Персоналды басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 11:02, реферат

Описание работы

Канада, Корея, Малайзия, Сингапур, АҚШ сынды алдыңғы қатарлы мемлекеттердің көбінде жалпы қоғамда, сондай-ақ қызметтің жекелеген салаларында ақпараттық даму стратегиялары немесе кешендік бағдарламалар әзірленді және іске асырылуда.
Посткеңестік кеңістікте құрылған мемлекеттер де осы қатарда. Мәселен, ақпараттандыру саласындағы Ресей Федерациясының мемлекеттік ақпараттық саясаты мен Беларусь Республикасының мемлекеттік саясатының ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаты дамудың жаңа кезеңіне көші, яғни ақпараттық қоғамды құру және әлемдік ақпараттық қауымдастыққа ену болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Кіріспе.docx

— 108.27 Кб (Скачать)

 

4.2 Отандық ақпараттық  контентті өндіруді ынталандыру

Ақпараттық жұмысты ұйымдастырудың жаңа түрі қазіргі заманға сай  ақпараттық-идеологиялық отандық өндірістің өнімдерін маркетингілік жылжыту  және өндірістің жаңа мәдениетін қалыптастыруы  тиіс. Мемлекет тарапынан тиімді ақпараттық саясатты жүргізу үшін нәтижелері мазмұнды индустриялық даму деңгейіне тәуелді  мамандандырылған коммуникативтік  стратегияны жетілдіру және іске асыру қажет. 
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау 
2012 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша республикада 2 752 бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс атқарады, оның ішінде: мемлекеттік – 439 (16%), жеке меншік – 2 313 (84%). БАҚ-тың барлық санына 1 664 газет, 837 – журнал, 238 электронды БАҚ (51 телекомпания, 48 радиокомпания, 133 кабельді телевизия және 6 жерсеріктік таралымның операторлары), 13 – ақпараттық агенттіктер. 
Тұрақты түрде жұмыс және жеке қажеттіліктері үшін Интернеттің мүмкіншілігін пайдаланатын тұрғындардың саны 8,9 млн. шамасын құрайды. 
Сонымен қатар, қызықты, танымдық және тартымды отандық өнімде шетелдік өнімнің бағасымен сай келетін материалдар жеткіліксіз екендігі байқалады. Нәтижесінде, қазақстандықтар шетелдік ойын-сауық және интерактивті ресурстарға қызығушылық танытады. 
Міндет: онандық ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету. 
Нысаналы индикаторлар:

  1. отандық өндірістегі телеөнімдер көлемі эфирлік уақыттан 2017 жылы - 53%, 2020 жылға - 60%;
  2. прокаттағы  отандық көркем фильмдердің саны 2017 жылы - 8%, 2020 жылы - 10%;
  3. интернет-трафиктің ішкі және сыртқы көлемінің  арасалмағы- 2017 жылға 0,7:1-ге, 2020 жылға – 1:1-ге;
  4. «KZ», «ҚАЗ» домендеріндегі Интернет-сайттардың  өсу саны 2017 жылға- 35%-ға, 2020 жылға - 50% - ға жеткізу;
  5. қосалқы қаржыландыру шартының негізінде  жекеменшік телеарналар арасында  тапсырыс беру тәсілімен  телевизиялық өнімнің  көлемі   2017 жылға-10 жобаға, 2020 жылға15-тен кем емес жобаға;
  6. қазақстандық сайттарға орташа кіруді арттыруды -2017 жылы - 40%-ға, 2020 жылы - 50% - ға жеткізу;
  7. қазақстандық блогжүйе көлемін – 2017 жылы 1 дербес Интернет-блогқа100 интернет пайдаланушы, 2020 жылы 2 дербес Интернет-блогқа100 интернет пайдаланушы;
  8. 2017 жылы –10, 2020 жылы - 20 отандық телесериал түсіру;
  9. мемлекеттік телеарналар  контенті өндірісінің  2017 жылы - 50%, 2020 жылы - 60% аутсорсингке беру.

 

      Қол жеткізу жолдары 
Отандық ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігі  бірқатар ауқымды ынталандыру шараларын  жүзеге асыру  арқылы қамтамасыз етілетін болады және олардың ішінде: 
жаппай коммуникация  технологиясы дамуының соңынан ілесе келе жатқан  қоғамдық қатынастарды құқықтық регламенттеу үшін БАҚ саласындағы  заңнамаларды одан әрі жетілдіру, 
қолда бар ақпаратты  ресми сайттарға орналастыруға  мемлекеттік мекемелерді және ұйымдарды ынталандыруға нормативтік және әкімшілік сипаттағы  шаралар қолдану, 
отандық ақпараттық контентті дамыту үшін салықтық және өзге де жеңілдіктерді  қолданудың мүмкіндіктерін қарастыру, 
контент өндірудің  ашық нарығын  дамыту мақсатында  мемлекеттік телеарналар өнімдерін әзірлеуді аутсорсинге беру саясатын жалғастыру, 
тиісті қауіпсіздік, сенімділік және қол жеткізу жылдамдығы  қамтамасыз етілген  жағдайда  Интернет-ресурстардың меншік  иелерінің сайттарды техникалық ұстау  шығындарын төмендету, 
қазақ тілі синтездеу және тану, автоматтық аудару жүйесін, онтологиясын, электрондық тезарустарды құру арқылы отандық компьютерлік лингвистика жөнінде жұмысты белсенді жүргізу, 
жекеменшік телеарналармен  бірлесіп, ортақ  қаржыландыру шарты  бойынша әзірленетін сериалдарды, деректі драмаларды, ток-шоу, ақпараттық және ойын-сауық бағдарламалар  көлемін ұлғайту, 
мемлекеттік телевизиялық студияларды  жекеменшік контент әзірлеушілерге беру, 
әлеуеттеріне жасалған талдау нәтижелерінің мәліметтері  негізінде  іріктелген продакшн-студияларға қолдау көрсету,   әлеуметтік жобаларды іске асыруға мемлекеттік тапсырысты орналастыру,    
ата-аналар мен провайдерлер арасындағы  ерікті  келісім шарт негізінде  балаларды  құқыққа қарсы әрекеттерден және әлеуметтік қауіпті контенттен қорғау  тетіктерін енгізу, 
телефон және интернеттегі –«жылдам желі» көмегі арқылы  құқыққа қарсы контенттерді таратуға  қарсы тұрудағы  азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың бастамасын  ұйымдық, қаржылық қолдау. 
Мемлекеттің барлық ауқымында  медиа саланы жеткілікті қаржыландыруды қолдауға  ұзақ мерзімді уақыт талап етіледі. Бұл  салаға қажетті инвестицияларды тартуға және білікті мамандарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.   
Бұл үшін дамудың қоғамдық институттарды  құру мақсатқа сай келеді. Оның міндеті Интернет желісіне орналастыруға арналған отандық киноөнімдерді, сериалдарды және авторлық телебағдарламаларды, қызықты  мәтіндік және мультимедиалық материалдар сияқты  жеке контенттік өндірісі саласын дамыту және қолдау  болатын болады. 
Елімізде контент-өндіріс қалыптасу процесі аяқталғаннан кейін мемлекет сұранымды  ынталандырудан бас тартады.  Болжам бойынша  бұған  10 жыл  шамасында уақыт қажет болады. 
Білікті мамандардың, әсіресе  Интернет-контент әзірлеу саласында жетіспеушілігін шешу үшін мына шаралар жүзеге асырылатын болады: 
Интернет желісінде таратуға бейімделген баспасөз, телевизиялық өнім және медиалық контент саласында  берік білім алуға  назар аударылатын болады, 
медиа саласындағы студенттерді оқытуға шетелдік мамандарды тарту жөніндегі процесті белсендіру,  студенттермен алмасу  оқу бағдарламалары  кең қолдану табады, 
қазақстандық жобалар шеңберіндегі шетелдік мамандардың  жұмысы  барлық категориядағы жергілікті мамандарға міндетті түрде тәжірибесін үйрету қамтылатын болады. 
Шығармашылық студиялар мен авторларды  танытуды  арттыру жөнінде  мыналар қамтитын жұмыстар жүргізілетін болады: 
Халықаралық конкурстарға белсенді қатысу және кино, телевидение саласында бірыңғай  ұлттық премияны тағайындау, 
Оқушылар, студенттер, блогерлер және кәсіби контент-әзірлеушілер арасында  конкурстар өткізу  жөніндегі қоғамдық бастамаларды ақпараттық қолдау көрсету,  
Азаматтық журналистика өкілдеріне баспа басылымдарының интернет нұсқаларында, телеарналарда, жетекші ақпараттық-жаңалықтар ресурстарында жариялауға кең мүмкіндік туады. 
Контенттік индустрияны белсендендіруге қажетті әдістемелік процестерді қолдау үшін объетивті көрсеткіштер серпінділігі және медиа-өнімдердің рейтингттеу жүйесі әзірленетін болады. Бұл телевизиялық бағдарламаларды және интернет-ресурстарды қолданушылардың танымалдылығын анықтау үшін кең көлемде техникалық бағдарламалық өлшемдерді енгізуді талап етеді. 
Мемлекеттік органдардың  біртұтас ақпараттық  интеграциялық кеңістіктің инфроқұрылымында, біліми-танымдық мекемелерде, коммерциялық салаларда, денсаулық саласында және басқа да қоғамдық өмірдің салаларында  дәстүрлі контентті қарастыруға әкеледі. Кез келген мекеменің немесе жеке тұлғаның  ақпараттық өнім жасауға және оны бұқараға тарату мүкіндігі болады. Тұлғалардың құқығын қорғау мақсатында, азаматтарды дәйекті ақпараттар мен қамтамасыз ету қажетті заңнамалық регламенттеумен жүзеге асырылатын болады. 
Мемлекет авторлардың тәжірбиелік деңгейімен, әлеуетті сапалы сегментпен жаңа ақпарат көздерінің салалық құрылымдалуына  мүмкіндік туғызады. Осы орайда, қоғамдық маңызды контентті әзірлешілерге ақпараттық қолдау көрсетілетін болады. Отандық мәдениет, денсаулық сақтау, білім, инженерия салаларындағы мамандардың үлкен ақпараттық ағымда қажеттілігі артады.  Казақстандық қолданушылар маңызды ақпаратты жедел алуға мүмкіндік туады. 
Жаңа кезеңде тұрғындарды ақпаратпен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді оқыту жұмыстары жүргізіледі. Барлық деңгейдегі оқыту  мекемелеріндегі бағдарламалар және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қазақстандықтар бейнематериалдар әзірлеу әдісімен және графикалық контентпен, мәтіндік материалдарды тиімді ұйымдастыру  жұмыстары жөнінде біле алады.

4.3 Мемлекеттің  қызметін ақпараттық сүйемелдеу  бойынша

Ақпараттық қоғамға өту  кезінде  мемлекеттің өміріне  әр азаматтың қатыстылығы, қоғамның билікке деген сенімділігі  мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады. 
Ағымдағы ахуалға қысқаша талдау 
Қазіргі уақытта мемлекеттің қызметін ақпарттық сүйемелдеудің негізгі функциялары ақпарат саласындағы құзіретті органға жүктелген. Алайда бұл тәжірибе бірқатар кемшіліктерге ие, олардың қатарында түпкілікті ақпараттық өнімнің сапасына деген жауапкершіліктен бас тарту, уақытша және нақты  атқаратын қызметтерінен және БАҚ-тағы ақпараттық көрінісінен алшақ жатуы. 
Мемлекеттік органдар арасында және PR-сүйемелдеуді бөлу мемлекеттің имиджін жақсарту мақсаттарының тиімділігін төмендетеді. Ақпарат саласындағы құзыретті орган үнемі толық ақпаратпен қамтамасыз етіледі деп айтуға болмайды, сондай-ақ басқа мемлекеттік мекемелердің ақпарат саласында өздері көздеген мақсаттарын іске асыру үшін тиісті бюджеті мен құзыреті  жоқ. 
Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелермен жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін қолдануда толықтай игерілмейді, соның салдарынан қарапайым азаматтар мемлекеттің жұмысы жайында ақпаратты толықтай ала алмайды. 
Міндет: мемлекеттің қызметін айқындау және ілгерілету бойынша мемлекеттік органдардың жауапкершілігі және үйлестіру жүйелерін жетілдіру. 
Нысаналы индикаторлар:

  1. мемлекеттің негізі әлеуметтік және басты бағыттары жөнінде тұрғындардың ақпаратпен қамтылған деңгейі (әлеуметтік сауалнама нәтижесі бойынша)  2017 жылы 65%-ға, 2020 жылы - 75%-ға.
  2. мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компаниялардың  тиісті кәсіби білімі бар баспасөз-қызметкерлерінің құрамын 2017 жылы - 100%-ға жеткізу.

 

           Қол жеткізу жолдары 
Мемлекеттің ақпараттық жұмыстары қайта қаралып, азаматтарға толық, уақытылы және дәл ақпаратты жеткізуіне басты назар аударылады. 
Ол үшін мемлекеттің ақпараттық сүйемелдеу жұмыстарының белсенділігін бірыңғай PR-стратегиясы  аясында біріктіру қажет. Ол мемлекет қызметінің бір саланың аясында қамтылатын және мемлекеттік ақпараттық саясатқа қол жеткізбейтін көптеген салалы медиа-жоспарлардың орнын ауыстыруы қажет. PR-стратегия тұрғындардың өмір сүру аспектілерінің барлық жағынан қамтитын болады: білім беру, еңбек, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар, азаматтық құқықтар және т.б. Бірыңғай орталықтан барлық мемлекеттік мекемелердің әртүрлі телекоммуникация арналарын қолдануы мен ақпаратты беру форматы жағынан реттеліп отырады. 
Біртұтас стратегия іскерлік қауымдастық пен барлық санаттағы азаматтарға  ақпараттық сұраныс пен қалаулы арналарды таңдауларын ескереді. Айрықша назар мемлекеттік органдардың Ғаламтор желісіндегі әлеуметтік алаңдардағы ұсыныстарына аударылатын болады.   
Ақпараттық кеңістікті басқарудың тетіктерін оның нақты шектеулі жауапкершілікті салаларын, өкілдіктер мен жеке мемлекеттік органдар мен ұйымдардың атқаратын қызметтерінің біртұтас басқару орталығын мемлекеттің стратегиясын айқындаушы есебінен қайта қарау қажет болады. Жаңа тетік ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бірыңғай алгоритмін көрсететін, қайталауды болдырмайтын және де  мемлекеттің ақпараттық жұмысын еліміздегі маңызды оқиғалары кезінде назарға алатын болады. Ұйымдастырушылық кезінде мынадай өзгерістерге әкеледі: 
мемлекеттік органдарының баспасөз-қызметтері толық PR-бөлімшелеріне ауыстырылуда, өздерінің салалары бойынша қорытынды  ақпаратқа жауапкершілік танытады, ол қоғамдастықтың негізгі ақпараттық  сұраныстарын мемлекеттің көзқарасын баспа бетінде жарияланған сұрақтар бойынша туындайтын мәселелер мен сындарлы ескертпелерін дер кезінде анықтай алады, 
мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың PR-құралдары арқылы сүйемелденуі олардың өздерінің бюджеттерінің шеңберінде қарастырылған, бұл орайда негізгі көңіл жаңа технологияларды қолдануға, оның ішінде әлеуметтік медиаға бөлінетін болады, мемлекеттік тапсырыс еліміздегі ең маңызды оқиғаларды ақпараттық сүйемелдеуге бағытталады, ұлттық жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ, мемлекеттік тапсырыс арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу арқылы жалпыұлттық маңыздағы әлеуметтік, мәдени және білім беру міндеттері шешіледі. 
Тұтастай алғанда, мемлекетке мемлекеттік органдардың ақпараттық жұмыстарын негізгі рөлін нығайту бойынша бағдар белгілеу қажет, оған жоспарлы әдістемелік жұмыс арқылы қол жеткізуге болады: 
бұқаралық ақпарат құралдарының сұраныстарына баспасөз-қызметтерінің тез арада назар аударуларын арттыру, 
мемлекеттік баспасөз-қызметтерінің мамандарын орталықтандыру арқылы жаңа әдістемелер мен технологиялы жұмыстарын, Интернет желісіндегі қоғаммен тиімді байланыстарымен қоса оқытуды ұйымдастыру, 
халықтың Интернет желісі мен байланыс құралдарына  қолжетімділігін ескере отырып, мемлекеттік тапсырысты қайта қарау,       
мемлекеттік сайттардың ақпараттық және қолданбалы сервистерінің сапасын жақсарту, 
жаңалықтарды верификациялау және ақпараттық оқиғаларды, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түрлендіретін мемлекеттік емес қызметтердің дамуына ықпал ету, 
халықтың мемлекеттің қызметі туралы  ақпараттануы мемлекеттік органдардың БАҚ аудиториясымен тікелей байланыс арқылы, Краудсорсинг тренингін қоса қамтамасыз етілетін болады. 
Барлық кезеңде құнды ақпараттық-талдау жүзеге асырылғанда жоғарыда жазылған ақпараттық қызметтің ауқымдығын қайта құру мемлекеттік органдарға қажет болады. Қазақстандық әлеуметке ақпараттық қоғамға біртіндеп өткенінше бұл міндеттерді шешу ахуалдық және формальды қадамдарды жоятын болады.  Негізі осы қызмет байланыс жүйесі келесі бағытта  жүзеге асырылатын болады: 
республикалық және өңірлік деңгейде ақпараттық талдау алаңы мен  мониторинг өткізіледі, 
түпкілікті жұмыстың ұйымын байқауға, бейімделуге және енгізу бойынша шарттарын құру және ақпараттық саясаттың құзырлығын табысты шетелдік тәжірибесінің Қазақстанның, тиімді медиа технологиялардың, соның ішінде Интернет саласында, 
әлеуметтік зерттеу жасау  ақпараттық қажеттілік пен проблемалық  және жанрлық халықтың форматын бағалау мен  ұсыныстарды мемлекеттік ақпараттық саясатына қарап  түзету,  
негізі аталмыш республикалық және өңірлік БАҚ пен талдау зерттеу  масс-медиа саласындағы мемлекеттік ақпараттық саясаттың сұранысын әдістемелік қамсыздандыруы керек. 
Ақпараттық кеңістікті мониторингілеу, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру мәселелерін әдістемелік және талдамалық қамтамасыз ету бойынша бизнес-процесстерді тиісті технологиялық қамтамасыз ету проблемаларын шешу үшін отандық мемлекеттік құрылымдарды заманауи телекоммуникациялық жабдықтармен, ақпаратты жинау және ұзақ мерзімді сақтау құралдарымен, жаңа технологияларды пайдалану арқылы мәтіндік, аудио-, бейне деректерді өңдеу жүйелерімен және материалдық-техникалық қордың өзге де элементтерімен жарақтандыру мәселесі пысықталады. 
Сонымен қатар, осы міндеттер аясында ақпараттық кеңістікке мониторниг жүргізудің автоматтандырылған жүйесі енгізілетін болады. Бұл түрлі мәліметтердің біртұтас алгоритмін қолдану арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жұмысына баға берудің объективтілігін арттыруға мүмкіндік береді. Адами мүмкіндіктердің шектеулігімен сипатталатын дәстүрлі әдіс қолдана алмайтын деректердің үлкен легін жедел өңдеу мүмкіндігі елеулі пайда әкелмек. 

 

5. Бағдарламаны  жүзеге асыру кезеңдері

Бағдарламаны жүзеге асыру  екі кезеңнен тұрады: 
1 кезең - 2013-2017 жылдар; 
2 кезең - 2018-2020 жылдар. 
Аталған Бағдарламаның шеңберінде барлық нысаналы индикаторлардың мәні көрсетілген екі кезең бойынша белгіленеді. 
Кезеңдердің әрқайсысында жылдар бойынша Бағдарламаны іске асыру барысын сипаттаушы көрсеткіштерді өзгерту және бағдарламалық іс-шаралардың ақпараттық қоғамға көшуге дайындыққа әсер етуі жоспарланады. 
Бірінші кезеңде (2013-2017 жылдар) мемлекеттік органдардың жаңа құрылымын құру, атап айтар болсақ, нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістерді енгізу қажеттілігі боынша қарастыру, типтік құрылымдарды әзірлеу, оларды пилоттық енгізуді бастау жоспарланады, «мобильдік үкімет» құрылады, «электрондық үкімет» порталы дамытылды, бұлыңғыр технологияларға көшуді ақпараттандырудың жаңа үлгісін енгізу басталады. 
Экономика саласында барлық салалар бойынша жер-жерде біртіндеп АКТ-ны енгізуді бастау, АТ мамандарды жаппай даярлау және қайта даярлауды бастау, сондай-ақ, барлық салалардағы профильді компьютерлік сауаттылықты арттыру үшін қажетті тәсілдерді әзірлеу және тиісті оқытуды бастау жоспарланады. 
Ақпараттық салада БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру, отандық БАҚ-ты техникалық жаңғырту, қазақстандық мас-медианың географиясын әрі қарай кеңейту, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру жоспарланады. 
Екінші кезеңде (2018-2020 жылдар) бірінші кезеңдегі іс-шараларды іске асыру жалғастырылады, алдыңғы кезеңде қол жеткізілген нәтижелерді енгізуге және таратуға бағытталған іс-шараларды іске асыру көзделеді. 
Екінші кезең аяқталғандағы Бағдарламаның мақсаты – ақпараттық қоғамға көшу үшін жағдайларды жасауға қол жеткізіледі.  

 

6. Қажетті ресурстар

Бағдарламаны сәтті іске асыру үшін мемлекет пен жеке меншік секторының қаржылық қорлары шоғырландырылады, осы ретте мемлекет АКТ-ны дамытуды жүйелік және секторальді қолдау шараларын қаржылық қамтамасыз етуге, ал жеке меншік сектор мен ұлттық басқарушы  холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар жобалық қаржыландыруға назар аударады. 
Бағдарламаның нысаналық көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін инвестициялық жобаларды іске асыруға жұмсалатын тікелей шығындардың болжамды көлемі мынадай қаржы көздері арқылы қамтамасыз етіледі: 
жеке меншік ішкі және сыртқы инвесторлар; 
мемлекеттің қатысуымен ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және өзге де ұйымдардың қаражаты; 
инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, сондай-ақ индустрияландыруды мемлекеттік қолдаудың секторальді және жалпы жүйелік шараларын қаржыландыруға арналған мемлекеттік бюджет. 

 

7. Бағдарламаны  іске асыруды басқару схемасы  және құралдары

Бағдарламаны іске асыруды  басқару мәселелерін үйлестіру  Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру  және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық  комиссиясымен іске асырылады. 
Бағдарламаны орындауды мониторингілеу және бағалау тетіктері әзірленеді және бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде Интернет арқылы халықтың бағдарламаны іске асыру нәтижелері жөнінде ақпаратқа қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. 
Бағдарламаны іске асыруды мониторингілеу және бағалау нәтижелері бойынша тиісті өзгерістер мен толықтыруларды енгізу мүмкін. 

 


Информация о работе Персоналды басқару