Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 11:02, реферат
Канада, Корея, Малайзия, Сингапур, АҚШ сынды алдыңғы қатарлы мемлекеттердің көбінде жалпы қоғамда, сондай-ақ қызметтің жекелеген салаларында ақпараттық даму стратегиялары немесе кешендік бағдарламалар әзірленді және іске асырылуда.
Посткеңестік кеңістікте құрылған мемлекеттер де осы қатарда. Мәселен, ақпараттандыру саласындағы Ресей Федерациясының мемлекеттік ақпараттық саясаты мен Беларусь Республикасының мемлекеттік саясатының ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаты дамудың жаңа кезеңіне көші, яғни ақпараттық қоғамды құру және әлемдік ақпараттық қауымдастыққа ену болып табылады.
3.4.6 Туризмдегі АКТ
АКТ саласындағы заманауи
жетістіктер туристік бизнеске жаңа мүмкіндіктер
береді. Туризмге қажетті барлық кеңістік
ақпараттық технологиялармен қамтылады
(дестинация, орналастыру, көлік, пэкидж-турлар
және қызметтер туралы ақпарат) және осындай
қызметтерді белсенді бақылау жүзеге
асырылады.
Ағымдағы жағдайға
қысқаша талдау
2007-2010 жылдар бойы саланы дамыту Қазақстан
Республикасында туристік саланы дамытудың
2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына
негізделді.
Осы кезеңде нормативтік құқықтық базаны
жетілдіру жұмысы жүргізілді. 2008 жылы
бірқатар заңнамалық актілерге туристік
қызмет мәселелері бойынша өзгерістер
енгізілді.
Туризм саласында тұрақты негізде шетелдерде
Қазақстанның имиджін, оның ішінде ақпараттық
насихатты қалыптастыру жұмысы жүргізілгенін
атап өткен жөн. Негізгі құралдар әлемнің
жетекші телеарналарында жарнамалық бейне
роликтерді жасау және жүргізу, ірі туристік
көрмелерге қатысу болып табылады.
2009 жылғы басты имиджді оқиға Астанада
2009 жылғы қазан айында Дүниежүзілік туристік
ұйымдардың (ЮНВТО) Бас ассамблеясының
18-сесссиясын өткізу болды. Оның жұмысына
146 мемлекеттен 700 астам делегат, ЮНВТО
ұйымының мүшелері, сондай-ақ әлемдік
БАҚ құралдарының өкілдері қатысты.
Міндеті: Туризм
индустриясының бәсекеге қабілеттілігі
мен АКТ енгізу арқылы Қазақстанның туристік
бағыттағы тартымдылығын арттыру.
Нысаналы индикатор:
Қол жеткізу жолдары
АКТ енгізу арқылы туризм индустриясының
бәсекеге қабілеттілігін және Қазақстанның
туристік бағыт ретіндегі тартымдылығын
арттыру үшін мынадай іс-шаралар жүргізілетін
болады:
Интернет арқылы Қазақстанның туристік
бағыт ретіндегі тартымдылығы имиджін
жылжыту, халықаралық көрмелер және спутниктік
Kazakh TV (CaspioNet) телеарнасы бойынша іс-шараларды
іске асыру;
Интернет желісіне жедел қол жеткізе отырып
туристік инфрақұрылым объектілерін қамтамасыз
ету;
Қазақстанның туристік инфрақұрылым объектілерін
(қонақ үйлер, демалыс базалары мен санаторийлер)
интернет-брондтаудың танымал халықаралық
жүйесіне біріктіру
мемлекеттік- жеке меншік әріптестік шеңберінде
туризм саласындағы сервистер мен қызметтерге
қол жеткізуді арттыру үшін ұтқыр ұсыныстар
әзірлеу;
туризм индустриясы объектілерін салған
және жарақтандырған кезде «жасыл» энергия
үнемдеу технологиялары мен жабдықтарын
қолдану.
туризм объектілерінің орналасқан жерлерін,
тарихи және ескерткішті орындарды, санаторийлерді,
курорттық аймақтар мен өзге де көрікті
жерлерді көрсете отырып геоақпараттық
технологиялар базасында Қазақстан, Республикасының
бірыңғай цифрлық картасын жасау;
жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарын
қоса алғанда өңірлердегі бар туризм объектілері
туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы
кеңінен жария ету;
Қазақстан Республикасындағы туризм объектілерінің
тізілімін жасау және өзектендіру.
3.4.7 АКТ дене тәрбиесі және спорт саласында
АТК пайдалану төмендегі
салаларда спорт саласын
АКТ спорт саласын басқару
тиімділігін арттыруға, әртүрлі
спорт ұйымдарының, оның ішінде халықаралық
ұйымдардың арасында өзара байланыс
жасауға және үйлестіруге ықпал
етеді.
Ағымдағы жағдайды
қысқаша талдау
Халықаралық стандарттардың талаптарына
жақындау және елдегі жаппай спортты дамыту
мақсатында Спорт және дене тәрбиесі істері
жөніндегі агенттік спорт инфрақұрылымын
әрі қарай дамытуға және Республика спортының
материалды-техникалық қорын жетілдіруге
бағытталған бірқатар ұйымдастыру шаралары
іске асырылды.
Сондай-ақ, саланың нормативтік құқықтық
қорын жетілдіру жұмыстары жүргізіледі.
Дене тәрбиесі және спорт мәселелері бойынша
кейбір заңнамалық актілерге түзетулер
енгізілді. Заңға тәуелді нормативтік
құқықтық актілер әзірленді және бекітілді.
Елде дене тәрбиесі мен спортпен айналысатындар
санының тұрақты өсу үрдісі байқалады:
2007 жылы жалпы халықтың ішіндегі спортпен
айналысатындардың саны 2,3 млн.адамды
құрады (15%), 2008 жылы 2,35 млн.адам, 2009 жылы
2,4 млн.адам, 2010 жылы 2,8 млн.адам (17,7%), 2011
жылы 3,3 млн адам немесе 20,0%.
Бүгінгі таңда елімізде өткізіліп жатқан
спорттық-жаппай және дене тәрбиесі –
сауықтандыру іс-шараларының саны артып
жатыр, 2011 жылы 18 мыңнан астам спорттық-бұқаралық
іс-шаралар өткізілді, мұнда 4,1 млн.астам
адам қатысты.
Бүгінгі таңда 208,4 мыңнан астам айналысатын
ұлттық спорт түрлері белсенді түрде дамуда
(2010 жылы – 166 мың адам). Аталған жағдайға
жыл сайынғы чемпионаттарды, республикалық
және халықаралық турнирлерді, сондай-ақ,
тоғызқұмалақ бойынша әлемдегі бірінші
чемпионат, бірінші Жастар ойындары, «қазақ
күресі» бойынша әлем және Азия чемпионаттарын,
Қазақстан Республикасы Президентінің
жүлдесіне үлттық спорт ойындарын өткізу,
спорт мектептері мен клубтарда ұлттық
спорт түрлері бойынша бөлімшелерді ашуықпал
жасады.
Лондонда өткен 30-олимпиада ойындарында
қазақстандық спортшылар 7 алтын, 1 күміс
және 5 қола медалді жеңіп алып, 12-орынды
иеленді.
Сонымен қатар, дамудың оң үрдістерімен
қатар отандық спорттың дамуына кедергі
келтіріп отырған проблемалар да бар,
атап айтқанда материалды-техникалық
база мен спорттық инфрақұрылымның төмен
деңгейі, заманауи талаптарға сай келетін
спорттың ғылыми базасының болмауы, білікті
мамандар тапшылығы.
Міндеті: Жаттықтырушылық құрамды, спортшыларды және мамандарды даярлау жүйесінде оқу-жаттықтырушылық үдерістерге АКТ енгізу арқылы дене тәрбиесі мен спорт саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Нысаналы индикаторлар:
Қол жеткізу жолдары
АКТ-ны енгізу арқылы дене тәрбиесі және
спорт саласының бәсекеге қабілеттілігін
арттыру үшін мынадай шараларды іске асыру
қарастырылады:
спортшылардың оқу-жаттықтыру процесстері
үшін спорттық жүйелер мен іс-шаралардың
эмуляторларын, виртуалды спорт алаңдарын,
командалардын құру үшін виртуалды шындық
технологияларын қолдану;
Интернет желіге қолжетімділікпен барлық
спорт нысандарын қамтамасыз ету;
Халықтың спортпен айналысуының белсенділігін
арттыру мақсатында жаттықтырушы бейнероликтерді
әзірлеу және Интернет желісінде орналастыру;
Интернет, телерадио хабарларды тарату
спорттық сипаттағы компьютерлік ойындар
арқылы халық арасында салауатты өмір
салтын ілгерілету және дәріптеу;
жаттықтырушылар құрамы мен спортшылар
арасында компьютерлік сауаттылық деңгейін
артыру;
дене тәрбиесі және спорт нысандарының
әкімшілік-шаруашылық қызметін және басқару,
тіркеудің ішкі үрдістерін автоматтандыру.
4. Отандық ақпараттық кеңістіктің дамуы
Негізгі міндеттер
4.1 Мәдениет саласында АКТ-ны дамыту
Ақпараттық қоғамды
Халықаралық тәжірибеден көріп отырғанымыздай,
соңғы уақытта мәдениет саласын ақпараттандыруға,
АКТнегізінде мәдени мекемелердің жаңа
қызметтерін дамыту, мәдени және ғылыми
мұраны цифрландыру және оған ашық қолжетімділікті
ұсыну, электрондық кітапханаларды құруға
баса назар аударылуда.
Осыған байланысты, жуық арада мемлекет
мәдениет саласындағы АКТ-ны дамыту бойынша
белсенді шараларды қабылдауы тиіс.
Ағымдағы жағдайды
қысқаша талдау
Қазақстанның мәдениет және өнер саласындағы
мемлекеттік мекемелері жүйесінде 40 республикалық
және шамамен 8 мыңдай облыстық мәдени
ұйымдар қызмет етеді.
Бүгінгі күнгі жай-күйі бойынша елімізде
64 театр, 216 мұражай, 4 171 кітапхана, 94 кинозал
және кинотеатр, 74 концерттік ұйым, 3 169
мәдени мекеме, 105 цирк, хайуанаттар бағы,
ойын-сауық және демалыс парктері қызмет
етуде.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша 2004
жылдан бастап көлемі мен тарихи диапазоны
бойынша аналогы жоқ «Мәдени мұра» ұлттық
стратегиялық жобасы іске асырылуда.
2004 жылдан бастап ғылымды мыңдаған артефактілермен
байытқан және ұлттық тарих туралы түсінік
беретін 40-тан астам археологиялық және
30-дан астам ғылыми-қолданбалы зерттеу
жұмыстары жүргізілді.
2011 жылы «Мәдени мұра – Культурное наследие»
ақпараттық порталының жаңа нұсқасын
іске қосу жүргізілді (www.madenimura.kz).
Ресурс жалпы көлемі 70 ГБ құрайтын Қазақстанның
мәдени мұрасы жөнінде кең ақпарттан тұрады.
Мұнда 1 млн. файл, 2000 фотосурет және сурет,
360 кітап, 50 бейнематериал орналастырылған.
Археологиялық, тарихи және мәдени бірегей
ескерткіштер, археологиялық қазбалар
туралы мәліметтер іздеуге ыңғайлы формат
– елді мекендер мен ескерткіштердің
географиялық координаттарына сәйкес
Қазақстанның мәдени мұрасының виртуалды
картасында орналастырылған.
Міндет: азаматтардың
мәдениет мекемелерінің материалдары
мен нысандарына қолжетімділігін кеңейту.
Нысаналы индикаторлар:
Қол жеткізу жолдары
Азаматтардың мәдени мекемелердің материалдары
мен нысандарына қолжетімділігін кеңейту
бірқатар шараларды іске асыру арқылы
қамтамасыз етіледі, атап айтсақ:
«Ата мұра» веб-порталын сүйемелдеу және
техникалық қолдау:
ұлттық электрондық кітапханаларды, сондай-ақ
кітапханалардың еркін электрондық тізбесін
құру мәселесін пысықтау;
мәдениет және өнер саласындағы түрлі
ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті,
электрондық қызметтерді ұсыну мүмкіндігін
қамтамасыз ететін бірыңғай интернет-порталды
құру мәселесін пысықтау;
мәдени ескерткіштер, мәдени мұра нысандары
туралы 3D-суреттер жиыны бар кітапхана
құруды пысықтау;
Қазақстан республикасының мемлекеттік
мұражай қорының электрондық тізбесін
және мәдени ескерткіштер мен нысандар
бойынша деректер қорын құру мәселесін
пысықтау;
құжаттарды ақпараттық іздеу функционалы
бар Қазақстан Республикасынң мемлекеттік
мұрағат құжаттарын автоматтандырылған
тіркеудің бірыңғай жүйесін құру мәселесін
пысықтау;
мемлекеттік кітапханаларды Интернет
желісіне қосуды қамтамасыз етуді мониторингілеу;
«Ұлттық электрондық құжаттар орталығы»
республикалық мемлекеттік мекемесін
құру мәселелерін пысықтау;
Бірыңғай электрондық мұрағат жүйесін
құру мәселесін пысықтау.
4.2 Отандық бұқаралық
ақпарат құралдарын жаңғырту
Жаһандық ақпараттық
дәуірдегі қоғамдық қатынастар
өзгерісінің үдерісінде
Ағымдағы жағдайға
қысқаша талдау
Отандық бұқаралық ақпарат құралдары
ашық ақпараттық кеңістікте қызмет етіп,
шетелдік БАҚ-тармен арада аудиторияның
назарын аудару үшін күресуге мәжбүр.
Қазақстан шетелдік бұқаралық ақпарат
құралдарының өнімдерін әкімшілік тұрғыда
шектеулерге бағытталған шараларды қолданудан
саналы түрде бас тартты. Осы бәсекелестік
күресте табысқа жету мақсатында Қазақстан
өз медиа нарығының жоспарлы даму жолын
таңдады.
Мемлекет тарапынан отандық бұқаралық
ақпарат құралдарының техникалық қорын
жаңарту жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
2010 жылдың желтоқсанында DVB-S2 сандық стандарттағы
MPEG-4 компрессия форматындағы ұлттық серіктік
желісі іске қосылды. Бүгінгі таңда оған
180 мыңнан астам абонент қосылды.
Астана қаласында мемлекеттік хабар таратушы
компаниялардың басты технологиялық алаңына
айналған заманауи телерадиокешен іске
қосылды.
Міндет: отандық
бұқаралық ақпарат құралдары жұмысының
сапасын арттыру
Нысаналы индикаторлар:
Қол жеткізу жолдары
Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын
жаңартудың техникалық қоры келесі бағыттар
арқылы іске асырылады:
телерадио хабарларды тарату желісінің
ұлттық эфирін жаңғырту шеңберінде эфирлі
сандық телевизияны енгізу;
«Қазмедиа орталығы» телерадиокешені
төңірегіндегі өндірістік инфрақұрылымды
дамыту;
отандық телеарналармен өнімді өндірудің
қазіргі заманға сай технологияларын
қолданудың фрагменттігін төмендету;
телевизия бағдарламаларының лентасыз
өндірісін пайдалану бөлігінде мемлекеттік
телеарналардың әлеуетін дамыту;
«Қазмедиа орталығы» телерадиокешені
негізінде мемлекеттік телеарналардың
алтын қорының сандық мұрағатын құру;
елдің медиа инфрақұрылымын дамыту;
Қазақстан аумағында отандық бұқаралық
ақпарат құралдарын тарату географиясын
кеңейту үшін:
ұлттық жерсеріктік телехабарлар тарату
желісін танымал ету жөніндегі жұмыстарды
жалғастыру;
шалғай аудандарда республикалық арналардың
көрсетілімін қамтамасыз ету үшін электрондық
БАҚ-тың жерсеріктік операторлармен өзара
іс-қимылын кеңейту;
мемлекеттік телеарналар мен баспа БАҚ-тың
Интернет желісіне енуін қамтамасыз ету,
Интернет нұсқаларын танымал ету бойынша
ақпараттық науқан жүргізу,
халық арасында неғұрлым кең таралған
ақпарат құралдарында жұмыс істеуге бейімделген
мемлекеттік БАҚ-тың мобильдік нұсқаларын
әзірлеу мәселесін қарастыру,
дәстүрлі мемлекеттік емес бұқаралық
ақпарат құралдарының Интернет жүйесіне
шығуына жағдай жасау. Оларға мобильдік
қосымшалар жасауға қолдау көрсету.
Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының
бәсекеге қабілеттілігін отандық контенттің
өндірісін ынталандыру арқылы көтеру
межеленуде, сондай-ақ:
мемлекеттік телеарналардың біреуін эксклюзивті
материалдарды (мемлекет өміріндегі кең
көлемді оқиғалар туралы, жаһандық деңгейдегі
маңызды жаңалықтар және шетелдік әріптестерден
алынған бірегей бейнематериалдар) эфирге
шығаруды жеткізуші ретінде белгілеу,
өндірістік процесті НD форматына аудару
арқылы мемлекеттік телеарналар мен олардың
өңірлік филиалдары бейнематериалдарының
сапасын арттыру,
мультимедиалық өнімдерді ең соңғы форматтарда
(анимациялық 3D-фильмдер, голографиялық
кескін, инновациялық мультимедиалық-шешімдер)
өңдейтін орталық ашу мәселесін пысықтау,
баспасөз БАҚ-ты басу, беттеу және таратудың
жаңа технологияларын талдау және Қазақстан
жағдайына бейімдеу, отандық газет-журналдарды
жеделдік, мультимедиалық, аудиториямен
байланыс секілді бәсекеге қабілеттіліктің
қазіргі заманғы өлшемдерінің жетістіктеріне
жеткізу,
Қазақстан үшін саяси, экономикалық және
ақпараттық жағынан маңызды болып табылатын
елдер мен өңірлерде республикалық баспасөз
БАҚ-тың шетелдік тілшілер қосынының географиясын
кеңейту,
мамандандырылған интернет-редакцияларды
бөлу мақсатында мемлекеттік бұқаралық
ақпарат құралдарының штаттық кестесі
мен құрылымын қайта қарау.
мемлекеттік БАҚ сайттарының тартымдылығы
мен қол жетімділігін, ноутбуктар мен
смартфондардың, планшеттік компьютерлер
мен телевизорлардың (Интернетке шығуы),
автокөліктердегі мультимедиалық құрылғылардың
экрандарында тартымды жабдықталуының
тұжырымдамасын қайта қарау.
Дайын медиа-өнімдерді ілгерлету мәселесіне
ерекше назар аударылатын болады:
бірегей және қызықты контентпен алдын
ала құлақтандыру жетекші баспасөз және
электронды бұқаралық ақпарат құралдары
үшін міндетті практика болмақ,
жаңа материалдар туралы хабарландырулар
әлеуметтік желілер, тақырыптық қызығушылықтары
бойынша электронды пошталар, мобильдік
телефондар арқылы жедел жаңалықтар мен
маңызды жарияланымдар туралы хабарландырулар
жолдау сияқты әдістер қолданатын болады.
қазақстандық БАҚ-тың маңызды графикалық,
фото- және бейнематериалдары Интернет
жүйесінде белсенді түрде алға жылжымақ,
мемлекеттік БАҚ тоғыспалы технологияларды
қолданатын болады.
Ақпарат кеңістігін басқару халықтың
барлық санаттарын есепке алатын БАҚ аудиториясының
объективті өлшемдері нәтижелеріне негізделмек.
Көрермендер қажеттілігін талдау нәтижелері
бойынша телеарналардың эфирінен рейтингі
төмен бағдарламаларды алып тастау жұмыстары
жалғасын табуда. Көрермендер аудиториясын
барынша көтеруге жетекші шетелдік аналогтар
мысалы бойынша қайта бағдарламалау қызмет
етеді.
Мемлекет мемлекеттік БАҚ-ты басқарудың
жаңа тетіктерін белсенді түрде қолдана
бермек. Сондай-ақ, мемлекеттік БАҚ-қа
стратегиялық жоспарлау талаптарының
деңгейін арттыру мақсатында жұмыстар
жалғасады. Мемлекеттік телеарналар және
газеттердің басшыларымен келісімдер
нақты нәтижелерге негізделетін болады.
Атап айтсақ, олар: көрермендер аудиториясы
мен жарнама нарығын ұлғайту, таралымды
көбейту, сайттардың оқырмандарын арттыру
және т.с.с.
Туындаған қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес,
барлық мүдделі жақтар тартыла отырып,
БАҚ саласы бойынша заңнамалар жетілдірілетін
болады.
Бағдарламаның қолданылу барысында баспасөз
БАҚ өз маңыздылығын сақтап қалмақ, сондықтан
мемлекет тарапынан оларға қолдау көрсету
жұмыстары жүргізіледі. Балалар мен жасөспірімдер
аудиториясына бағытталған газеттер мен
журналдарды, сондай-ақ олардың тиісті
Интернет ресурстарын дамытуға ерекше
назар аударылатын болады.
Ақпараттың ұдайы өсу ағынында жаһандық
желіде контентті дербестендіру бірінші
кезектегі мәнге ие болады. Интернет жүйесінде
орналастырылатын материалдар жаңа медиа
форматқа бейімделмек. Жарияланымдарға
маңыздылықты арттыру БАҚ нұсқаларын
мобильдік байланыс құралдарына қолжетімді
етеді. Тұтастай алғанда, барлық негізгі
бұқаралық ақпарат құралдары Интернетке
көшіріліп, Интернет масс-медиа үшін бірегей
тұғырнамаға айналатын болады.
Отандық БАҚ-ты жаңғыртудың кадрлық негіздерін
тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін жаңа
мамандарды оқыту бойынша келесі жұмыстар
жүргізіледі:
жергілікті еңбек нарығындағы жағдайға
мониторинг, талдау және болжау жүргізу
жоғары оқу орындары мен еліміздегі жетекші
бұқаралық коммуникациялық құралдарының
бірлесіп жоспарлауының міндетті элементі
болады;
жоғары оқу орындарының медиа саладағы
мамандарды оқыту бойынша бағдарламалары
қазіргі заманның талаптарына сай жаңартылады.
Оларды көкейкесті етуіне бұқаралық ақпарат
құралдары саласының жетекші мамандары
тартылады,
еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының
негізінде инженер-техникалық кадрлер,
медиалық интернет-техологиялар және
баспасөз ісі саласының мамандарынан
басқа, тарбейінді мамандарды даярлау
ұйымдастырылады,
масс-медианың кәсіби мамандарын даярлауды
жүзеге асыратын ұлттық университеттердің
оқытушылары шет елдерде біліктілігін
арттырудан өтеді, тәжірибе алмасу олардың
ұдайы практикасына айналады,
«Болашақ» халықаралық білім беру стипендиясын
тағайындауға арналған басым бағыттағы
мамандықтар тізбесіне заманауи медиа-технологиялармен
жұмыс істей білетін кәсіби мамандар тапшылығын
қысқартуға мүмкіндік беретін мамандықтар
қосылатын болады,
журналистерді даярлайтын еліміздің негізгі
жоғарғы оқу орындарымен келісім-шарт
негізінде еліміздің жетекші телеарналары,
газеттері, ақпараттық агенттіктерінде
әрі қарай біліктілігін арттырудан өту
және жұмысқа орналасу үшін ұдайы негізде
мамандарды іріктеу көзделеді.
Ерекше назар мемлекеттік ақпараттық
саясатты жүзеге асыру саласында жұмыс
істейтін қызметкерлердің біліктілігін
арттыруға аударылатын болады:
ақпараттық саланы басқару саласының
мамандары, мемлекеттік телеарналар, газеттер,
ақпараттық агенттіктер қызметкерлері
үшін ұдайы негізде шет елдерде оқу және
біліктілік арттырудан өту ұйымдастырылатын
болады,
Астана және Алматы қалаларында масс-медиа
мамандарының біліктілігін арттыру жөніндегі
орталықтарды ашу мәселелері қарастырылады,
Астана қаласындағы телерадиокешеннің
мүмкіндіктері медиа-нарықтың инжинерлік-техникалық
және өзге де заманауи мамандарын практикалық
оқытуға барынша қолданылатын болады,
БАҚ саласындағы тәжірибе алмасу және
әріптестік орнату үшін алаң ретінде халықаралық
іс-шаралар, оның ішінде Қазақстанның
медиа-қауымдастығы өкілдерінің халықаралық
көрмелер, форумдар, конференциялар мен
сыйлықтарына белсенді қатысу басымдыққа
ие болуы тиіс.
Қазіргі заманғы ақпараттық әлемде аудиторияның
сенімі баспа және электронды БАҚ, Интернет-ресурстың
неғұрлым қажеттілік сапасы болып табылады.
Сондықтан, журналистік қақоғамдастықтың
өзін өзі реттеу мәселесі жөніндегі масс-медиа
саласындағы кәсіби мамандардың ұсыныстары
қолданатын болады. Мұндай жалпы мойындалған
құндылықтарды қорғау тетігі бір уақытта
мемлекеттің қоғамдастық пен бұқаралық
ақпарат құралдары арасындағы қатынасқа
араласу қажеттілігін төмендете отырып,
отандық БАҚ-ты күшейтуге мүмкіндік береді.
Халықаралық деңгейдегі мемлекет имиджін
нығайту және Қазақстан туралы ғаламдық
ақпаратты алға жылжыту үшін қазақстандық
телеарналардың шетелдік аудиторияны
қамтуы көмектесе алады:
Қазақстанның таяу көршілері тұрғындарына
қазақстандық мәдени-білім беру арналарына
қолжетімділік қамтамасыз етіледі,
Қазақстанның стратегиялық әріптестері
аумағында үш тілде хабар тарататын ақпараттық
және мәдени-білім беру телеарналарына
қолжетімділік ұйымдастырылатын болады.
Елді мекен ауқымында ақпараттық-коммуникациялық
желілерінің дамуымен, көлік құралдары
және қоғамдық орындарда қазақстандық
радио мен телеарналарға қолжетімділік
мүмкіндігі ұйымдастырылатын болады.
Бұқаралық ақпарат құралдарын техникалық
дамыту ақпаратты пайдалану және таратудың
бүкіләлемдік бағыттарына сәйкестендіріледі.
Ultra HDTV сияқты жоғары айқындығынан тұратын
телевизия, голографиялық немесе бейнені
үш өлшемді үлгімен беретін стереоскопиялық
ТВ (3D) су жаңа технологиялар енгізілмек.
Болашақта газеттер, журналдар, телевизиялық
бағдарламаларды тарату құрылымы БАҚ-тың
мазмұнын үй шаруашылығының ақпараттық
инфрақұрылымымен біріктіру мүмкіншілігімен
толықтырылады. Осы ретте аудиторияның
БАҚ материалдарын ақпаратқа қолжетімділік
орнынан бағалау мүмкіндігі қарастырылатын
болады.