Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 11:02, реферат
Канада, Корея, Малайзия, Сингапур, АҚШ сынды алдыңғы қатарлы мемлекеттердің көбінде жалпы қоғамда, сондай-ақ қызметтің жекелеген салаларында ақпараттық даму стратегиялары немесе кешендік бағдарламалар әзірленді және іске асырылуда.
Посткеңестік кеңістікте құрылған мемлекеттер де осы қатарда. Мәселен, ақпараттандыру саласындағы Ресей Федерациясының мемлекеттік ақпараттық саясаты мен Беларусь Республикасының мемлекеттік саясатының ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаты дамудың жаңа кезеңіне көші, яғни ақпараттық қоғамды құру және әлемдік ақпараттық қауымдастыққа ену болып табылады.
Қазақстанда ұялы байланыс
қызметтерінің тұрғындар
Сондай-ақ, 2011-2012 жылдары Интернет және
ұялы байланыс қызметтеріне тарифтерді
төмендету бойынша іс-шаралар жүргізілді.
Ұялы байланыс операторларының желі ішінде
қоңырау шалуға жұмсалатын ең төменгі
құны 30%-ға, мобильді интернетке ең жоғарғы
тариф 50%-ға дейін төмендеді.
Интернет желісіне тіркелген кең жолақты
қолжетімділік тарифтері бойынша жарияланған
IT 2012 әлемдік есебіне сәйкес Қазақстан
әлемде 13-орынды иеленді (2009 жылғы қорытындылар
бойынша 19-орын).
Міндет: Қазақстан
Республикасы үй шаруашылықтары ақпараттық
инфрақұрылымының қолжетімділігі
Нысаналы индикаторлар:
Қол жеткізу жолдары
Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті
дамыту келесі бағыттар бойынша қамтамасыз
етіледі:
1) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды
жаңғырту және дамыту;
2) Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі
«цифрлық теңсіздікті» қысқарту (ірі қалалар,
моноқалалар, ауылдар).
Интернет желісіне КЖҚ қызметтерін дамыту
мақсатымен қолданушыларға жоғары жылдамдықпен
үлкен көлемді мәліметтерді жіберуге
және қабылдауға мүмкіндік беретін жаңа
технологиялар қолдану қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, қолданушыларды Интернет желісіне
КЖҚ мақсатында Министрлік байланыс операторлармен
бірлесіп 4G еңгізу және FTTH, CDMA 450/EVDO, 3G технологияларды
әрі қарай дамыту туралы іс-шаралар жүзеге
асырылуда.
2013 жылы CDMA 450/EVDO технологиялары бойынша
Интернет желісіне КЖҚ қызметтерімен
тұрғындар саны 50 және одан да көп елді-мекендердің
тұрғындары қамтамасыз етіледі.
FTTH технологиясы бойынша Интернет желісіне
КЖҚ барлық қалалар мен облыс орталықтарында
2015 жылға дейін аяқталады.
3G үшінші буынның мобильді байланысымен
2013 жылдың басында тұрғындар саны 50 мың
және одан да көп адамды құрайтын елді-мекендердің
тұрғындарын, ал 2015 жылдың басына дейін
тұрғындар саны 10 мың және одан да көп
адамды құрайтын аудан орталықтары мен
елді-мекендердің тұрғындарын қамтамасыз
ету жоспарланады.
2013 жылдың басына 4G төртінші буын стандарты
Астана, Алматы қалаларында, 2014 жылыдың
басына – республиканың барлық облыстық
орталықтарында, 2015 жылдың басында - тұрғындар
саны 50 мың және одан да көп адамды құрайтын
барлық елді-мекендерде, ал 2018 жылдың басында
– Қазақстан Республикасының бүткіл райондық
орталықтарында енгізіледі.
Ұялы байланыс қызметтері тарифтерінің
қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін
(сондай-ақ, мобильді Интернет) ұялы байланыстың
басым операторларының трафигіне қосылу
және оларды жіберу қызметтерінің тарифтерін
төмендету іске асырылады (жыл сайын 2015
жылға дейін 10% төмен емес).
Қазақстанның барлық аумағында халықтың
95% эфирлік хабарларды таратумен және
100% спутниктік хабарларды таратумен қамтуды
қамтамасыз ететін эфирлік цифрлық желі
құрылады.
2.2 АКТ-нарықты ынталандыру
АКТсаласы әлемдік экономиканы
дамытудың қозғаушы күші болып табылады.
Ақпарат дәуірінде АКТ және ақпараттық
инфрақұрылым жаңа бизнес-үлгілерді, тауарлар
мен қызметтерді, жаңа ашылулар мен
өнертабыстарды дайындауға ықпал жасайды,
жалпы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін
арттыра отыра бизнес-
АКТ-ны кеңінен қолдану, ең алдымен жыл
санап артып келе жатқан аталған саладағы
инновацияларды дамытудың өсіңкілік трендімен
байланысты. Бүгінде Интернет, бұлыңғыр
есептеулер, мобильді және мультимедиалық
технологиялар, RFID, NFC, роботтар, виртуалды
шындық және басқалары «ақылды» экономикасы
бар елдердің міндетті атрибутына айналып
отыр.
Қазақстан Республикасының ірі бәсекеге
қабілетті мемлекеттердің қатарына кіруге
қатысты кеудемсоқ мақсаттары елде білімге
негізделген жаңа экономиканы қалыптастыру
бойынша үлкен күш жұмсауды талап етеді,
қазіргі таңда бұл тек АКТ-ны дамыту және
енгізу арқылы мүмкін.
Ағымдағы жағдайды
қысқаша талдау
Дүниежүзі банкінің мәліметтері бойынша,
әлемде АКТ нарығының жалпы көлемі 2011
жылы 3 280 миллиард АҚШ доллорын құрады
және жыл сайын 4%-ға артуда. Қазақстанда
аталған көрсеткіш 2011 жылы 840 миллиард
теңгені құрады, яғни Қазақстанның ЖІӨ-ның
3,02 %.
IDC бағалауы бойынша, барлық ІТ-нарықтың
көлемі 2011 жылы 207 миллиард теңгені құрады.
2010 жылмен салыстырғанда өсім - 19,2%. Осы
ретте нарықтың 88,6%-ы жабдықтарға, 5,2%-ы
БҚ-ға, 6,2%-ы ІТ-қыметтерге тиесілі. Бағдарламалық
қамтамасыз ету және ІТ-қызметтер нарығының
төмен көрсеткіштері ең алдымен АКТ саласындағы
кәсіпорындарда инновациялық қызметтердің
дамымағандығын көрсетеді. Бұл, ең алдымен,
ғғылыми-зерттеу қызметі қауіп-қатерінің
жоғары болуы мен елдегі АКТ компаниялар,
ЖОО-лар, АКТ саласындағы ғылыми-зерттеу
ұйымдарының инновациялық әлеуетінің
әлсіздігіне байланысты.
Сонымен қатар, аталған саладағы негізгі
проблемалар АКТ құралдарының отандық
өндірісі деңгейінің төмендігі және оның
импортқа тәуелділігі, сондай-ақ, ІТ-білім
берудің халықаралық стандарттары мен
жаңа білім беру технологияларының трансферті
мақсатында отандық ЖОО-лардың шетелдік
университеттермен ынтымақтастығын дамытудың
төмен деңгейі.
Міндеті: Ақпараттық-коммуникациялық
және инновациялық инфрақұрылым мен ғылыми-зерттеу
қызметін дамыту арқылы бәсекеге қабілетті
отандық АКТ нарығын құру.
Нысаналы индикаторлар:
Қол жеткізу жолдары
Қазақстанның АКТ нарығын дамытудың мемлекеттік
саясаты келесі шараларды қолдана отыра
отандық АКТ кәсіпорындарды қолдау мен
АКТ саласындағы инновациялық және ғылыми-зерттеу
қызметін ынталандыруға бағытталады:
өңірлік АТ- және технопарктермен инновациялық
зерттеу орталығы ретінде «Инновациялық
технологиялар паркі» АЭА аумағында АКТ-кластерін
құру;
бизнес инкубациялау механизмі бар шағын
инновациялық және стартап компанияларды
егістік және венчурлік қаржыландыру
құралдарын дамыту;
өзекті бағыттар бойынша салалық кәсіпорындарға
арналған инновациялық шешімдерді әзірлеу
үшін қажетті инфрақұрылымы бар ортақ
пайдаланудағы ғылыми-зерттеу орталықтары
мен зертханаларды құру: роботты құру,
мобильду технологиялар, бұлыңғыр және
Grid есептеулер, жасанды зияткерлік, жоғары
өнімді есептеу жүйелері, ақпаратты қорғау
және оның қауіпсіздігі, мультимедиа технологиялары
және басқалары;
АКТ қызметтерді коммерцияландыру орталықтарын
құру;
ноу-хау технологиялық және зияткерлік
трансфертін қамтамасыз ету мақсатында
білімнің ғаламдық банкін па йдалану үшін
шетелдік зерттеу және көп ұлтты корпорациялармен
ынтымақтастық жасау;
өндірістік кәсіпорындардың технологиялық
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
білім ордалары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарын
қолданбалы зерттеу қызметіне белменді
түрде тарту арқылы ғылым – білім – индустрияның
тығыз ынтымақтастығын орнату;
меншікті әзірлемелерін ілгерілету бойынша
университеттер мен ғылыми-зерттеу ұйымдарында
маркетингтік және коммерциялық қызмет
машықтарын дамыту;
АКТ саласындағы отандық кәсіпорындарды
әлемдік нарыққа шығаруға ықпалдастық
жасау;
еркін әрі ашық бағдарламалық қамтамасыз
етуді кеңінен қолдана отыра бағдарламалық
қамтамасыз ету мен АТ-қызметтер нарығын
дамыту.
Акцияларының елу және одан көп акциялары
(қатысу үлесі) тікелей немесе жанама түрде
ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг,
ұлттық компанияларға жататын мемлекеттік
органдар, жер қойнауын пайдаланушылар,
концессионерлер, жүйелерді қалыптастырушы
ұйымдар, ұлттық басқарушы холдингтер,
ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар
мен ұйымдардың тауарлар, жұмыстар және
қызметтерді сатып алу кезінде тұрақты
негізде АКТ саласындағы жергілікті қамтуды
дамытуды мониторингілеу және талдауды
жүргізу.
Нарықты білікті АКТ мамандармен қамтамасыз
ету үшін білім бағдарламаларын АКТ саласындағы
мамандарды даярлаудың әлемдік стандарттарына
сәйкес жетілдіру жоспарланады.
3. Қоғамды әлеуметтік-
Негізгі міндеттері
3.1 Адами капиталды дамыту
3.1.1 АКТ саласындағы
мамандардың компьютерлік
Бүгінгі таңда АКТ-ны енгізу
көп жағдайда ғылым, білім, экономикалық
және әлеуметтік саланы дамытуды анықтайды,
еңбек өнімділігі, өндірілетін тауарлар,
қызметтердің сапасын, мемлекеттік
билік органдарының жұмысының тиімділігін
және олардың қоғаммен өзара әрекеттестігін
арттыруға ықпалдастық жасайды.
Алайда, жоғары білім деңгейінсіз, жұмысында
бағдарламалық қамтамасыз етуді, ресурстарды,
жаңа технологияларды пайдаланатын
қандай да бір саланың қызметкерлері
енгізілетін АКТ-ны дұрыс әрі
тиімді пайдалануға, және сәйкесінше олармен
ұсынылатын қызметтер мен орындалатын
функцияларының сапасын арттыруға
мүмкіндік бермейді. Сондықтан, ақпараттық
қоғамды құру кезіндегі негізгі
мәселе халықтың жалпы компьютерлік
сауаттылығын арттырумен қатар экономиканың
барлық салаларындағы қызметкерлердің,
мемлекеттік және азаматтық қызмеркерлердің,
шағын және орта бизнес өкілдерінің
профильді бағыттар бойынша компьютерлік
сауаттылық деңгейін арттыру болады.
Ағымдағы жағдайды
қысқаша талдау
2006 жылы Ақпараттық теңсіздікті төмендету
жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарлама қабылданды. Көрсетілген бағдарлама,
сондай-ақ АКТ таралуының жоғары деңгейі
және Интернеттің экономика, мемлекеттік
басқару, азаматтардың күнделікті өмірі
мен кәсіби қызметіне енуі өз нәтижесін
берді және компьютерлік сауаттылық деңгейі
2008 жылғы деректер бойынша 18,7 %, ал 2011 жылғы
деректер бойынша 47,4 % дейін өсті. Алайда,
тар мамандандырылған компьютерлік сауаттылыққа
қатысты проблема орын алып отыр, дәрігерлер
медицинада қолданылатын технологияларды
жеткілікті деңгейде білмейді және біліктілікті
арттырусыз телемедицинаға көше алмайды,
көптеген оқытушылар электрондық оқыту
жүйесін пайдалануды бастау үшін арнайы
дайындықты қажет етеді және т.с.с.
АТ-мамандарды даярлаудың кері факторлары
даму деңгейі төмен АКТ әдістеме, оларды
даярлауға арналған білім беру мазмұнын
іріктеу қағидаттары. Халықаралық стандарттарға
сай келетін кәсіби стандарттарды әзірлеу
және бейімдеу, заманауи АТ-мамандарға
қойылатын біліктілік талаптарын жетілдіру
жүйелері жеткілікті деңгейде дамымаған,
бұл мамандарды даярлау мазмұнының индустрияның
қажеттіліктеріне адекваттылығына қол
жеткізуге мүмкіндік бермейді.
Қызмет етудің қашықтықты нысандарын
дамыту үшін 2012 жылы еңбек заңнамасына
қызметтің қашықтықты нысанын заңнамалық
бекіту бөлігінде түзетулер енгізілді.
Алайда, жұмыстың аталған нысанын кеңінен
қолдану үшін нақты жағдай жасалған жоқ,
дегенмен де қашықтықты жұмысбастылық
көптеген көрсеткіштерге әсер етеді, мысалы,
жол кептелістерінің азаюы, экологияға
келтірілетін зиянды төмендету, мәселенің
әлеуметтік тұсы (мысалы, мүгедектер немесе
кішкентай балалары бар әйелдердің жұмыс
істеуі), халықтың әл-ауқатын арттыру және
т.с.с.
Міндеті: Қазақстанда
ақпараттық қоғамды дамытуды қалыптастырудың
ғаламдық факторы ретінде адами капиталды
дамыту жағдайларын жасау.
Нысаналы индикаторлар:
Қол жеткізу жолдары
Қазақстанда ақпараттық қоғамды дамытуды
қалыптастырудың ғаламдық факторы ретінде
адами капиталды дамыту үшін аталған бағдарламаның
шеңберінде мынадай шаралар іске асырылады:
қандай да бір саладағы қызметкерлердің
компьютерлік сауаттылығын оның жұмысында
қолданылатын АКТ біліктілігінің қажетті
дейгейіне дейін арттыру үшін біліктілікті
арттырудың мамандандырылған курстары
ашылады;
қашықтықты қолжетімділікті дамыту шеңберінде
мынадай шараларды іске асыру жоспарланады:
қашықтықта қолжетімділік нарығын дамыту
бағдарламаларын іске асыру;
қашықтықты қолжетімділік жүйелерін енгізетін
және шалғайдан еңбек ету мүмкіндігін
беретін жұмыс берушілерді ынталандыру;
халықтың және бизнестің ақпараттық қоғам
мүмкіндіктеріне дайындығын арттыру мақсатында
мынадай шаралар іске асырылады:
компьютерлік сауаттылықтың негізгі машықтары
мен шағын және орта бизнес кәсіпкерлері
(өз бетінше жұмысбасты), жұмыссыз және/немесе
ішінара жұмыс істейтін жастар, сонымен
қатар қарттар мен әлеуметтік-қорғалмаған
сатысындағы өзге де санатқа жататын адамдарды
үшін электрондық формада мемлекеттік
қызметтерді пайдалану бойынша курс өткізіледі;
АКТ саласындағы мамандардың деңгейін
және жаңа технологиялардың жоғары өсуін
ескере отыра, олардың біліктілігін арттыру
үшін мынадай жағдайлар жасалады:
АКТ мамандықтар бойынша біліктіліктің
салалық шеңберін әзірлеу;
АКТ мамандықтар бойынша кәсіби стандарттарды
құру;
АКТ саласындағы кәсіптік стандарттарға
сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеу.
3.1.2 АКТ білім және ғылым саласында
Заманауи АКТ дамуы
білім беруді дамытудың қарқыны
мее бағытын анықтайды: әдістемелер
вариабельді, ғимараттар өндірістік тәжірибеге
жақын болуы керек, және әдістемелік,
өндірістік ретіндегә өзінің біліктілігінен
асып түсуі тиіс. Теріс жағдайда
АКТ-ның адами капиталды
Болашақ білім – бұл аралас білім, яғни
оқу процессіне күндізгі және желілік
бағына енгіділуінің түрлі деңгейінен
тұратын күндізгі және желілік бағдарламалардың
симбиозы. Қазіргі таңда аралас оқыту
тәжірибеден өткізілуде (дәстүрлі және
электрондық оқыту). Халықаралық зерттеулерге
сәйкес (Watson, John, 2008) болашақта аралас оқу
формасы орта білім беру саласында басымдыққа
ие болмақ.
Білім беру саласында АКТ дамытудың барлық
жаңа үрдістерін ескеру және оларды білім
беру процессінде пайдалану елдегі білім
беру деңгейін жаңа деңгейге шығаруға
көмек береді.
Ағымдағы жағдайды
қысқаша талдау
Орта білім саласына АКТ мүмкіндіктерін
ғаламдық енгізу мақсатында 2011 жылы мектептер
мен техникалық және кәсіби білім беруге
(бұдан әрі – ТжКБ) электрондық оқудың
ақпараттық жүйесін (e-Learning) енгізу жобасы
басталды. Алайда, аталған жоба цифрлық
білім беру контентін стандарттау, білім
ордаларын тегін немесе жеңілдікті КЖҚ
қамтамасыз ету, оқушылар мен оқытушыларды
жеңілдікті Интернетпен қамтамасыз ету
тәрізді бірқатар ілеспелі тапсырмаларды
шешуді талап етеді.
Міндеті: АКТ
енгізу арқылы Қазақстанның білім беру
және ғылым салаларының бәсекеге қабілеттілігін
қамтамсыз ету.
Нысаналы индикаторлар: