Персоналды басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 11:02, реферат

Описание работы

Канада, Корея, Малайзия, Сингапур, АҚШ сынды алдыңғы қатарлы мемлекеттердің көбінде жалпы қоғамда, сондай-ақ қызметтің жекелеген салаларында ақпараттық даму стратегиялары немесе кешендік бағдарламалар әзірленді және іске асырылуда.
Посткеңестік кеңістікте құрылған мемлекеттер де осы қатарда. Мәселен, ақпараттандыру саласындағы Ресей Федерациясының мемлекеттік ақпараттық саясаты мен Беларусь Республикасының мемлекеттік саясатының ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаты дамудың жаңа кезеңіне көші, яғни ақпараттық қоғамды құру және әлемдік ақпараттық қауымдастыққа ену болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Кіріспе.docx

— 108.27 Кб (Скачать)

Кіріспе

Адамзат өркениетінің қазіргі  заманғы дамуы ғылыми-техникалық революцияның тағы да бір кезеңі –  адамның тыныс-тіршілігінің барлық салаларына оның өмірін өзгертіп, ақпараттық қоғам, жоғары әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамыған қоғамға  көшуінің тұғырын және материалдық  базасын құрайтын ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды (бұдан әрі –  АКТ) енгізумен сипатталады. 
Әлемде мынадай үрдістер байқалуда:

  1. АКТ-ның ықпалымен барлық қоғамдық институттар мен адамның қызмет ету салаларының өзгеруі;
  2. Заманауи технологияларды әзірлеу, өндіру және енгізудің барлық салаларында алға басу;
  3. Елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың міндеттеріне бара-бар дамыған ақпараттық ортаны қалыптастыруға ұмтылу;
  4. Халықтың ақпараттық қорларға тең құқылы кепілдендірілген қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  5. Барлық деңгейдегі азаматтарды, қоғамдық институттарды, мемлекеттік билік органдары мен бизнесті ақпараттық қоғам жағдайында өмір сүруге дайындау.

Канада, Корея, Малайзия, Сингапур, АҚШ сынды алдыңғы қатарлы  мемлекеттердің көбінде жалпы қоғамда, сондай-ақ қызметтің жекелеген салаларында  ақпараттық даму стратегиялары немесе кешендік бағдарламалар әзірленді  және іске асырылуда. 
Посткеңестік кеңістікте құрылған мемлекеттер де осы қатарда. Мәселен, ақпараттандыру саласындағы Ресей Федерациясының мемлекеттік ақпараттық саясаты мен Беларусь Республикасының мемлекеттік саясатының ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаты дамудың жаңа кезеңіне көші, яғни ақпараттық қоғамды құру және әлемдік ақпараттық қауымдастыққа ену болып табылады. 
Жоғарыда аталған стратегиялар мен бағдарламаларды талдау ақпараттық дамудың ұлттық стратегиясын қалыптастыру, ақпараттық және инновациялық даму мақсаттарына қол жеткізу үшін қоғамның барлық топтарын үйлестіру, бизнесті, ұлттық стартегияны іске асыру бойынша барлық қоғамдық институттар мен азаматтарды үйлестірудегі жетекші рөлдің мемлекетке тиесілі екендігін көрсетеді. 
Біздің елімізде ақпараттық қоғамның құрамдас бөліктерінің тек біріне екпін жасалды: жоғары халықаралық рейтингтердің куәлік етуі бойынша сәтті іске асырылған электрондық үкіметті қалыптастыру және дамыту. Алайда, ақпараттық қоғамды қалыптастыру міндеті әлбетте тек электрондық үкімет пен телекоммуникация саласын дамытуға қарағанда кеңірек. 
Сондықтан, ақпараттық қоғамға көшуге ықпалдастық жасайтын барлық қажетті жағдайларды жасау үшін және Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметік жаңғырту: Жалпыға ортақ қоғамдық еңбекке қарай жиырма қадам» атты 2012 жылғы 10 шілдедегі мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірленді. 
Бағдарламаны әзірлеу барысында Ғаламдық ақпараттық қоғамның Окинава хартиясы (Окинава қ., Жапония, 2000 жыл), Ақпараттық қоғамды құру қағидаттары декларациясы (Женева қ., Швейцария, 2003 жыл), Тунис міндеттемелері әрекеттерінің жоспары (Тунис қ., Тунис Республикасы, 2005 жыл), өзге де халықаралық құжаттар, сондай-ақ, ҚР Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға арналған стратегиялық даму жоспары ескерілді. 
Ақпараттық қоғамды құрудың халықаралық тәжірибесіне және жоғарыда аталған құжаттардың ережелеріне сүйене отыра Бағдарламаның төрт негізгі бағыты анықталды: 
мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету; 
ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету; 
қоғамды әлеуметтік-экономикалық және медени дамытуға арналған ақпараттық ортаны құру; 
отандық ақпараттық кеңістікті дамыту. 
Аталған бағыттардың шеңберінде АКТ-не жер-жерде енгізу арқылы мемлекеттік басқаруды жетілдіру, ашық әрі ұтқыр үкіметті құру, ақпараттық инфрақұрылымның қолжетімділігін дамыту бойынша міндеттер шешіледі. Ақпараттық қоғамды дамыту адами ресурстарды дамытумен сүймелденуі қажет екендігін ескере отыра, Бағдарламамен азаматтарға электрондық білім алу арқылы ақпараттық технологияларды игеруге және олармен жұмыс істеу дағдыларын алуға, өмір бойы оқуға және дайындалуға, қашықтан жұмыс істеуге, қолжетімді эектрондық денсаулық сақтау қызметтерін алуға жағдай жасау көзделген.  Сондай-ақ, еліміздің ашық, қолжетімді және бәсекелеске қабілетті экономикасын құру үшін, Бағдарламамамен шаруашылықтың негізгі салаларына зияткерлік жүйелерді барынша көп енгізу көзделеді.  
Ақпараттық қоғамға көшу саясатының тиімділігі АКТ кеңінен қолдану және электрондық қызметтерді көрсету жөніндегі бизнес пен мемлекеттің күшін шоғырландырудан байланысты болады. 
«Ақпараттық Қазақстан -2030» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның ақпараттық қоғамға көшу стратегиясын жүзеге асырудың қорытынды кезеңі болады деп болжалады.  

 

Ағымдағы жағдайды талдау 

Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында  АКТ-ның қарқынды дамуы және бейімделуі экономикалық көрсеткіштерге ғана емес, адмадардың өмір сүру салтына да әсер етіп, қоғамды жаңғыртудың маңызды факторы болатыны белгіленген. Бұл жағдай АКТ-ны дамытудың қазіргі Қазақстанның экономикасы және азаматтарының өмірі үшін маңыздылығын көрсетеді.  
Соңғы жылдары АКТ секторында Қазақстанның маңызды жетістіктері байқалады. 
2012 жылғы наурыз айының басында жарияланған БҰҰ Е-Government Survey-2012 «Электрондық үкімет адамдар үшін» рейтингінде, Қазақстан 2010 жылмен салыстырғанда 8 позицияға көтеріліп, 38-орынды иеленді. Е-қатысу  индексі бойынша  Қазақстан  2-орынды Сингапурмен бөлісті. 
Дүниежүзілік экнономикалық форумның 2012-2013 жылдарға арналған  ғаламдық бәсекелестік қабілеті бойынша есебінде Қазақстанның бәсекелестікке қабілеттік рейтінгі 21 позицияға көтеріліп, 51-орынға жетті. 
Халықаралық электрбайланыс одағының рейтингінде Қазақстан соңғы жылы АКТ дамыту индексі бойынша 72-орыннан 68-орынға көтерілді. 
Пошта байланысы саласында ұлттық оператор болып табылатын «Қазпошта» акционерлік қоғамы қызметтер нарығының негізгі жеткізушісі болып қалады. Қызмет көрсету еліміздің барлық аумағын қамтитын 3000 астам өндірістік нысандармен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, пошталық, күрьерлік қызметтерді «DHL International Kazakhstan» ЖШС, «ЯНЦЕН-ЭКСПРЕСС» ЖШС және т.б. көрсетеді. 
Жоғары жылдамдықты оптикалық және сымсыз технологияларға негізделген инфрақұрылымды дамыту, халыққа және ұйымдарға мультимедиялық қызметтерді көрсету, телерадиохабардың цифрлық технологияларын енгізу және дамыту, сонымен қатар жергілікті телефон байланысының  цифрландыру деңгейін көтеру телекоммуникация саласының негізгі беталыстары болып табылады. 
Байланыс желілерінің  Интернет жүйесіне қолжетімдікті қамтамасыз ету бойынша қызметі басып озған  қарқынмен дамып  келе жатыр.  Қазақстан халқының  53,5 %  Интернет жүйесінің пайдаланушылары болып табылады.  (Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2012 жылдың 2 тоқсанындағы жедел деректеріне сәйкес). 
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 4G технологиясы енгізілуде, Интернет жүйесіне кең белдеулі қол жетімділік жүйесін дамыту ADSL, CDMA/EVDO, 3G, FTTH сияқты технологияларды пайдаланумен жүзеге асырылады. 
ADSL технологиясы. 
ADSL технологиясы (Asymmetric Digital Subscriber Line) – асимметриялық цифрлық абоненттік желі – интерактивті бейне қызметтеріне (сұраныс бойынша бейне, бейне ойындар және т.б.) жоғары жылдамдықты қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін және деректерді жылдам жіберу (Интернетке қол жеткізу, ЖЕЖ және басқа желілерге қашықтан қол жеткізу) үшін әзірленген. 
ADSL технологиясы Интернет жүйесіне қол жеткізу жылдамдығына жоғары талаптар қоймайтын абонентерге КЖҚ  қызметін көрсетудің ең көпшілік және ең арзан әдісі болып табылады. ADSL технологиясы жөніндегі КЖҚ желісі қол жеткізу желісі пайдаланылатын байланыс желісінің кез келген учаскесінде жайылуы мүмкін. 
Абонентке ақпаратты беру жылдамдығы 7 Мбит/с (ADSL2+ үшін 24 Мбит/с дейін) құрады, ал абоненттен–1 Мбит/с дейін. Қол жеткізу жылдамдығы тарату желісінің мыс кабелінің жағдайына, АТС абонент арасындағы арақашықтығына, кабелдегі абоненттер санына  және т.б. тәуелді.    
Бүгінгі күні ADSL технологиясын пайдаланатын абоненттер саны – 1 017 486 адамды құрайды. 
FTTH  технологиясы. 
FTTH (Fiber To The Home) – үйге орнатылатын оптикалық-талшықты кабель (жеке/ жеке меншік үй, пәтер). 
Жоғары жылдамды КЖҚ қызметіне өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін және көрсететтін қызметтер спектрін кеңейту үшін 2011 жылы Fiber to the Home (FTTH) әмбебап талшықты-оптикалық қол жеткізу желісінің құрылысы басталды.  Жоба Астана, Алматы қалаларындағы және Қазақстан Республикасының облыстық орталықтарындағы көппәтерлі үйлерді және коттедждік құрылыстарды 100%-ды қамтуды көздеп отыр. 
Жобаның 1-ші кезеңін жүзеге асыру нәтижесінде 2011 жылы  Астана, Алматы, Семей, Жаңаөзен қалаларындағы және облыстық орталықтардағы 146 объектте 3 718 көп пәтерлі үйлерді, 2 755 коттедждік құрылыстарды қамтитын талшықты-оптикалық қол жеткізу желілері салынды.    Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында 170 962 абоненттік портқа шамаланған GPON желісі  құрылып, пайдалануға қабылданды. 
CDMA/EVDO технологиясы. 
CDMA/EVDO (Evolution Data Optimized) – CDMA стандартындағы ұтқыр байланыс желісінде пайдаланылатын деректерді жоғарыжылдамды беру технологиясы. 
Бүгінгі күні барлық первпективалы және электр қуатымен қамсыздандырылған ауылдық елді мекендер жеке және/немесе ұжымдық қол жеткізу арқылы 100% телефондандырылған. 
2011 жылдан бастап CDMA 450 стандарттағы ауылдық байланыс CDMA450 технологиясының    EVDO платаларымен жабдықталуы арқылы, Қазақстан Республикасының ауыл тұрғындарына Интернет жүйесіне  КЖҚ қызметін көрсететін   EVDO технологиясын пайдалана отыра дамуда. 
CDMA 450/EVDO технологиясы абонентерге деректерді жоғары жылдамдықты беру қызметіне орналасқан орнына тәуелсіз, желінің қолданысы шегінде, сонымен қатар қозғалыс кезінде, қол жеткізуді қамтамасыз етеді.    
Ауылдық жерде CDMA 450/EVDO технологиялар бойынша деректерді берудің жоғары жылдамдығы жаңа цифрлық деректерді тығыздау алгоритмін қолдану есебінен жүзеге асырылады. Бұл жағдай CDMA-450 желісі қамтитын аумағының кез келген нүктесінде интернетке жоғары жылдамды қол жеткізуді қамтамасыз етеді. 
Қазіргі уақытта Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының ауылдық елді мекендерінің тұрғындарының Интернетке сымсыз КЖҚ мүмкіндігі бар. 
Бүгінгі күні CDMA/EVDO технологиясын пайдаланатын абоненттер саны – 7 737 құрайды. 
3G технологиясы  – бұл үшінші буынның ұтқыр байланысы. Оның басты артықшылығы  – деректерді берудің, Интернетке қол жеткізудің жоғары жылдамдығы. 
Үшінші буынның 3G желілері бейнетелефондық байланыс ұйымдастыруға, ұялы телефонда бейне легін көруге және т.б мүмкіндік жасайды.  
2011 жылы ұялық байланыс операторлары Астана, Алматы қалаларында және Қазақстан Республикасының барлық облыстық орталықтарында үшінші буынның  3G желілерін пайдалануға енгізді. 
4G (LTE) технологиясы (Long Term Evolution) – деректерді 300 Мбит/с дейінгі жылдамдығымен (деректер стациясынан пайдаланушыға) және 75 Мбит/с дейінгі жылдамдығымен (пайдаланушыдан деректер станциясына) пакеттік беру үшін оңтайландырылған,  жоғары жылдамды ұтқыр байланыс жүйелерін жасауды қамтамасыз ететін, деректерді берудің ұтқыр хаттамасы 
4G технологиясы  қол жеткізу қызметтерінің Интернет жүйесіне енуін дамытуға мүмкіндік жасайды, соның ішінде, ілеспе қызметтер спектрін кеңейтуге (ұтқыр ТВ, сұраныс бойынша бейне және т.б.), сапа деңгейін арттыруға және тарифтерді төмендетуге мүмкіндік жасайды. 
2012 жылдан бастап телекоммуникациялар желісінде төртінші буынның (4G стандарттағы) желілерін салу жөніндегі жобаны жүзеге асыру басталды. 
Цифрлық телерадио хабарын тарату. 
Қазақстан Республикасының бүгін алдында тұрған өзекті міндеті цифрлық технологияларға көшу жолымен телерадио хабарын таратудың барлық ұлттық желілерін жетілдіру болып табылады. 
Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасын орындау үшін қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында цифрлық эфирлық хабар таратуды енгізу және дамыту жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. 
Жоғарыда көрсетілген Бағдарламаларға сәйкес 2015 жылы эфирлік цифрлық телевидениемен халықтың 95%-ын қамтуды қамтамасыз ету қажет. 
Қазіргі уақытта Министрлікпен Қазақстан Республикасында цифрлық телерадио хабарларды таратуды енгізу бойынша келесі жұмыстар жүргізілді: 
- жиілік-аумақтық жоспар бекітілді; 
- хабар таратудың - DVB T2 стандарты қабылданды. 
- 2012 жылғы шілденің 3-де Астана, Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Жаңаөзен қалаларында теле хабар таратудың цифрлық эфирлік желісі тестілік режимде пайдалануға енгізілді. 
Одан басқа Интернеттің қазақстандық сегментін дамыту үшін КЖҚ қызметтерін көрсету үшін телекоммуникациялық желілерді дайындау, дата-орталықтарды құру, «электрондық үкімет» порталы арқылы берілетін электрондық мемлекеттік қызметтердің саны ұлғайту, мемлекеттік органдардың порталдарын дамыту, әлеуметтік маңызды интернет-ресурстарын құру және электрондық коммерциялар бойынша жобалардың сандарын ұлғайту қажет. 
Халыққа және бизнеске берілетін қызметтердің сапасын артыру үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының (бұдан әрі – ХҚКО) қызметін жақсарту бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді. Қажетті нормативтік құқықтық база құрылды, халықты және бизнеске қызмет көрсетудің рәсімдері жеңілдетіілді, сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуінің жағымды беталысы байқалады. 
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары, виртуальдық қабылдаулар, интернет-конференциялар арқылы халық және бизнеспен мемлекеттің диалогы және кері байланысы механизмі іске асырылды. 
«Электрондық үкімет» инфрақұрылымы арқылы азаматтарға, бизнеске және мемлекеттік органдарға ақпараттарды және қызметтерді берудің міндеттері табысты шешілді. 
Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметі» құрылды. 
Ақпараттық технологияларды қолдану және электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік органдардың қызметін жылсайын бағалау жүргізілуде. 
Ғылымды, технологиялардың трансфертін қарқынды дамыту үшін қолайлы жағдайлар құрылған, ғылыми зерттеулер мен әзірлеулерге инвестицияның, бизнес пен университеттің ынтымақтастығының көлемі артуда,  ғылымды көп қажет ететін АКТ өндіріске енгізілуде. 
«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамында инфокоммуникация саласында білім беруді дамыту жөніндегі АҚШ-тың Carnegie Mellon университетімен тығыз ынтымақтастық жүргізілуде. 
2011 жылы «еркін бағдарламалық қамтамасыз етуі (opensource)» және «ақпараттық технологиялар» бағыттары бойынша екі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық зертхана құрылды. 
Салалық АКТ-ны ғылыми-зерттеу институты құрылды. 
Алматы қаласында орналасқан «Ақпараттық технологяилар паркі» аумағында оқу-зерттеу кешенін, бизнес орталықты, дата орталықты, бизнес-инкубирациялау функцияларымен және даму институттарының АКТ-кластерінің жұмыс істеуі үшін қажетті жалпы қорды салуды ескеретін АКТ-кластерді құру жобасы бастамаланды. 
Бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) саласындағы үдерістерді жетілдіру және сауықтыру және ақпараттық контенті өндірудің отандық индустриясын дамыту жөніндегі жұмыстар үнемі жүргізілуде. 
Осылай, ағымдағы жағдайды және көшбасшы-елдердің тәжірибесін талдау Қазақстаннның ақпараттық дамудың және мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырудың ірі көлемді және кешенді мемлекеттік стратегияларын іске асыруда дайындығы туралы растайды.  

 

Бағдарламаны  іске асырудың мақсаттары, нысаналық  индикаторлары және нәтижелердің көрсеткіштері

Бағдарламаның негізгі  мақсаты: ақпараттық қоғамға көшуді қамтамасыз ететін жағдайларды құру. 
Бағдарламалық міндеттер:

  1. Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету.
  2. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету.
  3. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық ортаны құру.
  4. Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.

Нысаналы индикаторлар

  1. Қазақстан 2020 жылға дейін Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде алғашқы 35 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;
  2. «электрондық үкімет» индексінде ( БҰҰ-ның әдістемесі бойынша) 2020 жылға дейін алғашқы 25 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;
  3. Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қолжетімділігі - 100%;
  4. Интернет желісін қолданушылар саны 2020 жылы - 75 %;
  5. Қазақстан халқын эфирлік цифрлық телерадиохабарларды таратумен қамту – 95%;
  6. елдің ЖІӨ-гі АКТ үлесі  – 4%;
  7. Денсаулық сақтаудың бірыңғай желісіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі – 100%;
  8. Бірыңғай ұлттық ғылыми-білім беру желісіне қосылған ғылыми-білім беру мекемелерінің үлесі – 100%;
  9. Компьютерлік сауаттылық деңгейі - 80 %;
  10. Қазақстанда тіркелген БАҚ-тың жалпы санындағы электрондық БАҚ-тың үлесі – 100%.
  11. Электрондық түрде төленетін тауарлар мен қызметтердің жалпы айналымындағы қазақстандық интернет-дүкендердің айналым үлесі – 40%.
  12. Электрондық түрде ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің үлесі - 50%.

 

 

Бағдарламаның негізгі  бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралар 

 

  1. Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету

 

 

Негізгі міндеттер:

  1. Мемлекеттік басқару жүйесін ақпараттандыру арқылы оңтайландыру.
  2. мемлекеттік органдардың ашықтығы.
  3. «Электрондық үкіметті» дамыту.
  4. Мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың жаңа үлгісін енгізу.
  5. АКТ құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін.

 

 

    1. Мемлекеттік басқару жүйесін ақпараттандыру  

 

                                                арқылы оңтайландыру

Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау  
Қазіргі таңда мемлекеттік органдардың рұқсат беру жүйесін және бақылау–қадағалау қызметін жетілдіру жөнінде шаралар жүзеге асырылуда, рұқсат беру құжаттарын беру үдерісі автоматтандырылуда, рұқсат беру рәсімдерін ықшамдау жөніндегі нормалар заң жүзінде бекітілген, сондай-ақ тәуекелдіктерді басқару жүйесі негізінде тексерістердің мерзімділігін белгілеуге мүмкіндік жасайтын механизм енгізілген.  
Осы шаралардың барлығы мына көрсектіштерге жетуге бағытталған:: 
уақыт шығындарын және бизнес шығындарын қысқарту; 
әкімшілік тосқауылдарды төмендету; 
мемлекеттік органның бақылау қызметін реттеу; 
халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиімділігін арттыру. 
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерін автоматтандыруға және оңтайландыруға бағыттылған  бір қатар шаралар жүзеге асырылуда. 
Әкімшілік реформалардың катализаторы және құралы ретінде қарастырылуы тиіс ақпараттық технологиялар тиімді мемлекеттік басқару жүйесін құрудың негізгі жолдарының бірі болып белгіленген. Ақпараттық технологияларды мемлекеттік органдардың барлық деңгейінде қолдану бақылау мәселелерін ретке келтіруді қамтамасыз етеді, бизнес –үдерістердің және деректердің қайталануын жібермейді, нәтижесінде бюджеттік қаражат шығынын қысқартуға және халыққа көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды. 
Міндет: мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру үшін құрылымдық тәсілдемені енгізу. 
Нысаналы индикаторлар:

  1. Дүниежүзілік Банктің Doing Business рейтингінде Қазақстан 2017 жылда тізімдегі бірінші 38 елдің қатарында болуы тиіс,  2020 жылда - 35 елдің қатарында болуы тиіс;
  2. мемлекеттік қызмет көрсетудің ең көп уақыты 2017 жылда 5 жұмыс күннен, 2020 жылда - 3 жұмыс күннен аспауы тиіс; 
  3. мемлекеттік органдардың өзара ақпараттық іс-қимылын  автоматтандыруды қамтамасыз ету 2017 жылда – 80%, 2020 жылда - 100 %.

Қол жеткізу жолдары    
Мемлекеттік органдардың «электрондық үкімет» инфрақұрылымын пайдалануы көптеген әкімшілік өзгерістердің  қозғаушы күші болып табылады. 
Мемлекетті органдардың жұмысының тиімділігін арттыру уәкілетті органмен келісілген әрбір мемлекеттік органға арнағлан құрылымды құру арқылы мемлекеттік органдардың қызметін автоматтандыруды болжайтын құрылымдық тәсілді қолдану арқылы іске асырылады. 
Мемлекеттік органның құрылымы мемлекеттік органның ағымдағы және жоспарланатын жағдайының егжей-тегжейлі сипаттамасын қамтитын  құжаттардың, үлгілердің, матрицалар мен диаграммалардың, сонымен қатар мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге арналған қызметтердің, бизнес-үдерістердің, деректердің, ақпараттық жүйелердің және техникалық инфрақұрылымның құрамдас бөлшектерінің арасындағы өзара  тәуелділікті және өзара байланысты оңтайландыру жөніндегі іс шаралар жоспарының жиынтығы болып табылады.  Құрылым өзара байланысты қабаттардан тұратын үлгі негізінде құрылады: 
қызмет құрылымы; 
деректер құрылымы; 
қосымшалар құрылымы; 
технологиялық құрылымы; 
ақпараттық қауіпсіздік құрылымы. 
Бірыңғай бизнес-үдерістерді, құжаттардың, стандарттардың және типтік шешімдердің бірыңғай шаблондарын пайдалану есебінен аймақтардағы мемлекеттік органдардың қызметін бірегейлендіруге мүмкіндік беретін жергілікті атқарушы органдардың құрылымы жасалады.  
Пысықталған құрылымның негізінде мемлекеттік органдарда орндалатын бизнес-үдерістерді регламенттейтін нақтылы құжаттар әзірленеді. 
Бюджеттерді және республикалық деңгейдегі АКТ-жобалардың көбін жүзеге асыруды АКТ-мен басқару  үдерісі орталықтандырады. 
Олардың стратегиялық жоспарларының бөлігі болатын, барлық мемлекеттік органдарды ақпараттандыру бойынша іс-шаралар әзірленеді. Ақпараттандыру іс-шаралары толықтығына, қарама-қайшылықсыздығына және мемлекеттік органдардың оңтайландырылған сәулетін енгізуге бағытталғандығына қатысты уәкілетті органмен тексеріледі. 
Ақпараттандыру жоспарларын толыққанды орындау мақсатында әрбір мемлекеттік органда оны ақпараттандыру үшін жауапты ұйымдық бірлік құрылуы немес әрекет етуі қажет. Мұндай ұйымдық бірліктің мақсаттары мен міндеттері мемлекет көлемінде жүйелендіріледі. 
Мемлекеттік органдардың АКТ- бағдарламаларының басшылары үшін мансаптық жүйе және оларды мемлекеттік органдар мен коммерциялық сектор арасында алмастыру механизмі әзірленеді. 
Ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері ашық ақпарат көздерінде  жарияланады. 
Мемлекеттік органдардың АКТ-жобаларын  жүзеге асыру регламенттерін бұзғаны  үшін жауаптылыққа тарту шаралары күшейтіледі. 
АКТ және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік техникалық саясат әзірленеді. 

 

1.2 Мемлекеттік  органдардың ашықтығы

Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау 
Қазіргі уақытта халықпен және бизнеспен мемлекеттің диалогының және кері байланысының механизмі құрылды. Барлық мемлекеттік органдармен азаматтар мен бизнес үшін ақпаратты қамтитын интернет-ресурстар құрылды. 
Заңды түрде мүгедектер үшін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар бектіліді. 
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарындағы ақпараттардың толықтығы мен сапасына бағалау жүргізілуде. 
«Электрондық үкімет» порталында «Виртуалдық қабылдау» қызметі іске асырылған, онда азаматтар мемлекеттік органдарға тікелей хабарласады. 
Одан басқа, Мемлекеттік органдар және Үкіметтің бірінші басшыларының блогтары жұмыс істейді, онда әрбір азамат өздерінің түсіндірмелерін қалдырып, қызықтыратын сұрақтарын қоя алады. 
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсында «Бизнесті Президенттік қорғау» арнайы тарауы құрылған. 
Сонымен қатар, «электрондық үкімет» порталында Үкімет мүшелерінің және билік органдары өкілдерінің қатысуымен интернет-конференция жиі өткізіледі. Осындай конференцияларда азаматтар интерактивті режимде өздерінің сұрақтарына жауаптарды алады. 
Үкіметтің өткізілген он-лайн отырыстарының саны 2011 жылы 
37 отырысты құрады, он-лайн конференцияларды саны 40-ты құрады. 
Міндет: азаматтардың, бизнестің және ақпарат қоғамының құқықтары мен заңдық мүдделерін қанағаттандыру үшін мемлекеттік органдардың қызметінің анықтылығы мен есептілігін арттыру. 
Нысаналы индикаторлар: 
1. бағдарламаның іске асыру мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының е-қатысу индексі (БҰҰ әдістемесі бойынша) алдыңғы 5 елдердің санында болуы тиіс; 
2. «ашық деректер» порталының сервистерінде орналасқан белсенді пайдаланылатын қосымшалардың саны 2017 жылы 50, 2020 жылы - 65 кем еместі құрайды. 
Қол жеткізу жолдары 
Деректерді жинақтауды жүйелендіру және мемлекеттік органдардың ақпараттарын құрылымдау мақсатында келесі іс-шаралар іске асырылатын болады. 
«Электрондық үкімет» порталы арқылы азаматтар мен бизнеске Қазақстан Республикасы Үкіметімен және мемлекеттік органдармен берілетін жариялы ақпараттың тізбесі кеңейтіледі. 
Электрондық ақпараттық ресурстардың объективтілігін, толықтығын және нақтылығын уақытылы беру мақсатында ағымдағы заңнамаға өзгерістер енгізілетін болады, оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасымен оларды жариялы түрде тарату немесе мемлекеттік органдармен берудің міндетті сипаты белгіленген. 
Халықпен сұхбат жасау, көрсетілетін қызметтердің сапасын талқылауға арналған алаң ретінде қызмет ететін, сондай-ақ мемлекеттік органдармен бюджеттік қаражатты жоспарлау және нақты игеру жөніндегі деректерді шоғырландыратын «электрондық үкімет» порталы дамытылады. 
Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тұрақты қоғамды мониторингінің үдерісіне азаматтарды, үкіметтік емес және басқа да мемлекеттік емес ұйымдар кеңінен тартылады. 
Әлеуметтік проблемаларды мемлекеттік органдармен және халықпен кеңінен талқылау үшін Интернет желісінде әлеуметтік желілер қолданылатын болады, мемлекетті реформалау және жақсарту үдерісіне азаматтарды тартудың механизмі құрылады және іске қосылады. 
Мемлекеттік мекемелердің сайттары бірдейлестіріліп және бірыңғай тұғырнамаға көшірілетін болады. 
Барлық деңгейдегі және жергілікті өзіні өзі басқару органдарының әкімдерін қоса алғанда мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін азаматтармен электрондық бақылаудың механизмі іске асырылатын болады.

Информация о работе Персоналды басқару