Нарық құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 16:15, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі: Еліміздегі үрдіс пен нарықтық қатынастар жүйесі жылдан жылға дамып келеді.Әкімшілдік-әміршілдік жүиенің ұзақ жылдарға созылған үстемдігінен кейін нарық механизімін түсіну кімге де болса оңайға түспейді.Әлі күнге дейін бұхара халықтың санасында нарық экономикадағы еркіншілділік,оған тән қанаудың қатал жүйесімен,жаппай жұмыссыздықпен,еңбекшілердің әлеуметтік қорғансыздығымен сипатталатын ұғым ретінде орныққан

Содержание

КІРІСПЕ ...................................................................................................................3
1 Нарық – қоғамның экономикалық өмірінің негізі..............4
1.1 Нарық ұғымы, нарықтың мәні, ерекшеліктері..............................................4
1.2 Нарықтың пайда болуының шарттары, қызметтері, түрлері.......................................................................................................................7
2 Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасу механизмі.........................................................................................................13
2.1 Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы..................................................................................................................13
2.2 Нарықтық құрылымды қалыптастырудағы мемлекеттің ролі..........................................................................................................................19
3 Қазақстан Республикасындағы нарық жағдайы:оның функцияларының даму принциптері...............................................23
3.1 Нарық экономикадағы қазіргі басымдылықтары мен кемшіліктері...........................................................................................................23
3.2 Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу және даму стратегиясы............................................................................................................27
Қорытынды.......................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................33

Работа содержит 1 файл

курс.Дағыстан Г.Нарық құрылымы.doc

— 273.50 Кб (Скачать)

 

3 Қазақстан  Республикасындағы нарық жағдайы: оның функцияларының даму принциптері.

 

3.1 Нарық экономикасындағы қазіргі басымдылықтары мен

кемшіліктері.

              Нарықтық экономика төмендегілерден көрінетін белгілі бір басымдылықтарға ие:

1.      Ресурстарды тиімді бөлу мен пайдалануға көмектеседі;

2.      Өндірістің өзгеруші жағдайларына икемді жауап береді;

3.      Тұтынушылармен қатар өндірушілердің таңдауы мен әрекет ету бостандығын қамтамасыз етеді;

4.      ҒТР жетістіктерін өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа технологияларын,әдістерін енгізу үшін жағдай жасауға көмектеседі;

5.      Өндірушілерді адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыруға және тауарлар мен қызмет көрсетулер сапасын арттыруға бағытталады.

Нарықтық экономикаға мынадай белгілі бір кемшіліктер тән:

1.      Табыс алуға кепілдік бермейді;

2.      Толық жұмыс бастылыққа кепілдік берілмейді;

3.      Қалпына келтірілмейтін ресурстарды сақтауға көмектеспейді;

4.      Қоршаған ортаны  қорғау жөніндегі шараларды ендіруді әлсіз ынталандырады;

5.      Ұжымдық пайдаланылған тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіреді.

Тәуелсіз нарықта экономиканы құрудың басты жолы – нарықтың негізгі құрылымдары мен түрлерін қалыптастыру.

              Экономиканы тұрақтандыру мақсатында Республика Үкіметі нарыққа өтудің тұжырымдамасын жасап шығарды.Тұжырымдама мемлекеттік және экономикалық егемендіктің қағидаларына негізделген.Онда нарыққа өтудің стратегиялық бағыттарын анықтаған.Реттеулі нарықтық экономикаға өту келесі негізгі бағыттардан құралады:

-         меншікті мемлекет иелігінен алу – ол мемлекеттік меншік монополиясын жою және өндірушілердің бәсекесін дамытуға жағдай туғызу.Қазақстан жағдайына орай: акционерлік,ұжымдық,кооперативтік,мемлекеттік және жекеменшікке ауыстыру;

-         монополиясыздандыру және монополияға қарсы шаралар аталмыш заңды қабылдау еркін кәсіпкерлікке жағдай туғызу және қатарлы өндірістік құрылымдарды дамыту,шетелдік капиталды ұдайы қарастыра отырып,бірлескен кәсіпорындарын ұйымдастыру;

-         қаржылық сақтандыру және экономиканы тұрақтандыру;

-         баға құрылымы саясаты (басты тағам өнімдерін басқа тұтыну  өнімдері мен қызмет түрлеріне бағаны нарық талабына қарай қалыптастыру).

Аталған реттеулі нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасында негізгі қағидалар белгіленген.Олар төменде көрсетілгендей:

-         республиканың территориясында заңдылықтың басымдылығы мен үстемдігі;

-         меншік түрлерінің сан алуандығы және олардың еркін дамуы мен бәсекесі;

-         дербес баға белгілеу саясаты,еркін бағалау;

-         сыртқы экономикалық саясатты жүргізудегі толық дербестік.

Нарықтық жүйені ұйымдастыру мен оларды реттеу тетіктерін қамтиды:

-         нарықтық инфроқұрылымды қалыптастыру (коммерциялық банктер,тауар және қор биржалары,маркетинг орталығы,көлік қызметі,коммерциялық ақпарат орталықтары,т.б.);

-         өндірістік құралдар нарығы;

-         тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету нарығы;

-         еңбек нарығы;

-         қаржы нарығы;

Республикалық қаржы нарығының қалыптасуы банк жүйесі заңдылықтары негізінде Ұлттық Банктің бірінші деңгейіндегі банк ретіндегі статусы белгіленді.Коммерциялық банктердің екінші деңгейіндегі банк ретіндегі қызмет жасау шарттарын анықтауды,қаржы нарығының заңдылық актілерін қорытындылауды,сондай-ақ шетелдік капиталды ішке енгізуге жағдай туғызуды қамтиды.Нарықтық қатынастардың Қазақстан Республикасындағы қалыптасуының ерекшелігі көптеген факторлармен байланысты түсіндіріледі: ұлттық, әлеуметтік-демографиялық, ғылыми-техникалық, ұйымдық-құрылымдық, табиғи-шикізаттық, табиғат-климаттық және географиялық сипаттармен:

Біріншіден, өтпелі экономиканың ерекшелігі сонда. Қазақстан өтуді тұтастық шеңберінде, егемендікте және өз мемлекеттілігінде жүзеге асырады.

Екіншіден, экономиканың өтуін Қазақстан алғашқы рет әлемдік практикада әкімшілдік-әміршілдікпен ғана емес, сондай-ақ қоғамдық меншіктегі жоспарлы экономикалық жүйеден, жеке және аралас меншік түріне негізделген нарыққа өтуді жүзеге асырды. Әкімшілдік-әміршілдік экономикадан нарыққа өтудің халықаралық тәжірибесі Жапония мен Оңтүстік Кореядағы асқарудың әкімшілік-әміршілдік элементін қолданғандығы қажет нәрсе. Бірақ, көзді жұмып қойып, ұлттық құндылық пен дәстүрді ескермей жат елдің тәжірибесін көшіре салу, экономиканы реформалауда толық мүмкіндік жасамайды. Сондық, әлемдік өркениеттіліктің біздің ұлттық құндылығымыз бен дәстүрімізге сай болатындай тенденциясына бағыт ұстағанымыз жөн.

Үшіншіден, Қазақстанның территориялық-географиялық жағдайы.Ол КСРО-ның ыдырауымен, бұрыңғы шығысты қосатын ерекше орыны болып табылып, өткелі кезендегі экономикаға айрықша эсер етеді.

Төртіншіден, Қазақстан Республикасындағы экономиканы реформалау созылған экономикалық дағдарыс жағдайында өтуде.жалпы одақтық халық шаруашылығы кешенінің экономикалық байланыстарының үзілуімен түсіндіріледі. Жалпы одақтық экономикамен итеграциялық елдерде болған, еліміздің қауқарлы ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы әулеуетті талап етілмей қалды.

Бесіншіден, өнеркәсіптегі мемлекеттік сектор негізінен ірі кен байыту, металлургиялық, химиялық және химия-мұнай кәсіпорындарынан тұрады. Ауыл шаруашылығында ірі кәсіпорындар-совхоздар көп болды. Республикада олар - 2059-ға жетіп, барлық ауыл шаруашылығы кәсіпорынының 75 пайызы құрады. Қазақстан совхоздары ТМД-ғы ең ірі болып келіп, олардың әрқайсысында орташа алғанда 15 мың шамасынан аздау егіс көлемі және 16 мыңнан астам ірі қара мал басы болды. Осындай ерекшеліктер осы аядағы жекешелендіру сипатына эсер етпей қоймады.

Жекешелендіру тек қана үшінші кезеңде (1996-1998жж.) ғана аяқтала бастады. Сондай-ақ жекешелендіру мен өндірісті көтеру өнеркәсіптегі сияқты ауыл шаруашылығында шет ел инвесторларының қатысуымен жүзеге асты.

Реформалау              практикасы              көрсеткендей,              Қазақстан

Республикасы таңдап алған бағыт - аралас әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономиканы қалыптастыру - республиканың өзіндік жағдайын, өзінің моделін құру факторын көбірек ескереді. Қазақстан ары қарай реформаны жүргізгенде басқа елдің өтпелі экономикадағы әлсіздігі мен жетістіктерін ескере отырып, нарықтық экономиканың өзіне тән ұлттық моделін құрады.Өтпелі кезенде нарықтық экономикаға өту мемлекет үшін қиын мәселелерді көлденең тартады: меншік қатынастарын өзгерте, қайта құру, жалпы жаппай мемлекеттік меншіктен өндіруші мен меншіккердің жақындасу түрлерін табу, тіпті олардың толық бірігуін қамтамасыз ету. Демек, мемлекеттік меншікті реформалау, оны жекешелендіру, мемлекеттік мүліктің жеке объект және жеке ұжымдық (ұжымдық-топтық) иелігіне ауыстыру мәселесі туындайды.Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру ғана кәсіпорынның экономикалық еркіндігі мен жауапкершілігін органикалық түрде ымыраластыра алады.Бұрыңғы кейбір социалистік елдерде мемлекеттік меншік басқа меншік түрлерінің жалпы құрылымына қарағанда артықтау болады. Осы жағдай ел экономикасында бәсекелестіктің болмауына, алып келіп, өндіріс тиімділігін төмендеуіне, өндіруші кәсіпорындар тұтынушы билеп төстеуіне және тапшылық экономикасының пайда болуына алып келді.Осылардың барлығы бәсекелестік нарықтық ортаны құру үшін мемлекеттік меншікті реформалау қажеттілігін анықтады. Осыны жүзеге асыру өндірушінің тұтынушыға өктемділігін жоюға,өндіріс тиімділігін арттыруға, нарықты жоғары сапалы тауар мен қызмет көрсетумен барынша толтыра түседі.Өтпелі экономика кезіндегі мемлекеттік қатынастарды басқаша құрудың халықаралық тәжірбесі меншік түрлерін өзгертудің эволюция-реформаторлық тәсілін, жекешелендіру тәсілін кеңірек қолдануды дәріптейді.

Экономикалық әдебиеттерде мына екі терминді: «мемлекеттен алу»   мен   «жекешелендіру»   бір-біріне  теңестіріп   қарайды.Алайда«мемлекетсіздендіру» термині мемлекеттен тікелей басқару қызметін алып тастауды түсіндіреді. Басқаша айтқанда, мемлекеттік кәсіпорынға өзінше еркіндік беру меншік түрін ауыстырумен байланысты емес. Мемлекетсіздндіру мемлекеттік кәсіпорындардың толық коммерциялық есепке көшуін білдіреді. Мемлекетсіздендіру -жекешеленіруге дейінгі аралық баспалдақ. Ал «жекешелендіру» термині мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өтуін білдіреді. Жекешелендірудің мақсаты:

-        өтпелік мақсатты алға тартып, жеке меншік топтарын құру;

-        мемлекеттік      кәсіпорын      мүліктерін      жеке      адам      мен
коммерциялық  құрылымдарға   мемлекеттік  бюджетті  толтыру  үшін
сату.

Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің халықаралық практикасы көрсеткендей, жекешеленірудің екі варианты бар:

-         «қатаң» вариантты жекешелендіруді қарқынды жүргізу;

-        «жұмсақ»   вариантты   жекешелендіруді   ақырындап   жүргізу.
Жекешелендіру - мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өзгеру ретінде
өтпелі экономика кезінде ТМД елдерінде ғана, Шығыс Еуропада және
нарықтық  экономикасы  дамыған   елдерде:   Ұлыбритания,   Франция,
Германия       мен       АҚШ-та       кеңінен       қолданылады.       алайда,
жекешелендірудің мақсаты нарықтық экономикасы дамыған елдер мен
нарықтық   экономика   түскен   елдерде   әртүрлі.      Егер      нарықтық
экономикасы дамыған  елдерде жекешелендіру мемлекеттік бюджетке
қосымша қаржы тартуды мақсат етсе,  өтпелі экономика елдерінде
жеке   меншікті   құру   құралы   болып,   соның   негізінде   бәсекелестік
нарықтық ортаны қалыптастырады.Дамыған елдерде жекешелендіру негізінен жекешелендірудің бір моделінде жүзеге асты. Ол модель мемлекеттік кәсіпорындарды банк, сақтандыру компаниялары, кейде турғындардың сатып алуына негізделген еді. АҚШ-жа мемлекеттік кәсіпорынды сату ұзақ мерзімде -

5 жылдың аумағында жүргізіледі. Бір мезгілдегі (бірден төленетін)

төлем жалпы төленетін соманың 20 пайызынан аспауы керек. ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде жекешелендірудің өте күрделі моделі қолданылды.

Венгрияда кәсіпорынды олардың жұмыскерлері сатып алды. Онда жұмыскерлердің қаржылары ғана емес, кәсіпорынның тапқан пайдасы мен банк несиелері қолданылады.

Чехословакияда шағын кәсіпорындар аукцион арқылы сатылса, ірі кәсіпорындар тұрғындар қаржысын, банк несиелерін және шетел капиталын тарту арқылы жекешелендірілді. Сонай-ақ Чехословакияда кәсіпорындар сатып алу үшін тұрғындарға купон мен чектер тегін таратылады. Чек пен купондар жекешелендірілген кәсіпорынның акциясына айырбастау берілген.

Ресейдегі жекешелендірудің басты мақсаты - мемлекеттік мүлікті сатып алу негізінде меншіккер топтарын тезірек қалыптастыру болды. Тұрғындар үшін біркелкі мүмкіндіктер жасалды. Осыны жүйеге асыру үшін барлық тұрғындарға жекешелендіру чегі ваучерді берді. Олардың әрқайсысының құны 1000 рубль болды. Иегерлері оны еркін қолдана алды: ваучерді сатуға, жекешелендірілетін объект акциясын сатып алуға, өз ваучерін 600-дай жекешелендіру қорының кез-келгеніне салуға мүмкіндік жасады.

Қазақстандағы жекешелендіру процесі Чехословакияда қолданылған моделге ұқсастықпен жүзеге асырылды. Жекешелендіру екі кезеңмен жүргізілді: бірінші кезенде тұрғандардан қайтаруды қажет етпейтін тұрғын-үй купонын қолдана отырып, үйлерді (пәтерді) жекешеледіру купонын алды. Оларды тек қана инвестициялық жекешелендіру қоры арқылы қолдану мүмкіндігі жасалды. Ондай қор Қазақстанда 120-дай болды.

Жекешелендірудің бұл тәсілінің кемшілігі сонда, жекешелендіру инвестициялық купон иесінің өз бетінше шешім қабылдау құқы жоқ, тек

қана оны инвестициялық қорына сала алды. Бұл адамның нақты кәсіпорынды жекешелендіруге қатысуына тікелей кедергі жасады.Жекешелендіру процесі кәсіпорынды жұмыскерлердің сатып алу мүмкіндігін қарастырып, ашық және жабық типтегі акционерлік қоғамды, акционерлік қоғам-шаруашылығын құрып, олардың акциясының 51% мемлекетке жатты.Бірақ мемлекеттің холдинг типіндегі акционерлік қоғамға қатысуы айтарлықтай нәтиже бермеді, әлсіз, банкрот болған кәсіпорындар тіріле алмады. Мемлекеттің координациялық, басқару қызметі кәсіпорын басшыларын бекітумен, өндіріс өнімін үйлестірумен және пайданы холдинг қажеттілігіне қолданумен шектелді. Бұл айналым қорын жоюға және кәсіпорынды банкроттыққа алып келді. Нарықтық эконом и касы дамыған елдерге қарағанда, ТМД мен Шығыс Еуропа елдеріңце, «үшінші әлем» дамушы елдерінде «жұмсақ жекешелендіру» варианты қолданылады. бұл вариант - Чили, Индонезия, Индия, Алжир, Марокко, Мексика, Туркия, сондай-ақ жаңа индустриалды екі елде - Оңтүстік Корея мен Тайванда қолданылды.«Жұмсақ» жекешелендіру ерекшелігі сол, бұл вариантты мемлекеттік секторды жылдам бұзу қарастырылмаған, қайта оның қызметін басқаша ұйымдастырып, ұзақ мерзімде жекешелендіру көзделген.Бұл іс-шаралар мемлекеттік кәсіпорынның экономикалық еркіндігін ақырындап ұлғайтумен, олардың баға саясатының бір бөлігін либерализациялаумен, арнайы «қатысу қоры» арқылы акционерлеп, бақылау пакет акциясын мемлекеттің сақтауы арқылы жүзеге асады.

Қазақстан тәжірибесі көрсеткендей, холдингтік-акционерлік қоғамды қолдану жекешелендірудің барлық мәселесін шешпейді.

Өтпелі экономикада мемлекетсіздендіру саясаты мен меншікті жекешелендіру мемлекеттік меншіктің монополиялық жағдайын бұзу

мен экономикаға нарықтық сыйпат беріп қоймақ, сондай-ақ, экономикалық дамуды тұрақтандыру мен экономикалық өсуге жетуді көздейді:

-      ұлттық экономикаға шетел инвестициясын тарту;

-      мемлекеттік субсидияны тарту есебінен мемлекеттік қарызды
қысқарту және жеке кәсіпорындар мен тұрғынардың табысын ұлғайту,
нәтижелік   мақсат  -  тұрғындардың  өмір  деңгейін көтеру;

Информация о работе Нарық құрылымы