағдарламада  көрсетілгендей жоғары индустриалды сатыға  өту үшін ұзақ мерзімді экономикалық дамуды қамтамасыз ету қажет.

Экономикалық  өсудің  негізгі  мақсаты  болып  халықтың  материалдық  әл – ауқатын көтеру және  ұлттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз ету болып табылады.

  Тауар өндірісі жағдайында рыноктық байланыстар экономикалық қатынастардың барлық жүйесін және барлық субъектілерін қамтиды. Рыноктың құрамына өз жұмыс күшін сатушы кәсіпкерлер де, еңбеккерлер де, соңғы тұтынушылар да,  қарыз  капиталының  және  бағалы  қағаздардың  иелері де  т.б. кіреді. Қазіргі  рыноктық экономика рыноктардың бүгінгі бір жүйесі – тауар мен қызметтер, жұмыс күші,  қарыз капиталдарының,  бағалы  қағаздардығң, валюталық рынок және  басқалары. Қандай рынок болса да, оның нақты түріне  байланыссыз, үш негізгі элементке: бағаға, сұраныс пен ұсынысқа, бәсекеге негізделеді. 

Сұраныс пен ұсыныс бүкіл нарықтық экономикалық жүйенің ырғақты жұмыс жасауын көрсететін басты тұтқа. Нарық, өндірушілер мен тұтынушыларды өзара байланыстыратын ерекше нысан ретінде өндіріс пен тұтыну арасындағы тепе-теңдікті қажет етеді. Бұл теңдік сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестік түрінде көрінеді.

Сұраныс пен ұсыныс - нарықтың қарапайым элементтері. Ал , нарықтық экономикада кез - келген экономикалық процес " Нарықтық " болып табылатындықтан, өзіндік кез - келгені мамыры " нарық " екі сона болып әрекет өтетіндіктен барлық процестер мен қызмет салалары арқылы сипатталып категориясы,- сұраным мен " ұсынымның " өзара қарым - қатынасы ретінде көрсетіле алады.

Нарықтық экономиканың мәні тауарды арзанға өндіру (сатып алу)  ж2не оларды  қымбат бағаға сатуда жатыр,міне экономикалық теорияның негізіне сатып алушылар мен сатушылардың ( сұраныс пен ұсынымның ) қарым - қатынасы осы.

Біз нарықты талдауды сұранымнан бастаймыз. Өйткені сұраныс - нарықтық экономиканың әр адамға да жақын әрі түсінікті саласы: ұсынымға бәрі де қатыса бермейді, ал, сұранысқа барлығы да қатысады.

Сатылатын тауар біртектес стандартты және тауардың әр данасы бірдей бағамен сатылалы деп жорамалдаймыз. Тауардың бағасын жеке адам белгілей алмайды, ол (баға)  нарықтағы сатушылар мен сатып  алушылардың  өзара  бәсекеге  түсуі   нәтижесінде  тағайындалады. Бәсеке жағдайында    бағаның    қалыптасу    механизмін түсіну үшін сұраныс және ұсынысқа негізгі талдау жүргіземіз.

Бұл талдау кезінде сатылатын және сатып алынатын тауарлардың көлемі мен бағаларынын арасындағы  байланысқа көп көңіл бөлеміз, сонымен қатар тауарлардың бағасы мен қөлеміне басқа да факторлардың қалай  әсер ететінін қарастырамыз.

Алғаш рет Сұраныс және Ұсынысты Адам Смит 1776 жылы жарық көрген «Халық байлықтарының табиғаты мен себептерін зерттеу» кітабында «Көрінбейтін қол» атты категориялық ұғымы ретінде қарастырып зерттеген.

Сұраныс және Ұсыныс мәселелері Нарықтық тепе-теңдікті анықтайтын факторлар болатынын Альфред Маршалл өзінің 1890 жылы шыққан «Саяси экономия принциптері» жұмысында принципті негіздегі шешімін тапты.

Сұраныс және Ұсыныстың еркін өзгеруі нәтижесінде Ұлттық зкономикамыздың нарықтық жүйесі тепе-тендігін анықтай аламыз.

Сұраныс, Ұсыныс және Нарықтық тепе-теңдік құбылыстарын оқып үйренулері, зерттеулері қоғамның дамуы барысындағы Не өндірілуі керек? Қалай өндірілуі керек? Кімге өндірілуі керек? сұрақтарының жауаптарын бере алады.

Міне, курстық жұмыстың басты өзектілігі де осында.

Курстық жұмыстың мақсаты - Сұраныс, Ұсыныс және Нарықтық тепе-теңдік құбылыстарының мәнін, түсінігін, қызметтерін анықтау, ұсыныс жасау.

Рыноктағы  тепе – теңдікті  орнататын  қандай  экономикалық  құралдар  екенін көруге  болады.

Біріншіден,  бұл бағалар. Салыстырмалы  бағалардың  өзгеруі өндірушіге  өндіріс  көлемін  өзгерту  қажеттігін  анықтау технологиясын таңдауға  әсерін тигізеді. Бағалар  ақыр соңында  табыстардың  берілген  бір деңгейінде  өнімді кімдер тұтынатын да алдын ала анықтайды.

Екіншіден, бұл сұраныс  пен ұсыныс. Сұраныс төлем мүмкіндігі бар қажеттілік, яғни тұтынушылардың  керекті тауарларға төлей алатын ақша солмасы. Ұсыныс дегеніміз  берілген  бағада  сатуға  арналған  тауардың  саны. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының өзгеруі бағаның құн  төңірегіндегі тербелуін тудырады. Осы  тербеулер арқылы сұраныс пен ұсыныстың тепе – теңдігін, ал түбінде  өндіріс пен тұтынудың теп – теңдігін қамтамасыз ететін деңгей қалыптасады.

Үшіншіден, бұл бәсеке. Әрбір кәсіпкердің  мақсаты  пайданы  барынша  ұлғайту, сондықтан  да, шаруашылық қызметінің  көлемін ұлғайту. Ал бұның өзі өндірістің аса қолайлы  жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күресіне  әкеліп соғады да, олар бір біріне деген қатынасы қарсыластар немесе бәсекелестер ретінде  көрінеді. Егер  қандайда  бір тауардың  ұсыныс  сұранысынан көп болса,  онда  сатушылардың арасындағы  бәсекелік күрес күшейеді. Олардың  әрқайсысы өз тауарын сату үшін бағасын  төмендетуге  жиі барады, ал ол  өз кезегінде осы  тауарды  өндіруді азайтады. Егер сұраныс ұсыныстан  көп болса, онда  бір – бірімен  бәсекеге  сатып  алушылар  түседі. Тапшы тауарды  алу  мүмкіндігіне  ие  болу үшін,  әрбір  сатып алушы өз қарсыласына қарағанда  жоғары  баға  ұсынуға  тырысады. Баға  өседі, ол осы тауарға  ұсынысты  ұлғайтады.

Жоғарыда көрсетілген жұмыс мақсатына байланысты міндеттері анықтылды:

- сұраныстың шамасы мен сұраныс заңын;

- сұраныс пен ұсыныс факторларын анықтау;

- сұраныс икемділігі мен түрлерін зерттеу;

- ұсыныстың шамасы, сұраныс заңын

- ұсыныстың баға бойынша икемділігін қарастыру;

- сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуін;

- нарықтағы епе-теңсіздік жағдайлар т.б. зерттеу барысында тақырыптың мәнін ашу.

Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспе, үш бөлім, сегіз бөлімше, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І. СҰРАНЫС

1.1 Сұраныстың шамасы, сұраныс заңы

Сұраныс  деп  тұтынушылардың  белгілі  бір  өнімді  таңдау  және  сатып  алу қабілетін атайды. Сұраныс  тауардың бағасы мен көлемнің арасындағы  тікелей  байланысты көрсетеді.

Сұраныс – бұл тұтынушының, сатып алушының бір тауарды сатып алу оймен жасайтын жоспарды белгілейді. Бұндай жағдайда  белгілі бір уақытты көрсету керек, мысалы, күніне, айына, жылына және т.б.

Сұраныс заңы бойынша  тауардың  бағасы  неғұрлым  төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны көбейеді немесе керісінше. Бұл заң нақты  ақиқаттармен дәлелдеген гипотеза  болып табылады. 

Біз қандай бір тауар рыногында қалыптасушы жағдайларды қарастырсақ, тауар бағасы мен сатылған  тауар саны арасында белгілі бір байланыс ба-екенін оңай байқаймыз. Тауар бағасы төмен болған  % сатып алушылар сатып алғысы келетін оның көлемі де көп, (басқасы тең жағдайда) болып, оған деген сұраныс жоғары болады. Мысалы, бағасы 60 теңге болғанда сатып алушылар X игілігінің бір бірлігін ғана сатып алғысы келсе,  бағасы 30 теңге болса –  үш бірлікті, 20 теңге болғанда  4 бірлікті және т.б алғысы келеді. Баға мен сұраныс шамасы арасындағы кері тәуелділік сұраныс заңы деп аталады. Сатылған игіліктер санының баға деңгейіне тәуелділігін сызба түрінде беруге болады.

Сұраныс - белгі бір бағамен сатып алушылардың төлем қабілетіне байланысты нарықтағы тауарлар мен қызметтер саны.
Нарықтық баға мен соның сұранысқа ие санының арасында белгілі бір арақатынас болады, баға жоғары болған сайын, оны сатып алушылардың саны азаяды, яғни сұраныс деңгейі төмен, керісінше баға төмен болған сайын сатып алушылар саны мен сатылып алынған тауарлар саны көп болады. Сұраныс қисығы — сатып алушылардың әртүрлі бағамен қанша тауар мен басқа да игіліктерді сатып ала алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді.
Қисық сызық сұраныстың біртіндеп азаю заңын бейнелеп көрсетеді, ал ол заңды былай деп қорытындылауға болады, егер қайсыбір тауардың бағасы өссе (ал басқа шарттары тұрақты болса), онда осы тауардың аз санына сұраныс болады. Бұл тәуелділікті басқаша да қортындылауға болады, егер нарыққа қайсыбір тауардың үлкен тобы түссе, онда, тең шарттық жағдайда, ол онша жоғары емес бағамен өткізілуі мүмкін.

Сұраныстың біртіндеп азаюы заңының барлық тауарларға қатысы бар. Оның себептері төмендегіше: олар бәрінен бұрын сатып алушылардың табыстарының шектеулілігіне байланысты. Егер жоғары бағалы тауарды тек бай адамдар ғана сатып алса, бағаның төмендеуі, біріншіден, нарыққа жаңа сатып алушыларды әкеледі. Екіншіден, бағаның әрбір төмендеуі тауарды тұтынушыны қосымша сатып алуға итермелейді

Нарықты зерттеу және сегменттеу сұраныс пен ұсыныстың бітпейтін өзара әрекеттестігімен сипатталады.

Сұраныс дегеніміз - адамдардың тауар сатып алуға талабы мен қабілеттілігі. Баға мен бағадан тыс факторлар сұранысқа ықпал тигізеді. Сұраныс заңы - сұраныс көлемінің бағаға кері төуелділігі деп білеміз: тауардың бағасы неғұрлым төмен болса, тауар сұранысы соғұрлым жоғарылайды. Сұраныстың қисық сызығы - сұраныс заңының графикалық бейнеленуі. Сұраныстың бағаға кері тәуелділігі мына себептерге байланысты:

1) баға төмендегенде сатып алушылар саны көбейеді;

2) тұтынушының сатып алу қабілеті өседі;

3) арзандаған тауардың қосымша бірліктерін сатып алу тиімді болады. Баға әсері сұраныс шамасын өзгертеді де, сұраныстың қисық сызығы бойынша (D) көрінеді. Бағадан тыс факторлар сұраныстың өзін өзгертеді және сұраныс қисығын оң жаққа (өскен жағдайда) және сол жаққа (төмендегенде) ысырады.

 

1.2 Сұраныс факторлары

Сұраныс факторлары - сатып алушылардың дәл осы уақытта түрлі бағамен экономикалық игіліктің қанша санын сатып алғысы келетінін көрсететін қисық, Экономикалық теорияда тәуелсіз өзгерушіні (бағаны) тігінен, ал тәуелдіні (сұраныс) көлденең өсуіне (1-сызбаны қара) қою қабылданған [8].

Бейнеленген қисық белгілі бір уақыт кезіндегі баға жағдайы мен X өнімінің сатып алынған көлемін сипаттайды (мысалы, 2002 ж. 1 қаңтар). Одан теріс еңкеюді байқауға болады, бұл сатып алушылардың, өз бағасы кезінде игіліктің көп санын сатып алғысы келетін білдіреді. Жалпы түрі:

Qо= Ғ(Р).

Ондағы: Q - сұраныс шамасы (demand); Р-баға (рriсе).

Сұранысқа бағадан басқа факторлар да әсер етеді. Осы әсерді толығырақ қарастырайық.

Сұраныс қызметі - сұранысты оған әсер ететін әр түрлі факторларға байланысты анықтайтын қызмет. Оның ішінде ең маңыздысы осы кездегі игілік бірлігінің бағасы болып табылады. Баға төмен болған сайын сұраныстың жоғары және керісінше болатынын біз анықтадық. Баға өзгеруі сұраныс қисығы бойынша қозғалысты көрсетеді 1-сызба. Сұраныс шамасының бағаға тәуелділігі (Қосымша 1).

Сұранысқа тауардың өзінің бағасы ғана емес, басқа да

факторлар әсер етеді:

Информация о работе Сұраныс пен ұсыныс теориясы