Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 11:02, реферат
Канада, Корея, Малайзия, Сингапур, АҚШ сынды алдыңғы қатарлы мемлекеттердің көбінде жалпы қоғамда, сондай-ақ қызметтің жекелеген салаларында ақпараттық даму стратегиялары немесе кешендік бағдарламалар әзірленді және іске асырылуда.
Посткеңестік кеңістікте құрылған мемлекеттер де осы қатарда. Мәселен, ақпараттандыру саласындағы Ресей Федерациясының мемлекеттік ақпараттық саясаты мен Беларусь Республикасының мемлекеттік саясатының ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаты дамудың жаңа кезеңіне көші, яғни ақпараттық қоғамды құру және әлемдік ақпараттық қауымдастыққа ену болып табылады.
1.3 «Электрондық үкіметті» дамыту
Ағымдағы жағдайды
қысқаша талдау
2008 жылдан бастап мерзімде Қазақстанның
«электрондық үкіметі» БҰҰ рейтингісінде
43 позицияға көтерілді. 2012 жылғы наурыздың
басында жарияланған «Электрондық үкімет
адамдар үшін» БҰҰ Е-Government Survey-2012 рейтінгінде
38-орынды алды. Онлайн-қызметтерінің индексі
10 позицияға өсті. Е-қатысу индексі бойынша
Қазақстан Сингапурмен бірге әлемде 2-орынды
бөлісті.
Азаматтар мен ұйымдарға ақпаратты және
қызметтерді беру міндеттерінің шешімінде
базалық құрауыштар ойдағыдай іске асырылды
және «электрондық үкімет» инфрақұрылымы
құрылды, осындай жобалар ретінде: электрондық
лицензияларды беру, ХҚКО, салықтар мен
айыппұлдардың электрондық төлемі, электрондық
нотариат, электрондық кеден, электрондық
мемлекеттік қызметтер, «электрондық
үкімет» Call-орталығы бар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиімділігін
арттыру мақсатында осындай электрондық
құжат айналымы, электрондық мемлекеттік
сатып алу, мемлекеттік органдардың порталдары
жобалары іске асырылды, Қазақстанның
барлық емдеу мекемелерін және медицинаны
басқарудың барлық жүйелерін қамтитын
е-денсаулық сақтау жобасы енгізілуде.
«Е-Қаржымині» және «Е-Статистика» жобаларын
іске асыру аяқталуда.
«Электрондық үкімет» инфрақұрылымы арқылы
мемлекеттік органдармен халыққа және
бизнеске 236 интерактивтік және транзакциялық
қызметтер беріледі, оның 108 «электрондық
лицензиялау» порталында және 128 «электрондық
үкімет» порталында ұсынылады.
«Электрондық үкімет» порталын күн сайын
25 000 аса азаматтар пайдаланады. 13.3 млн.
аса е-анықтамалар, оның ішінде 2012 жылғы
1 жарты жылдықта 4 млн. аса е-анықтамалар
берілді.
2011 жылы 15% әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік
қызметтер электрондық форматқа көшірілді.
2013 жылда әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік
қызметтерді 100% автоматтандыру жоспарланған.
Электрондық мемлекеттік қызметтерді
алу үшін халыққа және бизнеске
1 млн. аса электрондық цифрлық қолтаңбалар
берілді.
«Е-лицензиялау» ақпаратық жүйесі барлық
лицензиарлар мемлекеттік органдарда,
79 аумақтық лицензиарларларда, 16 жергілікті
атқарушы органдардан 8-не енгізілді.
2012 жылғы сәуірдің 1-нен бастап орталық
мемлекеттік органдардың барлық лицензиялары
электрондық нысанда қалыптастырылуда,
2012 жылғы
9 айда 13 мыңнан аса электрондық лицензиялар
қалыптастырылды.
92 лицензияларды оңтайландыру, 80 рұқсат
беру құжаттарын автоматтандыру және
оңтайландыру жөніндегі жоспарлар бекітілді.
13 сала үшін өнімділіктің, қызметтің қосымшалар
деректерінің, технологиялар мен стандарттардың
эталондық моделдері құрылды, сондай-ақ
оларды толтыру және бұдан былай сүйемелдеу
үшін әдістемелер әзірленді.
5 жылға дейін сақтау мерзімімен құжаттарды
қағаз тасығыштағы құжаттарды қайталаусыз
орталық мемлекеттік органдарды электрондық
құжат айналымына көшіру қамтамасыз етілді.
Электрондық әкімдіктерді дамытудың аясында
20 мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру
мүмкіндігімен «е-әкімдік» өңірлік шлюзі»
жобасы іске асырылды.
Міндет: «электрондық
үкіметті» мемлекеттің ақпараттандыру
құралы ретінде дамыту.
Нысаналы индикаторлар:
М1:500 нақтылықпен қалалар
мен кеншарларда: 2018 жылы – 100%;
М1:2000 нақтылықпен басқа да елді мекендерде:
2020 жылы – 100%;
М1:10000 нақтылықпен өңделетін жерлерде:
2018 жылы – 100%;
М1:25000 нақтылықпен өңделмеген жерлерде:
2020 жылы – 100%.
Қол жеткізу жолдары
Заманауи қолжетімді телекоммуникациялық
желі және Қазақстанның «электрондық
үкіметі» ақпараттық қоғамын құрудың
инфрақұрылымы болады. «Электрондық үкіметті»
дамытудың жаңа маңызды бағыттарының
қатарында келесі міндеттер шешілетін
болады.
Нақты нәтижелердің қысқаша итерация
және жылдам жетістігіне бағытталған,
модульдік қатынасты енгізудің жағына
АКТ-жобаларының өмірлік циклы қайта қаралатын
болады.
Үлкен емес АТ-компанияларда АКТ-жобаларына
қатысу үшін «кіру табалдырығын» жою мақсатымен
іс-шаралар өткізілетін болады.
Мемлекеттік басқару реоформаларының
барлық түрлерін негізгі келісілген құрал
болатын мемлекеттік органдардың Бірыңғай
ақпараттық-талдамалық ортасы әзірленетін
болады.
Мемлекеттің барлық әлеуметтік маңызды
инфрақұрылымын (инженерлік желілер, тұрғын
үй қоры, жолдар және т.б.) тексеру және
паспорттандыру орындалатын болады, жаңа
мемлекеттік деректер қоры құрылатын
болады.
Мемлекеттік деректер қорын тіркеу объектілерімен
ықпалдастырылған замаманауи, сапалы
және толық гео-ақпараттық материалға
қолжетімділікті мемлекеттік органдарға
беретін бірыңғай ұлттық гео-ақпараттық
орта құрылатын болады.
Мемлекеттік деректер қоры, мұрағаттар
және ведомстволық ақпараттық жүйелер
үшін тарихи мәліметтердің электрондық
түріне жинаудың және ауыстырудың міндеті
мемлекеттік деңгейде жүйелі шешілетін
болады.
Мемлекеттік және жергілікті атқарушы
органдардың қызмет үдерістерін талдау
негізінде үлгілік ақпараттық жүйелердің
тізбесі анықталатын болады.Үлгілік ақпараттық
жүйелер «бұлыңғыр сервистер» түрінде
ақпараттандырудың жаңа моделінің аясында
мемлекеттік және жергілікті атқарушы
органдарға енгізілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді беру және оларды
автоматтандыру жөніндегі бизнес-үрдістерді
қысқарту және жеңілдету үрдісі жалғасатын
болады.
Жергілікті атқарушы органдардың функциялары
автоматтандырылатын болады.
Әкімшілік құжаттарды нөмірлендіру және
кодтаудың бірыңғай жүйесі қарастырылады.
Мобильдік құрылығылар арқылы азаматтарға
және бизнеске мемлекеттік қызметтердің
нәтижелерін жедел ұсыну үшін арналған
«электрондық үкіметтің» бағыттарының
бірі - «мобильдік үкімет» қарқынды дамитын
болады.
Мемлекеттік органдардың арасында олардың
жұмыстарының регламенттерін жетілдіру
және Электрондық құжат айналымының бірыңғай
жүйесін (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) енгізу жолымен
құжат айналымын айтарлықтай қысқарту
жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. ЭҚАБЖ
жүйесі «бұлыңғыр сервистер» және мобильдік
құрылғыларда жұмыс жасау жағына дамитын
болады.
Коммерциялық және мемлекеттік жүйелер
мен сервистерді ықпалдастыру жөніндегі
шаралар қабылданатын болады.
Лицензиялық және еркін бағдарламалық
қамтамасыз етуді пайдаланудың мәселелері
регламенттелетін болады.
«Электрондық үкімет» Call-орталығы базасында
мемлекеттік қызметтерді көрсету, оның
ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің
сапасына шағымдарды қабылдау және мемлекеттік
қызметтердің мәртебелері мен даярлығы
туралы хабарлау мәселелері бойынша Бірыңғай
Call-орталығы құрылатын болады.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтерді
көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік
органдармен және ұйымдармен заңды және
жеке тұлғалардың ресми ақпараттық өзара
іс-қимылы, дербес деректерді пайдалану
үшін арналған Азаматтың бірыңғай жеке
кабинеті құрылады және енгізілетін болады,
ол сондай-ақ мемлекеттік органдармен
азаматтардың өзара іс-қимылының бірыңғай
нүктесі болады.
Қоғамда электронды-сандық қол (бұдан
әрі - ЭСҚ) кеңінен пайдалануға бағытталған
жаңа үлгідегі жеке куәліктерге электрондық-цифрлық
қолтаңбаларды жазудың инфрақұрылымын
дамыту жөніндегі жұмыстар жүргізілетін
болады.
Электрондық қызметтерге қоғамдық қолжетімділік
пункттерінің саны нақты артылатын болады,
сонымен қатар қолданыстағы пункттердің
құрал-жабдықтары жаңартылады.
1.4 Мемлекеттік
органдарды ақпараттандырудың
Ағымдағы жағдайды
қысқаша талдау
Мемлекеттік органдарда ақпараттық технологияларды
қолданудың тиімділігін арттыру механизмінің
бірі «бұлыңғыр есептеу», АКТ-аутсорсингі
және тапсырыстарды шоғырландыруды пайдалануға
көшуге негізделген ақпараттандырудың
жаңа моделін енгізу болып табылады.
Қазіргі уақытта әлемдік тәжірибеде деректерді
өңдеу орталықтарының базасында серверлерді
виртуалдау және «бұлыңғыр есептеу» моделдерінің
технологиялары кеңінен қолданылады.
Осы технологияларды енгізудің нәтижелері
бюджеттік қаражатты шоғырландыру және
үнемдеу, мемлекеттік органдардың бизнес
үдерістерінің тиімділігі болып табылады.
Бүгінгі күні Қазақстанда мемлекеттік
секторда серверлерді «виртуализациялау»
және «бұлыңғыр есептеу» технологияларын
енгізу басталды.
2010 жылы Мемлекетттік органдардың серверлік
орталығы пайдалануға ісуе қосылған болатын,
оның базасында 2011 жылдан бастап есептеу
ресурстарын орталықтандырылған беру
үшін виртуалдау технологиясын қолданумен
шоғырландырылған есептеу алаңы көбейтумен
collocation (серверлік құрал-жабдықтар үшін
бағана-орынды жалға алу) қызметтері беріледі.
«Бұлыңғыр» есептеу базасында «Қазақстан
Республикасы мемлекетттік органдарының
бірыңғай пошталық жүйесі» жобасын іске
асыру және Павлодар қаласындағы Деректерді
өңдеу орталығын құру басталды.
Міндет: мемлекетттік
органдарда ақпараттық технологияларды
қолданудың шығындарын оңтайландыру.
Нысаналы индикаторлар:
Қол жеткізу жолдары
Мемлекеттік органдардың АКТ-инфрақұрылымын
қалыптастыру және басқару ақпараттандырудың
жаңа моделін құру және енгізу арқылы
АКТ-сервистеріне тапсырыс беру және тұтынуға
АКТ-өнімдерін сатып алудан жоспарланған
кезең-кезеңімен ауысу жүзеге асатын болады.
АКТ-аутсорсингіне берілетін тауарлар,
жұмыстар және қызметтердің тізбесі анықталатын
болады.
Мемлекеттік органдардың АКТ-тапсырысын
шоғырландыру механизмі қалыптасатын
болады.
Мемлекеттік органдардың бірыңғай бұлыңғыр
платформасын (бұдан әрі - G-Cloud) қолдануға
негізделген Қазақстан Республикасы мемлекеттік
органдарын ақпараттандырудың аутсорсингтік
моделі іске асырылады.
G-Cloud инфрақұрылымын дамытуға және G-Cloud-та
мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін
көшіруге жауапты, ақпараттандыру саласындағы
оператор анықталатын болады.
Мемлекеттік органдарда ақпараттық жүйелер
мен серверлік құрал-жабдықтардың ревизиясын
жүргізетін және оларды жоюдың және/немесе
G-Cloud-қа ауыстырылуы тіртібін анықтайтын
болады.
АКТ-инфрақұрылымын қалыптастыру және
басқару жөніндегі қосалқы функцияларды
олармен өзіне тән емес қысқартатын мемлекеттік
органдармен жалға алу жалпы сервистерін
G-Cloud жинақтау жүргізілетін болады.
G-Cloud инфрақұрылымына жауапты, ақпараттандыру
саласындағы оператор, оператордың жұмысы
үшін қажетті байланыс арналарына, қауіпсіздікке
және басқадай бағыттарға жауап беретін
даму жоспарын үйлестіру мен шоғырландырады
және органдардың жұмысын біріктіреді.
Ақпараттандырудың жаңа моделдерінің
бастамаларын қамтамасыз ету үшін АКТ-жобаларының
қатынасында бюджеттендіру және мемлекеттік
сатып алу үрдістерінде өзгерістер жүргізілетін
болады.
1.5 АКТ құқық
тәртібін, қоғамдық қауіпсіздікті,
техногенді апаттар мен дүлей
апаттардың тәуекелдерінің
Қоғамдық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету саласындағы басты
міндет табиғи және антропогендік сипаттағы
шұғыл жағдайлар мен дүлей
күштерде Қазақстан Республикасының
әрбір азаматы өмірінің қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі қажетті
шараларды ескертудің, алдын алудың
және қабылдаудың жылдам өзара іс-қимылына
құқық тәртібі органдары мен
шұғыл қызметтердің жоғарғы даярлығы
болып табылады.
Құқық тәртібі органдары мен шұғыл қызметтердің
өзара іс-қимылы бірінші кезекте халықтың
өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті төндіретін
жағдайлар кезінде олардың барлық құрылымдарының
ақпарат алмасуын және ұйымдасқан жұмысын
өзіне қосады. Осындай жағдайларда, жедел
деректерді алмасуға және болатын қауіп
қатерлер туралы халықты уақытылы хабардар
ету мен құлақтандыру үшін құрал ретінде
іске кірісуге мүмкіндік беретін АКТ маңызды
рөлін атап өту қажет.
Ағымдағы жағдайды
қысқаша талдау
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың
саны (бұдан әрі - ТЖ) 2012 жылғы 8 айда 10328
жағдайларды құрайды (ТЖ жалпы санынан 81,7 % ), оның ішінде 94,4% (9751) тұрмыстық
және өндірістік өрттер. 2011 жылғы ұқсас
мерзіммен салыстырғанда техногендік
төтенше жағдайлардың саны 1127 жағдайға
немесе 12,2% артты. Зардап
шеккендердің саны 1413 адамды құрады
(2011 жылғы ұқсас мерзіммен 13,1% көп).
Құқық тәртібіндегі
органдармен қоғамдық тәртіпті қорғау
және көшелерде және қоғамдық орындарда
азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз
ету механизмдерін жетілдіру жөніндегі
қажетті шаралар қолданылуда.
Қылмысты жедел елеу мақсатында нақты
нарядтың орналасқан жерін қадағалау
ауданының картасында нақты уақыт режимінде
және жақын арадағы полиция нарядына оқиға
болған жерге жөнелтуге мүмкіндік беретін
«GPS» навигацииясы жүйесі парулдік машиналарда
енгізілді және жұмыс жасайды, осы жүйемен
жаяу жүретін патрулдік нарядтарды жабдықтау
мәселесі пысықталуда.
Қазіргі уақытта барлық өңірлерде жедел
басқару орталығы (бұдан әрі - ЖБО) жұмыс
істейді, ол қылмысқа әрекет етудің жеделдігін
артыруға, сондай-ақ облыстық орталықтардың
көбіне криминогендік аудандарын бейне
бақылаумен қамтуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Ситуациялық Орталығы пайдалануға енгізілді,
ол бірыңғай жүйеге облыстың жедел басқару
орталығын біріктіреді, өңірлерде жедел
жағдайларды бақылауға және олармен селекторлық
бейне байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік
береді.
Бүгін жалпы ел бойынша 606 – қалалық және
аудандық ішкі істер бөлімдері және 153
– тікелей учаскелік пукттеріне ЖБО қосылған
1300 аса бейнебақылау құрылғылары пайдаланылады.
Олардың көмегімен 570 қылмыстар ашылды
және 110 мыңнан аса құқық бұзушылықтар
анықталды.
Міндет: АКТ кеңінен
енгізу жолымен құқықтық тәртіп және шұғыл
қызметтер органдарының қоғамдық қауіпсіздігі
және жұмыстарының тиімділігі деңгейін
арттыру.
Нысаналы индикаторлар:
Қол жеткізу жолдары
АКТ енгізу жолымен құқық тәртібі және
шұғыл қызметтер органдары жұмыстарының
қоғамдық қауіпсіздігі және тиімділігі
деңгейі бойынша міндетттерді іске асыру
келесі шараларды қабылдау жолымен шешілетін
болады:
орындалатын жұмыстардың тиімділігін
және сапасын арттыру үшін шұғыл қызметтердің
операциялық және өндірістік қызметі
автоматтандырылатын болады;
оқиғалар туралы, оның ішінде геоақпараттық
жүйелерді пайдаланумен оқиға болған
орындар туралы деректерді берумен шұғыл
қызметке хабарлау бойынша міндеттерді
орындау үшін Қазақстан Республикасының
ТЖМ әрекет етудің 112бірыңғай кезекшілік
диспетчерлік қызметі құрылатын болады;
әрбір қалада күмән келтіретін тұлғаларды,
оқиғаларды, жол-көлік және өзге де оқиғаларды
анықтау мәніне азаматтар көп жиналатын
көшелер және орындарға тұрақты мониторинг
үшін бейне бақылау орталығы құрылатын
болады;
АКТ қызметтінің ісінде қолданатынды
зерделеуге акцентімен шұғыл қызметтер
жұмыскерлерінің компьютерлік сауаттылық
деңгейін арттыру курсынан өтетін болады;
мобильдік құрылғыны қосқанда барлық
байланыс құралдары арқылы уақытылы хабарлау
үшін ТЖ ескерту мен жоюды қамтамасыз
ететін жүйе дамытылатын болады.
2. Ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымның
Негізгі міндеттер
2.1 Қазақстан Республикасы үй шаруашылықтарындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігі
Бүгінде ақпараттық-
Ағымдағы жағдайды
қысқаша талдау
2012 жылдың бірінші жартысында Қазақстан
Республикасында тұтынушылық сұраныстың
өсуі экономиканың өсуіне оң ықпал жасады,
мұны көтерме және бөлшек сауданың 14,3%-ға,
көлік қызметінің 7,2%-ға, байланыс қызметінің
12,8%-ға өсуінен көруімізге болады.
Телекоммуникация қызметтерінің дамуы
келесі индикаторлармен сипатталады: