Нарық құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 16:15, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі: Еліміздегі үрдіс пен нарықтық қатынастар жүйесі жылдан жылға дамып келеді.Әкімшілдік-әміршілдік жүиенің ұзақ жылдарға созылған үстемдігінен кейін нарық механизімін түсіну кімге де болса оңайға түспейді.Әлі күнге дейін бұхара халықтың санасында нарық экономикадағы еркіншілділік,оған тән қанаудың қатал жүйесімен,жаппай жұмыссыздықпен,еңбекшілердің әлеуметтік қорғансыздығымен сипатталатын ұғым ретінде орныққан

Содержание

КІРІСПЕ ...................................................................................................................3
1 Нарық – қоғамның экономикалық өмірінің негізі..............4
1.1 Нарық ұғымы, нарықтың мәні, ерекшеліктері..............................................4
1.2 Нарықтың пайда болуының шарттары, қызметтері, түрлері.......................................................................................................................7
2 Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасу механизмі.........................................................................................................13
2.1 Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы..................................................................................................................13
2.2 Нарықтық құрылымды қалыптастырудағы мемлекеттің ролі..........................................................................................................................19
3 Қазақстан Республикасындағы нарық жағдайы:оның функцияларының даму принциптері...............................................23
3.1 Нарық экономикадағы қазіргі басымдылықтары мен кемшіліктері...........................................................................................................23
3.2 Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу және даму стратегиясы............................................................................................................27
Қорытынды.......................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................33

Работа содержит 1 файл

курс.Дағыстан Г.Нарық құрылымы.doc

— 273.50 Кб (Скачать)

                      Өндіруші тұтыну өндіріс процесінің жалғасы ретінде жүреді,бұл кезде тауар басқа өндірушілер ары қарайғы өңдеу үшін пайдаланылады.Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы өзара әрекет қызмет нәтижелерін алмасу үшін орнатылады.Нарықтық шаруашылықта ол тұрақтылығымен ерекшеленіп,мамандандыру негізінде құрылады және көтерме нарықтық мәселе нысанында көрінеді.

                    Нарықтық экономиканың екінші элементі ретінде өндірістік бірліктерді корпоративті басқару базасындағы меншіктің жеке немесе аралас нысандарымен ерекшеленетін экономикалық ерекшелік жүреді.

                    Үшінші маңызды элемент – баға.Ол айрықша зерттеуді қажет етеді.Бұл жерде екі ескерту бар: 1)баға арақатынасы әрекет етуші коньюнктураға байланысты ауытқитын сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. .2)баға осы географиялық ауданда өндірілетін осы тауарға деген нарықтық қатынастың әрекеті сферасын анықтайды.Осы сфераның шекарасы трансакциялық шығындармен,яғни айырбаспен байланысты айналым шығындармен анықталады.

Нарық күрделі экономикалық категория бола тұра өзімен өзі болған емес. Ол белгілі және нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайла өмір сүреді және көптеген факторларға тәуелді:

а)               меншік түрлерінің көп болуы;

ә) нарыктағы шаруашылық субъектілерінің қойылатын экономикалық жауапкершілікке сай болып, тәуелсіз әрі өз-өзінше болуы;

б)              тауар өндірушілер мен сауда делдалдарының бәсекелестігі (аз
дегенде 5-7 бәсекелес);

в)              белгісіз нарыққа өнім шығару;

г)                            өнімге бағаны контрагенттердің қою құқықтығы;

д)              керекті инфрақұрылымның болуы.

 

1.2 Нарықтың пайда болуының шарттары, қызметтері, түрлері,

субъектілері

Нарық қатынастарының зерттеуін экономикалық теорияның классикалық мектебі өкілдерінің еңбегінен іздегеніміз дұрыс. Оған-Адам Смит мен Давид Рикардо жатады. Адам Смит нарыктык экономикаға барынша еркіндік беру қажет деп есептеген. Мемлекет «laissez faire» — «өзінше жүре берсін» саясатын жүргізгені абзал. Нарықтың өзі ұлы үйлестіруші саналады. Нарықтық тепе-теңдік жай адам эгоизмінін негізінде жүзеге асады-пайдаға (табыска) мүдделі және еркін бәсекенің болуы. А.Смиттің ойынша, адам нарықта өз пайдасын көздей отырып, «каперінде жок нәрсеге көрінбейтін қол арқылы мақсатқа бағытталады. Өзінің мүддесін көздей отырып, қоғам мүддесіне жиірек қызмет жасайды». Еркін нарыққа бар ниетінің артуының арқасында А. Смит либерализм мектебінің көрнекті идеологы болды (liberalis-еркін деген латын сөзі).2 К. Маркс экономикалық теорияда, нарық тепе-тендігі мәселесін үш деңгейде қараған: микродеңгей-көп салалы шаруашылық деңгейін және қоғамдық шаруашылыктың ең жоғарғы, көп факторлы, ұдайы өндіріс дәрежесінің деңгейі.

Мысалы, К. Маркс «Капиталдың» екінші томында нарықтық
тепе-тендіктің жалпы схемасын экономиканың әртүрлі аясындағы
өндіріс пен қорланудың өзара байланыстылығына қатысты
қарастырған. К. Маркс схемасында,ұдайы өндіріс, қоғамдық ұдайы
өндірістің екі бөлімшесі талданады (І-өндіріс құрал-жабдығының
ұдайы өндірісі, ІІ-тұтыну заттарының ұдайы өндірісі) және өзара
айырбастың болуы қарастырылады.

Нарық әртүрлі факторларға байланысты белгілі бірнақты әлеуметтік – экономикалық жағдайларда өмір сүреді.Дүниежүзілік тәжірибе дәлелдеді:

-         шаруашылық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі;

-         меншік қатынастарының әртүрлі нысандары;

-         өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы;

-         нарық инфроқұрылымын жасау;

-         тауар өндірушілердің сан алуан түрлерінің болуы; (бәсекелестік)

-         контрагенттер өздерінің өнімдеріне баға белгілеу құқы.

Нарықтың мәні оның атқаратын қызметінен көрінеді:

-         ұдайы өндіріс процесін үнемі қамтамаыз ететін реттеуші;

-         ұсынымның көлемі мен құрылымының жедел өзгеруі және оның сұраным төлем қабілетіне икемделді;

-         бәсеке арқылы тиімсіз шаруашылық түрінен экономиканы сауықтыру (санациялау),тазалау;

-         экономикалық оқшауланған тауар өндіруші мен тұтынушылар арасын байланыстыратын буын;

-         құрылымдық тұтыну,тұтынысынан (табыстың осы кездегі деңгейіне қарай) ыңғайлы рационалды таңдауға тұтынушыны экономикалық мәжбүр ету.

Нарық тауарлар бағасы мен қызмет ақыларының,несие және банк депозитінің проценттік ставкасының,т.б. үздіксіз өзгеріп отыруы арқылы өндіріске қатысушыларға олар сататын немесе сатып алатын тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық қажетті сапасы мен ассортименті туралы ақпарат беріп отырады.

                  Сонымен бірге нарық бәсеке күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазартады,үміт артатындардың дамуына ыңғайлы жағдай жасайды.Біздің нарық терең монополияланған.Нарықтағы барлық тауардың 50-70%солардың өндірген өнімін құраса,онда кәсіпорын қызыметі монополияланған саналады.Сондықтан рыноктық ортаны қалыпта ұстау үшін бәсекелестер әлемін жасау қажет.Бұл нарықтық қатынастардың табиғи болмысы,бұндай жағдайда тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуға байланысты кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысуға мүдделі болады.Нарықтың құрылымын әртүрлі белгілеріне қарай өзара байланысты бірнеше түрлерге бөлуге болады. [Әубәкіров Я.Т. 308б]

                 Территориялық белгілеріне қарай нарық:дүниежүзілік,еларалық бірлестіктер,ұлттық,аймақтық,оқшауланған немесе жергілікті нарықтар деп бөлінеді.

          Дүниежүзілік нарық,сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тауарлар мен қызметтерді айырбастау жүйесі түрінде көрінетін бүкіләлемдік шаруашылықтың құрамдас бөлігі. Ол халықаралық еңбек бөлінісінің, валюталық-несие, қаржы қатынастарының негізінде құрылды. Дүниежүзілік нарық өндірістік кооперация және интергация, сыртқы сауда, тауар-айырбас операциялары арқылы ішкі нарықпен байланысты болады.

Еларалық бірлестіктер нарығы-деп экономикалық айырбастың ерекше формалары мен шарттары,терең еңбек бөлінісі арқылы байланысқа,бірнеше мемлекеттердің қатысуымен құрылған нарықты айтады.

                   Ұлттық нарық-бір елдің мемлекеттік шекарасының аумағымен шектелген жалпы ішкі нарық.Ұлттық нарықта белгілі бір нысанда экономикалық қатынастар дамиды.Бұл қатынастар,нарық қызметінің шарты – ақша және тауар айналысының болуының анықтайтын тауар ақшалы форма түрінде көрінеді.

                     Аймақтық нарық – бөлек территориялық бөлімше нарығы (республика, облыс, аймақ, аудан).

                    Жергілікті оқшауланған нарық деп негізінен,халық тұтынатын тауарлар мен ақылы қызмет нарығына қатысты айтылады. Нарықтық қатынастардың жетілу шамасына қарай үстіндегі және  әртүрлі дәрежедегі бәсекеге шектеу рыногы (олигополиялық,монополиялық, т.б.) деп айырады.  Олигополиялық нарық баға белгілеу саясатына тым сезімтал және бірегей немесе дифференцияланған өнімдерді өндіретін аз ғана сатушылардан тұрады. Монополиялық бәсеке нарығы сапасы,қасиеті,сыртқы безендірілуіне қарай ерекшеленетін тауарлардың әртүрлі вариантын ұсынатын көптеген сатушылар мен сатып алушылардан тұрады.Осыған байланысты нарықты «сатушылар нарығы» және «сатып алушылар нарығы» деп те бөледі.

    

НАРЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ.

Нарық мынадай қызметтерді атқарады:

 

 

       -              ұдайы өндіріс процесін үнемі қамтамасыз ететін реттеуші;

-              ұсынымның көлемі мен құрылы-мының жедел өзгеруі және оның сұраным телем қабілетіне

икемделуі;

 

 

- бәсеке аркылы тиімсіз шаруашылық түрінен экономиканы сауықтыру (санациялау) тазалау;

 

- экономикалық оқшауланған тауар өндіруші мен тұтынушылар арасын байланыстыратын буын;

 

- құрылымдық тұтыну, (табыстын осы кездегі денгейіне қарай) ыңғайлы рациональды тандауға, тұтыну-шыны экономикалық мәжбүр ету

;

 

- экономиканың жағдайы туралы объективті ақпарат кезі (барометрі, экономиканың айнасы);

 

-ендірістік шығындарды темендетуге тауар өндіру-шілерді экономикалық ынталандыру және оларды қажетті қоғам аясына жұмсау;

 

- тауар мен еңбекгің қоғамдық маңызын анықтау және мойындаушы құрал.

 

- Тауар ендірушіні жоғары сапалы және жоғары еңбек енімділігіне эконо­микалк тұрғыдан мәжбүр ету.

 

                                

  1-кесте [Әубәкіров Я.Г. 307б]

Нарықтың ролі өте-мөте жалпы түрде оның қызметі арқылы ашыла түседі.  [Нарық қызметінің кеп түрлерінің ішіндегі ерекшесі реттеуші роль атқаруы болып табылады. Ол үдайы ендіріс процесін тиімді әрі үздіксіз қамтамасыз етеді. Нарықтың реттеуші ролін әкімшілік басқарудың ауыстыруы экономикалык жүйенің түрінің өзгеруіне алып келіп, тапшылықтың тууына, адамның экономикалык есудегі қозғаушы күші ролін жоюға алып барады. Қолданылып жүрген заңдылықтарға сәйкес нарықты көлеңкелі (астыртын) және ресми (ашық) нарық деп те айтады.

                   Нарықтың дамуының сәйкестігіне (пропорционалдығына) байланысты теңдестірілген (балансыланған) және теңдестірілмеген (балансыланбаған) нарық деп бөлу көзделген.Сұраным мен ұсынымның арасында толық сәйкестік орныққан нарықты теңдестірілген нарық деп атайды.

                 Тауар ерекшеліктеріне қарай нарық – салалық және сала ішіндегі нарық болып бөлінуі мүмкін.Өткізу объектісі халық шаруашылығының бір дербес саласының өнімі болып табылатын нарықты салалық нарық дейді.Қоғамдық өндірістің бір саласының өз ішіндегі өнім өткізу нарығын сала ішіндегі деп айтады.

                    Нарықты көлемді тауар топтары,бөлек тауарлар нарығы деп те бөледі.Тауар топтары нарығына нан-бөлке,макарон өнімдері,т.б. нарығы жатады.Нарықтық экономикалық негізгі шаруашылық субъектілеріне үй шаруашылығын,фирма мен үкіметті жатқызамыз.Олар бір-бірімен ресурс нарығында,қаржы мен тұтыну нарығында өзара әрекет жасап,шығыс пен кірісті айналым жасайды.Үй шаруашылығы материалдық (жер мен капитал) және адами (еңбек пен кәсіпшілдік) ресурстарды өткізе отырып,оларды фирмаларға нарық ресурстары арқылы ұсынады.Соңғылары тауар өндірісін қажетті сұраным ресурстарын талап етеді.Сұраным мен ұсыныстың өзара әрекеті әрбір ресурс түріне нарықтық бағаны белгілейді.Үй шаруашылығы тұтыну нарығында тауарға сұраным жасай отырып,ресурстарды сатудан алынған табысты қажетті өнім мен қызмет жасауға жұмсайды.Ал фирмалар өз өнімін өткізе отырып,ақшалай табыс алады.Үй шаруашылығы тапқан табыстың барлығын өнім сатып алуға жұмсамайды,бір бөлігін жинайды (қор) және ресурстар мен салық төлеуге жұмсайды.Фирмалар өндіріс ресурстарын біріктіреді және қозғалысқа келтіріп,өнім шығарады,осы тауарды ұсынады,сату арқылы табыс алады.фирмалар да табысты ресурстарды төлеуге толық жұмсайды,салық төлейді,инвестицияны жүзеге асырады,т.б.

                  Табыс пен шығындардың айналуы үкіметке әсер етеді және ол елді мемлекеттің басқару қызметтік жүзеге асырып,экономиканы әр деңгейде реттеп отырады.Үкімет фирмалардан салық алып,жеке кәсіпорындарға дотация,субсидия береді,кәсіпкерлермен қажетті ресурстарды сатып алады.Үкімет жұмысымен қамтамасыз ету саясатын жүргізді және инфляция деңгейіне,ұлттық өнімнің қозғалысы мен құрылымына әсер етіп,табыстарды үлестіреді. Салықтан түскен қаржыны шоғырландырып,жалақыны, трансферттік төлемдерді (зейнетақы,жұмыссыздарға жәрдем ақы) төлейді. Экономиканы тиімді дамыту үшін мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынады.Демек,табыс пен шығындардың шеңбер айналымы үнемі қозғалыста болып,теңгеріледі.Нәтижесінде өндірістің жалпы көлемін байқатып,тұрғындардың жұмыстылығы мен табысы көрсетілді.

                 Адамдардың әрекет ету ортасына (өндірістік, әлеуметтік, қаржы, рухани) және сатып алу – сату ортасына қарай жалпы ішкі ұлттық нарықты шартты түрде бірнеше түрлерге бөлуге болады.Олар біртұтас болып табылатын ұлттық нарықтың жеке элементтерін құрайды,бір-бірімен өзара байланысты және өзара тәуелділікте болады.Мәселен өндірістік және өндірістік емес (әлеуметтік) салалар - өндіріс құрал-жабдықтары,тұтыну және жұмыс күші нарықтарын құрайды.Дегенмен,нарық түрлерін саралап көрсететін терең құрылым жасау факторы – нарық қатынастары объектілерінің экономикалық бағдары болып табылады.Осы фактор бойынша олар өндіріс құрал-жабдықтары,тұтыну және қызмет көрсету,қаржы (бағалы қағаздар,қарыз,валюта,капитал),еңбек,ғылыми-техникалық,ақпарат,астыртын экономика нарықтары болып бөлінеді.

                    Нарықтық экономиканың қажетті элементтерінің бірі – инфрақұрылым. Ол институттар (ұйымдар,фирма,мекемелер) жиынтығынан тұрады,оның мәні – нарықтың дамуы мен қызмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастырады және қызмет көрсетеді.Нарықтың инфрақұрылымының элементіне – тауарлық,қор биржасы,еңбек биржасы,делдалдық және маркетингтік қызметтер,ақпараттық жүйелер,банктер,көтерме сауда орталықтары, аукциондар, жәрмеңкелер, т.б. жатады.

                   Дамыған нарықтық инфрақұрылым кәсіпкерліктің пайдалы бағыттары мен нысандарын іздеуді жеңілдетеді.

                    Нарықтың инфрақұрылым проблемасының өндіріс пен тұтыну арасындағы пропорция және осы саладағы бүкіл ұдайы өндіріс прцесінің дамуының объективті заңдылықтары мен халық шаруашылығының барлық саласында ресурстарды ұтымды пайдалануды анықтау үшін өзекті маңызы бар.

                   Қазақстанның «Дағдарысқа қарсы шұғыл және әлеуметтік экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасында» нарықтық инфрақұрылымның инвестиция мен қорлары және холдингілері,сақтандыру компаниялары мен қорлары,аудиторлық фирмалар,консультация орталықтары мен фирмалар,сауда-өнеркәсіп палаталары,көлік-экспедиция,заң консалтинг орталықтары мен фирмалары сияқты қызмет салаларын ұлғайтуға ерекше көңіл бөлінген.

              Нарық инфрақұрылымның тиімділігі көбінесе экономикалық коньюнктураға байланысты,яғни нарықтық белгілі мерзімдегі уақытша жағдайы.Коньюнктура туралы мына көрсеткіштер жүйесі мәлімдейді:

-         өндіріс пен құрылыс динамикасы,тауар запастарының мөлшері,баға,процент,бағалы қағаздар курсының қозғалысы;

-         пайда,еңбек ақы,өндіріс шығындары дәрежесінің өзгеруі;

-         еңбектегі және жұмыссыздар саны арасындағы қарым-қатынас.

Информация о работе Нарық құрылымы