Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 17:54, курсовая работа
Экономикалық әдебиетте «нарық» категориясының көптеген анықтамалары мен түсініктері бар. Қазіргі замаңғы түсініктің мәнін келесі анықтамада қорытындылауға болады: нарық – негізгі теңгеруші фактор ретіндегі баға механизмі арқылы өндіріс аясы мен тұтыну аясының өзара әрекеттігін қамтамасыз ететін қоғамдық өндірісін ұйымдастыру формасы.
Кіріспе....................................................................................................................3
І – бөлім. Сұраныс пен ұсыныстың мәні мен моделі.
1.1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы...................................................................5
1.2.Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы......................................................................9
1.3. Нарықтың тепе-теңдік моделі.......................................................................13
ІІ – бөлім. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі
2.1.Баға және табыс бойынша сұраныстың икемділігі. Сұраныстың айқас икемділігі...............................................................................................................17
2.2. Ұсыныс икемділігі. Ұсыныстың бағаға байланысты икемділігі..............23
ІІІ – бөлім. Рыноктық механизмдегі сұраныс пен ұсыныс.
3.1.Сұраным мен ұсыным өндіруші мен тұтынушы арасындағы қатынастардың рыноктық түрі.............................................................................25
3.2. Жетілген бәсеке жағдайындағы сұраныс және ұсыныс механизмдері.....30
Қорытынды..........................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................38
P
5 сурет. Ұсыныс қисық сызығының кескіні (пішіні) – (конфигурация).
Кей жағдайларда ұсыныс қисық сызығы кері еңкішті болуы мүмкін: бағаның өсуіне қарай ұсыныс белгіленген деңгейге дейін өседі, ал оған жеткенде – қысқарады. (6 сурет). Қисық сызықтың мұндай пішіні ауысу әсерімен (А1 нүктесінен В нүктесіне дейінгі аралықтағы) және де табыс әсерінің кейінгі әрекетімен (А1 нүктесіне дейінгі аралықтағы) түсіндіріледі.
P А1
В 6 сурет. Ұсыныс қисық
А
S
Мысал
ретінде еңбек нарығындағы
Қысқа мерзімді кезеңде кейбір факторлардың өзгермелі (құбылмалы) жағдайында сұраныстың қисық сызығы жайпақтау болып келеді. Ұзақ мерзімді кезеңде өндіріс факторлары құбылмалы, айнымалы жағдайында ұсыныс қисық сызығы одан сайын жайпақ болады. (7 сурет)
P S P S P
Q
7 сурет. Ағымдағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдердегі ұсыныстың қисық сызығы. [1, 102 б]
1.3. Нарықтың тепе-теңдік моделі.
Нарық тепе-теңдігінің моделі (үлгісі) А.Маршаллдың неоклассикалық синтез деп аталатын теорясында ХІХ ғасырдың екінші жартысында көрсетілген. Нарықтық баға белгілеудің мәні мен табиғаты жөніндегі мәселе көп уақыт бойы экономика теориясының негізгі мәселесі болған. Саяси экономия классикалық мектебінің өкілдері осы мәселені тек қана (ұсыныс) өндіруші тұрғысынан зерттеген, олардың пікірі бойынша – баға белгілеуінде негізгі рөл өндіріс шығындарына берілуі керек. Маржиналистер, керісінше, өз назарын игіліктің пайдалылығына аудара, оны нарық бағасын белгілейтін негізгі фактор ретінде санап, яғни сұраныс (тұтынушы) тұрғысынан ойлаған.[3]
Неоклассикалық мектебінің негізін қалаушысы ағылшын экономисті А.Маршаллдың бейнелі, нақысты сөзі (сөйлемшесі) бойынша сұраныс пен ұсыныс «бір қайшының екі жүзі» болып, нарықтық бағаның белгілеуінде бірдей қатысатынын дәлелдеді. Бір тауардың сұраныс қисық сызығы графигін осы тауардың ұсыныс қисық сызығына жатқызып, біз жартылай нарықтық тепе-теңдік моделін (үлгісін) – бір тауар нарығындағы тепе-теңдікті аламыз. (8 сурет)
Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының нүктесі – нарық тепе-теңдігі нүктесі, ол теңсалмақты баға мен тауардың теңсалмақты санына сәйкес келеді, яғни сатушы мен сатып алушыны қанағаттандыратын баға мен санға.
P
S
D Q
8 сурет. Жартылай нарық тепе-теңдік моделі (үлгісі).
Егер тепе-теңдік бағадан немесе саннан ауытқу байқалса, нарық тепе-теңдік жайынан (күйінен) шығады. Тепе-теңдікке жетудің 2 балама жолдары – Вальрас бойынша тепе-теңдік және Маршалл бойынша тепе-теңдік деп аталады. Швейцар экономисті Л.Вальрас әзірлеген моделінде (үлгісінде) тепе-теңдіктен ауытқу нақты нарық бағасының тепе-тең бағасынан ауытқу нәтижесінде болады (9 сурет). Нақты нарық бағасы (Р1) теңсалмақты баға (РЕ) деңгейінен төмен белгіленді дейік. Бұл жағдайда сұраныс ұсыныстан асып (QD > QS), сұраныс артылып қалады, ол сатып алушылар арасында бәсекелестік туғызып, нарық бағасын теңсалмақты баға деңгейіне дейін жоғары итермелейді. Егер нарық бағасы (Р2) теңсалмақтыдан (РЕ) жоғары болса, ұсыныс молшылығы (артылып қалуы) орын алып, сатушылардың бәсекелестігі нарық бағасын теңсалмақты деңгейге дейін төмендетеді. Вальрас бойынша сұраныс пен ұсыныс функцияларының түрі:
QD = f (P); QS = f (P); тепе-теңдік шарты QD = QS
P2 P2
E PE E
PE
P1 QS QE QS' QS QE QS'
9 сурет. Вальрас бойынша 10 сурет. Маршалл бойынша
тепе-теңдік
Маршалл моделінде (үлгісінде) тепе-теңдіктен ауытқу ұсыныс нақты шамасының тепе-тең шамасынан ауытқуынан болады (10 сурет). Егер ұсыныс нақты шамасы тепе-тең деңгейінен төмен болса, сұраныс бағасы ұсыныс бағасынан жоғарылап кетеді (Р2 > Р1). Жоғары баға ұсыныстың өсуіне әкеледі. Маршалл бойынша, сұраныс пен ұсыныс функциялары мен тепе-теңдік шарты мынадай болады:
PD =f (Q); PS = f (Q); PD= PS
Нарық тепе-теңдігінің модельдері (үлгілері) статикалық болып келеді, өйткені олар уақыт факторын есептемейді. Тепе-теңдік динамикалық моделінің (үлгісінің) мысалы – «өрмекші тәрізді» модель.
Нарық бағасының тепе-теңдік бағасымен сәйкес келмеу динамикасының 3 ахуалы мүмкін:
а) тепе-теңдіктен ауытқу қысқарады
б) тепе-теңдіктен ауытқу өсуде
в) нарық тепе-теңдік нүктесінің айналасында, оған жетпей, құбылып тұрады.
Сонымен, тепе-теңдік динамикалық моделінің (үлгісінің) талдауы бойынша, нарықта оның жоқ болатын ахуалдары мүмкін (тепе-теңдік емес). Олар көбінесе пайда болады:
1.Егер сұраныс пен ұсыныс
қисық сызықтары бірдей
а) нарық D мен S қисық сызықтар арасында тұрақсыз түрде қалыптасады. (сурет 11-а)
б) нарық мүлде қалыптаспайды, өйткені не сатушылар, не сатып алушылар оған ешқандай қызығушылық білдірмейді. (сурет 11-б, 11-в)
D
S
a)
б)
11 сурет. Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтары қиылыспайды.
2.Әр түрлі еңкіштігі (наклон)
болса да, сұраныс пен ұсыныс
қисық сызықтарының ортақ
а) қандай баға болса да, ұсыныс сұраныстан асып түседі (сурет 12-а)
б) кез келген (оң) көлемде ұсыныс бағасы сұраныс бағасынан жоғары – мұндай жағдайда сұраныс қисық сызығы төмен болса да, нарық пайда болуы мүмкін (сурет 12-б) – мысалы сән-салтанат, әдемілік заттар нарығы. [4, 88 б]
D
S
а)
12 сурет. Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының ортақ нүктелері жоқ
ІІ – бөлім. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі
2.1.Баға және
табыс бойынша сұраныстың
Икемділік – бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгергенін анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады.
Икемділік түрлерімен өзгеру процестері
Сұраныстың баға бойынша тура икемділігі (сұраныстың баға икемділігі) – сұраныс шамасының өзгеруіне баға өзгеру ықпалының дәрежесін көрсетеді. Икемділік бағаның пайыздық өзгеру нәтижесінде сұраныстың пайыздық өзгеру түрімен білінеді. Сонымен қатар икемділік тұтынушының рыноктағы товар бағасына сезімталдығын өлшейді. Ол үшін баға бойынша сұраныс икемділігі коэфиценті қолданылады. Бұл коэффицент баға 1%-ке өзгергенде сұраныс көлемі неше %-ке өзгеретіндігін өлшейді.
Егер Ed>1 болса, баға бойынша сұраныс икемді деп аталады.
Егер Ed<1 болса, баға бойынша сұраныс икемсіз деп аталады.
Егер Ed=1 болса, оны бірлік икемділік.
Егер Ed=0 болса, оны абсолютті икемсіз.
Егер Ed=∞ болса, оны абсолютті икемді.
Сұраныстың баға икемділік коэффициенті жалпы формула бойынша есептеледі:
Еd = сұраныстың пайыздық өзгеруі/бағаның пайыздық өзгеруі.
Баға бойынша сұраныс икемділігі теріс сан болып келеді, өйткені сұраныс пен ұсыныс араларындағы тәуелділік, байланыстылық кері. Бірақ, кей жағдайларда (ахуалдарда) сұраныс пен ұсыныс заңы әрекетсіз (олар өткен тақырыпта қаралды). Талдаудың жеңілдігі үшін алу белгісі жазылмайды. Есептеу тәсіліне байланысты икемділік коэффициентінің2 түрін айырады:
1. Нүктелі
икемділік коэффициенті –
Еd = [ ∆Q/ ∆Р] ∙ [Р0 / Q0] немесе Еd = [ ∆Q/ ∆Р] ∙ [Р1 / Q1],
мұнда Р0 және Р1 – өнімнің базистік және есепті нүктелеріндегі бағасы.
Q0 және Q1 – базистік және есепті нүктелердегі сұралатын өнімнің саны.
2. Доға тәрізді
икемділік коэффициенті –
Еd = [ ∆Q/ ∆Р] ∙ [[(P0 + P1) / 2] / [(Q0 + Q1) / 2]] = [ ∆Q/ ∆Р] ∙ [Р / Q]
Сұраныс икемділігінің келесі түрлерін айырады:
1. Сұраныс баға
бойынша икемді деп саналады,
егер бағаның аз пайыздық
2. Сұраныс баға бойынша икемді емес (икемсіз) деп саналады, егер бағаның көп пайыздық өзгеруі сұраныстың аз пайыздық өзгеруіне әкелсе, ал икемділік коэффициенті 1-ден аз (14 сурет). Ол сұраныс шамасы ұсыныс шамасымен қатал шектелген жағдайларда кездеседі.
3. Мүлде икемсіз
сұраныс – бұл жағдайда
P
Информация о работе Рыноктық механизмдегі сұраныс пен ұсыныс