Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 11:02, реферат
Канада, Корея, Малайзия, Сингапур, АҚШ сынды алдыңғы қатарлы мемлекеттердің көбінде жалпы қоғамда, сондай-ақ қызметтің жекелеген салаларында ақпараттық даму стратегиялары немесе кешендік бағдарламалар әзірленді және іске асырылуда.
Посткеңестік кеңістікте құрылған мемлекеттер де осы қатарда. Мәселен, ақпараттандыру саласындағы Ресей Федерациясының мемлекеттік ақпараттық саясаты мен Беларусь Республикасының мемлекеттік саясатының ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаты дамудың жаңа кезеңіне көші, яғни ақпараттық қоғамды құру және әлемдік ақпараттық қауымдастыққа ену болып табылады.
Қол жеткізу жолдары
Білім беру саласына АКТ-ны толыққанды
енгізу және АКТ көмегімен сапалы білімнің
қолжетімділігін арттыру үшін мынадай
шаралар іске асырылады:
мультимедиа-технологияны қолдану арқылы
цифрлық ғылым және білім ресурстары жүйелі
түрде дамытылады;
білім беру саласындағы стандарттар халықаралық
стандарттармен үйлестіріледі;
мектепке дейінгі білім берудегі ақпараттық
мәдениетті қалыптастыру тұжырымдамасы
әзірленеді;
мектеп жасына дейінгі балалардың тіршілік
ету әрекеттерін мониторингілеу және
басқару бойынша ресурстар қарастырылады;
Орта білім мекемелерінің білім беру процессіне
АКТ-ны енгізу мыналарды көздейді:
білім беру барысында АКТ-ны пайдалану
әдістемесі бойынша оқытушылар үшін АКТ
бойынша қосымша курстарды ұйымдастыру;
мүгедек балаларды жабдықтармен және
бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықтау.
Жоғары оқу орындарының оқу процессіне
АКТ-ны енгізу мыналарды көздейді:
ЖОО-лар жанында студенттердің ғылыми
жұмыстарын іске асыру үшін қажетті құралдармен
жабдықталған зертханаларды ашу;
Білім беру процесстерін электрондық
форматқа көшіру қарастырылады: материалдарды
тарату, жаңалықтарды жариялау, оқушылардың
өзара араласуы, барлық, мектепке дейінгі
және жоғары оқу орындарында оқушылар
мен оқытушылардың өзара жекелеген қарым-қатынас
жасауы;
білім беру процессіне мамандықтар бойынша
нақты бір кәсіби қызметке арналған жаңа
бағдарламалық шешімдері мен қосымшаларды
тәжірибелік пайдаланудың негізгі машықтарына
оқытуды енгізу (мысалы, экономика факультетінің
студенттеріне экономика саласындағы
заманауи бағдарламалық шешімдерді).
3.2 Электрондық денсаулық сақтауды дамыту
АКТ-ны денсаулық сақтау
саласына енгізу медициналық жәрдем
көрсетудің сапасын жаңа бір деңгейге
көтеруге мүмкіндік береді. АКТ дәрігерлік-санитарлық
көмек көрсету және қамтамасыз етуде
аса маңызды рөлге ие болады. Электрондық
денсаулық сақтау технологиялары емделушілерді
қашықтықтан мониторингілеуді жүргізу,
емделушілер арасында ақпаратты
жақсы тарату, әсіресе адыс жерлерде,
мүгедектер мен егде тартқан адамдар
үшін мүмкіндік береді.
Ағымдағы жағдайды
қысқаша талдау
Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласын
ақпараттандыру саласында бірқатар жобалар
іске қосылып отыр. 2011 жылы Қазақстан Республикасының
бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау
жүйесін (бұдан әрі - ДСБАЖ) құру шеңберінде
ДСБАЖ пилоттық аймағын ұйымдастыру бойынша
жұмыстар аяқталды. ДСБАЖ іске асыруды
ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында
«Емханаға жатқызу бюросы», «Бекітілген
тұрғындардың тізілімі», «Есеп-тізілімдерді
қалыптастыру» («Стационарлы емделушілердің
электрондық тіркелімі»), Дәрігерлік-санитарлы
көмектің ынталандырушы құраушысы» порталдары
жұмыс істейді.
Алайда, шектен тыс бюрократизация проблемасы
қалып отыр, бұл өз кезегінде емделушілерге
қызмет көрсетудің сапасына әсер етеді.
Жыл санап емделушілердің дәрігердің
кабинетіне кезегінің артуы байқалады,
емделушілер дәрігерді таңдау кезінде
кең альтернативаға ие емес, сондай-ақ,
оған бару уақытын жедел жоспарлай алмайды.
Денсаулық сақтау жүйесіндегі аталған
проблемаларды АКТ-ны кеңінен қолдану,
«электрондық денсаулық сақтауға» көшу
арқылы жоюға болады, бұл медициналық
қызметтердің халыққа қолжетімділігін
арттыруға, емделушіні тексеру және емдеудің
жеделдігі мен дәлдігін қамтамасыз ету,
қағаздарды толтыруға кететін уақытты
қысқарту, және сәйкесінше оны емделушіге
қызмет көрсетуге жұмсауға болады.
Міндеті: АКТ-ны
барынша қолдану арқылы халыққа медициналық
қызметтерді көрсетудің қолжетімділігі
мен сапасын арттыру.
Нысаналы индикаторлар:
Қол жеткізу жолдары
АКТ-ны денсаулық сақтау саласына енгізу
арқылы халыққа медициналық қызметтердің
қолжетімділігі мен сапасын арттыру мынадай
іс-шараларды жүзеге асыруды қарастырады:
елдегі барлық медицина мекемелерін ақпарат
алмасу және қолжетімділігі үшін ДСБАЖ-ға
қосу;
барлық бастапқы медициналық құжаттаманы
электрондық форматқа көшіру (осы ретте
барлық медициналық құжаттаа үшін бірыңғай
формат қамтамасыз етіледі);
қажет болған жағдайларда телемосттарды,
консилиумдарды және саланың жетекші
мамандарымен консультацияларды ұйымдастыруға
мүмкіндік беретін денсаулық сақтаудың
бірыңғай қорғалған желісін құру;
мекеме қызметі, мамандар, емделушілерді
қабылдау кестесі туралы қажетті ақпараттан
тұратын бірыңғай ықпалдастырылған платформаны
әзірлеу, енгізу және оған медициналық
мекемелер мен денсаулық сақтау ұйымдарының
барлық ақпараттық жүйелерін және деректер
қорын қосу, Интернет желісі немесе мобильді
телефония деректер қорына қолжетімділікті
қамтамасыз ету,
сондай-ақ Интернет арқылы жедел қолжетімділік
мүмкіндігімен дәрігерге бару, диспансеризация,
диагностикалық зерттеулер, амбулаториялық
және стационарлы емдеулер туралы ақпараттан
тұратын, қорғалған емделушінің электрондық
(мобильді) картасы арқылы шынайы уақыт
режимінде деректерді емделушінің электрондық
картасына және емдеуші дәрігеріне жіберетін
емделушінің денсаулық жағдайын мониторингілеу
құрылғыларын енгізу;
эпидемиялар мен ауру ошақтары, аурулар,
олардың алдын алу және емдеу туралы мәліметтер,
жарияланымдар, есептер, зерттеу жұмыстарынан
тұратын ғылыми және медициналық деректер
қорын құру;
Қазақстан Республикасында тіркелген
дәрі-дәрмектің жалпыға қолжетімді бірыңғай
деректер қорын құру, олардың дәріханалар
желісінде болуы;
емделушілердің тағайындау мұрағатына
жедел қолжетімділікті алуға мүмкіндік
беретін электрондық медициналық тағайындаулар
мен рецептердің жүйесін құру;
егде тартқан және жалғыз басты азаматтардың
(60 жастан асқан) денсаулық жағдайын мониторингілеудің
телемедициналық браслетін енгізу;
жедел жәрдем қызметін автоматтандыру;
АКТ және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері
бойынша денсаулық сақтау қызметкерлерінің
біліктілігін арттыру және даярлау жүйесін
құру.
3.3 Электрондық коммерцияны дамыту
Электрондық коммерция –
бұл біз үшін салыстырмалы түрде
жаңа, ал Батыста және Оңтүстік-Шығыс
Азияда жақсы дамыған экономика
сегменті, ол компьютерлік желілердің
көмегімен барлық қаржылық және сауда
транзакцияларынан, осындай транзакцияларды
жүргізумен байланысты бизнес-процесстерден
тұрады. Электрондық коммерция нарығы
біздің елімізде неғұрлым қарқынды дамуын
соңғы екі жылда бастады, бұл
интернет-пайдаланушылардың
Ағымдағы жағдайды
талдау
Бүгінгі таңда Қазақстан электрондық
коммерцияны дамыту бойынша әлем мемлекеттерінен
айтарлықтай артта қалуда (электрондық
сауда көлемі 2011 жылы 260 миллион доллар
немесе тауарлар мен қызметтердің жалпы
нарығының 0,4% құрайды, бұл Ресеймен салыстырғанда
он есе кем, олардың аталған көрсеткіші
4 %). Бұл Интернет желісінің қазақстандық
сегментінде пайдаланушылардың шеткі
салмағының айтарлықтай кеш пайда болуымен
түсіндіріледі. Әлемдік саясат көрсетіп
отырғандай, электрондық коммерция Интернет
пайдаланушылардың саны халықтың жалпы
санынан 20% артық болатын индустрияға
айналып отыр және бұл 2-3 жылдай жалғасады
(ондайн төлеу қорқынышы кедергісін жою
үшін жеткілікті уақыт).
Проблеманың екінші бөлімі – карточка
бойынша төлемдерді іске асыру мәдениетінің
жетіспеушілігі және e-commerce банк карталары
бойынша төлемдерді жүргізу кезінде бас
тартудың аса жоғары деңгейі. Қазіргі
таңда барлық транзакцияның тек 21% - төлем
карталарының көмегімен қолма-қол ақшасыз
төлемдерді жүргізу, ал қалғаны банкамат
арқылы карточкамен ақша алу (мысалы, Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылғы
тамыздағы мәліметтері бойынша елімізде
11 млн карточкаға қолма-қол ақшаны алу
бойынша 12,5 млн транзакция сәйкес келеді
және картадан 3,4 млн төлем транзакциялары).
Интернетте картамен төлемдерді жүзеге
асыру туралы айтатын болсақ, жағдай бас
тартулардың үлкен санымен тереңге бойлайды
(нарықтың түрлі ойыншыларының карталар
бойынша төлемдерді іске асыруы кезінде
бас тарту деңгейі 37-ден 48%-ға дейін құрайды).
Бұл көптеген қазақстандық екінші дәрежелі
банктердің интернет-транзакциялар үшін
төлем карталарын жабу және негізінен
жасанды кедергі болып табылатын интернет-транзакциялар
үшін арнайы рәсімдерді орнату салдары
болып табылады.
Міндеті: Электрондық
коммерцияның отандық нарығының бәсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Нысаналы индикаторлар:
Қол жеткізу жолдары
Электрондық коммерцияны дамыту мақсатында
келесі шаралар қабылданады:
салалық сауда алаңдарын құру бойынша
ұсыныстар әзірленеді;
Интернет-дүкендерде жасалатын транзакциялар
(саны және көлемі) бойынша есептілікті
қалыптастыру туралы мәселе қарастырылады;
интернет-коммерсанттарды салықтық және
кедендік преференциялармен және технопарктерге
қатысу арқылы ынталандыру жүзеге асырылады;
электрондық коммерция саласындағы заңнаманы
және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру
бойынша жұмыстар жүргізіледі;
жалпы интернет-ортаны және негізінен
интенет-бизнесті дамыту тақырыбына конференцияларды,
семинарларды, дөңгелек үстелдерді қолдау
және интернетте электрондық төлем құралдарын
пайдалану бойынша ақпараттық-ойын-сауық
жұмыстарын жүргізу іске асырылады.
3.4 Электрондық экономиканы қаржыландыру
3.4.1 АКТ өнеркәсіп саласында
Ақпараттық технологиялар
өндірістің икемділігі мен шешім
қабылдаудың жеделдігін арттырады,
жаһандық нарықтарға шығу мен кәсіпорынның
бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін
негіз жасайды. Алайда, отандық өнеркәсіпті
ақпараттандырудың айтарлықтай
төмен деңгейі жағдайында оларға деген
сұраныс тұрақты және күшті өсуді көрсетпейді.
Кәсіпорынның экономикалық базалары АКТ-ны
қарқынды тұтынуға әлі дайын емес. Ал жоғары
технологиялар түсімді қалыптастыруға
қатыспайтын салалар бұл ретте аса көлемді
шығындарды жұмсауды қаламайды.
Заманауи ақпараттық және жоғары технологиялық
дәуірде отандық өнеркәсіптік кәсіпорындар
өзінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз
ету үшін АКТ-ны өндірістік және әкімшілік-шаруашылық
қызметте пайдалануға қатысты өзінің
көзқарасын қайта қарастыруы және барлық
ішкі процесстерді автоматтандыруға тиісті
назар аударуы қажет.
Ағымдағы жағдайды
қысқаша талдау
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің
деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасының
өнеркәсіптік өндірісінің 2012 жылғы қаңтар-тамыз
аралығындағы жалпы көлемі 10 687 879 млн.теңгені
құрады және өткен жылмен салыстырғанда
0,7% - ға жоғарлады.
Бүгінгі таңда ірі және орташа өнеркәсіптік
кәсіпорындар мен өндіріс саны 1 848 құрайды.
Өнеркәсіп көрсеткіштерінің оң өсіңкілігіне
қарамастан өнеркәсіп кәсіпорындарының
өзінің өндірістік қызметінде жоғары
технологияларды игеруінің төмен деңгейін
атап өту қажет.
Өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін АКТ-ны
енгізу және өнеркәсіп кәсіпорындарының
қызметкерлерін АКТ саласындағы әлеуметтік
біліктілікке оқыту арқылы өндірістік
процесстерді тұрақты жетілдіру талап
етіледі. Сол себепті, кәсіпорындардың
аталған аспектіге назар аударғаны және
өндірістік қызметкерлер арасында инновациялық
қызметті дамытуды ынталандыруы аса маңызды.
Міндеті: Қосымша
құны жоғары бәсекеге қабілетті өнімді
шығаруды қамтамасыз ететін өнеркәсіп
кәсіпорындарында заманауи жоғары технологиялық
өндірісті құру үшін жағдай жасау.
Нысаналы индикаторлар:
Қол жеткізу жолдары
Қосымша құны жоғары бәсекеге қабілетті
өнімді шығаруды қамтамасыз ететін өнеркәсіп
кәсіпорындарында заманауи жоғары технологиялық
өндірісті құру үшін жағдай жасау міндеті
мынадай шараларды қабылдау арқылы іске
асырылады:
өнеркәсіп кәсіпорындарының АКТ инфрақұрылымын
дамыту;
адам өміріне және денсаулығына аса қауіп
төндіретін барлық өндіріс процесстерін
роботтандыру;
өнеркәсіп кәсіпорындарының технологиялық
және ішкі процесстерін басқару жүйелерін
автоматтандыруды енгізу;
отандық ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және
жоғары оқу орындарымен тығыз өзара әрекеттестік
жасау арқылы өнеркәсіп кәсіпорындарының
инновациялық қызметін дамыту;
«Индустриялық-инновациялық қызметті
мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан
Республикасы Заңы және салықтық және
жер заңнамасын жетілдіру шеңберінде
қолдау көрсету құралдарын пайдалану
арқылы өндірістік процессте энерго-,
қорларды үнемдеу, «жасыл» және АКТ-ны
енгізуге өнеркәсіп кәсіпорындарын ынталандыру;
жаңа өткізу нарығын ашу арқылы өнеркәсіп
кәсіпорындарының өнірістік өнімдерін
Интернет арқылы сатудың жаңа сызбаларын
дамыту және енгізу;
қойма қорларын теркеу процессін оңтайландыру,
радио жиілікті сәйкестендіру (RFID) технологияларын,
геоақпараттық жүйелерді және ERP жүйелерін
пайдалану арқылы жүктерді орналастыруды
бақылау үшін өзінің логистикалық және
өойма инфрақұрылымын дамыту;
апатты және басқа да төтенше жағдайларды
ескерту және алдын алу үшін өнеркәсіп
кәсіпорындары нысандарының агрегаттары
мен тораптарының жағдайын мониторингілеу
үшін геоақпараттық жүйелерді және телеметрикалық
тетіктерді пайдалану.
3.4.2 АКТ көлік жүйесінде
Қазақстанның көлік саласының
тиімділігі мен тартымдылығын арттыру
мәселесін шешудің негізгі
ЗКЖ-ны құрудың маңызды элементі жаһандық
навигациялық спутниктік жүйесі (бұдан
әрі – НСЖ) болып табылады. Аталған жүйенің
негізіндегі шешімдер жер үстіндегі көлік
кешені жұмысының тиімділігін арттырумен
қатар, авиация, флот, темір жол саласында
белсенді қолданылады, жіберу және тасымалдау
желілерін синхрондау үшін қызмет етеді,
деректерді жіберуді синхрондау үшін
байланыста қолданылады және т.с.с.
ЗКЖ қалыптастыру және енгізу тасымалдауды
басқарудың тиімділігін арттырады, жүктерді,
жолаушыларды тасымалдауға жұмсалатын
өндірістік емес шығындарды қысқартады,
көлік-коммуникациялық құрылымды дамытуды
жылдамдатады, қолданыстағы навигациялық
спутниктік жүйелердің негізінде сервистерді
енгізу үшін жағымды жағдай жасау.
Ағымдағы жағдайды
қысқаша талдау
Әлемдік сауда соңғы он жылдың ішінде
жоғары қарқынмен дамуда. Еуропа мен Азия
арасындағы жыл сайынғы тауар айналымы
қазіргі таңда шамамен 400 миллиардты құрайды,
2015 жылы 1 триллион доллорға жетеді деп
болжануда. Осыған байланысты, Қазақстанның
тиімді географиялық орналасуын Европа
мен Азия арасындағы жүктерді тасымалдау
үшін пайдалану мақсатқа сай болып табылады,
бұл көлік компаниялары бюджеті мен Қазақстанның
мемлекеттік бюджетінің кірісінің артуына
ықпалдастық жасайды. 2015 жылы Қазақстан
Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігі жүктердің транзитінің көлемі
25 миллион тоннаға дейін арттыруды жоспарлайды,
ал транзиттің ортақ кірісі 1,5 миллиард
доллорды құрайды.
Қазақстандағы көліктің негізгі кемшіліктерінің
арасында көлікте ескірген технологиялар
мен көлік қызметтерінің сервистерінің
төмен деңгейін пайдаланатын тасымалдауды
қанағаттандырарлықсыз ұйымдастыруды
атап өтуге болады. Дамыған мемлекеттерде
көлік лектерін рационалдандыру, олардың
оңтайлы өзара іс-қимылынан пайданың көп
бөлігін қамтамасыз ететін логистика
Қазақстанда дамудың бастапқы деңгейінде.
Осы жағдайда Қазақстанның Шығыс пен Батыс
арасында жүктердің транзитін қамтамасыз
ететін заманауи көлік инфрақұрылымын,
сондай-ақ, дамыған мемлекеттердің көліктік
ықпалдастығына қатысу деңгейі үшін жауап
беретін халықаралық және ішкі жолаушылар
тасымалын қалыптастыруы қажет.
Міндеті: АКТ
енгізу арқылы халыққа көлік қызметтерінің
қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз
ету үшін дамыған көлік инфрақұрылымын
құру.
Нысаналы индикаторлар: